397
Адам қоршаған ортаны тани отырып,
кеңістік пен уақыттың
шеңберінен шығуға тырысып, ол туралы түсініктер мен бейнелер ту-
дырады, оның заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін ашып көрсете
алатын қабілеті де бар. Ол барлық мүмкін болатын құндылықтарды
жасап, соларды басшылыққа алады, кейде сол құндылықтарды сақтау
жолында өзін құрбан етуге де әзір. Адам – өзінің өлетінін білетін
тіршілік иесі, осы маңызды факт оның жан дүниесінде өмір мен өлім
туралы ойларды тудырады. Осы айтылғандар бізді адамның өмір
сүруінің мағынасы туралы мәселеге жақындата түседі. Бұл мәселе
бұрынғы өткен
ғасырларда да талқыланған, адамзат өмір сүретін
болашақта да көтеріле бермек.
Өмірдің басқа формалары сияқты, адам өзінің алуан түрлі
қажеттіліктерін қанағаттандырады. Алайда байлыққа, тоқшылыққа
жету – адамның барлық мұқтаждықтарын өтемейді, оның өмірінің
мәнін құрай алмайды. Оның сыртында
рухқа негізделген көптеген
әртүрлі қажеттіліктер жатыр. Қажеттіліктерді зерттеуші американдық
ғалым А.Маслоу адам қажеттіліктерінің төменнен жоғарыға қарай
орналасқан келесі тәртібін жасаған-ды:
1.
Ең төменгі физиологиялық (тыныс алу, тамақтану, қозғалу,
баспана салу, ұрпақ жалғастыру) қажеттіліктер.
2.
Экзистенциалдық (қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ертеңге
болашаққа сеніммен қарау, өмір шарттарының және айналадағы адам-
дармен өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы) қажеттіліктері.
3.
Әлеуметтік (басқа адамдармен байланыста болу, олардың та-
рапынан танылу) қажеттіліктер.
4.
Бедел-абыройға жету (өзі үшін маңызы бар адамдардың ор-
тасында болу, мансап баспалдағымен көтерілу, өз тұлғасының
маңыздылығын басқаларға таныту) қажеттіліктері.
5.
Рухани (тұлғаның шығармашылық дарындарының, қабілет-
терінің ашылуы) қажеттіліктер.
А.Маслоу бойынша, егер төменгі қажеттіліктер қанағаттандырыл-
маса, онда адам үшін жоғарғылары қызықты емес. Қанағаттандырылған
қажеттіліктер
сарқылып біткен соң, адамды одан да жоғарырақ
қажеттіліктерге итермелейді. Қоғамның даму деңгейіне қарай, егер
негізгі қажеттіліктер қиындық тудырса, онда олар адам өмірінің
мәніне айналуы мүмкін. Бүгінгі күні қанша адам «нан табу»
мәселесінің шеңберінен шыға алмай жүр?! Оны, сірә, қоғамның тарихи
қалыптасқан кемшілігі деп қарау керек шығар.
Сөйтіп, адам болмысының ең жоғарғы мәні – бастау-бұлақтарын да-
мытып, сол арқылы өз тұлғасының рөлі мен орнын айқындап, өмірден
398
қанағат ала отырып, шығармашылық деңгейге дейін көтерілу.
Ондай
адамдарға тән қасиеттер:
•
өмірдің әр күнін құрметпен және қуанышпен қарсы алу;
•
басқаларды өзіңдей бағалау, тәуелді болмау, сонымен бірге
айналадағы адамдардың пікіріне құлақ асу;
•
өз өміріңді арнаған істі сүю және мамандығыңды шығармашылық
деңгейде меңгеру. Өзіңнің шығармашылық қабілеттеріңді ары қарай
дамыту мақсатында өз-өзіңді жетілдірумен шұғылдану;
•
қашанда Шындыққа, Жақсылыққа және Әсемдікке ұмтылу;
•
әрдайым қарапайым және басқа адамдармен қарым-қатынас
жасауға дайын болу.
Австриялық ғалым В.Франкл адам
өмірінің мағынасы жайын-
да арнайы кітап жазды. Осы заман адамының өмір қарекетін қарай
келіп, ол оның айтарлықтай қиындықтарын көрді. Қазіргі адам жан-
жануарлар құсап ырықсыз сезіммен өмір сүре алмайды, әдет-ғұрыптар
мен дәстүрлер адам өмірін айқындайтын өткен қоғам да артта қалған.
Сондықтан ол басқалар сияқты болғысы келеді (конформизм) неме-
се жоғарыдағылардың қалағанын істегісі келеді (тоталитаризм). Ол
(Батыстың адамы туралы айтылып отыр) рухани тоқырауға ұшыраған,
өмір мағынасын іздеумен жүр. Нәтижесінде, адам
Достарыңызбен бөлісу: