5В072700-КЖ-2021
Парақ
35
.№ Парақ
Құжат №
Қолы
Күні
Егер қағазды судан басқа еріткішке салып қоятын болсақ, онда су болып
табылмайтын еріткіш (жылжымалы фаза) қағаз бойымен қозғалып отырады
және алдын ала хроматографиялық қағазға енгізілген зерттелетін заттың
молекулалары фазалар арасында үлестірілетін болады. Үлестіру әр түрлі
заттардың үлестірілу коэффициентіне сәйкес өтеді.
Үлестірілу
коэффициенті
заттың
табиғатынан,
қағаздың
параметрлерінен және еріткіштердің қасиеттерінен тәуелді және заттың
концентрациясы мен басқа компоненттердің болуынан тәуелді емес болып
табылады.
Хроматографиялық қағаз және еріткіштерге арнайы талаптар қойылады:
қағаз тығыздығы бойынша біртекті, химиялық таза және бөлуге жататын
компоненттер және жылжымалы фазамен реакцияға түспеуі керек.[9]
1.6 Тағам өнімдерінің құрамындағы қанттың массалық үлесін анықтау
әдістері
Поляриметриялық зерттеу әдісі оптикалық активті (белсенді) болып
табылатын ерітінді ортасынан жарық өткізу кезінде оның (жарықтың)
поляризациялану жазықтығының айлану (бұрылу) бұрышын өлшеу үшін
қолданылады. Бұндай зерттеулер поляриметрлердің көмегімен жүзеге
асырылады. Бұл жерде поляризациялану жазықтығының айлану бұрышы
оптикалық белсенді заттың концентрациясына пропорционалды екені
ескеріледі.[13]
Қанттың
массалық үлесін анықтауға арналған поляриметрлер
сахариметрлер деп аталады.
Полярографиялық әдіс зерттелетін ерітіндіге енгізілген электродтарда
ток кернеуін (потенциалын) тұрақты түрде сызықтық саң бойынша үлкейткен
кезде ток күшінің өзгеруін тіркеуде негізделеді. Алынған «ток- потенциал»
арасындағы тәуелділік қисығы потенциалдың мөлшері бойынша реакцияға