Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасы



бет6/12
Дата22.04.2023
өлшемі276,35 Kb.
#175184
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дене тәрбиесі құралдары және пайдалануы

Күн сәулесімен шынығу
Күнге қыздырыну ағзаның сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігін арттыра отырып, оның тіршілік әрекетіне зор әсер етеді. Ағзаның қалыпты тіршілік әрекеті үшін ультракүлгін сәулесінің маңызы ерекше. Олардың әсер етуінен көптеген ауру туғызатын микроағзалар тіршілігін жояды. Мәселен, іш сүзек таяқшалары тікелей түскен күн сәулесі әсерінеи 45 минутта қырылады.
Күн сәулесінің әсерінен балалардың зат алмасуы артады, жүйке жүйесі нығаяды, артерия қысымы кемиді, тер шығаруы күшейеді, қан жасау процестері жақсарады. Қиыр солтүстікте, сондай-ақ күн сәулесі сирек түсетін қараңғы бөлмеде тұратын балалар салқын тию және жұқпалы аурулармен көп ауырады.
Көлеңкедегі ауа температурасы +20-22°С кем болмайтын және +32°С-дан аспайтын жағдайда сағат 10-12 және оңтүстік аудандарда сағат 9-11 аралығында ас ішуден 1,5-2 сағат өткен соң күнге қыздырылу ұсынылады. Алғашқы кездері қыздырылу ұзақтығы 5 минуттан аспауы керек. Одан кейін біртіндеп 1-2 минутқа арттырып, 1 сағатқа дейін жеткізуге болады.
Күнге тақтай төсемі немесе тапшаны бар арнайы жабдықталған алаңда жатып қыздырынады. Бала аяғын күнге беріп жатуы тиіс. Басын жаздың қалпақпен немесе сүлгімен бүркеуі керек. Күн сәулесінің әсерінен дене күнге күйіп қызарады, бұл - пигментацияның күшеюі нәтижесі болып табылады.
Күнге шамадан тыс мөлшерде қыздырыну теріні I, II және кейде III дәрежелі күюге душар етуі мүмкін. Күн сәулесімен шынығу оң әсерін тигізеді. Олардың әсерінен тері күйіп, қоңыр түске ие болады. Бұл тернің қорғаныш қасиетін жоғарылатады. Күн сәулесі ваннасын күннен І-жартысында сағат 9-11-ге дейін аралықта қабылдау қауіпсіз. Сондықтан мектепке дейін балаларды сүйек дамуын жетілдіру, ағзаның шыдамдығын арттыру мақсатында күн көзінде демалдыру және жаттығулар орындау. Алғаш қабылдау ұзақтығы 5 минут. Одан кейін 5-10 минут біртіндеп көтеру. Ем шараның жалпы ұзақтығы біртіндеп 20-30 минутқа жеткізіледі. Ережені сақтамаған жағдайда тері күйіп қалады. Күн өтудің белгілері: бас ауырады, тамыр соғуымен тыныс алуы жиілейді, жүрегі айниды, құсады, қызуы көтеріледі, мұрнынан қан кетеді. Сақтық шаралары: басқа орамал таңу, жеңі ұзын киім кию, және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет