Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы



бет11/26
Дата12.07.2023
өлшемі1,1 Mb.
#179429
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Байланысты:
аза стан Республикасыны білім беру ж йесіні рылымы

Іс әрекет – адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субьектінің өзара қатынасының динамикалық жүйесі. Адам еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең алдымен қайраткер, іскер және жасампаз болып келеді. Оның арнайы әрекеті еңбекте, еңбек іс-әрекетінің актісі түрінде қалыптасады.
Таным іс -әрекеті оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниені тануының маңызды құралының бірі – білім алуға, өздігінен білім алуға ынталандырып, ақыл-ойдың дамуына, ғылым-білімдерді жүйелі меңгеруге көмектеседі. Таным оқу процесінде негізгі іс-әрекет болып табылады. Баланың дамуы барысында жеке тұлғаның танымдық белсенділігінің өрісі кеңейіп, тереңдей түседі.
Әлеуметтену – мендік көзқарасын қалыптастыру арқылы тұлғаның әлеуметтік өмірге бейімделуі. Тұлғаның мендік танымы тиісті болумен қатар өмірдегі өз орнын айқындауға жол ашады.
Жеке тұлға – саналы сөйлеу, шығармашылық қабілеттері бар қоғамдағы табиғи тірі организм – адам. Адам туылғанда тек биологиялық тіршілік иесі болып танылады, жеке тұлғалыққа жету әлі ерте. Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның өмір бойы мүшелік пісіп жетілуі және қалыптасуы процесінің сипатын көрсетіп отырады. Кейін іс-әрекет, қарым-қатынас, еңбектің, қоршаған ортаның әсері арқасында және қабілеті мен бейімділігі негізінде жеке тұлға болып танылады. Адам бұл жағдайға әлеуметтену деп аталатын процесс негізінде жетеді.
Әлеуметтену – оқу және тәрбиенің барлық процесін қамтып, әлеуметтік өмірге араласуға, қарым-қатынасқа түсуге негіз болады. Әлеуметтену процесіне тұлғаның барлық қоршаған ортасы қатысады: отбасы, көршілері, құрдастары, мектеп, бұқаралық ақпарат құралдары.
8. Педагогикалық әдіснама: бағыттары, түрлері.
Әдіснама – әдістер туралы ілім. Әдіснама – грек сөзінен алынған, «зерттеу» деген мағынаны білдіреді, яғни әдіс туралы ғылым. Ғылымның әдіснамасы ғылыми-зерттеу әдістерін, белгілі бір ғылымның пәнін зерттеу кезінде басшылыққа алынатын ұстанымдарды анықтайды. Ғылыми әдіснаманың негізін Гегель салды. Гегель әдісі дегеніміз – мазмұнның қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсету. Әрбір ғылымның өзінің зерттейтін саласы, оған тән зерттеу әдістері бар. Оның сипаты зерттеу алдында тұрған міндеттерге байланысты. Кез келген ғылым зерттелгелі отырған құбылыс туралы жалпы ережелерді қолданып, өзіне тән әдістерді іздестіреді.
Әдіс термині гректің «мetodos» деген сөзінен алынған, ол «білімге жол ашу» дегенді білдіреді. Әдіс қандай жоба, жол, көмек арқылы мақсатқа жетуді анықтайды, шешеді немесе дәлелдейді.
«Методология» (грек тілінің «methodes» - зерттеу жолы, таным, ілім, білім дегенді білдірсе, «logos» - ұғым дегенді білдіреді) – «әдіс туралы ғылым»деген мағынаны береді. «Метод» (әдіс) термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағынасы бір жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан методология зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі .
Ал философиялық энциклопедиялық сөздікте «методология – теориялық және практикалық іс-әрекеттерді құру мен ұйымдастыру принципі мен әдістерінің жиынтығы» десе, ал қазіргі шетелдік сөздікте «методология – танымның ғылыми әдісі жайындағы ілім, қандай да бір ғылымда қолданылатын әдістер жиынтығы» деген анықтама беріледі.
Педагогикалық әдіснамаға берілген ғалымдардың анықтамалары:
1. «Педагогикалық әдіснама – педагогикалық ақиқаттың қалыптасуы мен таным процесі, формалары, прнициптері туралы ілім» (М.Е. Вайндорф-Сысоева, Л.П.Крившенко).
2. «Педагогикалық әдіснама – педагогикалық құбылыстар мен оның нәтижесі – педагогикалық білімдер жүйесі» (Ф.Ф.Королев).
3. «Педагогикалық әдіснама – таным мен педагогикалық шындықты түрлендірудің әдістері, формалары және процедурасы жайлы ілім» (З.Байжанова).
4. «Педагогикалық әдіснама – педагогикалық білім туралы, білім алу процесі мен оны іс-тәжірибеде қолдану туралы ілім» (С.К.Мұхамбетова).
5. «Педагогикалық әдіснама – педагогикалық білім жөнінде ілім және оны табу процесі, яғни педагогикалық таным, алғашқы қалып, құрылым, ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әрекеттері мен әдістері» (Р.Аубакирова, М.Нұрбекова).
Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы – жаңа педагогиклық білімдерді қалыптастыру процесі; оқыту, тәрбиелеу және дамытудың обьективті заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекеттің түрі.
Зерттеу – белгілі бір мәселені ойлау, концептуалды-тұлғалық және практикалық процесс. Педагогикалық зерттеу әдісінің мақсаты – оқыту мен тәрбиелеу процесінде педагогикалық іс-тәжірибелерді қолдана отырып, оқушының әртүрлі принциптер мен заңдылықтарды меңгеруін ұйымдастыру. Педагогикалық зерттеу әдісінің атқаратын міндеті – оқушылардың бойындағы әртүрлі педагогикалық қабілет пен дағды, іскерліктерді қалыптастыру.
Педагогикалық зерттеу дегеніміз – оқыту мен тәрбиелеудің нақты заңдары мен заңдылықтарын, құрылымы мен тетіктерін, мазмұнын, принциптерін, ұжымдық формалары мен әдістерін ашуға арналып бағытталған қоғамдық маңызы бар жаңа педагогикалық білімді қалыптастыру процесі және нәтижесі, танымдық іс-әрекет түрлерінің бірі болып табылады.
Қазіргі заман ғылымында әдіснама деп ғылыми-танымдық іс-әрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тәсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Әдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін: дескриптивтік, прескриптивтік.
Дескриптивтік әдіснама ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт-бағдар береді.
Прескриптивтік әдіснама зерттеу іс-әрекеттерін реттеудің жолын (жобасын) белгілеп көрсетеді.
Әдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді (Э.Г.Юдин): философиялық, жалпы білімдік, нақты ғылымдық, технологиялық. Әдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді. Жалпы ғылымдық әдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолдануы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді. Нақтылық ғылыми әдіснама қандай да нақты ғылыми пән аймағында қолданылатын зерттеу әдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды.
Технологиялық әдіснама – зерттеу әдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі әдіснамалық білім нақты көрсеткіш нұсқау сипатына ие. Қазіргі кезеңдегі адамдардың жүргізген зерттеулеріне байланысты әрқилы ғылымдар әдіснамасы сипатында көптеген философиялық бағыт-бағдарлар, теориялық көзқарастар орын алуда. Солардың ішінен бүгінгі педагогикада өз орнын тапқан келесі философиялық білімдерді ажыратуға болады: экзистенциализм, прагматизм, неотизм, позитивизм, неопозитивизм, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет