5В072700-КЖ-2021
Парақ
22
.№ Парақ
Құжат №
Қолы
Күні
ауыстырылмайтын аминқышқылдары бар ақуыздар жатады. Өйткені, адам
организмінде синтезделмейтін болғандықтан, оларды үнемі сырттан дайын
күйінде қабылдап отыруымыз керек. Оларға мына аминқышқылдары жатады:
триптофан, лейцин, изолейцин, валин, треонин, лизин, метионин, фенилаланин.
Құрамында осындай аминқышқылдары бар толыққұнды ақуыздар жануар текті
шикізаттарда кездеседі.
Ақуыздар- аминқышқылдарынан тұратын күрделі азотты, жоғары
молекулалы полимерлер. Олар адамның дене салмағының шамамен 20% -ын,
клетканың құрғақ салмағының 50%-ын құрайды.
Ақуыздардың адам организміндегі ролі өте үлкен, себебі олардың
атқаратын функциялары да сан алуан.
Протейндер ядроның, протоплазманың, клетканың мембранасының
құрамына кіреді, яғни ақуыздардың негізгі функциясы- иілімділік,
созылымдылық болып табылады.
Ақуыздар тірі материяны ұдайы өндіру процессіне қатысады, себебі
нуклеопротейндердің құрамына ақуыздар кіреді. Сүйектердің ақуыздары тіреу,
сүйеніш функциясын атқарады. Актин мен миозин бұлшық еттердің
жиырылуын қамтамасыз етеді. Ақуыздар каталитикалық активті, барлық
ферменттер ақуыздар болып табылады.
Организмнің қорғану реакциясы да ақуыздармен байланысты, соның
ішінде организмге бөтен заттар түскен кезде түзілетін антителдер протеиндер
болып табылады. Ақуыздар токсиндермен активтілігі төмен комплекстер
түзеді. Олар организмнен шығарылады, яғни ақуыздар токсиндерге қарсы.
Күресу функциясын да орындайды. Плазма ақуыздарының қатысуымен қанның
ұйуы жүзеге асады. Бұл үлкен қан кетуден сақтайды. Қан плазмасының кейбір
ақуыздары оттекті, тамақтық заттарды, зат алмасу өнімдерін тасымалдайды,
яғни тасымалдау функциясын да атқарады. Тамақтағы ақуыздар мидағы қозу
және кідіру процесстеріне әсер етеді. Көптеген гормондар және олардың
5В072700-КЖ-2021
Парақ
23
.№ Парақ
Құжат №
Қолы
Күні
туындылары-протеиндер болып табылады. Сол себепті, ақуыздар реттеу
(регуляция) функциясын атқарады.
Организмге керек ақуыздардың көлемін анықтау үшін олардың
балансын өлшейді, яғни организмге түскен протеиндердің мөлшері мен
олардың ыдырау өнімдерінің бөлінуінің мөлшерін салыстырады. Сау адамда
толық, дұрыс тамақтанған кезде азотты тепе- теңдік болады, яғни
пайдаланылған ақуыздардағы азоттың мөлшері, зәрдегі азоттың мөлшеріне тең.
Жас өсіп жатқан организмде бұлшық еттерде ақуыздық массаның жиналуы
байқалады, гормондар, ферменттер және басқа да қосылыстар түзіледі. Осының
нәтижесінде оң азотты баланс байқалады, яғни организмге түсетін азот мөлшері
бөлінетін азот мөлшеріне қарағанда басым болады.
Адам организмінің ақуызға деген қажеттілігі оның жасына, жынысына,
тұрған жерінің климаттық ерекшеліктеріне байланысты. Ең дұрыс қатынас 1 кг
дене салмағына 1 г ақуыздан кем түспеу қажет. Балаларда ақуызға деген
қажеттілік жоғары және жасына байланысты 1 кг салмағына 5... 15 г құрайды.
Жануар және өсімдік текті ақуыздардың қатынасы шамамен 1:1. [4]
Көмірсулар
–
көбінесе өсімдік шикізатында, әсіресе жеміс-жидектерде
кездеседі. Оларүштопқабөлінеді:
-моносахаридтер (глюкоза, фруктоза);
-бірінші ретті полисахаридтер (сахароза, лактоза, мальтоза);
-екінші ретті полисахаридтер (крахмал, целлюлоза, пектиндізаттар).
Көмірсулар организмде энергетикалық роль атқарады, яғни олар
тотығып 15,7 кДж/г жылу бөледі. Ересек адамның организміне
тәулігіне400-500 г көмірсу қажет. Крахмал көбінесе картоп, жүгері, бидай
нанында, жасыл бұршақта кездеседі.
Пектинді заттар организмде тікелей сіңірілмейтін, бірақ тамақтану
физиологиясында және технологиясында маңызды орыналатын полисахарид.
|