Таным іс -әрекеті оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниені тануының маңызды құралының бірі – білім алуға, өздігінен білім алуға ынталандырып, ақыл-ойдың дамуына, ғылым-білімдерді жүйелі меңгеруге көмектеседі. Таным оқу процесінде негізгі іс-әрекет болып табылады. Баланың дамуы барысында жеке тұлғаның танымдық белсенділігінің өрісі кеңейіп, тереңдей түседі.
Әлеуметтену– мендік көзқарасын қалыптастыру арқылы тұлғаның әлеуметтік өмірге бейімделуі. Тұлғаның мендік танымы тиісті болумен қатар өмірдегі өз орнын айқындауға жол ашады.
13. Дүниетанымының мәні мен қызметтері, дүниетанымның құрылымы және түрлері. Оқушылардың дүниетанымының мәні мен қызметтері. Баланың ғылыми дүниетанымына табиғат және қоғам елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, қоғамдық саяси қатынастар әсер етеді. Ғылыми сенімдер ғылымифилософиялық білімдерді, қазіргі ғылым жетістіктерін оқып-үйрену, дүниені танудың ғылыми әдістерін қолдану арқылы қалыптасады. Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананық ең жоғарғы түрі. Ол арқылы баланың өмірдегі жақсы мен жаманға көзқарасы қалыптасып, бағыт-бағдары айқындалады. Ғылыми дүниетаным тек қана білімдер арқылы ғана емес, сонымен қатар, дәйекті дәлелдері аз жалған көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады. Қоғамның өзгеруі, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарында ашылған жаңалықтар ғылыми дүниетанымды жетілдіреді, толықтырады, нақтыландырады, кейбір көзқарастарды өзгертеді. Дүниетанымды қалыптастыратындар: тәжірибені теориялық тұрғыдан қорыта білу, сезімнің ақыл-ойға әсері, саналы, алдына қойған мақсаты бар ерікжігер. Бұлар баланың көзқарастары мен сенімдерін қалыптастырады. Көзқарастар – баланың өзі сенетін білімдері, ұғымдары, практикадан шығаратын теориялық тұжырымдары, ұсыныстары. Бала олар арқылы табиғатта және қоғамда болып жатқан түрлі құбылыстарға баға беріп, өзінің мінезқұлқын, жүріс-тұрысын белгілі бір бағытқа салып отырады. Бала өз сеніміне сүйеніп ол үшін күреседі, басқалардан қорғанады, өз басына төнген қауіптен қорықпайды, басқа балаларды өз соңынан ілестіргісі келеді. Сенімге сезім әсер етеді. Таным процесінде қуану білімнің ақиқаттығына сену, өз алдына мақсат қою, сұлулықтан ләззат алу сенімнің қалыптасуына ықпал етеді. Дүниетаным көптеген маңызды қызмет атқарады. Ол өзінің ағарту қызметі арқылы балаға табиғат және қоғам туралы ғылыми білімдер беріп, оны жалған қөзқарастардан арылтады, болмысты тану әдістерімен қаруландырады. Дүниетаным тәрбиелік қызмет атқарады. Бала өзі келісетін көзқарастары арқылы адамгершілігін, ерік-жігерін, эстетикалық сезімдерін шыңдайды. Мұғалімдер оқушыларды адалдыққа сендіріп, олардың адал жүруіне керекті батылдықты, табандылықты, ізгілікті, жауапкершілікті тәрбиелеуі керек. Осы талапты орындау үшін қоғам және жеке адамдар өміріндегі жақсы тұстарды балаларға әсерлі етіп түсіндіргені абзал. Саяси-әлеуметтік, философиялық, моральдық, эстетикалық, ғылыми теориялық білімдерді меңгеру оқушының белсенді ой жұмысын туғызады. Ғалымдар болмысты (алуан түрлі байланыстағы объективтік дүние, тұрмыс, қоршаған орта, жағдайлар) түсіну үшін диалектикалық тәсілдер қолдану керектігін дәлелдеп отыр. Бұл тәсілді қолданғанда баланың миы жағдайды дұрыс бағалап, шығармашылықпен жұмыс істейді, құбылыстарды басқа құбылыстармен байланыста қарайды. Баланың дүниетанымы ұйымдастырушылық қызмет атқарады. Бала өзінің дүниетанымына сүйеніп, тәжірибеде түрлі іс-әрекет жасайды. Дүниетанымның прогностикалық қызметі арқылы бала қоғамның даму Қажымайтын қайрат – дүниетаным құрамындағы маңызды бөлік. Баланың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру үшін оған теориялық білімдерді берумен Дүниетаным – бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат- мұраттары, таным мен қызмет принцптері, құндылық бағыттары. Дүниетанымды қалыптастыру – тек жеке тұлғаның ған емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың және оның партияларының жетілуінің елеулі көрсеткіші. Дүниетаным болмысты тану әдісі бола отырып, адамдардың іс-әрекетінің ерекшелігін анықтайтын өмір принцптерінен тұрады. Тұтас психикалық білім ретінде дүниетаным – күрделі де көп аспектілі құрылым. Оның ұйытқысы – қисынды ойлау, жоғары интеллектуалды сезімдерді білдіру, саналы мақсатты ерік-жігердің дамыған қабілеттілігімен үйлесімді көзқарастар мен сенімдер. Көзқарастар – адамның идеясы, білім, теориялық тұжырымдар мен болжамдар ретінде қабылдауы. Әрбір адамның дүние танымдық көзқарастары ұзақ та күрделі интеллектуалды қызмет- әрекет нәтижесінде қалыптасады. Ал, көзқарастар болса оның рухани мәдениетінің негізін құрап, оның «Мен» деген сезімінің мәнісін ашып, оның өмірлік ұстанымдарын, ар-ұятын анықтайды.
● Сенім – көзқарастардың сапа жағынан мейлінше жоғары күйі. Сенім білім сияқты объективті шындықтың субъективті көрінісі, адамдардың ұжымның жеке тәжірибесін меңгеруінің нәтижесі. Сенім әлде бір «білетін» немесе «түсінетін» емес, ол – жеке тұлғаның ішкі ұстанымдарына айналған білім.
● Сезім – сенімнің үйлесімді қасиеті. Сенімді өмірде басшылыққа алу таным қуанышы мен ақиқат шындығының, сұлулыққа эстетикалық сүйсіну мен оған берілгендік, әлеуметттік оптимизм мен мақсаттылық сияқты интеллектуалды сезімдермен байланысты.
● Қажымас ерік-жігер – дүниетанымның маңызды элементі. Сенім адамды іс-әрекетке итермелейді. Ғылыми дүниетаным теориялық санамен шектеліп қана қоймай тәжірибеде сана мен жігерді іс-әрекетпен біріктіреді. Дүниетаным элементі ретінде теориялық ойлау дегеніміз – адамның білімді, болмыстың құбылыстарын шығармашылық түрде түсініп-ұғыну, дүниетанымды мейлінше жетілдіру, ерік-жігерді сенімді іске асыруға бағыттаудың қабілеті.
● Арман-мұрат өмірлік мақсаттар ретінде дүниетанымның ең маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Сананың мазмұны сенім сипатына ие болған жағдайда дүниетанымға айналады. Адамның дүниетанымы көбінесе оның тікелей өмірлік тәжірибесіне негізделеді ● Көзқарастар– адамның қол жеткізген идеялары, білімдері, теориялық тұжырымдар мен болжамдар ретінде қабылдаулары. Олар табиғат пен қоғам құбылыстарын түсіндіріп, адамның мінез-құлық, іс-әрекет пен қатынастардың бағыт-бағдары қызметін атқарады.