Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидасы 1-тарау. Жалпы ережелер



бет10/13
Дата24.05.2017
өлшемі2,2 Mb.
#16975
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

6. Құрал-сайманның таңбалануы
Жеке пайдаланудағы құрал-саймандар әуежай шифрінен, мамандығы бойынша құрал-сайман шифрінен және жұмыстарды орындаушының табельдік нөмірінен тұратын таңбамен таңбаланады. Ортақ пайдаланылатын құрал-сайманда табельдік нөмірдің орнына "О" индексі және құрал-саймандық қойманың тізілімі бойынша есеп нөмірі қойылады.

Әуежай шифрі оның телеграфтық индексінің соңғы үш әрібі бойынша анықталады.

Құрал-саймандардың мамандықтар бойынша шифрлері:

Р – радио жабдығы;

Э – электр жабдығы;

П – аспаптық жабдық;

Ц – ұшақты (тікұшақты) және қозғалтқыштарды пайдалану;

О – ортақ пайдаланылатын құрал-саймандар.


Мысалдар:

1. Алматы техникалық қызмет көрсету орталығының ұшақтарды (тікұшақтарды) және қозғалтқыштарды пайдалану жөніндегі авиатехниктің құрал-сайманы, табельдік нөмірі 10 – ЛАК Ц 10.

2. Дәл осы әуежайдағы ортақ пайдаланылатын құрал-сайман, тізілім бойынша есеп нөмірі 26 – ЛАК О 26.

ӘК бортында ӘК бортинженерінің (бортмеханигінің), бортрадистінің және авиатехнигінің пайдалануында тұрақты болатын, авиациялық жұмыстар үшін пайдаланылатын құрал-сайман ӘК тану белгісіне сәйкес келетін цифрлермен таңбаланады.

Таңба электр химиялық, электрлік немесе механикалық әдіспен жұмыс бетінен тысқары қойылады және оның өшірілу шамасы бойынша жаңартылады. Орындаушының әрбір құрал-сайман жәшігінде (құрал-сайманды қоймасында) құрал-сайман тізілімі (нысан бойынша, құрал-сайманның атауы, саны, шифрі) болуы тиіс, ол құрал-сайманды қойма қызметкерінің қолымен расталады.

Қазақстан Республикасының азаматтық әуе

кемелерін техникалық пайдалану

және оларды жөндеу қағидасына

2-қосымша
Газдарға арналған жоғары қысымды ыдыстардың
(болат баллондардың) жазулары, бояуы және таңбалары



Жазу

Түсі

бояуы

жазулар

жолақтар

Азот
Аммиак
Ацетилен
Сутегі
Оттегі
Сығылған ауа
Көмір қышқылы
Жанғыш газ
Жанбайтын газ

Қара
Сары
Ақ
Қою жасыл
Көгілдір
Қара
»
Қызыл
Қара

Сары
Қара
Қызыл
»
Қара
Ақ
Сары
Ақ
Сары

Қоңыр
-


-
-
-
-
-
-
-

Баллон ауызының жанында сфералық бетте мына таңбалар болулары тиіс:

1) жасаушы зауыттың тауарлық белгісі;

2) зауыт нөмірі;

3) жасалу күні (ай, жыл) және кезекті сына жылы ()мысалы, 05 90—95);

4) термо өңдеу түрі (N—нормалау, V—жұмсартып шынықтыру);

5) Р жұмыс және П сынама гидравликалық қысым, МПА (кгс/см 2 );

6) ең жоғары сыйымдылығы;

7) ең жоғары массасы;

8) ТББ бақылаушының индексі (нөмері)

Қазақстан Республикасының азаматтық әуе

және оларды жөндеу қағидасына



3-қосымша
Әуе кемелерінің жердегі қозғалысын реттейтін сигналдар
1. Сигнал беруші әуе кемесінің командиріне беретін сигналдар
Сигналдар сигнал беруші әуе кемесінің командиріне жақсы көрінетін орыннан ашық түсті қолғаптар киілген қолдармен немесе таяқшалардың, жалаушалардың немесе электр фонарларының көмегімен беріледі.



1. "БЕРІЛЕТІН СИГНАЛДАРҒА СӘЙКЕС
РУЛЬДЕУ" - оң қол жоғары көтерілген. Қолмен оңға және солға шайқау.
Сол қол төмен түсірілген.



2. "МАҒАН ТУРА РУЛЬДЕУ (ТҰРАҚ
ОРНЫ ОСЫНДА)" - Қолдар бастың үстінен
алақанымен ішке қарай көтерілген.



3. "КЕЛЕСІ СИГНАЛ БЕРУШІГЕ БАРУ" - оң немесе сол қол төмен түсірілген, басқа
қол келесі сигнал беруші орналасқан бағытты көрсете отырып, денеге көлденең
орналастырылады.



4. "АЛҒА ҚОЗҒАЛУ" - Қолдар біршама екі жаққа бағытталған және шынтақтар
иық деңгейінде орналасатындай
етіп алақандарымен артқа көтерілген. Қолдардың қозғалысы жоғары және артқа



5. "АРТҚА ҚОЗҒАЛУ" - қолдар алақандарын ішке қаратып төмен түсірілген. Қолдардың қозғалысы иық деңгейіне дейін жоғары және төмен.



6. "СОЛҒА БҰРЫЛУ" (алға қозғалған кезде)
- оң қол төмен түсірілген, ал сол қол жоғары және артқа қозғалыс жасайды.



7. "ОҢҒА БҰРЫЛУ" (алға қозғалған
кезде) – сол қол төмен түсірілген, ал оң қол жоғары және артқа қозғалыс жасайды.



8. "ҚҰЙРЫҚПЕН ОҢҒА БҰРЫЛУ"
(артқа қозғалған кезде) - сол қол бұрышпен төмен бағытталған, ал оң қол бастың үстінен көтерілген және тік жағдайдан алға және көлденең жағдайға төмен қозғалыс жасайды.



9. "ҚҰЙРЫҚПЕН ОҢҒА БҰРЫЛУ" (артқа
қозғалған кезде) - оң қол бұрышпен төмен бағытталған, ал оң қол бастың үстінен көтерілген және тік жағдайдан алға және көлденең жағдайға төмен қозғалыс жасайды.



10. "ЖЫЛДАМДЫҚТЫ АЗАЙТУ" - қолдар түсірілген, біршама екі жаққа
айырылған. Алақандар жерге қаратылған
Қолдармен жоғары-төмен шайқау.



11. "ТОҚТА" - жоғары қарай созылған
қолдармен бастың үстінен қайшы
қозғалыстар.



12. "ТЕЖЕГІШТЕРДІ ҚОСУ" - Оң қол кеуденің алдынан бүгілген, саусақтар созылған және арасы ашылған, содан кейін олар жұдырыққа түйіледі.



13. "ТЕЖЕГІШТІ ЖІБЕРУ" - оң қол кеуденің алдынан бүгілген, саусақтар жұдырыққа түйілген, содан кейін олар созылады және арасы ашылады.



14. "БҰҒАУЛАР ОРНАТЫЛДЫ" - қолдар алақандарымен ішке қарай төмен түсірілген.
Қолдармен екі жаққа және төмен шайқау.



15. "БҰҒАУЛАР АЛЫП ТАСТАЛДЫ" - қолдар
алақандарын сыртқа қаратып төмен түсірілген.
Қолдармен екі жаққа және төмен шайқау.




Каталог: sites -> default -> files -> txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан республикасы инвестициялар және даму министрлігінің операциялық жоспарын 2014 жылғы іске асырылуы туралы есеп
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №713 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі №404 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> «Құрғақ порттар» туралы үкіметаралық келісім
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> 2014 жылдың 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет