ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет587/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   583   584   585   586   587   588   589   590   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

әлеуметтік редукционизмге
келсек, онда 
маркстік философия 
оның айқын үлгісі болып табылады. Бұл теорияда адамның мәні «нақты 
тарихи өмір сүретін қоғамның «қоғамдық қатынастар ансамблін» 
құрайды деп сендіреді, яғни оның әлеуметтік сипаты танылады. Бұл 
қағида К.Маркстің коммунистік теориясында маңызды фактор ретінде 
жатыр. Ол: Коммунизм тұсында өндіргіш күштерді өркендетудің 
жоғары деңгейіне ғана қол жетіп қоймайды, сонымен бірге «жаңа 
адам» пайда болады, өйткені қоғамдық меншікке негізделген әлеумет 
оны қажеттілікпен қалыптастырады», – деген тұжырым жасайды. 
Сондықтан әлеуметтік-саяси салаға (мемлекет, құқық, түрме және 
т.б.) деген қажеттілік жойылады, ал адамдар арасындағы қатынастар 
моральдық нормалармен ғана реттеледі.
Бұрынғы кеңестік қоғамда коммунистік тәрбие беруде орасан үлкен 
жұмыс атқарылды, еңбек ұжымдарында «жаңа адам» қалыптастыру 
мақсатында миллиондаған дәріс оқылды. Алайда адам соған дейін 
қалай болса, сондай қалпында қалды.
Бүгінгі күні адамның 
биоәлеуметтік
табиғаты танылды. Адам 
тәнінің өмір сүруі биологиялық заңдылықтарға бағынады. Күнделікті 
өмірде адамның табиғат өзгерістеріне (атмосфералық қысымның 
өзгеруі, геомагниттік толқулар, Күн сәулесінің белсенділігі және 
басқалары) тәуелділігін көру үшін, дәрігер болудың қажеті жоқ. 
Адамның өмірлік кезеңдері де биологиялық заңдарға (жарық дүниеге 
келу, балалық шақ, есею, қарттық, дүниеден өту сияқты) тәуелді. 
Өмірге келетін әрбір адамның қайталанбастығы да оның ата-анасынан 
алған генетикалық ерекшеліктеріне байланысты. Ондай мысалдарды 
жалғастыра беруге болады.
Сонымен бірге адамның өмір сүруі, қалыптасуы және дамуы ба-
рысында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   583   584   585   586   587   588   589   590   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет