Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы


Педагогика әдіснамасының деңгейлері



бет13/26
Дата12.07.2023
өлшемі1,1 Mb.
#179429
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
аза стан Республикасыны білім беру ж йесіні рылымы

Педагогика әдіснамасының деңгейлері.
Ғалымдар педагогиканың әдіснамасын 4 деңгейде қарастырады:
І деңгей – гносеологиялық: педагогикалық құбылыстар мен процестерді талдауға қатысты жалпы ғылымилық бағыттылықты қарастырады;
ІІ деңгей – дүниетанымдық: қоғамдық құбылыс негізінде баланың білім алуда, тәрбиеленуде, оқуда, педагогикалық іс-әрекетте жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуы факторларын қарастырады;
ІІІ деңгей – ғылыми-мазмұндық: педагогика ғылымының заңдылықтарын негіздеу және адамды тәрбиелеу, оқытудың теориясы мен әдістемесін қарастырады;
ІV деңгей – логикалық-гносеологиялық: педагогиканың пәні мен объектісін, оның негізгі ұғымдарын қарастырады, педагогикалық теория мен практика арасындағы ара қатынасты анықтайды, педагогика ғылымының басқа ғылымдармен байланысын қарастырып, іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүргізіп, педагогиканың дамуына болжау жасай алады.


9. Педагогикалық зерттеулердің құрылымы.


Анализ – жан жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге бөлу.
Синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру.
Абстракциялау – зерттеліп отырған сол істің қажетсіз емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зеттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу. Түрлері:
Талдап қорыту – көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау.
Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін бөліп алу процесі.
Индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі.
Дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасап алуға мүмкіндік беретін талқылау әдісі.
Модельдеу– модель жасау мен зерттеу әдісі. Артықшылығы – ақпаратты тұтас көрсету. Модельдеу синтетикалық принципке негізделеді: тұтас жүйені бөліп көрсету және оның қызмет етуін зерттейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет