5.3. Француз ағартушылары Францияда XVIII ғасырда философия әлеуетті қоғамдық-мәдени
қозғалысқа айналған Ағартудан дамуға нақты серпін ала отырып,
Ағартудың жүрегі, өзегі ретінде әрекет етті.
Барлық француз ағартушыларын біріктіретін
негізгі идея – ол
адамзатты толғандыратын мәселелердің барлығы
философиялық ақыл-парасат тезінен өтуге және содан
негіз табуға тиіс. Еркін ой-
лау бұрын-соңды болмаған биік деңгейге көтерілді: табиғатты тану
да, бұрын қалыптасқан түсініктер де теріске шығарылды, енді өмірге
жаңаша көзқарас, жаңа дүниетаным қалыптаса бастады.
Ағартушылар әлеуметтік өзгерістердің бағдарламасын құруға және
Адамның жаңа мақсат-мұратын қалыптастыруға тырысты. Осындай
дүниетанымды құру жөніндегі түпқазық – 1751-1780 жылдары Дидро
шығарған (алғашқы жылдары д’Аламбермен бірге)
Энциклопедия болды. Сол себепті француз ағартушылары
энциклопедистер деп те
аталады. Энциклопедия төңірегіне жиналып, олар Ф.Бэкон сызып бер-
ген: әлеуметтік прогресті ғылыми прогреспен байланыстыратын «ұлы
ғылымдардың қалпына келтірілуі» жоспарын жүзеге асырмақ болды.
Француз ағартушыларының еңбектерінде Табиғаттың және ондағы
адамның алатын орнының жаңа
материалистік ұғымы қалыптаса бас-
тады. Өздерінің