биоэтика – биомедициналық ғылым және іс жүзіндегі денсаулық
сақтаудың этикалық-құқықтық мәселелерін зерттейтін білім саласы.
бифуркация – жүйенің эволюциялық режимі орнықтылығының
бұзылуы; бір нәрсенің қақ жарылуы, бөлінуі, тармақталуы.
буровщина – ТМД және кейбір еуропалық елдерде таралған жал-
пы атау. Ол басқаша ойлаумен және діни плюрализммен этикалық
релявитивизм және бойларын шаттық билеген сенімге төзбеушілік
тұрғысында кең көлемді күрес жүргізетіндермен біріккен (үлестес)
ғалымдарға таңылады. Көбінесе ол сынға алынған нысананы білмеуден
шығады, ал надандық қашанда озбырлықты тудырады.
Верификация – дәлелдеу, растау: теориялық (ғылыми) тұжырым-
дардан салдарлар шығару болып табылатын, эмпириялық шындықпен
тікелей салыстырылатын тексеру амалдары. Егер барлық осындай
салдарлар шындыққа сай болса (яғни шынайы болып шықса), онда
тұжырым верификацияланған (расталған) деп танылады.
генезис – шығу, пайда болу тегі; дамып жатқан құбылыстың
құрылу немесе қалыптасу үдерісі.
гомеостазис – өздігінен реттелетін күрделі жүйелерге тән және
рұқсат етілетін шектерде сақтау үшін елеулі маңызы бар өлшемдер
жүйесін қолдаудан тұратын серпінді тепе-теңдік тұрпаты.
ғылым – 1) әлем туралы объективтік, жүйелі ұйымдастырылған
және негізді білімдерді құрауға бағытталған танымдық қызметтің ерек-
ше түрі; 2) ғылыми танымдық қызметтің жұмыс істеуін қамтамасыз
ететін әлеуметтік институт.