азаматтық
мәселесі болды. Өз
кезегінде оның мынадай міндеттері айқындалды:
- Қазақстанда көп ұлттық және көп конфессиалдық қоғамның
консолидациясы;
- Республика азаматтарының этникалық және діни ерекшеліктері
аясындағы құқықтары;
- Қазақстанда табанды орныққан этносаралық саясатының тәжірибесінің
әлемдік маңызға ие болуы;
- Қазақстандағы тіл саясатының өмір тәжірибесінен толық өтіп бір
жүйеге түскені.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты, міндеті және құрылымы
.
Саяси жүйенің маңызды бір белесіне айналған Ассамблеяның бағыты
Қазақстандағы ұлтаралық қатынастардың бүгiнгi таңдағы жай-күйiн талдау
және ұлттық мемлекеттiк ұлтаралық татулық пен үйлесімдік аясындағы өзекті
мәселелерді бейбіт жолмен шешу. Геосаяси басым бағыттарын айқындай келе,
Қазақстан халықтарының Ассамблеясы өзiнiң алдына Жоғарыда аталған
факторларды және қоғамдағы маңызын ескере Ассамблеяның мақсаттары мен
мiндеттерi оның ұлтаралық қатынастар мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiгiне
нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, ұлттық, рулық және Қазақстан халықтары
Ассамблеясының мақсаты "Қазақстан-2030" Стратегиясының мiндеттерiн іске
асыру екені белгіленген. Осыған орай, негiзгi күш-жiгер Ассамблеяның ішкі
құрылымдары мен міндетті қызметінің басым бағыттары анықталды:
1) Қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру мен жалпықазақстандық
мәдениеттi одан әрі дамыту;
2) республика халқының тарихы мен мәдениетi туралы бiлiмдi тарату;
3) тарихи мемлекеттiк қызмет пен қоғамдық-саяси арнаның неғұрлым
маңызды салаларында жұмысты жандандыру.
Халық Ассамблеясының негiзгi мақсаттары мынадай мәселелерге
аударылды:
- мемлекеттiк тiлдiң әлеуметтiк-коммуникативтiк функцияларын одан әрi
кеңейту;
- мемлекеттiң маңызды саласы етіп тiл туралы бағдарламаларды iске
асыру;
- этномәдени бiлiм беру жүйесiн түзудi мынадай жолдармен қамтамасыз
ету: а) ұлтаралық өзара іс-қимыл саласында этнодiни факторларды пайдалануға
жол бермеу; б) халықтың, әсiресе жас ұрпақтың арасында экстремистiк дiни
ағымдардың таралуына тосқауыл қою; в) ұлттық сәйкестiкке және қоғамның
тұрлаулылығына қатер төндіретін келеңсiз үрдiстерге тойтарыс беру; г)
қоғамды одан әрi демократияландыруға арналған шараларды жүргізу; д)
ұлтаралық қатынастар саласын реттейтiн нормативтiк-құқықтық базаны
дамытуға Ассамблеяның қатысуын қамтамасыз ету; е) ұлтаралық қатынастарға
қатысты заң жобаларын, қолданыстағы заңдарға өзгерiстер мен Қоғамдық
бiрлестiктердi (ұлттық-мәдени бiрлестiктердi, бейүкiметтiк ұйымдарды және
басқаларды) мемлекеттiк билiк органдары мен қоғамдық бiрлестiктер арасында
сындарлы үйлесімдікке қол жеткізу; ж) елдегі басқа қоғамдық бiрлестiктер
арқылы мемлекеттiк ұлттық саясаттың басымдықтарын құрметтеп, олармен
бiрлесiп ұлттық саясаттың негiзгi бағыттарын iске асыру.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты – елдегі өмірлік процестерді
ой елегінен өткізіп оларға дер кезінде объективті баға беру; ұлттық мәселелерді
әділ шешу негізінде қоғамдық тұрақтылықты нығайту; Қазақстандағы iшкi
саяси жағдай бүгiнгi таңда тұтас алғанда тұрлаулылығымен ерекшеленуі
татулықтың талбесігіне айналдыру.
Осы мәселелердің шешілуі жүйелі және ашық түрде жүруі бірінші
кезектегі міндет болып белгіленген. Өзінің 20 жылдық тарихында Ассамблея
қоғамдағы маңызды әлеуметтік-саяси міндеттерді айқындады. Олардың
қатарындағы: біріншісі - 1995 жылдың наурызында «Біздің ортақ үйіміздегі
бейбітшілік; екіншісі - 1995 жылдың маусымында болған «Өткенге баға беру;
үшіншісі - 1996 жылғы көкекте болған қоғамдық келісім; төртіншісі - 1997
жылғы маусымдағы «Тарихи ескерткіш, ұлттық қазынасы акциялары; бесіншісі
(1999 жыл, қаңтар) – «Ұлттық келісім мен түсінушілік шаралары; алтыншысы
(1999 жыл, желтоқсан) - «Достық пен келісім арқылы жаңа белестерге»;
жетіншісі (2000 жыл, желтоқсан) - «Халықтың рухани мәдени дамуы»;
сегізіншісі (2001 жыл, қазан) – «Тәуелсіздіктің он жылдығы: атты бейбітшілік
акциялары»; тоғызыншысы (2002 жыл, қараша) - «Қазақстан халықтары
Ассамблеясының стратегиясы; оныншысы (2003 жыл желтоқсан) - «Ұлтаралық
келісімнің қазақстандық моделі»; он біріншісі (2005 жыл қараша) «Ынтымағы
жарасқан елдің ырысы мол»; он екіншісі (2006 қазан) «Ел тәуелсіздігінің берік
іргетасы болған алғашқы екі сессия Президент өкілеттігін ұзарту және жаңа
Конституция».
Құрылған күнінен бастап Ассамблея қызметi мынадай проблемаларға
ерекше назар аударды:
-Республикадағы саяси ахуалдың дамуы жөнiндегi болжамдар мен
қоғамның ұйымдасуын қамтамасыз ететiн практикалық ұсыныстар әзiрлеу,
сондай-ақ нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк тегiне, дiни сенiмдерi мен ұстанған
көзқарастарына қарамастан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының
сақталу кепiлi ретiнде Президенттiң қызметiне жәрдемдесу;
-Қазақстанда тұратын ұлттар арасындағы түсiнушiлiк қатынастарын
дамытуға жәрдемдесетiн мемлекеттiк саясат жүргiзу жөнiнде ұсыныстар
әзiрлеу, құқық теңдiгiн сақтау негiзiнде олардың рухани мәдениеті қайта өрлеп,
дамуына жәрдемдесу;
-азаматтардың өркениетті демократиялық ережелерге сүйенетiн саяси
мәдениетiн қалыптастыру;
-қоғамда туындайтын әлеуметтiк қайшылықтарды шешудің мәмiлелерін
iздестiру.
Сонымен қатар Ассамблея – ұлттық диаспоралар арасындағы әртүрлi
ұйымдастырушылық жұмыстардың орталығы. Оның органдарына мемлекеттiк
статус берiлуiне орай ұлттық-мәдени бiрлестiктердiң мәселелерi жедел
қаралады, олардың бiрқатары бойынша үкiмет деңгейiнде шешiмдерге ұсыныс
береді. Алматыда Қазақстан халықтары Ассамблеясының Үйi қызмет етеді.
Қазақстанның тәуелсіз тарихыында халықтың әлеуметтік саласын
модернизация (реформа) арқылы жаңашаландырып оны жүйелі жетілдіру
мәселесі бірінші кезекте болғаны аян. Бұл орайда Елбасшысы-
Н.Ә.Назарбаевтың жеке тұлға ретіндегі атқарған қызметі аса маңызды болды.
Еліміздің егемен тарихындағы аса маңызды оқиға ол Президенттің жылма-жыл
халыққа Жолдауы болды. Әсіресе 2004 жылы 19 наурызда Н.Ә.Назарбаевтың
“Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін,
бәсекеге қабілетті халық үшін” деген тақырыптағы кезекті Жолдауы қоғамда
ерекше сезіммен қабылданды. Онда ел басшысы Қазақстан өзінің нысаналы
дамуын “Қазақстан-2030” ұзақ мерзімдік Стратегиясына толық сәйкес
жалғастырып келетінін ерекше атаған. Ендігі кезекті міндет - Қазақстанның
бәсекеге қабілеттілігіне, экономиканың, ғалымдардың, менеджерлердің,
іскерлердің, жалпы қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттілігіне жетуі екені
аталды.
Бәсекеге қабілетті экономикаға қол жеткізу мақсатында мемлекет
алдында мынадай міндеттер тұрды: а) экономиканы одан әрі ырықтандыру
және жүйелі реформаларды жалғастыру арқылы бәсекелестікті дамыту мен
бұрынғы қасаңсып тозған бюрократиялық басқару әдісінен арылу; б)
экономикадағы жаңа процестерге ашық сипат беріп қоғамды хабардар ету; в)
индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруға жедел қарқын
беру; г) ауылды дамыту бағдарламасына жаңашылдық және шығармашылық
дарыту; д) КСРО тұсында мешеу күйде қалған инфрақұрылымды дамыту.
Тәуелсіздік аясындағы дамудың айрықша сипаты адам ресурстарын
дамыту екені әлемнің өркениетті елдерінің тәжірибесінде дәлелденген.
Сондықтан бұл сала алдына мынадай міндеттер өзекті болып танылды. Олар:
тұрғын үй құрылысының жаңа саясатын белсенді жүргізу; денсаулық сақтау
ісінде байыпты да жүйелі өзгерістер жасау; білім беру саласында-әлемдік білім
кеңістігіне толығымен кірігу арқылы білім жүйесін халықаралық деңгейге
көтеру; әлеуметтік қамту мәселелерін жаңа сатыға көтеру.
Мемлекеттік бәсекелестік қабілетіне жету-мемлекеттік құрылыс, ішкі
саясат, сыртқы саясат және қауіпсіздік салаларын дамыту арқылы көзделеген.
2004 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Парламенті
Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы өтті. Сайлау учаскелерінде тіркелген
дауыс берушілердің саны 8,5 млн. адам болып, өткен сайлауда солардың 56,7
пайызы өз қалауын танытқан. Нәтижесінде бір мандатты округтер бойынша 45
депутат сайланып, ал 22 округте сайлау қайтадан өтетін болды.
Партиялық тізімдер арқылы дауыс берудің қорытындылары бойынша
жеті пайыздық белестен үш саяси партия және бір сайлау блогы өтті.
Республикалық “Отан” саяси партиясы - 60-62%; ”Ақ жол” демократиялық
партиясы –12,04%; ”Асар” партиясы-11,38%;” Аист” сайлау блогы-7,07%
дауысқа ие болды. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының ”Қазақстан
Республикасының сайлауы туралы” Конституциялық заңының 97-1-бабына
сәйкес жаңа сайланған Парламент құрамында республикалық ”Отан” партиясы
7 делегаттық мандат, “Ақ жол” партиясы 1 мандат, республикалық ”Асар” –1
мандат, ”Аист” сайлау блогы 1 мандат алды.
Тәуелсіздік жылдары республика білім саласы реформалық жаңалықтарға
бет алып қазақстандықтардың руханият деңгейін әлемдік талаптарға жеткізу
мақсатын алға қойды. 12 қазан 2004 жылы Астанада білім және ғылым
қызметкерлерінің Үшінші съезі өтіп онда жүйе алдына жаңа міндеттер
қойылды. Яғни, республикада білім беру қызметіне халықтың барша әлеуметтік
топ өкілдеріне мүмкіндік беру, оқытудың сапасын арттыру, ғылыми-
техникалық және инновациялық қызмет шеңберін кеңейту жөнінде дәйекті де
жүйелі қызмет жүргізуді жеделдету міндеті қойылды.
Осы жылдары «Білім туралы», «Қазақстан республикасындағы баланың
құқықтары туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Ғылым туралы» Заңдар, ҚР-ның
2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясы,
«Білім» мемлекеттік бағдарламасы», «Ауыл мектебі» бағдарламалары
қабылданды. Сол жылдардағы ел экономикасының әлеуеті білімге және
ғылымға бөлінетін қаржыны екі еседен аса арттыруға шешім қабылданды.
Осы съезде Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама жобасы бүкіл халықтың
талқысынан өту барысында 3000-нан астам ұсыныстар мен түзетулер түсті.
ЮНЕСКО-ның, Білім беруді бағалаудың Еуропалық қауымдастығы
басқармасының, Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірлік білім
секторының, «Ашық қоғам» институты орта білім жөніндегі халықаралық
басқармасының (Будапешт) сарапшылары, Ресейдің осы сала бойынша
танымалы мамандары талдап өз пікірлерін қорытынды құжатқа енгізді.
Ұсыныстар мен ескертулердің көпшілігі назарға алынды.
Қабылданған бағдарламада білім беруді дамытудың мынадай негізгі
бағыттары белгіленді:
1. Оқыту 6 жастан басталатын әрі жоғары саты оқушыларын бейінді және
кәсіпке бағытталған жүйеде оқытатын 12 жылдық жалпы орта білімге көшу;
2. Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім берудің жаңа деңгейін құру;
3. Академиялық кредиттер жүйесіне негізделген кәсіби кадрларды
даярлаудың бакалавриат – магистратура-докторантура /Ph.D/ үш сатылық
жүйесін құру.
4. Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру және оны
тұрақты жетілдіру.
Алға қойған міндеттерді іске асыру үшін білім беру жүйесінің
материалдық-техникалық, нормативтік-құқылық базасын нығайту, білім
берудің мазмұнын білім берудің білім үстемдігі үлгісінен «құзыретті» үлгісіне
көшу арқылы өзгерту, білім беру деңгейлерінің құрылымын ЮНЕСКО-ның осы
саладағы халықаралық стандарттық жіктеуішіне сәйкес келтіру қажеттігі
таңдалды.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде мемлекеттік бюджет қаражаты
есебінен мектепке дейінгі бағдарламалармен тұрмысы төмен отбасы
балаларының 30%-ын қамту, мектепке дейінгі білім берудің жаңа нысандарын
дамытуға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, сонымен қатар жеке
сектордың инвестициясын тарту арқылы мектепалды даярлықпен бес жастағы
балалардың 75%-ын кезең-кезеңімен қамту жоспарланды. 2005-2008 жылдарда
6230 білім беру ұйымы (80%) лингафон және мультмедиа кабинеттерімен
қамтамасыз етілуіне, оқушы орындарының тапшылығын жою үшін мемлекеттік
бюджет есебінен 249 мектеп ғимаратын салу жоспарланған. Мектептердің
материалдық-техникалық базасын нығайту және 12 жылдық білім беретін
мектептің оқу тәрбие процесі ерекшелігін игеру мақсатында педагог кадрларды
қайта даярлауға қажетті қаражат көлемі белгіленді. Мүмкіндіктері шектеулі
балалардың оқыту мақсатында 14 арнаулы түзеу мектеп-интернаттық
кешендерін жаңадан салу жоспарланды.
Тәуелсіздік тұстағы кәсіптік білім беруге, соның ішінде орта білімді
жұмысшы мамандарды даярлауға тұңғыш қадам жасалды. Техникалық және
кәсіптік білім берудегі басымдық кәсіптік-техникалық білім беру орындарының
желісін кеңейтуге, жұмыс істеп тұрған ұйымдардың материалдық-техникалық
базасын жаңартуға және жұмыс берушілермен әлеуметтік серіктестікті нығайту
мәселесі пысықталды. Осы салаға жеке сектордан қор тартудың шаралары
аясында оқыту біліктілікті арттыру арнасынан дербес болуы мақұлданды.
Нәтижесінде еліміздің түрлі кәсіпорындары білім берудің өзіндік
бағдарламаларын ұйымдастыруға мүмкіндік алды, ал тәуелсіз біліктілік жүйесі
және қуаттау республикалық орталығы даярланған кадрлардың кәсіби
жарамдылығын анықтайтын болды. Аталмыш жаңа деңгей – білімнен кейінгі
кәсіптік білім беруде, бірқатар мамандықтар бойынша көрсету және басқару
еңбек орта буын мамандарын даярлау жоспарланды.
Жоғары
және
жоғары
оқу
орнынан
кейінгі
білім
беруде
бағдарламалардың икемділігін, ұтқырлығын, дипломдардың әлемдік арнада
танылуын және оқу процесін демократияландыруды қамтамасыз ететін
кредиттік технология оқу амалы негізінде кадрлар даярлаудың үш сатылы
моделіне түпкілікті көшу жоспарланды. Ғылыми кадрлар даярлаудың
тиімділігін арту көзделді. 22 мен 28 жас аралығындағы жастар магистр,
философия докторы (Рһ.D), ал бейіндік докторантураны игерген жағдайда –
бейін (медицина, музыка, білім беру және т.б.) бойынша доктор академиялық
дәрежесін алу мүмкіндігіне даңғыл жол ашылды.
Білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
кең қолдану мен қатар оның тиімділігін арттыру үшін компьютерлер кешенін
жаңашаландыру және Интернет желісіне қосылған мектептер санын ұлғайту
жөніндегі қосымша шаралармен қатар мұғалімдердің компьютерлік
білімдарлығын арттыру, электрондық оқулықтар мен мультимедиялық оқыту
құралдарын дайындауды жеделдету, қашықтан оқытудың көп жиелі арнайы
оқыту порталдарын құру жоспарланды.
Білім берудің сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру шеңберінде білім
берудің сапасын ішкі және сыртқы бағалау амалдары енгізіліп, бақылау-өлшеу
тәсілдері жетілдірілу жолдары белгіленді. Білімді игеру дәрежесін мемлекеттік
бақылау білім берудің әрбір сатысы аяқталғанда жүргізілетін болды. 2005
жылдан бастап білім орындары халықаралық зерттеулер (PISA) шеңберінде
оқушылардың жетістіктерін халықаралық салыстырмалы талдау жолымен
жүргізу жобасы қабылданды.
Аталған шараларды іске асыру үшін мемлекет тарапынан арнаулы қаржы
бөлуді талап етті. Сөйтіп, қажетті мемлекеттік бюджеттің шығыстары жүздеген
млн. теңгеге дейін ұлғайды. Бағдарламаны іске асыру аясында тиімді қызмет
істейтін білім беру жүйесі қалыптасып, Қазақстанның әлемде лайықты орын
алуына мүмкіндік кеңейтетін оқыту және кадрлар даярлаудың сапалы билік
деңгейіне қол жеткізудің жалпы белестері айқындалды.
2005 жылдың 18 ақпанында Республика Президентінің ”Қазақстан
экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында” деген Қазақстан
халқына Жолдауы жарияланды. Онда егеменділк жарияланған жылдардағы
әлеуметтік-экономикалық және саяси даму нәтижесіне жан-жақты терең
талдау-сипат арқылы тәуелсіз Қазақстанның жуық арада дамуының негізгі
міндет-межелері сипатталған.
Елбасының бұл Жолдауында Республика экономикасының жәйі және оны
жедел модернизациялау жолындағы жаңа міндеттер тұжырымды баяндалған.
Мысалы, 1991-2004 жылдар аралығында экономикаға 30 миллиард АҚШ дол.
тікелей шетел инвестициясы тартылған. Бұл ел ахуалын тұрақты
кепілдендіруге, өзара тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ететін сенімді
әріптестік аясына жол ашты. Қазақстанның қаржы жүйесі де топжарғандар
қатарында екенін жетекші халықаралық сарапшылары мойындап таныған.
Жолдауда Қазақстан посткеңестік елдері ішінде бірінші болып, тұрақты
әлеуметтік – экономикалық дамуға қолы жетуі негізінде, сырттан төнуі мүмкін
жөнсіз құбылыстарға тәуелді болуын шектеу үшін Ұлттық қор құрғаны
объективті жолмен дәлелденген. Ұлттық қорда сол кезде жинақталған 5,3
миллиард доллар қаржыны қоса есептегенде, еліміздің алтын-валюта көлемі 14
млрд. АҚШ долларынан асқан. Шынында да осыдан 10 жыл бұрын бұл
жайында ойлаудың өзі тіпті мүмкін емес еді.
Осымен қатар Тәуелсіздік тұстағы елдің әлемдік саясаттағы қадамдарына
баға беріліп Жолдауда ҚР ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізіп
отырғаны да аталған. Мысалы, тек 2004 жылы сыртқы сауда айналымы
көлемінің оңды сальдосы 7 миллиард доллардан асып бұдан он жыл бұрынғы
көрсеткіштен 3 есе артқан еді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында негізінен посткеңестік мемлекеттер
ауқымымен шектелген республиканың сыртқы сауда географиясы да біршама
ұлғайды. Қазақстан тауар айналымының құрылымында 2004 жылы Еуропалық
одаққа мүше елдер, Ресей, Швейцария мен Қытай алғашқы орындарға шықты.
Тәуелсіз Қазақстан саяси жүйесін ырықтандыру жөнінде де айтарлықтай
табыстарға жеткен. Бұл тұста мынадай мәселерлер тым өзекті болған:
-республикадағы
демократиялық институттардың дамуы дәйекті
жүргізіліп; еркін демократиялық сайлаулар үнемі өткізіліп; тежемелік әрі тепе–
тендік негізінде билік тармақтарының ара-жігін ажырату қағидаты жүзеге сәтті
асырылып жатқан;
-елде саяси саналуандық және көппартиялық орныққан жүйе сенімді
орнаған; енді әр қазақстандық қалауы бойынша кез келген қоғамдық және саяси
бірлестікке еркін кіруге құқығы болды;
-5 мыңнан аса үкіметтік емес ұйымдарды қоса алғанда, азаматтық қоғам
институттары мен құрылымдары жасақталып, бағдарламасы бойынша қызметін
жүргізді;
-Қазақстанда тәуелсіз сот жүйесінің негіздері қаланып, заңның үстемдігі
дәйекті қамтамасыз етілуіне жол ашылып, сөз еркіндігіне жол ашылып,
баспасөздік тежеуге барынша шек қойылған болатын;
-КСРО тұсында атауға түбегейлі тиым салынған мемлекеттік емес
бұқаралық ақпарат қанат жайып, олардың белсенділігі арқылы қоғам тынысы
жанданып қанат жайған. Осы орайда бұрынғы шақырылған Парламентте БАҚ
еркіндігін шектеу әрекеті байқалғанын жағдайда тіпті дүдәмал заң жобасына
тоқтау салынған, сөйтіп мемлекет өзінің баспасөз бостандығы жолындағы
бағытының мызғымайтынын тағы да паш еткен;
Жолдауда елімізде адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету
саласындағы маңызды қадамдар баяндалған. Бұл салада адам құқықтары
жөніндегі уәкіл институты құрылғаны, Қазақстанда адам құқықтары жөніндегі
халықаралық Демократия мен азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі Ұлттық
комиссия жұмыс істейтіндігі зор қанағаттанарлық сезіммен келтірілген.
Мысалы, Қазақстанның кез келген азаматы елден шыға да және қайтып оралада
алады және кез келген қазақстандықтың өзінің қалауына қарай қызметпен
шұғылдануға толық құқығы бар.
Жолдауда 2005 жылдан бастап әрбір отбасының мүддесіне игі ықпалын
тигізетін Әлеуметтік реформаларды одан әрі терендету бағдарламасының іске
асырыла бастағаны жазылған. Яғни, 2005 жылдан бастап жекелеген сырқаттар
бойынша бес жасқа дейінгі балаларды дәрі-дәрмекпен, ал жүкті әйелдерді –
құрамында темір мен йоды бар препараттармен амбулаториялық деңгейде тегін
қамтамасыз етілетіні көрсетілген. Тағы бір жоспарланған игі шара 2006 жылдан
бастап диспансерлік есепте тұратын және амбулаториялық деңгейде жеңілдік
шарттары қолданылатын балалар мен жасөспірімдерді дәрі-дәрмекпен тегін
қамтамасыз ету міндеті қойылған.
Осы Жолдауда 2006 жылдан бастап аз қамтылған отбасыларға 18 жасқа
дейінгі балаларына ай сайынғы жәрдемақылар төленуге, 4 және одан көп бірге
тұратын кәмелетке толмаған балалары бар аналарға, «Алтын алқа», «Күміс
алқа» немесе І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» белгілерімен марапатталған
аналарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 4 мың теңгеге дейін
көбейтілетін болған. Бұрынғы әр нәрестенің дүниеге келуіне байланысты бір
жолғы жәрдемақылары төленсе, енді соларға қосымша 2006 жылғы 1 шілдеден
бастап, бір жасқа дейінгі сәбиді күту жөнінде мемлекеттік жәрдемақылар енгізу
қажеттігі де жоспарланған. 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап барлық
зейнеткерлерге, еңбек өтіліне, жалақысы мен тағайындалған зейнетақысының
мөлшеріне қарамастан, 3 мың теңге мөлшерінде қосымша негізгі зейнетақылық
төлем қосылатыны да айтылған.
Жолдау бойынша оқушы жастар мен әлеуметтік сала қызметкерлеріне де
сүбелі материалдық қамқорлық көрсету жолдары белгіленген болатын. 2005
жылдың 1 шілдесінен бастап жоғары оқу орындары студенттері, сондай-ақ орта
кәсіптік білім ұйымдары оқушылары стипендияларының мөлшерін екі есеге
өсірілетіні жазылған. Жыл сайын үш мың үздік студентке «Болашақ»
бағдарламасының аясында әлемнің ілгері жоғары оқу орындарында білім алуы
үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлінетін болды. Коммерциялық
банктердің студенттерге таяудағы 5 жылда бөлетін кредиттеріне мемлекеттік
кепілдік беру жүйесін іске асыру үшін қосымша 2 млрд. теңге, оның ішінде
2005 жылдың өзінде 600 млн. теңге бөлінетін болды. Осымен қатар 1 шілдеден
бастап бюджет саласының қызметкерлері – мұғалімдердің, дәрігерлердің,
мәдениет пен әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің жалақысын орта
есеппен 32 пайызға көбейту, ал 2007 жылдан бастап орта есеппен 30 пайызға
көтеру жоспарланған.
Президент Жолдауы тұрғын үй құрылысы бағдарламасының шеңберінде
бюджеттен бөлінген қаражаттың есебінен ғана халықтың әлеуметтік
қорғалатын топтары үшін сол жылы 1600 пәтер салу және ипотекалық
бағдарлама бойынша халықтың қолы жететін арзан 11700 пәтер тапсыру
міндеті аталған. Тұтас алғанда қаржыландырудың барлық көздері арқылы үш
жыл ішінде 12 млн. шаршы метр тұрғын үй немесе 195 мың пәтерді тапсыру
көзделген, яғни тұрғын үй құрылысы екі есе өсуі айтылған болатын. Осындай
жаңа күрделі міндеттерді іске асыру үшін республика экономика мүмкіндіктері
толық жететіні дәлелденген.
Жодауда саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы да
негізделген. Олардың ішіндегі: жалпыхалықтық пікірталастың нәтижелерін
талдау және қорытындылау; пікірталас нәтижелері бойынша Жалпыұлттық
бағдарламаның алғашқы заңнамалық сұлбасын әзірлеу; саяси реформалардың
жалпыұлттық бағдарламасын іске асыру жөнінде өмір тәжірибесінен
жинақталған қосымша ұсыныстар әзірлеу.
Жолдауда атқарушы билік реформасының негізгі бағыттары мынадай
ретпен көрсетілген: а) билікті одан әрі демокртияландыру; б) мемлекеттік
басқару жүйесін реттеу мен оның тиімділігін арттыру үшін атқарушы орындар
билікті реформалауды одан әрі жүргізу т.б.с.
Жолдауда сот жүйесі мен азаматтардың құқығын қорғау саласын
реформалау міндеттеріне де үлкен маңыз берілген. Оның басты міндеттері
мынадай:
-сот өндірісін оңайлату, оның объективтілігі мен ашықтығын, сондай-ақ
сот актілерінің тұрақтылығы мен дер кезінде орындалуын қамтамасыз ету;
-сот шешімдері шеңберінде және сот өқімдерін атқару кезеңінде
азаматтар құқығына берілетін кепілдіктерді объективті негіздеу арқылы
күшейту;
-сот корпусының тәуелсіздігін қамтамасыз ету заң шеңберіндегі әділетті
шешімнің кепіліне айналуы; судьялардың біліктілігін арттыру арқылы
Қазақстанның сот жүйесін тәуелсіз мемлекет аясындағы шаруашылық,
инвестициялық және сауда проблемаларына сәйкес келтіру;
-қылмыстық сот өндірісі мен сот шешімдері шеңберінде адвокаттардың
рөлін арттыруды қамтамасыз ету;
-қылмыстық сот өндірісі тәжірибесіне алқа билер соты институтын еңгізу
қажеттілігі;
-сот рәсімдерінің ашықтығы мен анықтығын барынша қамтамасыз ету
міндеті қойылған.
Достарыңызбен бөлісу: |