ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Зерттеу әдістері және ұйымдастырылуы
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмыстарының нәтижелілігін ескере отырып, ғылыми жұмысты жазу және құрылымына қарай әрлеу талаптарына сәйкес, бірінші кезекте отандық және шет елдік әдебиеттреге шолу жұмыстары жүргізіліп, керекті, маңызды деген ақпараттар қағазға түсіліріліп, берілген тілден аударылып, әдеби деректер тізіміндегі сілтемеге қосылды.
Келесі кезекте магистрлік диссертацияның зерттеу әдістері орта мектеп жасындағы балаларды бұқаралық спортқа тартудың негіздері тақырыбындағы өзектілік мәселелерін ескере отырып, Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде орта сынып жасындағы оқушыларға жүргізілді. Зерттеу жұмыстары жүргізілмес бұрын мектептегі жалпы ата-аналар жиналысында зерттеу жұмыстарының маңызы мен мақсат-міндеттері түсіндірілді. Сонымен бірге қойылатын сауалдардың бірқатар түсіндірме жұмыстары мен ғылыми зерттеу жұмыстарының болашағымыз балалар үшін, олардың денаулығын жақсартуда мемлекеттік бастамалардың маңыздылығы туралы да ақпарат беріліп, ата-аналардың келісімі алынды. Бір айта кетерлік жайт, ғылыми жұмыстың маңыздылығы мен мәніне мән берген ата-аналар мен оқушылардың белсенділігі сол, барлығы бірауыздан ат салысып, сауалдарға белсенді түрде жауап беріп жұмыстың нәтижелілігіне өз үлестерін қосты.
Зерттеулердің соңғы кезеңі алынған нәтижелерді өңдеу, математикалық статистикалық әдістермен өңдеп, кестелер диаграммалық суреттер негізінде өңделіп, сипаттамалар әр алынған ақпаратқа қарай берілді.
2.1 Зерттеуді ұйымдастыру. Диссертация жұмыстарындағы зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып жүргізуге Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі оқушылары мен ата-аналардың сауалнамаға гугл форм бағдарламасындағы сілтемеге сәйкес анкеталық сұрақтарға жауап беруі негізінде орындалды. Сауалнамаға берілген сұрақтар үлгісі төмендегі бірінші кестеде көрсетілген.
Кесте 1- Бұқаралық спорттың мектеп оқушылары үшін маңызы сауалнамасының үлгісі
Достарыңызбен бөлісу: |