Сурет 7- Сауалнама сұрақтары бойынша мәліметтер көрсеткіші
Сурет 8- Сауалнама сұрақтары бойынша мәліметтер нәтижесі
3.2 Бұқаралық спорттың мектеп оқушыларына тиімділігінің нәтижелері
Тәжірибелік эксперименттің нәтижелері жүргізілген зерттеулер мен сауалнама нәтижесіне сәйкес орта сынып балаларын бұқаралық спортқа қызықпайтын балаларды анықтап, сол балалармен жиналыс жасап, семинар өткіздік.Семинар барысында бұқаралық спорттың мақсаты, міндеттерін, оның маңызын,денсаулыққа пайдасын және жарыстарда, мектеп лигасында, спартакиадада жеңіске жеткендерін жетістіктерін мектеп жетістіктерін көрсете отырып, семинар сабақтар өткізілді. Осы семинар сабақ өткеннен соң мектептегі спорт ойындары бойынша спорт үйірмесіне қатысып,балалар жаттыға бастады.Қызықпайтындар саны 40% құраған болса,сол балалар семинардан соң 10%-ы спортқа қызығып,қатыса бастады. Орта сынып 5 сынып оқушы балаларының ата-аналары мен зум платформасы арқылы вебинар сабақтар өткізілді. Ол вебинарда бұкаралық спорт түріне балаларда тарту олардын ең бастысы денсаулығына пайдасын, балалардан болашақта спорт бойынша үлкен жетістікке жететіндерін, мектеп бітіргенде сол жетістіктері спорт мамандығы дене шын-у муғалімі жаттықтырушы болса, окуна жеңілдік пен грантқа түсетін пайдасы туралы айтылды. Нәтижесінде спортқа қызықпайтын балалардың 10%-ын ата аналары мектеп үйірмесіне 5% келген болса, қалған 10% Алматы обл. Қарасай ауданы Жібек жолы ауылдық округінде Арт спорт кешені ашылды.Сол спорт кешендеріне ата-аналар балаларына пайдасын түсіндіріп спорт түріне 15% - балаларды спортқа баулыды. Ол спорт түрлері: Дзюдо, қазақ күресі, теннис, футбол, баскетбол, гандбол спорт түрінен аудандық, облыстық деңгейде қатысап, Дзюдодан 2 бала З орын, 5 бала- 2 орын, 13 бала - 3 орын, тенистен 3 бала - 3 3 орын алса, спорт ойындары бойынша жарыстарда мектеп командалары аймақтан жарыста баскетбол қыздар 1 орын, футболдан ұлдар командасы 2-орын, ал қыздар командасы гандболдан облыстық және Ұлттық мектеп лигасында 3-орын иеленді.
Балаларды бұқаралық спортқа тарту аясында мектепте Дене шынықтыру апталы он күндіктер, Денсаулық фестивалі, Әкем, Анам-мен эстафеталық жарыстар өткізілді.Орта сынып балаларын ата-аналарымен мектепшілік эстофеталық сайысын өткіздік,ата-ана мен талас тартысты өтіп, дәрежесіне сай 1,2,3 орын мадақтамасымен арнайы сыйлықтармен марапатталды. Нәтижесінде ата-аналарын бұқаралық спорт түріне қызықтырып,балаларының денінің сау, спорт түріне қызықтырып,балаларының денінің сау, жеңісті болатынын тағы да көрсете білдік.
Дене шынықтыру әдістемелік пән бірлестігінің он күндігі аясында мектеп балаларын бұқаралық спортқа тарту тақырыбын жоспар етіп, мектептің ашық алаңда танымал спортшы жиын өткізілді. Нәтижесінде балалар өздерінің қызықтырған сұрақтарын қойып және спортшы жеңіске жету жолында талай енбектеніп; тер төккенін, денсаулығының әлі күнге дейін дене мүсінінің сақталғанын, жеңіске жету жолында еңбек еткенін және де жеңіс оңай келмейтінін, қазіргі таңда балаларды әр түрлі интернет желілерге әуестігін және одан денсаулығы әсіресе көзіне зиян екенін, семіздік ауруына шалдықпауын жастардың басымкөпшлігінде көз көруінің төмендігінен болашақта оның салдары қандай болатынын мектеп балаларына түсіндіріп, және өзі сияқты мыкты спортшы табысы мол шет елде еркін саяхаттап Қазақ елінің туын көкке желбіретіп, ән ұранымен көкірекке патриоттық сезімін айтып жеткізіп, балаларды шабыттандыра бұқаралық спортқа қызықтырып, патриоттық сезімдерін оята білді! Нәтижесінде балалардың қалған 15%-ы түрлі спорт түрінің балалар өз икемдеріне қарай спортқа қатысып,тек спорт үйірмесіне ғана қатыспай таң ертеңгілік жаттығуды Салауатты өмір салтын салтын әдетке айналдырып, жүгіріп жаттығу жасап, 5% артық салмақ қосқан балалар 55кг-65кг-ден 46кг-50кг арасында салмақ тастап тұрақты түрде жаттығу жасай бастады. Ұялы телефоннан көз алмайтын 10% балалар жаттығу жасап,тек интернет желісіне өздерінің жаттығу жасап, спорт үйірмелеріне қатысқандарын tik-tok, инстаграмм интернет желісіне жариялап,басқа балаларға қазіргі таңда үлгі болып жүр. Диссертациялық жұмыс бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесі төмендегі диаграммалық суретте айқын көрініп тұр( сурет 9)
Достарыңызбен бөлісу: |