Зерттеу мақсаты орта мектеп жасындағы балаларды бұқаралық спортқа тартудың жүйелі бағыттарының бірін қарастыру.
Зерттеу нысаны – орта сынып жасындағы мектеп оқушылары мен дене шынықтыру сабағы үдерісі.
Зерттеу пәні болашақ дене шынықтыру мамандарының бұқаралық спорт түрлерінен бағыт-бағлдар беру және жалпы білім беретін мектептердегі дене шынықтыру сабақтарының үдерісі алынды.
Зерттеу міндеттері. Орта мектеп жасындағы балаларды бұқаралық спортқа тартудағы маңызды мәселелерді мақсат ете отырып:
Бұқаралық спорттың мектеп оқушылары үшін маңызын түсіндіру;
Бұқаралық спорт түрлерін ұйымдастырудағы негізгі қағидаттарды қарастыру;
Орта сынып жасындағы балалардың қимыл белсенділігінің ағза өсуіндегі маңыздылығын теориялық тұрғыдан айқындау.
Зерттеудің жаңалығы: Зерттеу жұмыстары барысында бірінші рет орта сынып оқушыларының сауалнамалық тұрғыдан бұқаралық спортқа байланысты сұрақ-жауап нәтижелері талқыланды. Бұқаралық спорттың мектеп оқушыларының ағза жүйелерінің негізгі қалыптасатын, өсіп-даму тұрғысынан физиологиялық маңызы бар жас кезеңдеріндегі жай күйіне әсерін бағалау үшін тәжрибелер жүргізіліп, алынған нәтижелер
Жұмыстың теориялық маңыздылығы. Диссертациялық жұмыста бұқаралық спорт түрлерінің маңыздылығы, аталған спорт түрлерімен шұғылдануға үкімет тарапына жасалынған жағдайлар, мектеп оқушыларының жас ерешеліктеріне қарай бұқаралық спорт түрлерінің қайсысының тиімді екенін көрсететін туралы толыққанды теориялық тұрғыдан мәліметтер отандық әрі шетелдік мамандардың көзқарастарымен салыстыра отырып берілде.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығына келсек, диссертациялық жұмыста бұқаралық спорт түрлерінің қалың бұқараның денсаулық деңгейіне, әлеуметтік жағдайына, жекелей қызығушылыға қарай зерттеулер жүргізіліп, нақты әдістемелік тұрғыдан болашақ дене шынықтыру мамандары мен бапкерлер үшін практикалық маңызы өте зор.
Жұмыстың құрылымы. Диссертациялық жұмыс 75 мәтіндік беттен, 1 кестеден, 9 сурет және 70 әдеби деректерден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |