Бағалау әдістері. Зерттеушіге жеке тұлғаның дамуында белгілі бір адамгершілік қасиетінің маңыздылығын, сонымен қатар оқушылардың мінез-құлқын бағалау ұсынылады.
Педагогикалық консилиум (білікті мамандардың бағалау әдісі) оқушылардың тәртібі мен мінез-құлқын және басқа да қасиеттерін бағалауды білікті мамандар береді.
Практикаға нәтижені ендіру әдістері. Эксперимент – бұл арнайы ұйымдастырылып, алдын-ала зерттеу мақсаты белгіленген мұғалім мен оқушылардың педагогикалық іс-әрекеті.
Эксперимент түрлері: табиғи (қалыпты оқу-тәрбие процесі жағдайында); зертханалық – қандай да әдістің тиімділігін тексеру үшін жасанды жағдайлар түзу (экспериментке алынған балалар тобы өз алдына бөлектенеді).
Эксперимент келесі кезеңмен өткізіледі:
- теориялық: проблема қою, зерттеу мақсатын, нысанын анықтау, міндеттер мен гипотеза белгілеу;
- әдістемелік: зерттеу әдістемесі мен оның оның жоспарын айқындау; бағдарлама түзіп, алынған нәтижелерді өңдеу әдістерін нақтылау; - эксперимент жұмысы: бірнеше тәжірибелік зерттеу әрекеттерін орындау (бақылау, тәжірибені басқару және зерттеушілердің жауап әрекеттерін бағалау);
- талдау: сандық және сапалық сарапқа салу; алынған деректерге түсініктеме беру; қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің технологиясы. Ғылыми зерттеу бағдарламасы мен процедурасы. Мұғалімнің зерттеушілік іс-әрекетінің әдістері. Нақты педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.
Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен тетіктері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мәліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі және оның нәтижесі.
Педагогикалық зерттеу әдістері-педагогикалық болмыс туралы зерттеуші жинаған факті мен білімдерді талдаудың негізгі тәсілдері (43-сурет).
Педагогикалық зерттеулердің міндеті – деректер мен құбылыстарды түсіндіру және оларды алдын ала болжау.
Зерттеу педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткіштерді қамтиды: зерттелуге тиіс проблема, тақырып, зерттеудің өзектілігі, нысаны, пәні, мақсат- міндеттері, болжамы, қорғалуы тиіс идеялар, жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |