Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ақмола облысының білім басқармасы астрахан ауданының білім бөлімі



бет21/34
Дата11.12.2021
өлшемі1,96 Mb.
#99159
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрлігі а мола об

Құрылымы: 

Диалогта сұрақ / жауап / қарсы сұрақ / сөйлеушілердің көңіл-күйі, реакциясы (сөзбен берілмейтін) болады. Диалогтар қысқа (2-3 сөйлем) және «мазмұнды» яғни ұзын болуы мүмкін.

Диалогта келесі айтылғандар орын алады:

Фразаларды, сөйлемдерді аяқтамау;

Сөздің орнына қимыл, жест, мимика қолдану;

Тек қана ауызекі сөйлеу барысында қолданылатын сөздерді қолдану.
Шығармашылық тапсырма: Қысқа диалогтарды талапқа сай оқу.
21.Прозалық шығармаларды мәнерлеп оқу- 1сағат

Проза (лат. prōsa) — әдеби жанр, қара сөзбен жазылған көркем шығарма (әңгіме, повесть, роман).

Проза әдебиеттің эпикалық тегімен байланысты, лирикалық проза немесе прозалық өлеңдер кездеседі. Проза XVII ғасырдың ортасына дейін сөз өнерінде поэзиямен аралас өмір сүрді. Тарихи шежірелер, жылнама, трактаттар, естелік, сапарнама, діни уағыздар, т.б. өлең жанрына тән шығармалар болып есептеледі. Шын мәніндегі проза Қайта өрлеу дәуірінде қалыптасып, поэзиядан бөлініп шықты. Осы кезден бастап әдебиеттің дамуында проза жетекші орынға ие болды. Рабғузи, Бабыр, М.Сервантес, Д.Дефоның шығармаларынан бастау алатын проза сөз өнерінің дербес, айрықша түрі ретінде қалыптасты. Сөз өнері тарихында проза поэзиямен тығыз байланысты дамыды. Прозада өмір құбылыстары, адам характерлері кең ауқымды қамтылып, жан-жақты суреттеледі.

Прозалық шығармаларды мәнерлеп оқығанда адам характері арқылы өмір құбылыстарын анық бейнелеу керектігіне терең тоқталу қажет. Прозалық шығармаларды оқуда Абайдың қара сөздерін және шағын әңгімелерден үзінділерді пайдаланған дұрыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет