Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ спорт және туризм академиясы


БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫҢ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ҮШІН МАҢЫЗЫ МЕН ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАР



бет6/17
Дата06.12.2023
өлшемі0,63 Mb.
#195434
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
ок вар. Т.Мұратбаева.Орта мектеп жасындағы балаларды бұқаралық спортқа тартудың негіздері

1 БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫҢ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ҮШІН МАҢЫЗЫ МЕН ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАР
1.1 Бұқаралық спорт түрлерін кеңінен насихаттау негіздері
Бұқаралық спорт-бұл халық арасында дене шынықтыруды дамытуға ықпал ететін спорттық қозғалыстардың бірі. Кез келген мемлекетте мемлекет басшысы, ең алдымен, бұқаралық спортты дамытуды және балалар мен жасөспірімдер арасында спортты насихаттауды, халықтың белгілі бір бөлігінің жас ерекшеліктері мен денсаулық деңгейіне байланысты дене шынықтырумен айналысуды тапсырады.
Елімізде презеидент жарлығына сәйкес, бұқаралық спортты халық арасында толыққанды насихаттау барсында үлкен жұмыстар жүргізілуі керектігі және халықтың спортпен және тұрақты дене шынықтырумен айналысуын қамтамасыз ету үшін, бірінші кезекте бұқаралық спортты дамытуға және балалар мен жасөспірімдер арасында спортты насихаттауды жүктелген болатын. Сонымен бірге тек қалалық жерлерде ғана емес, облыс орталықтарында және ауылдық жерлерде де халық денсауығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударуды талап етеді, ол үшін барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды болып табылмақ. Бірінші кезекті бұқаралаық спорт дегеніміз не? Аталған спорттық қозғалыстың денсаулық үшін маңызы, оны жақсартудағы алғышарттары қандай болмақ деген мәселелерге толық тоқталып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Содан соң ғана арнайы спорттық-іс шаралар негізінде халық арасында бұқаралық спорттың қол жетімділігі, тиімді тұстары мен нәтижелеріне қарай жұмыстар жүргізу әр тарап өкілдеріне жүктеледі.
Қазақстан Республикасы - жүзден астам этнос тұратын әлемдегі ірі көпұлтты мемлекеттердің бірі екенін білеміз, осы ұлт өкілдерінің әрқайсысының бірегей айрықша материалдық және рухани мәдениеті бар, оның ажырамас құрамдасы тамыры тереңде жатқан дәстүрлері бар бұқаралық халықтық спорт түрлері болып табылатыны сөзсіз [4,5].
Дегенмен де қанша халық, қанша ұлт болмасын денсаулықты сақтау, жақсарту жолдары барлығында бірдей екенін ескерсек, спорттың қай түрі болмасын немесе дене шынықытыру жаттығулары мен құралдарының қолданылу аясы кеңінен болуы керек. Осындай жүйелі де, келелі мәселелерді толыққанды алдыға қоя келе бұқаралық спорт халықтың дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылдануын қамтуды ұлғайтудың басым бағыттарының бірі екенін айта аламыз.
Спорт пен дене шынықтыру саласын дамытудың әлемдік тәжірибесі бұқаралық дене шынықтыру - спорт қозғалысын тиімді дамытудың нәтижесінде көптеген спортшылар олимпиада ойындары мен халықаралық жарыстарда жоғары жетістіктерге қол жеткізетін аталған бағытта жұмыстың жүйелілігі мен тиімділігінің нәтижесі[6,7 ].
Президент спорт саласында мемлекеттік саясаттың басым бағыты етіп ала отырып, келесі міндеттерді ұсынған болатын. Оларға: бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс дей отырып, бұл болашақ ұрпақтың, қазіргі салауатты әрі белсенді жастардың талпынысы мен ұмтылысының негізінде келешек қуатты ұлттың негізін қалайды деген сөзі болашаққа үлкен сенім, келешекке кемелділік береді.
Бұқаралық спорт түрлерінен әртүрлі жарыстар, марафондар, көптеген спорттық іс-шаралардың ұйымдастырылуы қазіргі кезде жастар сөзімен айтқанда трендке айналуда. Дегенменде бұл қуантарлық дүние. Өйткені алпауыт елдер, нашақорлық сияқты сырқаттың рухани да тәндік те түрлеріне ұшырап жатқанда, халық денсаулығына мән беріліп, маңызды мәмілелермен дұрыс жолға бағыт-бағдар алып жатқаны қандай сәнді тренд болмасын іштей көңіл қуантады[8].
Елімізде халқымыздың спортпен де айналысуына, білім алуына, болашағының бақытты болуына көптеген жол көрсетіліп, дұрыс сілтеме берілуде. Соның ішінде мақаламызға өзек болып отырған, бұқаралық іс-шаралар, бұл балалар аттракциондары- футбол алаңдары, скейт-парктер, велопарктер, теннис корты, бассейндер, түрлі кешендер.
Спорттың қаржылық жағынан да, аумақтық жағынан да халықтың барлық топтарына және барлық жастағы адамдарға қолжетімді болып келетіні көңіл қуантады[9].
Спорт- денсаулық кепілі деген қанатты сөз бар. Дене шынықтырудың және спорт түрлерімен жүйелі шынығудың негізгі мақсаты – денелік тұрғыдан мықты жас ұрпақ тәрбиелеу, себебі олар еліміздің болашағы, ертеңі.
Бұқаралық спортқа ден қойылып, халықтың айналысуына үлкен назар аударыла бастауының бір көрінісі мектеп жасындағы балаларға толыққанды бағыт беріп, солардың арасында үгіт-насихат және нәтижелі еңбек жасалуы керек деп танылуда. Осыған орай, әр облыста, ірі облыс орталықтарында спорт клубтары ашылуына, сүбелі жұмыстар орындалуына бағыт берілді. Балалар мен жастардың денсаулығын жақсарту үшін дамыған және қолжетімді спорт инфрақұрылымының болуы принципі маңызды болып табылады.
Спортқа тарту және оны миллиондаған Қазақстандықтар үшін қол жетімді ету мақсатында дене шынықтыру мен спортты 2025 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Ұсынылған тұжырымдамада, халықты дене шынықтыру және спорттық тәрбиелеудің жалпы мемлекеттік жүйесін қалыптастыру мәселелері, жасы мен әлеуметтік жағдайына қарамастан азаматтарды еліміздің спорттық өміріне белсенді тарту, отандық спорттың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өңірлік спорт қоғамдастықтарына қолдау көрсету, ұлттық спорт брендтерін құру,жалпы халық арасында спортты және спорттық өмір салтын насихаттау мақсатында ақпараттық жұмыстардың аясын кеңейту,спорт инфрақұрылымы мен спорт клубтары желісін дамыту арқылы қолжетімді спорттық-сауықтыру қызметтері нарығын ұлғайту,ұлттық спорт түрлерін жаңғырту және дамыту арқылы ұлттық патриотизм идеясын жүзеге асыру секілді келелі мәселелер айқын көрсетілген.
Аталған құжаттарды нақтырақ түсіндіре кетсек, спорттың даму деңгейі көп жағдайда қажетті инфрақұрылымға байланысты болып келеді. Бұқаралық спорттың ұсынылуы, талап етілуі бір мәселе де жүзеге асырудағы инфрақұрылымдардың мәселесі үлкен бір шешілмеген мәселе екені анық дүние. Дегенмен де , сандық та , сапалық та есептерге мән берсек, көпшілік жоғары нәтиже ауыл спортынан, ауылда білім алған және облыстық жарыстар деңгейінде нәтиже көрсетіп жүрген спортшыларда жоғары екені сөзссіз.
Елбасшысының бұқаралық спорт түрлерін халыққа насихаттау барысындағы бюджет қаражатынан 87 миллиард теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Бұл сандық мәліметтерді дене шынықтырумен шұғылданатындар санынан шақсақ, 560 мыңнан астам бала тегін жаттығады деген сөз[10,11].
Бүгінде аталған бағытта нәтижелі жұмыс жүргізіліп жатқан аймақтардың бірі – Шымкент қаласы. Қала әкімінің орынбасары Мұқсұт Исаховтың айтуынша, мемлекеттік спорттық тапсырыстың аясында жұмыс істеу үшін 109 кәсіпкерден өтінім түскен. Талапқа сай келген 67 кәсіпкердің өтінімі мақұлданған. Олар 137 спорт кешенінде балаларды спорттың 16 түрі бойынша жаттықтырып жатыр. Тағы 12 өтінім қаралып жатса, талапқа сай келмеген 30 өтінім кері қайтарылған.
Үстіміздегі жылдың өзінде 14 мың мектеп жасындағы балаларға бюджеттен 323 млн-ға жуық теңге бөлініп, белгілі мақсаттарға жұмсалған. Қаражат бөлінуінің негізгі алғышарттары ата-аналардан түскен 15281 өтініші негізінде келісімшарт жасалынған. Осы мақсат міндеттерге орай еліміздегі қалалардың бұқаралық спорт түрлеріне деген қызығушылықтары мен ұмытылыстарына статистикалық тұрғыдан көз тастайтын болсақ, Шымқала республика бойынша басқа аймақтарға қарағанда бірінші межеде тұр. Аталған елді мекендегі негізгі спорттық нысандардың бірінде спорт түрлерінің бес түрінен мың екің жүзге жуық бала шұғылданып, денсаулығын жақсарту және спорт түрлері бойынша жоғары нәтиже көрсетуге еңбек етуде.
Қазір адамдар спортпен айналысу баланың денсаулығына да, тәрбиесіне де пайдалы екенін жақсы түсінеді. Күнделікті спортзалға келетін жеткіншектер түрлі жаман әдеттерден аулақ болып, ерік-жігері мен табандылығын шыңдайды. Болашақта мұндай балалар қиындыққа төзімді, тек қана алға ұмтылатын азамат болып өседі. Сол себепті ата-аналардың да, балалардың да ықыласы күшті. Бізде олардың алаңсыз әрі қауіпсіз жаттығуына барлық жағдай жасалған, – дейді «Ануш» ЖШС-нің директоры Ержан Бестереков.
Балалар тек жекпе-жек түрлеріне ғана емес, өзге спорттарға да қызығады. Мәселен, Шымкенттегі Basket Kids серік­тестігіне қарасты 4 спорт кешенінде 500 бала баскетболмен, 220 бала волейболмен айналысады. Ал «Мадейра Мерей» спорт кешенінде 384 жасөспірім жүзумен айналысып жатыр[12,13].
Соңғы жылдары, тек спортқа қызығушылығы бар адамдарды ғана бұқаралық спорт түрлеріне тарту емес, жаттықтырушыларды да талапқа сай, мамандығының білгірі және болашақ чемпиондары тәрбиелеуде қажыр қайратын жұмсайтынын ескере отырып, әлеуметтік қолдау шараларын қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Осыған орай, «үстіміздегі жылы жетекші топтар мен спортшыларды жоғары спорт ұйымдарына ауыстырғаны үшін, сондай-ақ спорттық атақтары үшін жаттықтырушылар мен оқытушыларға үстемақылар мен қосымша төлемдердің жаңа түрлерін енгізуді жоспарлап отырмыз», - деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі хатшылары [14].
Сондай-ақ, елбасы тұжырымдамасының басты міндеттерінің бірі – дәстүрлі спорт түрлерін балалар арасында кеңінен насихаттау болған. Осыған орай, қазақ күресі мемлекеттік спорт тапсырысы аясында қаржыландырылатын спорт секцияларының қатарына енді. Олардың қатарында тоғызқұмалақ пен асық ату да бар. «Қазақстандағы ұлттық спорт түрлері – спорт пен дене шынықтырудың құрамдас бөлігі, ұлттық патриотизм мен ұлттық тарих пен салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу арқылы жастарды баулу және халықтың денсаулығын жақсарту факторы», - деп көрсетілген арнайы құжатта.
Осылайша, соңғы 30 жылда Қазақстанда жиырмадан астам ұлттық спорт түрлері өте белсенді дамып келеді. Оның ішінде қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, құсбегілік, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, ат бәйгесінің ұлттық түрлерімен айналысатындар саны артты.
Шенеуніктер де кәсіпқой спортшылар, олардың жаттықтырушылары және басқа да мамандардың бірыңғай электронды базасын іске қосқысы келеді. Бұл база, олардың пікірінше, спортшының физикалық және моральдық жағдайын, оның күшті және әлсіз жақтарын объективті бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ дарындыларды іздестіру және дамыту жұмыстарын жүйелеуге және спортшылар мен жаттықтырушыларды бағалаудағы субъективтілікті жоюға мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, бұқаралық спорт арқылы халық денсаулығын жақсарту мен нығайту барысында,атқарылып отырған іс-шаралардың көпшілігі елбасының назарында болуы үлкен жауапкершілікті, мақсатқа жету жолындағы бір ізділікті көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет