ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет581/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   577   578   579   580   581   582   583   584   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

«Homo 
Morales»
– адамгершілікті тіршілік иесі деп санаған, адамның бұл 
қасиетін ұлы ақын Абай «нұр сәулелі жүрек» деп бағаласа, Шәкәрім 
оны «үш шындықтың» біріне жатқызады. Австриялық ғалым В.Франкл 
Құдайды Ғаламнан іздемеу керектігін немесе соңынан жүрудің 


392
қажетсіздігін, Оның адамның жүрегінде екенін айтады. Құдай – ол 
адамның ар-ожданы. 
«Homo Aesteticus»
та адамның маңызды анықтамасы болып табы-
лады. Қапырық ыстық күндердің бірінде батып бара жатқан Күн аса 
үлкен және қызыл күрең жарты аспанға айналады. Бұл ешбір адамды 
жайбарақат қалдыра алмайды. Ал кез келген жануар бұны байқай ал-
майды. Адам әсемдікке таңданғаннан шабыттана отырып, Табиғаттың 
ұлылығы туралы тұтас поэма жазып тастауы мүмкін. Сонымен, адам – 
әсемдікке ұмтылған тіршілік иесі.
Голландиялық философ И.Хейзинга адамды 
«Homo Ludens»
– 
ойын ойнайтын адам деп айқындады. Өлім халінде жатып та, адам 
«өлетін адамның» рөлін ойнайды. Ойын арқылы ғана жануарлардың 
төлдерінің ырықсыз сезімдері оянады, ересек жануарлар ойын ойна-
майды. Ал адам өмірінің ақырына дейін әртүрлі рөлдерді ойнайды.
«Homo Electus»
– тік жүретін адам дегеннің де терең мағынасы 
бар. Бізді тудырған архантроптар ағаштардан жерге түсіп, артқы 
аяқтарына тұрғанда, бұл нағыз революция болды, өйткені олардың 
босаған алдыңғы аяқтары құрал жасау барысында адамның шебер 
қолдарына айналды: олар көз микрохирургиясынан бастап, өзі жүретін 
экскаваторға дейін барлығын да жасай алады. Мынадай жағдайды көз 
алдыңызға елестетіп көріңіз: жер бетінде барлық адамдар ғайып бо-
лып, адамның бір ғана қолы қалған дейік. Сонда жерден тыс ақыл оны 
көрген бойда жер бетінде ақыл болғанын түсіне қояр еді, өйткені қол – 
адамның ақылынан туған туынды.
Француз философы Э.Кассирер адамды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   577   578   579   580   581   582   583   584   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет