Қазақстан республикасының білім және ғылым министрдігі



бет6/10
Дата09.04.2018
өлшемі1,73 Mb.
#40118
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Бағдарламаны ветеринариялық ғылымдарының кандидаты, доцент Байқадамова Г.А. дайындаған

__ _______ 2011 ж. ____________________
Ветеринарлық медицина кафедрасының мәжілісінде қаралып бекітілген

__ _______ 2011 ж. хаттама №

кафедра меңгерушісі А. Тегза

\БЕКІТЕМІН

Кафедра меңгерушісі

______________ А.Тегза



«_____» _________2011ж.

    1. оқу жылына «Індеттану және індетті аурулар» пәннің

    2. оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі

Мамандығы

Студенттер саны

Библиография (автор, атауы, басылым жылы, беттер саны)

Басылым түрі

Тасушылар

Дана

Желіде болуы

Ескерту

Тақ сем

Жұп сем.

кітапхана

кафедра










1. Оқулықтар, оқу құралдары, электронды басылымдары
















Негізгі

























Сайдулдин Т.С. «Ветери-нарялық індеттану» Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академия-сының республикалық баспа кабинеті Алматы, 1999 ж-292 бет

Оқу құралы




45



















Толысбаев Б.Т. Шоқанов Н.Бияшев Қ.Б «Малдәрігерлік микробиология» Алматы, «Алатау» баспасы, 1999 х. 367 бет

Оқу құралы




60



















Мырзабекова Ш.Б. Ветеринариялық микробиология. Алматы: Білім,2004 ж.-368 бет

Оқу құралы




25



















Байкадамова Г.А. «Індеттану»:, Қостанай, 2004ж.-80 бет







5

3
















Қосымша

























Сәдібеков А.С.Шоқанов Н. «Микробиология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.-Алматы: Ана тілі,1994ж. -230 бет»

Оқу құралы




3



















Шоқанов Н. «Микробиология. А.: Арсы, 2003ж№ 264 бет»

Оқу құралы




50



















Бакулов И: Індеттану және микробиология негіздері. Алматы, 1993ж.-85 бет

Оқу құралы




30

2
















Байкадамова Г.А. «Эпизоотология и инфекционные болезни животных» УМКд , КГУ им.А. Байтурсынова. Костанай,2008 г.-51 бет

ОӘПК




10

2
















Барлық даналар




210

7







Барлығы




Қорытынды даналар
















Құрастұрушы


Ветеринариялық ғылымдарының кандидаты, доцент _______________________ Г. Байкадамова

Дәріс тезистері

1-тақырып. Пәнге кіріспе. ауру.Пәннің даму тарихы.

Мақсаты: Инфекция, микроорганизмдердің тіршілік әрекеті мен макро және микроорганизм әрекеттестіктері туралы білімді меңгеру.

Жоспар: 1. Індеттану мақсаттары. Пәннің даму тарихы.

2. Инфекция, инфекцияның формалары мен түрлері.

3. Макро және микроорганизмдердің симбиоз формалары.

Бұл ғылымның бастапқы даму кезеңдерінде дәрігерлер мен табиғат зерттеушілер жұқпалы арулардың себептерін анықтауға баса назар аударды. Гиппократтың (біздің ғасырға дейінгі 460-37 жылдарда), Варрона (біздің ғасырға дейінгі 116-27 жылдарда), Лукрецийдің (біздің ғасырға дейінгі 95-55 жылдарда), Плинийдің (біздің ғасырға дейінгі 23-75 жылдарда), Галеннің (біздің ғасырға дейінгі 131-211 жылдарда) және басқа да сол кезде өмір сүрген ғалымдардың еңбектерінде жұқпалы аурулар қоздырғыштарының тірі орга-ганизмдер болатыны жөнінен ғылыми болжамдар баяндалған екен. Атақты ғалым Авицена (біздің ғасырға дейін 980-1037 жылдарда) жұқпалы аурулардың пайда болуы ауа және су арқылы тарайтын майда, жәй көзге көрінбейтін тірі жәндіктердің әсерінен болады деген батыл пікір айтқан.Микроорганизмдерді алғаш рет ашу Левенгук есімімен байланысты. Оның аспабы заттарды 160-300 еседей үлкейте алатын болған. Осы аспаптың көмегімен Левенгук ет тағам-дарындағы зең саңырауқүлақтарын, тұрып қалған қақ суындағы тірі организмдерді көрді, олардың пішінін, шамасы және қозғалысын сипаттап жазды. Тістің сыртына тұрып қалған өңезін суға езіп қарағанда, ондағы тірі организмдер Левенгукқа қатты әсер еткен. Ол бұл препараттан ерсілі-қарсылы жыбырлап жүрген өте ұсақжәндіктерді көргенін және олардың соншалықты көптігіне таң қалып, олардың мөлшері бүкіл Үлы Британия қүрама корольдігіндегі адамдар санынан әлдеқайда көп болса керек деген пікір айтты. Бұл тірі организмдердің ішінде шар және қысқа таяқша тәрізділері және А. Левенгук көріп бейнесі иректелген түрлері бар екенін ол анық салюнбактериялардың формаларын байқады. Сонда Левенгук өзі жасаған маларымикроскоппен әртүрлі ашытқы саңырауқұлақтарды, бактериялар мен инфузорияларды көрген. Левенгуктің ашқан жаңалығы микроорганизмдер дүниесін зерттеуге, сөйтіп микробтар жөніндегі ғылым - микробиологияның дамуына жол ашты.Өз зерттеулерін Левенгук "Антони Ван Левенгук ашқан табиғаттың «құпия сырлары» деген атпен 1645 ж кітап етіп жарыққа шығарды Алайда ол бұл организмдерді сипаттап жазғанымен олардың табиғатта алатын орнын, әрекеттерін білмеді. Соған қарамастан Левенгук зерттеулері сол кездегі көптеген табиғат зерттеуші ғалымдардың назарын аударды. Сол кездегі ірі ғалымдар Роберт Гук және Нехоми Грга А.Левенгук ашқан жаңалығын дәлелдеп, мойындады. Делфте 1698 жылы орыс патшасы І-Петр тек микроскопты сатып алып қойған жоқ сонымен қоса шыныларды ажарлаушы


шеберлерді де Голландиядан алып кетті. Кейінірек Ресей ғылым академиясы отандық микроскоптар жасай бастады. М.В. Ломоносов алғашқылардың бірі болып микроскопты химиялық зерттеулерге пайдаланды (1744ж).

Індеттану – індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.

Індеттануіндеттің таралу жолдарымен, осыған себепші барлық жағдайлар мен әсерлерді зерттейтін ғылым. Індеттану – індет процесін зерттейтін ғылым.

Індеттану мақсаттары

Індеттанудың екі басты мақсаттары бар: 1) Індет процесінің заңдылықтарын зерттеу (яғни жұқпалы аурулардың пайда болуы,дамуы,таралуы мен жойылуы және осы процестің қарқынына сыртқы орта шарттарының әсеріде себепкер болып табылады). 2) Алдын алу әдістерін ұйымдастыру мен жетілдіру және жұқпалы аурулардың көзін жою.



Жалпы және жекеше індеттану.

Жалпы індеттану індет процесінің барлық немесе көптеген жұқпалы ауруларға тән заңдылықтарын қарастырады.Яғни инфекция, індеттік аспектілер, иммунитет,індет процесі,эволюция,номенклатура және жұқпалы аурулардың топтастырылуы (класификациясы) туралы оқытады.



Жекеше індеттану жеке аурулар кезіндегі індет процесін зерттейді.Яғни жеке жұқпалы аурудың ерекшеліктерін қарастыра отырып,оларды алдын алу мен көзін жоюында жалпы және спецификалық шараларды ұйымдастырады.

Инфекция – жануар организмі мен зардапты микробтың бір-біріне әсерінен туындайтын ерекше жағдай.Микробсыз инфекция жоқ, микроб инфекцияның негізгі себебі.

Макро және микроорганизмдердің симбиоз түрлері.

Мутуализм – екі симбионттың, яғни макро және микроорганизмнің бір-бірінің тіршілігіне қолайлы жағдай туғызуы.

Комменсализм – симбиоз кезінде симбионаттардың бірі екіншісіне зиян келтірмей-ақ соның есебінен тіршілік етуі.

Паразитизм – симбионттың бірінің екіншісіне тоғышарлық етуі. Тоғышар микроб иесінің есебінен күн көріп қана қоймайды, өзі тіршілік ететін организмді зақымдап, зиян келтіреді.Егер қоздырушы және жануар организмі кездессе,онда клиникалық көріністері бар жұқпалы ауруға емес, инфекцияға немесе инфекциялық процеске әкеліп соқтыруы мүмкін.Сайып келгенде, инфекция және инфекциялық процесс ұғымдары ұқсас емес.

Инфекциялық процесс – инфекция кезінде макро және микроорганизмдердің өзара қарым-қатынастарының өзгеріске ұшырауы.Бастапқыда инфекциялық процесс дамыса,содан соң қосымша механизмдердің әсерінен - індет процесі дамиды.Инфекция төрт негізгі түрлермен сипатталады.

Инфекция түрлері

Айқын инфекция немесе инфекциялық ауру – инфекцияның ең айқын көрінісі.Патологиялық процесс айқын клиникалық және патологоанатомиялық белгілермен сипатталады. Жасырын инфекция (симптомсыз, латентті, жасырын, иннапарантты) – инфекциялық процесс сыртқа білінбейді.

Иммундеуші субинфекция – енген микробтың өсіп-өнбей тіршілігін тоқтатуының нәтижесінде организмнің дертке шалдықпай,онда иммунитеттің қалыптасуы.Мұның нәтижесінде организмнің қызметі бұзылмайды және ол ауру қоздырушысының бастауына айналмайды.Сонымен клиникалық сау малда бактериологиялық немесе вирусологиялық реакциялар байқалады.Иммундеуші субинфекция микроб алып жүру тәрізді табиғатта кеңінен тараған.

Микроб алып жүру – макроорганизмнің денесіндегі микроб өніп-өссе де,оның ауруға шалдықпауы.Макро және микроорганизм біркелкі тепе-тең күйінде болады.Микроб алып жүрушілер- бұл инфекция қоздырғышының жасырын көздері болып табылады.

Инфекция түрлері Инфекцияның көптеген түрлері болады.Оларды қоздырғыш түрлеріне, оның организмге ену жолдарына,инфекцияның жергілікті ошақтарына байланысты жіктейді.

Инфекцияның жіктелуі Жіктелу белгілері: организмге қоздырғыштың ену жолдары; жұғу тәсілдері; организмде қоздырғыштың таралуы; қоздырғыштың саны; көріну түрлері; қоздырғыштың топтары, берілу механиздері;

Инфекция түрлері: экзогенді және эндогенді (аутоинфекция), криптогендік, табиғи (спонтандық), жасанды (эксперименттік), жергілікті (ошақты), жайылған (генерализденген), қарапайым (моноинфекция), аралас (ассоциативті), айқын, жасырын (симптомсыз), субинфекция, реинфекция, секунаралық, суперинфекция, вирусемия, бактериемия (аэробты,анаэробты,іріңді), хламидиялық, микроплазмалық, риккетсиоздық, саңырауқұлақтық, алиментарлық (қоректік), респираторлық (аэрогендік), топырақтық, контактылық, трансмиссивтік.

Әдебиеттер:

Сидорчук А.А.,Воронин Е.С., Глушков А.А. Общая эпизоотология. М.: Колос, 2004.- стр 11-13, стр 25-31.


Бақылау сұрақтары:

1. Инфекция,жұқпалы ауру және инфекциялық процесс ұғымдарын қалай түсінесіз?

2. Макро және микроорганизмдердің арасында қарым-қатынастың қандай түрлері бар?

3. Қандай негізгі факторлармен ауру қоздырғыштары организмге әсер етеді?

4.Организмде зардапты микроорганизмдердің қандай ену және таралу жолдары болады?

5.Қандай инфекция түрлерін білесіз?

6. « Реинфекция », « рецидив », « секунаралық инфекция » ұғымдары нені білдіреді?
2-тақырып. Індетті ауруларды балау, эпизоотологиялық зертте әдістеріері.

Мақсаты:

Сабақтың мақсаты. Жұқпалы ауруларды балаудың ерекшелiктерiн ұғып, балаудың әдiстерi және негiзгi принциптерiмен танысу.

Жұқпалы ауру шықты-деп күдiктенгенде, малдәрiгер эпизоотологтың ең бiрiншi мiндетi – сол ауылшаруашылығында шыққан ауруды дер кезiнде балау. Балау кезiнде екi нәрсеге көңiл бөлген жөн:

1 Жедел уақытта балау керек.

2 Балауда кешендiк әдiстi қолдану қажет.

Дұрыс және жедел қойылған балаудың (диагноздың) арқасында

сауықтыру шараларының тиiмдiлiгi жоғары болады.

Бұл жағдай жұқпалы аурудың ары қарай таралып кетпеуiмен қатар, эпизоотикалық ошақты тежеу үшiн де және ауру малдардың тез арада емделуiнiң қажеттiгiмен байланысты.

Жұқпалы ауруларды балау кешендi түрде жүргiзiледi. Бұл кешен мынандай құрама бөлiктерден тұрады: iндеттанулық, клиникалық, патоморфологиялық бактериологиялық, вирусологиялық және тағы басқалары жатады (төменде көрсетiлген).



Жұқпалы аурулардың диагностикасындағы кешендiк әдiсi.

Iндеттанулық әдiс Иммунологиялық:

Клиникалық аллергиялық сынама

Патоморфологиялық: (терi iшiне, көзге, терi астына)

патологоанатомиялық серологиялық (АР, ГАР, КБР, ҰКБР,

гистологиялық ГАТР, ИФР, АФӘ, ИДР, БР, РБС және басқалар)

Бактериологиялық: микроскопия

(жарық, люминесценттi)

қоздырғыштың таза өсiндiсiн алу

биосынама

Вирусологиялық:

микроскопия (люминесценттi, жарық, электронды)

вирустың таза өсiндiсiн алу

биосынама

Гематологиялық

Iндеттанулық балау әдiсi

Iндеттанулық балау әдiстерi iндеттiң шығуы мен таралуына қатысты төмендегiдей мәлiметтердi талдау арқылы жүргiзiледi.



  1. iндеттiк жағдай

  2. iндет бұғауының буындары

  3. аурудың iндеттiк ерекшелiктерi

Iндеттiк жағдайдың негiзгi көрсеткiшi – күдiк тудырған ауру малдың қай уақытта, қандай жағдайда ауырғаны туралы деректер болып табылады. Осы өңiрде сол аурудың бар немесе жоқ екенiн бiлiп, егерде iндеттiк ошақ бұл аймақта болмаса, аурудың басқа жердегi ошағына ауырған малдың қандай қатысы болуы мүмкiн екендiгiн анықтау қажет.

Ауруға бейiмдi малдарды анықтау керек.

Iндет бұғауының буындарын талдау, жануардың ауыруға бейiмдiлiгiнен басталады және ауруға бейiм жануар iндет бұғауының соңғы буыны болса да, жұқпалы ауруды балау үшiн ең бiрiншi жануарлардың ауруға бейiмдiлiгi ескерiледi.

Мысалы: жылқы аусылмен ауырмайды, iндеттiк ринотрахеитпен шошқа ауырмайды, ал сиыр маңқа, сақаумен ауырмайды, сондықтан аталған ауруларға балау жұмысын жүргiзудiң қажетi жоқ.

Ауру малдың өзi аурудың бастауы болып табылады да, микроб алып жүрушi жануардың бар немесе жоқ екенi анықталады. Инфекция қоздырушысының бастауы табылса, оның берiлу тетiктерi iздестiрiледi.

Ауруға бейiм жануар инфекция қоздырушысымен тiкелей жанаспаған жағдайда жұғу факторлары мен тасымалдаушылардың аурудың тарауына қатысы және берiлу жолдары анықталынады.

Аурудың қарқынын (спорадия, эпизоотия, панзоотия), жұғымталдығын шығын және өлiм көрсеткiштерiн, аурудың маусымдылығын анықтаған жөн.



Клиникалық балау әдiстерi.

Көп жұқпалы аурулар үшiн клиникалық диагноз шешушi болып саналмаса да, кейбiр ауруларда клиникалық белгiлерi пайдалы бағдар бередi.



Мысалы: iрi қара малдың зiлдi қатаральдық қызбасында, құтыру ауруында, эпизоотикалық лимфангит, бұзаутазда клиникалық белгiлерi диагноз қоюға маңызы өте зор болады.

Клиникалық зерттеудi дене қызуын өлшеуден бастайды. Ары қарай малды жiберiп: дене-тұлғасының ұстауына қарай, әртүрлi тiтiркен-дiргiштердiң әсерiн, азық, су iшуiне, нәжiстiң түрiне, нәжiс және несеп шығару ерекшелiктерiне назар аудару қажет. Кейiн әртүрлi мүше және жүйелерiн зерттеу кестесiне кiрiседi.

Жұқпалы аурулардың клиникалық белгiлерi көптеген факторлармен: қоздырғыштың түрi мен мекендейтiн жерi, аурудың кезеңi мен көрiнiс формасынан, организмнiң төзiмдiлiгiмен және басқа көп себептермен байланысты.

Жануарларда клиникалық тексеру жалпы, арнаулы және лабораториялық әдiстердi пайдаланып жүргiзiледi. Жалпы әдiстерге жататындар:

Тiркеу, анамнез, қарау және бақылау, дененiң ыстығын тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация. Арнаулы әдiстерi: зондтау, катетерлеу, эндоскоптау, УЗИ, рентгеноскопия, графикалық әдiстер (ЭКГ, ринография, пневмография, гастрография, сфимография, флегмография)

Лабораториялық әдiстер: қанның, несептiң, нәжiстiң тағы басқа анализдерi. Аурудың клиникалық түрлерi: әдеттегi, әдеттегiден тыс, аса жiтi, жiтiден төмен, созылмалы, үзiктi, зiлдi, зiлсiз, орны шектелген, жайылған тағы басқа. Аурудың айтылған түрлерiн айқындаудың емдеу үшiн маңызы аса зор

Әрбiр жағдайда жұқпалы аурудың клиникалық белгiлерi жануарларда өзгерiп отырады. Бұл әр-түрлi факторлармен: қоздырғыштардың түрi мен олардың енген жерiнен, аурудың өту ағымы және формасынан, аурудың сатысынан, организмнiң төзiмдiлiгiне байланысты.



Патоморфологиялық балау әдiстерi.

Патологоанатомиялық және гистологиялық әдiстерi жатады. Жұқпалы ауруларды балау үшiн патоморфологиялық әдiсi шешушi болмаса да, ең маңызды болып саналады.

Жұқпалы ауруды балау үшiн үш түрлi патологиялық-анатомиялық өзгерiстердi ескеру қажет.

Инфекция қоздырушысының денеге енген жерiнде болатын өзгерiстер.

Инфекциалық процестерге тән денедегi жалпы патологиялық- анатомиялық өзгерiстер.


  1. Жекелеген жұқпалы аурудың өзiне тән өзгерiстерi.


3-тақырып. Иммунологиялық икемділік. Иммунитет. Иммунитет түрлері.

Мақсаты: Жұқпалы аурудың шығу динамикасын меңгеру.

Жоспар: 1. Жұқпалы аурудың кезеңдері.

2. Жұқпалы аурудың ағымы.

3. Иммунологиялық икемділік.

4. Иммунитет.Иммунитет түрлері.

Жұқпалы ауруларға тән қасиеттердің бірі- олардың өршуінің сатылылығы.Яғни ауру білінгеннен кейін,бірінен соң бірі бірнеше кезеңдер өтеді.

1 кезең – инкубациялық, немесе жасырын – зардапты микроб жануар организміне енгеннен соң ауру біраз уақыт өткеннен кейін барып білінеді.Осы микробтың енуі мен аурудың алғашқы белгілері басталғанға дейінгі уақыт аралығын айтамыз.

2 кезең – продромальдік – инкубациялық кезеңнен кейін аурудың алғашқы нышаны біліне бастайды.Бұл клиника алдындағы, алғашқы нышан.Оның ұзақтығы бірер сағаттан бастап 1-2 күнге дейін,өзіне тән клиникалық белгілері болмайды.Ауырған мал тынышсызданып,жем-судан қалады,ыстығы көтеріледі,іші өтеді,немесе құсады.

3 кезең – аурудың толық дамуы – бұл кезде осы ауруға тән негізгі клиникалық сипаттары айқындалады.

4 кезең – сауығу-( клиникалық сауығу,реконвалесценция) - сыртқы ортаның, макроорганизмнің иммунологиялық икемділігіне, аурудың сипаттамасы мен ауырлығы осындай көптеген факторларға байланысты оның ұзақтығы да әртүрлі болады.

5 кезең – толық сауығу - мал толық мүлде сауығып кетуі де, болмаса толық жазылмай денеде әртүрлі морфологиялық немесе функциялық ақаулар қалуы мүмкін.Организм сауыққаннан кейін әлбетте қоздырушы микробтан да арылады.

Динамикадан басқа , жұқпалы ауруларға ағым өткірлігінің айқындығы тән (аса жіті, жіті, жітіден төмен, созылмалы, абортивті сонымен қатар қатерсіз және қатерлі) және аурудың клиникалық көріністерінің түрлері (типтік немесе атиптік; ішектік; өкпелік; жүйкелік; терілік; бұлшық еттік; тамырлық т.б.)



Аса жіті – бірнеше сағатқа созылады да, малдың тез өлуіне байланысты аурудың өзіне тән клиникалық белгілері білініп үлгермейді.

Жіті – аурудың ұзақтығы бір немесе бірнеше күнге жетіп, өзіне тән клиникалық ерекшеліктері байқалады.

Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет