Экологиялық тәрбиенің қызметі: 1) Ағартушылық қызметі. Ол оқушыларға табиғатты адамның өмірі сүру ортасы ретінде және эстетикалық тұрғыдан жетілуіндегі оның маңызын түсінуге көмектеседі.
2) Дамытушылық қызметі.Ол балаларды экологиялық құбылыстарды ұғыну, табиғат жағдайына талдау жасау, табиғатпен ақылға сиятындай орынды қарым-қатынас жасау біліктілігін қалыптастыру процесінде жүзеге асады.
3) Тәрбиелік қызметі. Ол оқушыларды табиғатқа адамгершілік және эстетикалық қарым-қатынасты қалыптастыруда көрініс береді.Олардағы жауапкершілік сезім мен борыш органикалық тұрғыда ақиқат өмірдің ұлылығын және сұлулығын шаттана сезіну барысында бірлікте жүзеге асады. Бұл оқушыларда табиғатты қоғау әрекетін жандандыруға түрткі болады.
4) Ұйымдастырушылық қызметі.Ол оқушыларда табиғатты қорғау әрекетін ынталандыруды көздейді.
5)Алдын ала болжау қызметі. Ол балаларда адамның табиғатқа жасаған қайсыбір әрекетінде мүмкін болатын зардаптардан немесе экологиялық процестердің бұзылу жағдайының неге алып келетінін, ол үшін қандай шараларды ұйымдастыру қажеттігін алдын ала болжай білу біліктілігін тәрбиелеуді немесе дамытуды көздейді.