Қ.И.Сәтбаев және Қазақ ұлттық техникалық
университеті
Қ.И.Сәтбаев КСР ҒА-ның президенті болып сайланғаннан бастап (1946), сол кездегі Кен металлургия институтын өз қамқорлығына ала бастаған.
Ұлы ғалым өз халқына инженер кадрларының ауадай қажет екенін алдын-ала біліп, жергілікті ұлт жастарын аспирантураға қалдырып, оларға жағдай жасауға баса көңіл бөлді.
Қазақ кен металлургия институтының Қазақ политехникалық институты болып қайта құрылуына, оның материалдық-техникалық базасының ұлғаюына, жаңа мамандықтардың ашылуына Қ.И.Сәтбаев үлкен көмек көрсетті. Осы жылдары Сәтбаевтың шәкірттері, әрі ізбасарлары академик-ғалымдар Ө.Байқоңыров, Евней Букетов, Ш.Есенов, А.Машанов сияқты тұлғалар қалыптасты.
Қ.И.Сәтбаев қазақ жастарының тек қана теориялық білім алып қоймай, оны өндірістегі іс-тәжірибемен дамытып, жақсы маман болып шығуына да ерекше ден қойды. Өндірістік тәжірибеде болған студенттер техникалық мамандықтардың қыр-сырын терең біліп, меңгерумен қатар, қаржы да тауып қайтатын.
Қ.И.Сәтбаев болашақ инженер-студенттердің жан-жақтылығына, рухани байлығына, парасаттылығына қарап, ұлттың болашағын елестететін.
Міне, бүгінгі таңда Сәтбаев шарапатына бөленген ҚазҰТУ – техникалық білімнің қара шаңырағы, қасиетті білім ордасы атанса, Сәтбаевтың қамқорлығын көрген шәкірттері мемлекет және қоғам қайраткерлері деңгейіне көтерілді.
1999 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетіне инженерлік-техникалық мамандар даярлауға сіңірген аса зор еңбегі үшін көрнекті ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі берілді.
Сөздік:
мәртебе – достоинство; престиж; честь; слава; чин; статус
парасат – разум; рассудок; здравомыслие; интеллект; смышленность
362-тапсырма. Бірінші мәтін бойынша сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырып, оны рөлге бөліп оқыңыздар.
Ү л г і:
– ҚазҰТУ бүгінде қандай дәрежеге дейін өсті?
Алғашында тау-кен металлургиясы мен тау-кен барлау факультеттерінің базасында ұйымдастырылған ҚазҰТУ бүгінде осы салада білім беретін еліміздегі жетекші жоғары оқу орны дәрежесіне дейін өсті.
363-тапсырма. Екінші мәтінге жоспар құрып, өз білетіндеріңізбен толықтырып, мазмұндаңыздар.
364-тапсырма. Мәтіндерден есімдіктерді тіркескен сөздерімен бірге теріп жазып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.
365-тапсырма. Сөйлемдерден жалпылау есімдіктерін тауып, олардың астын сызыңыздар.
Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери күшке ие болды. Жалпы бізде белгісіз солдаттар жоқ, барлығының бар аты, туған жылы. Бұл оның бүкіл қазақ халқының тағдырына қатысты ірі оқиғалардың ортасында жүргенінің айғағы. Ол тек Ұлы жүздің ғана ру басы, төбе биі болып қоймай, барлық қазақ елінің саяси, мемлекеттік қайраткері дәрежесіне көтерілген адам. Ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік картасын жасап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді.
Өздік, болымсыздық, жалпылау есімдіктері
Өздік есімдіктері
(Возвратные местоимения)
Өздік есімдігіне өз деген есімдік, оның тәуелденген түрлері жатады: өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өздерің, өздеріңіз, өздері.
Болымсыздық есімдіктері
(Отрицательные местоимения)
Болымсыздық мағынаны білдіретін есімдіктің түрі болымсыздық есімдік деп аталады. Болымсыздық есімдіктерге еш деген тілдік нұсқа арқылы сұрау есімдіктерінен және басқа да сөздерден жасалған есімдіктер жатады: ешкім, ештеме, ешқашан, ешқайда, ешқайдан, ешқайсысы, ешбір, дәнеңе, дәнеме.
Жалпылау есімдіктері (Обобщающие местоимения)
Жалпылау есімдіктері жалпылау мағынасын білдіреді. Жалпылау есімдіктеріне: бәрі, бар, барлық, күллі, бүкіл, барша, түгел деген сөздер жатады.
366-тапсырма. Өзі, бәрі, ешкім есімдіктерін септеңіздер.
Ү л г і: Ешнәрсе: ешнәрсе+нің, ешнәрсе+ге, ешнәрсе+ні, ешнәрсе+де, ешнәрсе+ден, ешнәрсе+мен.
367-тапсырма. Төмендегі есімдіктерді пайдаланып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар
Өзінің, өзі, өздеріңіз, барлық, түгелімен, ештеңе, ешқандай, ешқайсысы, өзімнің, өздерімен.
368-тапсырма. Өздік есімдігін тауып, оларды сөз құрамына талдаңыздар.
Ү л г і: Өзіміздің: «Өз» – сөздің түбірі; «іміз» – ортақ тәуелденудің І жағының жалғауы (Біздің өзіміз); «дің» – ілік септігінің жалғауы.
Өзім – тәңірі табынамын өзіме, Бұзушы да, түзеуші де өзіммін,
Сөзім – құран, бағынамын сөзіме! Енді, ескілік, келдің өлер кезіңе!
(М.Жұмабаев)
369-тапсырма. Тәуелдену формасында тұрған өздік есімдіктерімен сөз тіркестерін жасап, көрсетілген жолдарға жазыңыздар.
Ү л г і: Өзіңнің үйің. Өзің жазған кітапты оқыдым.
1. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
2. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
3. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
4. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
5. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
6. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
7. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
8. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
370-тапсырма. Ұлағатты сөздерден есімдіктерді тауып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.
Ешқашан жаңылмайтын адамдар бар, өйткені олардың ешнәрсе істеуге мойны жар бермейді.
(И.Гете)
* * * * *
Өзіне-өзі ғашық болушылық, бұл – адамның үлкен соры. Бұл ең алдымен
өзімшілдікті, өзімшілдік – күншілдікті туғызады.
Ешбір өнерді құрғақ тілек, құрғақ бұйрық туғызбайды.
(М.Әуезов)
* * * * *
Ештеңе де өзінен-өзі, ерік-жігерсіз, құрбандық пен еңбексіз істелмейді.
Адам еркі, тек қана берік адамның еркі – ғаламат күш.
(А.М.Герцен)
* * * * *
Егер ақылыңыз дұрыс жұмыс істесін десеңіз, өз деміңізді бақылап
отырыңыз.
(Рене Декарт)
* * * * *
Білімге құмартып, кітапты бүкіл жан дүниеңмен сүй. Ол сенің ең жақсы
досың ғана емес, өміріңнің ақырына дейін сенімді серігің де.
(М.А.Шолохов)
371-тапсырма. Ешқашан болымсыздық есімдігі төмендегі сөз тіркестерінің қайсысымен мағыналық сөз тіркестерін жасай алады? Сөз тіркестерін көрсетілген жолдарға жазыңыздар.
Ү л г і: Ешқашан келіспейді.
уақытын бөледі 1. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
мұңын айтпас 2. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
өзімен келіспейді 3. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
сөйлей алды 4. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
ән айтты 5. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
оны жеңбейді 6. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
білмей кетті 7. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
372-тапсырма. Төмендегі өлең жолдарын мағынасына қарай іріктеп, тиісті сөз тіркестерімен сәйкестендіріп, көрсетілген жолдарға толтырыңыздар.
бәрін біл 1. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
арың бұл 2. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
. құрметте 3. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
тұр бетте 4. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
373-тапсырма. Көп нүктелердің орнына жалпылау есімдіктерін қосып жазыңыздар.
Біздің заман шыққан күндей жайнайды, ............... әлемге алтын нұрын түсіріп (Ж.С.). Беріліп ............... ынтамен, ............... халық сеніп тұр (Ж.С.). Осы жазған ............... сөзден, Байқалынар ............... шыны (А.). Абай ................ сөзді түгел айтып болсын дегендей, үндеген жоқ (М.Ә.). .................. осы ................. қауымның қайғысын Абайға өзгеше терең түсіндірді (М.Ә.). Жылы менен суықтың ............... көріп, Қайран көңіл қайыспай қайрат етті (Абай). Керімбаланың ашықтығын, еркелігін ............... жастар ұнатқан еді. (М.Әуезов).
Сөйлемдерді толықтыруға керекті есімдіктер: Бар, барлық, күллі, барша, түгел, баршасы, бәрін.
374-тапсырма. Сөйлемдерден болымсыздық есімдіктерін тіркескен сөдерімен бірге теріп жазыңыздар.
Маркшейдерлік жұмыстарды атқару кезінде ешкім ешқайда алаңдамауы керек. Дүниеде ешқандай міні жоқ ешкімді таппайсың. Жер астында атқарылатын жұмыстың маңынан ешкімді көре алмадық. Кен қорының пайдалы бөлігін айырып алуға ешбір қаржы бөлінбеген. Каретканың жүріс құрылысының үстіне ештеңе орнатылмапты.
375-тапсырма. Қарамен терілген есімдіктердің түрлерін анықтап, оларды әр бағанаға бөліп жазыңыздар.
... Май тамызса тілінен, Ағаң менен апаң сөзі,
Еш адамға сенбеске. Барлық сөзге тұра ала ма?
* * * * *
Ескермей ешбір нәрсе жүруші едім,
Бар ма екен қасірет-қапа шығар күні.
* * * * *
Жиылған ағайынға отырғаның,
Біреудің бақ-даулетін қызық көріп.
* * * * *
Жел соқса, құйын құйса, жылжи беру, Мынау қырда қазақ тұр
Болғандай табан тірер ешнәрсе жоқ. Бастарында азап тұр.
* * * * *
Бәрі баймен бағалас, сөзі бір боп,
Би, болыс, бара алмаймыз ауылнайға.
* * * * *
Кейбіреулер жазады «қу өмір» деп,
Тұрағы жоқ, алдамшы, «су өмір» деп.
376-тапсырма. Мақал-мәтелдерден өздік есімдіктерін табыңыздар. Олардың мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.
1. Кісі елінде күркірегенше, өз еліңде дүркіре.
2. Өз үйім – өлең төсегім.
3. Отанға опасыздық еткенің – өз түбіңе жеткенің.
4. Өз басыңды дауға берсең де,
Жолдасыңды жауға берме.
5. Қорқақ өзінің көлеңкесінен де қорқады.
377-тапсырма. Сөйлемдерден жалпылау есімдіктерін табыңыздар.
1. Мәжіліске қатысқандардың барлығы да жоғары білікті мамандар болды. 2. Студенттер түгел келсе, мына жұмысты тез бітірер едік. 3. Бар ойы – өлең айтып, ән салайық. 4. Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би. (Мақал). 5. Біріңді, қазақ, бірің дос. Көрмесең, істің бәрі бос ... (Абай). 6. Өнер біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққа сыймайды. (әл-Фараби). 7. Біз барлық күш-жігерімізді тек қана білім алуға жұмсауымыз керек. 8. Жиналған барша жұрт алдында өзінің жасаған кемшілігін мойындап, бәрінен кешірім сұрады.
11-апта. 32-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Тұйық етістіктер. Салт және сабақты етістіктер.
378-тапсырма. ҚазҰТУ-дың даму тарихынан мәліметтер алып, түсініп, мазмұндаңыздар. Тарихи деректерді есте сақтаңыздар.
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық
техникалық университетінің тарих беттерінен:
ізденістер мен жетістіктер
1930 жылдардың басында елімізде, бұрынғы КСРО-ның дамуында, Қазақстанның орны ерекше маңызды болды. Өндірістік күштердің қалыптасуы, шикізат көздерін жаппай іздестіру, Лениногорск, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Гурьев, Шымкент, т.б. қалаларда өндірістік кәсіпорындардың салынуы кең қанат жайды. Бұл Қазақстандағы кен және металлургия өндірісінің қарыштап дамуының бастамасы болды. Қазақстан экономикасы тез арада білікті мамандардың өсіп-жетілуін қажет етті.
1933 жылдың қыркүйегінде КСР Одағын Халық комиссарлар Кеңесінің Семей тау-кен институтымен біріктіре отырып, Алматы қаласында Қазақ тау-кен металлургия институтын құру туралы қаулысы қабылданды.
ҚазҰТУ-дың тарихы 1934 жылдан басталады. Осы жылы Қазақ тау-кен металлургиялық институтының жалғыз геологиялық-барлау факультетінде инженер кадрларын дайындау басталды.
Қазақстандағы тұңғыш техникалық жоғары оқу орнының қалыптасуына кәсіпорындар мен ұйымдар, мекемелер баға жетпес көмек көрсетті. Олардың көпшілігі зертханаларға қажетті жабдықтар, минералдар жинақтарын, геофизикалық және топографиялық құрал-саймандар беріп, ғылыми-техникалық әдебиеттермен қамтамасыз етуге көмектесті. Оқытушылық-профессорлық құрамның мәселесі де шешілді.
ҚазТКМИ өзінің құрылуы мен ұйымдастырылуы барысындағы қиыншылықтарды табыспен жеңе отырып, аз уақыт ішінде тау-кен, металлургия, геология, құрылыс, т.б. өнеркәсіп салаларын инженер кадрларымен қамтамасыз ететін негізгі база ретінде үлкен беделге ие болды.
1960 жылы ҚазТКМИ политехникалық институты болып қайта құрылып, оның 8 факультетінде кәсіби инженерлер дайындайтын еліміздегі ең беделді жоғары оқу орындарының біріне айналды.
Жекелеген факультеттердің негізінде Атырау мұнай және газ институты, Ш.Есенов атындағы Ақтау политехникалық университеті, Рудный индустриалдық институты, Алматы энергетика және байланыс институты, Қазақ мемлекеттік сәулет және құрылыс академиясы ашылды. Рудныйдағы филиалы, Өскемен, Лениногорск, Қаратау, Зыряновск, Шевченко, Атырау қалаларындағы жалпы техникалық факультеттер ҚазПТИ-дің маңызды құрылымдық бөлімшелері болып табылады.
1994 жылдың қаңтарында В.И.Ленин атындағы ҚазПТИ Қазақ ұлттық техникалық университеті болып өзгертілді. Осы кезеңнен бастап, еліміздің ең басты техникалық жоғары оқу орны ретінде, кадрларды даярлауды әлемдік деңгейде таныту мақсатында, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жетілдірудің аса маңызды міндеттері жүктелді.
1990 жылдары университет даярлаған инженер кадрлары тәуелсіз Қазақстанның маңызды өндіріс салалары мен өнеркәсіптерін реформалау саясатын жүзеге асыруға атсалысты. Көптеген университет түлектері бүгінде экономиканың әртүрлі салалары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің жетекші мамандары.
Инженерлік-техникалық мамандар дайындауға сіңірген аса зор еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылдың 22 қыркүйектегі қаулысымен Қазақ ұлттық техникалық университетіне көрнекті ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі берілді.
ҚазҰТУ-дың қазіргі кезеңдегі қызметі университеттің беделін көтеруге, университетте басталған қайта құруларды жүзеге асыруға, оқытудың сапасын жақсарту мен басқару жүйесін жетілдіруге бағытталып отыр.
Сөздік:
шикізат – сырье; сырое вещество
қанат жаю – развиваться; расправить крылья
құрылым – структура; состав; строение
379-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. 1930 жылдардағы Қазақстанның жағдайы қалай болды? 2. 1933 жылы не жөнінде қаулы қабылданды? 3. ҚазҰТУ-дың тарихы қай жылдан басталады? 4. Қазақстандағы тұңғыш техникалық оқу орны туралы не білесіздер? 5. Оның қалыптасуына кімдер көмек жасады? 6. ҚазТКМИ қандай жетістіктері үшін үлкен беделге ие болды? 7. ҚазТКМИ қай жылы қайта құрылды? 8. Жеке факультеттердің негізінде қандай оқу орындары ашылды? 9. ҚазПТИ қай жылы және қалай өзгертілді? 10. ҚазҰТУ-ға қай жылы, кімнің есімі берілді?
380-тапсырма. Мәтіннен салт етістіктерді бір бағанаға, сабақты етістіктерді екінші бағанаға тіркескен сөздерімен бірге теріп жазыңыздар.
381-тапсырма. Төмендегі мақал-мәтелдерді оқып, ондағы табыс септігіндегі сөздердің етістіктермен қалай байланысып тұрғанын түсіндіріңіздер.
Ашу жүйкені бұзады, Аяз, әліңді біл,
Жүйке ұйқыны бұзады. Құмырсқа, жолыңды біл.
Шешен кісі сөз бастар, Алтыннан қымбат сөз айтсаң,
Адал кісі ел бастар. Ақымақ құлақ салмайды.
Біреудің ала жібін аттамайды. Өтірікшіні үйіне қуып тық.
Қалам ұстаған қол қайыр сұрамайды.
382-тапсырма Сөйлемдердегі салт етістіктерді бір бағанаға, сабақты етістіктерді екінші бағанаға бөліп жазыңыздар.
Нұржан оларды аттандырып, қосқа қайта оралды. Ақан жаңа ғана шешініп, тамақ ішуге ыңғайлана бастаған. Нұржанды көрді де, теріс айналып кетті, төсегін қопарып, бірдеме іздеген болып, күбжеңдей берді. Әнеукүнгі жанжал, өсек жүзіне шырмау, көңіліне ақау салса керек, беттетпеді. Нұржан да тіл қатқысы келіп, қипақтап тұр еді. Ақан жуынып, тамағын ішті де қатардағы күркеге барып, студенттермен әңгіме құрды (З.Шашкин).
Тұйық етістік (Инфинитив)
Тұйық етістік -у жұрнағы арқылы жасалып, қимылдың атын білдіреді: бар+у, кел+у, оқы+оқу.
Инфинитив образуется аффиксом -у и выражает имя действия: сен+у, қара+у, жаз+у.
Салт және сабақты етістіктер
(Непереходные и переходные глаголы)
Табыс септіктегі сөзге мағынасы сабақталып тұратын етістік сабақты етістік деп аталады. Ал керісінше, табыс септіктегі сөзге мағынасы сабақталмай, салт күйінде істің өзін, жай күйді білдіретін етістіктерді салт етістік дейміз.
Оз, оқы деген екі етістікті алсақ, оқы етістігі табыс септікті талап етіп тұр: кітапты оқы, хатты оқы. Ал оз етістігі объектіге сабақталмай, жадағайланып салт тұр, яғни оз етістігіне сабақталынып тұрған объекті жоқ.
383-тапсырма. Тұйық етістіктерді пайдаланып, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.
Ү л г і: Көру (смотреть); көруге болады (можно посмотреть); көруді қоя тұр (подожди смотреть); көруде мән бар (есть смысл посмотреть); көруден бас тартты (отказался смотреть); көрумен шұғылданды (он занялся просмотром).
М.Нұрпейісованың «Машановтың ғылыми мектебі» атты кітабының тұсау кесуін көрудің, оған қатысудың мәні зор, ғұлама ғалым А.Машановтың ғылымға қосқан жетістіктерінен мағлұмат алудан ешқашан бас тартуға болмайды, оны насихаттау, оған қатысу, көру үлкен ғанибет.
Жүргізу, салу, жобалау, арнау, реттеу, даму, орындау, өңдеу, өткізу, атқару, есептеу, түзету, тексеру.
Қ а з Ұ Т У – б ү г і н д е
ҚазҰТУ – бүгінде ғылым мен білімнің
бірегей орталығы
384-тапсырма. Ә.Нұршайықовтың академик Ш.Есеновке жазған өлеңінің мағынасын түсініп, жаттаңыздар. Салт және сабақты етістіктердің астын сызыңыздар.
Кең маңдай, қыран көз Өлшеусіз кен берген. Адамның бәрін де
Қаныштай қалыбы. Қазына, құт қашып, Туыстай тең көрген.
Жеті қап жер астын Әр түрлі жерлерден, Талай тау қызметті
Зерттеген тынбастан От, бензин көбейіп, Тоқтыдай өңгерген.
Ғылымның алыбы. Халқына дем берген. Қазақтың біртуар
Жігері жасымас Газ, мұнай, тас тілін Мәңгілік мақтаныш
Болаттың қанығы! Сүлеймен секілді Ұлысыз – анығы!
Ағайын елдерге Патшадай меңгерген.
(Ә.Нұршайықов)
385-тапсырма. ҚазҰТУ-дың құрамында жұмыс жасап жатқан институттарды есте сақтаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |