Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы



бет14/26
Дата12.07.2023
өлшемі1,1 Mb.
#179429
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Байланысты:
аза стан Республикасыны білім беру ж йесіні рылымы

Математикалық әдістер заттық, белгілік әдістер, сауалнама, эксперимент жолымен алынған деректемелерді өңдеу үшін, сондай-ақ зерттеліп жатқан құбылыстар арасындағы сандық тәуелділіктерді анықтау мақсатында қолданылып, эксперимент нәтижесін бағалауға, қортындылар сенімділігін арттыруға, теориялық тұжырымдарды негіздеуге көмектеседі. Математикалық әдістер арасында педагогикада ең көп қолданысқа келетіндері: тіркеу, ранжирлеу, өлшемге түсіру.
Статистикалық әдіспен қолға түскен көрсеткіштердің орташа сандық шамасы айқындалады: арифметикалық орта – салыстырып бақылау және 92

эксперименттік топтардың жазба жұмыстарында жіберілген қателердің орташа мәні; медиана – тізімдердің орта тұсындағы көрсеткіш (топта он екі оқушы болса, бағаның өсу дәрежесімен өрнектелген тізімде алтыншысының бағасы - медиана; таралу дәрежесі – дисперсия немесе орташа квадраттың ауытқуы, баламалар коэффиценті және т.б.


Жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі.
Салыстыру – таным әдісінің көп қолданылатын түрі. «Барлығы салыстыруда танылады» деп бекер айтылмаған. Салыстыру көріністер мен пәндердің ұқсастықтарын анықтауға көмектеседі.
Болжау зерттеушінің қатынасынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады.
Ұқсастыру (аналогия) объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға мүмкіндік беретін таным әдісі. Басқаша айтқанда, аналогия ғылымның бір саласындағы қатынастардың оның екінші саласына транспозициялануы.
Эксперименттік-эмпирикалық зерттеу (грек сөзі «empeiria» – тәжірибе) дегеніміз педагогикалық заңдылықтарды тәжірибеде, іс жүзінде қолдану.
Эмпирикалық зерттеу әдістерінің түрлері:
 Бақылау-зерттеу: тікелей, жанама, тұтас, ашық, жабық, үзік, үздіксіз, дискретті, моногрфиялық, бір бағытты;
 Сұрақ-жауап әдістері: әңгіме-сұхбат, сұхбат-әңгіме, сауалнама (анкета); интервью; тест жүргізу; педагогикалық құжаттармен танысу; оқушылардың жазбаша, шығармашылық, графикалық жұмыстарын тексеру.
Өлшеу әдістері: шкалалау, кесінділер алу, тест алу.
Мәліметтерді өңдеу әдістері: математикалық, статистикалық, графикалық, таблицалық.
Бағалау әдістері: рейтинг, педагогикалық консилиум.
Практикаға нәтижені ендіру әдістері: эксперимент, тәжірибелік оқыту, жаппай ендіру (42-сурет).
Нақты мәліметтерді жинақтау әдістері:
Бақылау заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау, зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу.
Тікелей бақылау. Зерттеуші-мұғалім оқу-тәрбие жұмысының тікелей басшысы, сонымен қатар ол тікелей куәгер бола тұрып бейтарап адам және зерттеу мүшесі ретінде зерттеушілер тобына кірген кезде тікелей бақылау жүзеге асырылады.
Жанама бақылау. Тікелей бақылауды толықтырады және зерттеушімен бірге оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арқылы жүзеге асады. Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады.
Үздіксіз бақылау. Оқыту процесін, екі-үш оқушының сабақтағы, ойындағы, сыныптан тыс, мектептен тыс мінез-құлқын зерттеуге қолданылады.

Жасырын бақылау. Тұйық теледидар желісі және сынып бөлмелерінде телекамералары бар мектептерде жүргізіледі. Сабақты жасырын бақылап-зерттеу оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен ара-қатынасы туралы шынайы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Жасырын бақылап зерттеу зерттеушіге құнды мәліметтер береді, оқушылар өздерін бақылап отырғанын көрсе өздерін басқаша ұстайды.
Дискретті (үзік-үзік) бақылау. Объектіні ұзақ уақыт бақылайтын кезде қолданылады. Бақылап-зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін – жарты жыл немесе бір жыл. Бақылап-зерттеу белгілі бір уақытта үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады.
Ізденісті бақылау. Көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады. Мұндай бақылау көп уақыт пен зерттеушіге тиянақты талдау жұмысын талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет