408-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, үстеулердің түрлерін ажыратыңыздар.
Я намереваюсь поехать летом в деревню. Ержан очень хорошо усвоил материалы урока. Азамат никогда не опаздывает на занятия. Столько овощей и фруктов на базаре. Надо положить яйца в тесто по одному.
409-тапсырма. Төмендегі әр бағанадағы сөздерді мағынасына қарай іріктеп, тиісті орын тәртібі бойынша қойып, мағыналарының дұрыс сақталуына назар аударып, сөйлемдер құрастырыңыздар.
1. қол
қойылды
|
мемлекеттер
|
туралы келісімге
|
тәуелсіз
|
достастығын құру
|
2. ТМД-ның
құрылуы
|
қол қойылды
|
«Алматы Декларациясына»
|
жөніндегі
|
1991 жылы
21желтоқсанда
|
3. БҰҰ-ның
толық
|
болды
|
1992 жылы
2 наурызда
|
мүшесі
|
Қазақстан
|
4. кездесуі
болды
|
Алматыда
сыртқы
|
басшыларының бірінші
|
1999 жылы
14 қыркүйекте
|
саяси мекемелерінің
|
5.қабылданған
Декларация
|
ерекше
маңызды
|
кездесудегі
|
орын
алады
|
қазіргі заман
тарихында
|
Сын-бейне үстеулері (Наречия образа и способа действия)
Қимылдың жүзеге асу амалын білдіреді. Сұрақтары: қалай? (как?), қалайша? (каким образом?), қайтіп? (каким способом?). Әрең, ақырын, жылдам, тез, сөйтіп, емін-еркін, дереу, шапшаң, кенет, тікелей, бірге, зорға, аздап, қолма-қол, көзбе-көз, жедел.
Мезгіл үстеулері (Наречия времени)
Қимылдың мезгілін білдіреді. Сұрақтары: қашан? (когда?), қашаннан бері? (с каких пор?).
Бүгін, былтыр, күндіз, кеше, ертең, қазір, кешке, таңертең, биыл, анда-санда, күні бойы, қыстыгүні, ала жаздай, оқта-текте.
Күшейткіш үстеулері (Наречия усилительные)
Қимылдың белгісі мен сапасын тым күшейтіп, не солғындатып көрсетеді. Сұрақтары: қалай? (как?), қандай? (какой?). Әбден, тым, ең, ылғи, мүлдем, нағыз, орасан, айрықша, небір, тіпті, керемет.
410-тапсырма. Төмендегі сөздердің ішінен күшейтпелі үстеулерді тауып, оларды бөлек бағанаға бөліп жазыңыздар.
Қалам, оқиға, жаратылыс, зорға, әрең, дереу, жылдам, орасан, жоғары, шарасыздан, ілгері, өте, барлау, іздестіру, қасақана, тым, алыс, жақын, нағыз, мүлдем, оң жақ, әдейі, тіпті, керемет, айрықша, әбден, ұзақ, бірден.
411-тапсырма. Берілген мезгіл үстеулерін қатыстырып, сөйлемдер құрастырыңыздар.
Ертең, анда-санда, бүрсігүні, таңертең, күні бойы, ала жаздай, қазір, ежелден, ертесіне, кеше, биыл, былтыр.
412-тапсырма. Көп нүктелердің орнына тиісті мезгіл үстеулерін қойып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.
....................... олардың жатақханасына барып, өзара әңгімелесерміз. Қасен менің басыма ........................ келмеген ойды әкеп салды. ......................... оның сауда айналымы губерниялық тұтынушылар корпорациясынан асып кетті деген. ......................... шықсаң, алдыңнан күн шығады, ........................ шықсаң, алдыңнан түн шығады. ......................... Абайдың жасы он үшке толған еді. Жаңбыр әлі жауған жоқ, тек ............................ аздап сіркіреп тұр. ............................ ол жақ жылы. ............................. бұрқ еткен бүлікшілікті сол сәтте басып тастамасаң, .......................... ол өрттей лаулап етек алып кетеді.
Сөйлемдерді толықтыруға керекті үстеулер: Бүгін, бұрын, былтырлары, таңертең, кешке, жаздыгүні, оқта-текте, биыл, ертемен, күні бойы.
413-тапсырма. Тәуелсіздік шежіресінің жалғасын меңгеріп, есте сақтаңыздар.
Тәуелсіздік шежіресі (жалғасы). 1999 жыл, 23 ақпан. «Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Жас Алаш», «Спорт», «Жетісу», «Алматы ақшамы» газеттері бірігіп, «Қарадомалақ – 2000» бастамасын көтерді. Онда демографияны жақсарту жайында айтылған.
1999 жыл, 25 ақпан. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш халық санағы басталды.
1999 жыл, 5 сәуір. Премьер-министр Н.Балғымбаев «ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкінің теңгенің айырбас бағамына алдағы уақыттағы саясаты» туралы мәлімдеме жасады.
1999 жыл, 9 сәуір. Түрікменстанның астанасы Ашхабад қаласында Орта Азияның бес мемлекеті – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан елдерінің басшылары бас қосып, басқа да мәселелермен бірге Арал теңізінің аянышты жайын қозғады. Осыған байланысты Арал теңізі мен оның маңайында қоныстанған халықтарды сауықтыру жөніндегі «Ашхабад деклорациясы» қабылданды.
1999 жыл, 7 мамыр. Сталин мен компартияның «сценариі» бойынша, Рейхстагқа орыс Егоров пен грузин Кантариялардан бұрын барып ту тіккен қазақ Рахымжан Қошқарбаев есімін Мәскеу 54 жыл бойы елемей келген болатын. Енді тәуелсіздігіміздің арқасында Р.Қошқарбаевқа жоғарғы ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Н.Назарбаевтың Жарлығы шықты.
414-тапсырма. Берілген сын-бейне үстеулерінің мағынасын түсіндіріңіздер.
Тез қимылдады, шапшаң сөйледі, әрең қозғалды, қолма-қол құрастырды, көзбе-көз беттесті, дереу жауап қатты, бірден келді, емін-еркін жүр, кенеттен тоқтады.
415-тапсырма. Сын-бейне үстеулерін тіркескен етістіктермен бірге теріп жазыңыздар.
Жай соққандай сарт етіп, әлденесі сынды да, конвейер кенет тоқтап қалды. Аққасқаны Қасен мен Бейсенбай зорға дегенде айырып алды. Аққасқа көлденең келіп, көксеректі құлақ шекеден ала түсті. Абай бір кезде оқыстан әжесінің басын құшақтап алып, сыбырлай күбірлеп, бірнәрсені шұбырта жөнелді. Осы ойынан ол тез айныды. Өйткені ол қандай жағдай болмасын, өзінше баға беретін адам. Әжесі мен немерелері әрең ажырасты. Парасат әдетінше Мәдиге қарады да, бірақ ойына бірдеңе түскендей жұмсара қойған жоқ.
416-тапсырма. Сын-бейне, мезгіл, күшейткіш үстеулерін қатыстырып, «Мемлекет тағдыры – жастардың қолында» тақырыбына мәтін құрастырыңыздар.
417-тапсырма. Төмендегі үстеулердің ішінен сын-бейне үстеулерін теріп жазып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Дәлме-дәл, бекерге, әдейілеп, шапшаң, мүлдем, дереу, қыстыгүні, соншалық, недәуір, бірден, анағұрлым, зорға, жылдам, онша, жедел.
418-тапсырма. Көрсетілген торларға сын-бейне, күшейткіш, мезгіл үстеулеріне жататын сөздерді тиісті орындарына жазыңыздар.
419-тапсырма. Күшейткіш үстеулерді тауып, олардың сын-бейне белгісін немесе іс-әрекетке күшейтпелі мағына беріп тұрғанын ажыратып, түсіндіріңіздер.
Ұлытаудың етегіне бау-бақшасымен кең жайыла орналасқан кілең аласа үйлі қала. Қасқыр сөйте-сөйте жақындай береді де, жылқының нақ алдына келіп ойнайды да, кенеттен тамағына шабады. Бұндай жағдайда аса сақ болмаса болмайды. Мылтықпен атқаннан кейін, қасқырдың сілесі әбден қатты. Қазақстанның бүгінгі келбеті өте қатты өзгерген. Бұнда жаз айында жер беті жасыл бояумен көмкерілген түске еніп, ал алтын күзде төңіректің бәрі сары жамылып, нағыз ырыс аймағына айналады. Топтанып алған қасқырлар тайдың жағын сындырғаны болмаса, ешбірін жығып, емін-еркін жей алған жоқ. Асан екеуіміз ақырын әңгімелесіп келеміз. Әрең дегенде ауылдың шетіне келіп тоқтадық. Олар дереу бізді көріп, бет-бетімен үйге тарқаса бастады.
420-тапсырма. Берілген күшейткіш үстеулерін қатыстырып, сөйлемдер құрастырыңыздар.
Аса, орасан, керемет, тіпті, тым, айрықша, кілең, өңкей, нағыз, әбден.
421-тапсырма. Сын-бейне, күшейткіш, мезгіл үстеулерін пайдалана отырып, «Әжелер – отбасының алтын діңгегі» тақырыбына әңгіме құрастырыңыздар.
Анда-санда, күні бойы, таңсәріде, түгел, осылай, жедел, тез, бетпе-бет, тікелей, мейлінше, нық, дәл, тіпті, керемет, нағыз, ең, орасан.
12-апта. 35-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Мекен, мақсат, себеп-салдар үстеулері.
422-тапсырма. Тәуелсіз Қазақстандағы орнатылған монументтердің мазмұнымен танысып, мағынасын түсініп, өз білетіндеріңізбен толықтырып, мазмұндаңыздар.
«Тәуелсіздік», «Қазақ елі» монументтері,
«Тәуелсіздік таңы» ескерткіші
* * * * *
« Т ә у е л с і з д і к » м о н у м е н т і
Авторлары: Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты – Шота Уәлиханов; мүсіншілер – Нұрлан Далбаев, Әділет Жұмабаев; сәулетшілері – Қазбек Жарылғапов, Қ.Монтақаев және т.б.
1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуы құрметіне, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің 10 жылдығына орай, осы бақытты бостандық үшін жан аямастан күрескен ата-бабаларымызға арнап «Тәуелсіздік» монументі ашылды.
Ескерткіштің ашылуына Н.Назарбаев пен Түркия Президенті С. Димерель қатысты. Қазақтың қолданбалы өнерінен туындаған монументтің негізгі орталық композициясы ұлттық өрнекпен көмкерілген, текшелі діңгек тастан (стелла) құралған, биіктігі 28 метр. Діңгектің ұшар басы көк аспанға қарай биіктеген, ортасындағы дөңгелектің басы жұмырланып мүсінделген, оған Қазақстанның Елтаңбасы ойылып түсірілген. Оның үстіңгі жағындағы қоладан құйылған қанатты барыстың үстінде тұрған сарбаздың оң қолында қыран құсы, сол қолында садағы, белінде қанжары мен асынып алған сауыты бар. Алтынға малынған жебелері бар жас сарбаздың айбарлы, сұсты тұлғасы «Тәуелсіздік» монументінің беріктігін, мықтылығын аңғартады. Бұл сарбаздың бейнесі б.д.д. IV-VII ғасырдан қалған Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» түрінде салынған. Сарбаздың болмысы 6 метрлік, 4 тонналық қоладан құйылып, алтынмен әдіптелген монументтің екі жағында қазақ халқының тарихи өмір белестерінен мағлұмат беретін архитектуралық-мүсіндемелік бейнелер, сонау сақтар дәуірінен тәуелсіздікке дейінгі тарихи кезеңдерді қамтиды. Яғни Томирис заманынан бастап әл-Фараби, Қазақ хандығының құрылуы, Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама, жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес, ұлт-азаттық қозғалыстары, екінші дүниежүзілік соғыс, Желтоқсан көтерілісі, Тәуелсіздіктің жариялануы туралы көрініс-суреттер тиімді орналастырылып, көркемдік жарасымын тапқан.
Ортадағы діңгектің жанына қойылған тас белгілерде Әнұран мен Ата Заңнан үзінділер, Ұлыбритания, Ресей, Қытай сияқты мемлекеттердің шекарамызға, тәуелсіздігімізге қол сұғуға болмайтындығына берген кепілдіктері, Н.Назарбаевтың Тәуелсіздік жөнінде айтқан аталы сөздері қазақ-орыс тілдерінде ойып жазылған.
«Тәуелсіздік» монументі ХХ ғасырдың аяғындағы ұлттық сәулет өнері тарихында өз орны бар мүсіндік және сәулетшілік шығармашылықтан туған озық архитектуралық жәдігерлердің біріне айналды.
Сөздік:
қола – бронза садақ – лук
қанжар – кинжал жебе – стрела
көмкеру – обшивать края; окаймлять
жәдігер – наследие; память; реликвия
діңгек – колонна; стойка; столб; ствол; мачта
текшелеу – складывать пачками; сложить рядами; слоями
қыран – беркут; орел; сокол; ловкий; хваткий; зоркий
сауыт – бронь, кольчуга; щит; урна; посуда; сосуд
423-тапсырма. Мәтінге сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырып, оны рөлге бөліп оқыңыздар.
Ү л г і:
– Еуропада мұндай үлкен оқиғаларға байланысты монументтер қандай
түрде тұрғызылған?
Көне ғимараттарға бай Еуропада үлкен оқиғаларға байланысты көтерілген мұндай белгілердің көпшілігі тіреуіш-колонна түрінде келеді екен.
Бұл айтылғанға қандай мысал келтіре аласыздар?
Мысалы, Римдегі император Троянға, Париждегі Вандам алаңындағы Напалеонға, Лондондағы Трафальдар алаңындағы Нельсонға арналып тұрғызылған ескерткіштер осы әдіспен салынған.
424-тапсырма. Сөйлемдерден мекен үстеулерін тауып, оларды тіркескен етістіктерімен бірге көшіріңіздер.
Сенің бері келуіңе мен себепкер болсам, менің бірден қайтуыма көлік себепкер болған. Ертай – алда, біз арттамыз. Жоғары-төмен үйрек, қаз ұшып тұрса, сымпылдап. Алды-артына кетеді, қосылмайды бастары. Атқа мініп алып, Бақтығұл тұрған сайды жоғары өрлей шапты. Бақтығұл болыстың құлағанын көріп қалып, енді шапшаң төмен қарай түсті. Кібіртіктеген қонақтар ілгері қарай аттай алмай, босаға жаққа жалп-жалп отыра кетті. Шырақтарым, тұс-тұстан келсеңдер де, туғаным болып қалып едіңдер. Біз ілгері аттаған сайын, жел желіге түседі, көкіректен артқа қарай итере түседі. Желге ерегескендей, біз де алға қарай ұмтыламыз.
425-тапсырма. Мекен үстеулерін қатыстырып, сөйлемдер құрастырыңыздар.
Мұнда, ішкері, жоғары, артқа, тысқары, сыртта, бері, төмен, ілгері, тұс-тұсында, сонда, алға.
Мекен, мақсат, себеп-салдар үстеулері
Мекен: Қимылдың болу орны мен бағытын, мекенін білдіреді. Сұрақтары: қайда? (где? куда?), қайдан? (откуда?). Әрі, бері, ілгері, жоғары, ішкері, төмен, алға, артқа, ішке, мұнда, сонда, тысқары, сыртта, алды-артында, тұс-тұсында.
Мақсат: Қимылдың жасалу мақсатын білдіреді. Сұрақтары: не үшін? (для чего?), неге? (зачем? для чего?), не мақсатпен? (с какой целью?). Әдейі, қасақана, көре тұра, әдейілеп, біле тұра, жорта.
Себеп-салдар: Қимылдың жасалу себебін, салдарын, нәтижесін білдіреді. Сұрақтары: неліктен? (почему? отчего?), не себепті? (по какой причине?), қалай? (как?).
Бекерге, амалсыздан, шарасыздан, құр босқа, босқа, текке, лажсыздан, жоққа, тектен-текке, әншейін, т.б.
426-тапсырма. Көп нүктелердің орнына тиісті үстеулерді қойып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.
Қайсар басқышпен ..................... түсіп келе жатып, бір жас баланың жылаған дауысын естіді. Мүмкін ..................... аң да, құс та жоқ шығар. Төлеген ..................... шығарылған ішек-қарнын сол қолымен басып, орнынан атып тұрды да, қолына автоматын ала жүгірген бетімен жаңағы офицерді қақ басынан беріп келіп жіберді. Оның бейіті Ұлытаудың бөктерінде ..................... қалды. Құрмаш пен Қасым ауылының арасы ..................... болатын. Күннің көзі көк жиектен ..................... қарай асып, ..................... түсіп, біржола бітті.
Сөйлемдерді толықтыруға керекті үстеулер: Төмен, мұнда, сыртқа, артта, әріде, жоғары, төмен.
427-тапсырма. «Тәуелсіздік таңы» ескерткішінен мәлімет алып, білетіндеріңізді қосып, мазмұндаңыздар.
« Т ә у е л с і з д і к т а ң ы » е с к е р т к і ш і
Алматыда қыркүйектің 18 күні 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші ашылды. Оған ҚР-ның Президенті Н.Назарбаев пен Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар, жұршылық өкілдері қатысты.
Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына орай, Алматы қаласының Желтоқсан мен Сәтбаев көшелерінің қилысында орналасқан «Тәуелсіздік таңы» ескерткішінің салтанатты ашылу рәсіміне келген Н.Назарбаев: «Жастарды алаңға шығуға итермелеген Желтоқсандағы көтеріліс Қазақстан тәуелсіздігінің жаршысы болды. Бұл көтеріліске ұлтшылдық сипат беруге талпыныстар жасалып, ұлтаралық қақтығыс деп түсіндірушілер болды. Бірақ оның мүлдем олай болмағанын тарихтың өзі көрсетіп берді. Жастар бар болғаны әділеттілікті, теңдікті, тәуелсіздікті қалады. 1986 жылдың желтоқсанында болған көтеріліс Кавказ бен Балтық жағалауы елдеріндегі ұлттық қозғалыстардың өршуіне жол ашты», - деді.
Н.Назарбаев 20 жыл бойы қазақстандықтардың бірлікте, түсіністікпен өмір сүріп келе жатқанын айта келіп, елдегі тұрақтылық пен тыныштықтың, адамдардың арасындағы татулық пен теңдіктің, елдегі табыстың, бақыт пен гүлденудің қайнар көзі екенін халықтың түсініп отырғанын жеткізді.
Ескерткіштің ашылу рәсіміне белгілі қоғам қайраткерлері, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар, Желтоқсан қозғалысының мүшелері, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері қатысты.
428-тапсырма. Дұрыс нұсқасын көрсетіңіздер.
1. Мекен үстеулері: 2. Себеп-салдар үстеулері:
а) амалсыздан үйіне кетті а) қыстыгүні қайтады
ә) қасақана істеген ә) босқа барыпты
б) қолма-қол тапсырды б) емін-еркін сөйледі
в) алға қадам басты в) таңсәріде тұрды
г) әрең бара жатыр г) аз-аздап алды
3. Мақсат үстеулері: 4. Сын-бейне үстеулері:
а) ілгері жүрді а) екеулеп көтерді
ә) қасақана істеді ә) кешке келеді
б) сырттан кірді б) дереу кетіп қалды
в) ала жаздай дайындалды в) мейлінше ұқыпты
г) әншейін айтыпты г) төмен түсші
429-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, себеп-салдар үстеулерін табыңыздар.
Студенты зря поднялись наверх. Мама вынуждено встала рано утром. Азамат ничего не делает просто так. Сначала они пошли в магазин. Попусту не трать время. Иди назад.
430-тапсырма. Мақсат үстеулерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Әдейілеп, біле тұра, қасақана, әдейі, жорта, көре тұра.
431-тапсырма. Себеп-салдар, мекен, мақсат үстеулері қандай сұрақтарға жауап береді? Жауаптарыңызда көрсетілген торларға толтырыңыздар.
432-тапсырма. «Қазақ елі» монументінің мазмұнымен танысып, түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.
«Қ а з а қ е л і» м о н у м е н т і
Авторы – Мұхтар Холдарбеков; Аймағы – Астана; Айдары – Архитектура ескерткіштері; Мазмұны – Бұл кешен – егемендік пен тәуелсіздіктің, еркіндік пен теңдіктің туын көтерген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі.
«Қазақ елі» монументі – ержүрек ата-бабамыз, жасампаз аға буын, жарқын болашаққа көз тіккен жастар, қазақ елінің Тәуелсіздігі мен оның тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев бейнеленген – бірегей тарихи композиция. Мәдени кешеннің 91 метрлік биіктігі Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген 1991 жылды білдіреді. Оның жоғарғы жағында – қазақстандықтардың бұдан әрі дамуына және гүлденуіне ұмтылысын білдіретін – Самұрық құсы, ал іргесінде қазақ жері мен қазақ халқының кешегі, бүгінгі және жарқын келешегі жайында сыр шертетін төрт бедер-бейне көрсетілген.
Монументтің алып жатқан жалпы аумағы 5 гектар, ал оған қосымша жанасып жатқан жердің көлемі 11 гектарды құрайды. Аумақ – елдегі ұлтаралық татулықты, ниеттердің тазалығын көрсету үшін толығымен ақ мәрмәрмен көмкерілген.
Бедер-бейнелік композициясының қақ ортасында Қазақстан тәуелсіздігінің символы – оның Бірінші Президенті Н.Назарбаевтың Конституцияның үстіне қолын қойып, ант беріп тұрған сәті және халық көрсетілген. «Халық және Президент» деп аталатын бұл бедер-бейне – тәуелсіз, демократиялық елімізде заңның үстемдік құратынын айғақтайды.
Монументтің оң жағына салынған «Қаһармандық» бедер-бейнесінде – Отанын қорғаған қазақ халқының ерліктерін, айбынды күш-жігерін, жауынгерлер мен сарбаздардың ат үстіндегі жорықтарын көруге болады. Батыс жақ бетте орналастырылған «Жасампаздық» бедер-бейнесінде халқымыздың көшпелі дәуірден ғарышқа ұшқанға дейінгі жолы суреттелген. Ол металлург пен мұнайшының, инженер мен диқаншы, құрылысшы мен ғарышкердің бейнелері арқылы мемлекеттің қуатын көрсетуге ұмтылған.
Шығыс жағында орналасқан «Болашақ» бедер-бейнесі – тәуелсіз елде өсіп, өз тағдырларын өздері жасап, ғылымда, мәдениетте, спортта үлкен жетістіктерге жетіп келе жатқан қазақстандық жастардың көңілді шақтары нақышталған.
Композиция идеясының негізгі түйіні – «Мыңжылдық» аллеясының бастапқы нүктесіне қоладан құйылып орнатылған «Бірлік» көп бейнелі мүсіндік тобында жасалған. Мұнда – ауызбірлікті сақтай отырып, өз тәуелсіздіктерін қорғап қалуға, уақыттың қиын-қыстау кезеңдерін жеңуге дайын батыл да, рухани мықты халықтың шаттанған күйі көрсетілген.
Сөздік:
бейне – облик; образ; отображение; символ; тип
айбынды – величавый; величественный; бравый; внушительный; храбрый
айбынды ер – бравый мужчина
сарбаз – воин; боец; солдат
қаһармандық – героизм; героический; подвиг, отвага
жасампаздық – созидательность; изобретательность; живучесть
433-тапсырма. Мәтінге сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырып, оны рөлге бөліп оқыңыздар.
– Монументтің орталық барельефі қалай аталады және одан кімнің
бейнесін көруге болады?
Орталық барельеф – «Халық және Президент» деп аталады. Онда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев пен оның сыртындағы халықтың бейнесі көрінеді.
434-тапсырма. Сөздерді мағыналарына қарай іріктеп, сәйкестендіріп, сөз тіркестерін көрсетілген жолдарға толтырыңыздар.
1. сырттан
2. амалсыздан
3. көзбе-көз
4. әдейі
5. өте
6. аз-аздап
7. ертемен
8. керемет
9. асыға
10. бекерге
|
а) істеді
ә) қызық
б) алды
в) кетеді
г) әдемі
ғ) сөйледі
д) алды
е) айтыппын
ж) сөйлесті
з) келді
|
1. ..................................
2. ...................................
3. ...................................
4. ...................................
5. ...................................
6. ...................................
7. ...................................
8. ...................................
9. ...................................
10. .................................
|
435-тапсырма. Себеп-салдар үстеулерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Лажсыздан, бекерге, тектен-текке, амалсыздан, босқа, текке, шарасыздан, құр босқа, жоққа, әншейін.
436-тапсырма. Өлең жолдарынан үстеулерді тауып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.
Тілекті бүгін хақтың берген күні,
Көл дария көздің жасын көрген күні,
Талайдың тіршіліктен қол сермеген,
Қайғысын тас-талқан ғып бөлген күні.
Жолында Ырғыз, Шалқар, Жаманқала,
Жоғары біз жатайық жолын алып,
Қостанай, Атбасар мен Ақмешіттің ...
Біреудің шөбін ұрлап қара басқыр!
Соншама не көрді екен, құдай ұрған?
Білмеді не айтарын жазған ұры,
Ұялып, текке қарап тұрды құры.
437-тапсырма. Қазақтың біртуар ұлы, халық жанашыры Мұхтар Шахановтың Желтоқсан көтерілісіндегі ұлтжандылығынан сыр шертейік. Сонау 1986 жылдағы ызғарлы күндер туралы әңгімелеп беріңіздер.
Желтоқсан шындығын ашқан
халық жанашыры – Мұхтар Шаханов
Ел басына күн туған 1986 жыл. Ызғарлы желтоқсанның 16, 17, 18 күндері. Ұлтымыздың сыйлы перзенті, дара тұлға Дінмұхамед Қонаев Қазақстанды басқару қызметінен алынып, орнына өзге ұлттың өкілі Геннадий Колбин тағайындалды. Бұл хабар қазақ жастарының намысына тиді. Билік басындағы бұл шешім Алматыдағы жоғары оқу орындарына лезде тарады.
Алғашында «Әр ұлтқа өз басшысы» деген мазмұндағы жазулар көтерген бейбіт шеруге шыққан жастар кешке резеңке дойыр (резиновая дубинка) мен сапер күректерімен қаруланған қызыл жендеттердің езгісінде қалды. Сол кездегі деректерге жүгінсек, үш күнде 60 мыңдай адам алаңға шыққан, оның сегіз мыңы уақытша қамауға алынып, 200-дей адам әр түрлі мерзімге абақтыға жабылды. 1500 адам әкімшілік жазаға тартылды.
Осындай кезеңде жастарға мұз жастанған желтоқсан ақиқатын айтатын адам табылмай қиналғанда, қызыл империяның отаны – Мәскеуде үлкен мінбеден шындықты айтып, әділетсіздікке жаны күйзеле сөз сөйлеген қазақтың дарынды ақыны, біртуар азаматы, халықтың жанашыры – Мұхтар Шаханов болатын. Оның съездер сарайында сөйлеген сөзі арқылы да Желтоқсан көтерілісі бүкіл дүниежүзіне тарады.
КПСС ХХІІІ съезінің мінбесінде Желтоқсан шындығын ашып айтып, оны қайта қарап, оң баға беру туралы депутаттар алдына мәселе қойды. Көпшілік дауыс М.Шахановты қолдап шықты. Осылай әділдік салтанат құрып, желтоқсанда жазықсыз жазаланған жастар толық ақталды.
Бұл сол кездегі Кеңес Одағы бойынша жүріп жатқан Қайта құру науқанының да әсері болғанын көрсетіп берді.
М.Шахановтың дәл мұндай әрекетке баруы батырлық, үлкен ерлік еді! Отанын, халқын сүйеген патриоттың ісі еді. Сол күндері ұлт жастарының жалғыз жанашыры М.Шаханов қана болып қалғанын бүгінде ешкім жоққа шығара алмайды.
Ақын Желтоқсан көтерілісін тек мінбеден ғана айтып қойған жоқ, сол желтоқсан құрбаны болғандармен өзі тікелей араласып, түрмеден шығарып алды. Оқудан шығарылғандарды, жұмыстан қуылғандарды қайтадан қабылдатқызды. Ерекше істерімен танылғандарға, баспана алуға көмектесті.
М.Шаханов адамзат баласының тағдырына алаңдамай тұра алмайтын дара талант. Оның өлеңдерінің тақырыбы әр алуан, мазмұны да ерекше. Онда нәзік мейіріммен қоса, азаматтық рух үндесін жатады.
Әлем таныған Шыңғыс Айтматовпен «Құз басындағы аңшының зары» кітабын жазуы да тағылымды тірлік.
Бүгінгі таңдағы бірнеше өлең кітаптарының авторы М.Шаханов халқының жанашыры, ірі тұлға, ел тағдырын өз тағдырына айналдырған қоғам қайраткері, саясаткер.
М.Шахановты мақтағаннан гөрі, Шахановпен мақтанған абзал.
Сөздік:
ызғарлы – суровый; холодный
бейбіт шеру – мирное шествование
резеңке дойыр – резиновая дубинка
сапер күректер – саперные лопаты
мұз жастанған желтоқсан – в обьятьях ледового декабря
тағлымды тірлік – поучительное дело
438-тапсырма. Желтоқсан көтерілісінің құрбаны болған Қайрат Рысқұлбеков туралы мәтінді мұқият оқып, мазмұндаңыздар. Ызғарлы Желтоқсан көтерілісін естеріңізге түсіріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |