Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы


Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы, педагогика ғылымдарының салалары



бет7/26
Дата12.07.2023
өлшемі1,1 Mb.
#179429
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Байланысты:
аза стан Республикасыны білім беру ж йесіні рылымы

5.Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы, педагогика ғылымдарының салалары.
Педагогиканың басқа ғылымдарымен байланысы.
Өзінің ұзаққа созылған тарихында педагогика көптеген ғылымдармен тығыз байланыста болып,өз дамуы мен кемелденуінде олардың әртүрлі ықпаылна,әсеріне ұшырап отырды.
Бұл байланыста кейбірі бұрынғы тарихтан жалғасып келе жатса,ал енді біреулері кейінірек пайда болды.
Педагогиканың философиямен байланыс нәтижесінде философиялық идеялардан педагогикалық тұжырымдар мен теориялар туындап отырды.Кей мәселелер педагогика мен философияның қосылып зерттеуін қажет етеді.Оларға тәрбиедегі тұқым қуалаушылық,ортаның және тәрбие рөлі жатады.Философия- адамды идеялық сенімге,айқын түсінуге,білушілікке тәрбиелейді,өмір шындығын танып білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады.
Педагогика адам жантануы-Психология ғылымымен адам жанын терең зерттей отырып,тәрбие мен білім беру процесін жүзеге асырады.Адам табиғатын тану, жан дүниесін түсіну, тұлға дамуы мен оның жандүниесіндегі қозғасылыснда байқалатын заңдылықтар (адам зейіні, ойлауы,есі,қиялы,және адамның дербес ерекшеліктері және т.б)
және оларды ескеру,оқу.
Мектептегі білім алу және тәрбие беру жүйелері негізі жас ерекшелік физиологиясы ғылымына байланысты.
Мұғалім балалар ағзасындағы жоғары жүйке қызметін, тыныс алу, қан және жүрек-тамыр жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін жете білуі қажет. Ол осы мәліметтерге сүйеніп, тәрбие мен оқу процесін, әсіресе, дене тәрбиесінің практикалық және теориялық мәселелерін дұрыс шешу жолдарын іздестіреді.
Педагогика ғылымы мектеп гигиенасымен тығыз байланысты.Себебі мектеп гигиенасы-жас ұрпақтың денсаулығын сақтау,нығайту және дамыту жайындағы ғылым.
Педагогика Медицинамен байланысы арқасында педагогикалық білімдердің арнайы саласы коррекциялық(реттеуші) педагогика пайда болды. Осыдан, өз дамуында немесе туа біткен , жасанды ауытқушылығы бар балаларға білім беру әдәсі анықталды,және бала ағзасындағы кемшілікті толтыруға,оның қоғам өміріне сіңісіп кетуін терапиялық құралдар жүйесін түзеп,қолдануға келтірді.
Педагогика экономика ғылымымен байланысты. Себебі, экономикалық саясат қоғам білімін қамтамасыз етудің қажетті шарты. Осы ғылымдардың байланысынан «Білім экономикасы» деген арнайы педагогика саласы дүниеге келіп, білім беру аймағын реттестіруші экономикалық заңдылықтар ашылды, олардың қоғамды сауаттандыруға байланысты ерекшеліктері зерделенді.

Педагогика әлеуметтану ғылымымен тығыз байланысты. Жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесін қарастырғанда педагогика ғылымы әлеуметтік ортамен тәрбие жайындағы мәліметтерді әлеуметтану ғылымы негізінде қарастырады. Әлеуметтану – қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым.


Педагогика ғылымы тәрбиеге байланысты этнографиялық және археологиялық деректерді пайдаланады. Этнография қазақ халықтары және ертеде өмір сүрген көне этностың - топтардың шығу тегі, ру тайпаларының құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктерін, қоғамдық және рухани мәдениетін, тұрмысын зерттейді.

Археология – өткен ғасырдағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет- ғұрпын, мәдениетін, ежелгі дәуір мен орта ғасырлардағы адамзат қоғамы дамуындағы заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін, ескерткіштер арқылы әдет- ғұрып, мәдениетін, тұрмысын зерттейді.


Педагогика ғылымының кибернетика жетістіктерін пайдалана бастауы ақпарат теориясы, автоматтар теориясы, бағдарламалау теориясымен жұмыс істеуге көшумен тығыз байланысты. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланыстарын талдауға сала отырып, оларды пайдалану басқа ғылымдардың негізгі идеялары, теориялық болжамдары мен қорытындыларының педагогикада пайдалануға жол ашады.

Педагогика ғылымының салалары.


Жалпы Педагогика тарихы - тәриенің шығу тарихы мен дамуын,қалыптасуын, әр дәуірдегі педагогикалық идеялар мен білімдендіру тәжірибесін зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы.


Барлық уақытта педагогтар баланың табиғатындағы мүмкіндіктерін жүзеге асырып, жаңа салаларды қалыптастырудың тиімді жолдарын ашуға,көмектесумен келеді.
Әскери педагогика- Қарулы Күштердің әскери қызметшілерді оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін педагоиканың бір саласы. Әскери педагогика әскер жағдайында жеке құрамды әскер ісіне үйретуге, саяси санасын арттыруға, олардың жоғарғы моральдық жауынгерлік қасиеттерін дамытып, нығайтуға негізделеді.
Жалпы педагогика педагогикалық процесс пен білім берудің негізгі заңдылықтарын зерттейді.
Сауықтыру педагогикасы психология мен педагогиканың өзара белсенді әрекеттері барысында салыстырмалы түрде кейінгі кезде ғана дами бастады.
Педагогика тарихы – адамзат тарихындағы педагогикалық идеялар мен мектептердің қалыптасуын зерттейтін ғылым.
Салыстырмалы педагогика әрбір елдердегі білім беру және тәрбие жүйелерінің дамуын, олардың жалпы және өзіндік ерекшеліктерін салыстыра дамуын зерттейді.
Жас ерекшелік педагогика (мектепке дейінгі, мектеп, ересектер педагогикасы) анатомиялық және физиологиялық және әртүрлі жастағы топтардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық процесс пен білім берудің ерекшелігін зерттейді. Кәсіптік педагогика – арнаулы орта білім беру педагогикасы, жоғары білім беру педагогикасы. Кәсіптік педагогиканың пәні педагогикалық процесс және жұмысшы кадрларын кәсіби және сонымен бірге әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлаудың заңдылықтары болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет