ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет588/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   584   585   586   587   588   589   590   591   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

әлеуметтік факторлар
үлкен рөл атқарады. Егер алғашқы 
қоғамда адамның орташа өмір сүру жасы 25-ке теңелсе, ал қазіргі 
дамыған елдерде 75-78 жасқа жетеді! Егер сәби ерекше музыкалық 
дарыны болып туса, онда оны дамытуға тиісті жағдайлар туғызылса, 
ол баладан тамаша композитор немесе орындаушы шығады. Бірақ 
егер ондай жағдайлар туғызылмаса, ол ары кеткенде, кафе музыканты 
бола алады. Тарихтың мыңжылдықтарында қаншама дарынды адам-
дар дүниеге келді десеңші! Қоғамда оларды дамытатын жағдайлар 
болмағандықтан, «ашылмаған гүл іспетті», олар дарынын көрсете ал-
мастан сөніп қалды. Әлі күнге дейін бұл мәселе кез келген қоғамның 
«ақтаңдағы» болып келеді.


396
Қазіргі замандағы адамзаттың әлеуетті ғылыми-техникалық дамуы 
осы заман адамы үшін әлем тарихында теңдесі жоқ қауіп-қатерлер 
туғызады. Олардың ішінде бастысы – мәні бойынша қаруланудың 
құртып-жоятын, адамға жат түрлерін жасау. Еген бұрын бір жерлер-
де соғыс жүріп жатса, адамзат сонда да тарихтың жалғасатынына 
күмәнданбайтын. Бірақ қазір, ядролық соғыстың ғылыми болжамы
бастауында жер бетіндегі тіршілік атаулы құрып кетуі мүмкін.
Екінші қауіп – экологиялық апат мүмкіндігі, өйткені ауа мен судың 
ұлттық шекаралары жоқ. Бір жағынан, адам – біздің арғы анамыз бо-
лып табылатын Табиғаттың үзілмейтін бөлшегі. Екінші жағынан, са-
налы болғандықтан және әлемді тани отырып, біз көп жағдайда оны 
өзгертеміз, бірақ жақсы жаққа қарай емес. Жанды табиғат әлсіреді
өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлері келмеске кетті. Көп 
ғасыр бойы адамзат: «Табиғат – сарқылмайтын байлық», – деп ойла-
ды. Алайда бұл ой жалған болып шықты. 
табиғат
жай ғана «қоршаған 
орта» емес, – ол барлық элементтері миллиардтаған жылдар бойы бір-
бірімен табиғи байланысқан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   584   585   586   587   588   589   590   591   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет