Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «БӚбек» Ҧлттық Ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығЫ



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата01.11.2019
өлшемі1,47 Mb.
#50972
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Озін-озі тану 9 кл адістемелік курал


 
Шығармашылық жҧмыс 
Оқушылардың  шығармашылық  іс-әрекеттер  жасауына 
арналған айдарда ұсынылатын тапсырмалар арқылы балалар 
ӛз 
бетімен  оқуға,  жұмыстануға  дағдыланып,  салыстыруға, 
қорытынды  жасауға  үйренеді. 
Олар  берілген  тапсырмаларды 
орындай  отырып,  ӛздерінің  сабақта  түсінгендерін  кеңейтіп, 
бекітеді.  Оқушылар  практикалық  тұрғыда  жаттығып,  алған 
білім-біліктерін  талдау,  жинақтау,  жалпылауға  дағдыланады, 
олардың  ӛ
з  ісіне  деген  сенім  пайда  болып,  шығармашылық 
белсенділігі  артады. 
Сонымен  бірге  оқушылар  ӛз  бойындағы 
құндылықтар  мен  адами  қасиеттерді  іс  жүзінде  кӛрсете  алуға 
мүмкіндік алады. 

26
 
Оқулықтағы  1-тапсырма  бойынша  қанатты  сӛздердi 
оқып, негiзгi ойын анықтап, бүгiнгi ӛмiрмен байланыстырып, ӛз 
ойларын түйіндеп жеткізу ұсынылады.  
• Фалес:  «Ең  қиын  іс  –  ӛзіңді-ӛзің  тану,  ең  оңай  іс  ¬ 
басқаға ақыл айту».  
• И.  Гете:  «Ӛзіңді  қалай  танып  білуге  болады?  Тіпті  де 
құр  түйсінумен  емес,  тек  қана  іс-әрекет  арқылы.  Ӛзіңнің 
борышыңды орындап кӛрсең болды, ӛзіңді тани кетесің».  
• Абай:  «Қашан  бір  бала  ғылым-білімді  махаббатпен 
кӛксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады».  
• М.  Горький:  «Мен  армандағыш,  ізденгіш,  жаны  тыным 
таппайтын  кісілерді  ұнатамын.  Ал  дегеніне  жетісімен  тоқтай 
қалған адамның мен үшін ешқандай қызығы жоқ».  
• Л. Фейербах: «Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете 
алады».  
• Б.  Момышұлы:  «Үміт  ӛрге  тартады,  үмітсіздік  кӛрге 
тартады». 
Бұл  тапсырманың  мақсаты  –  ұлы  ойшылдар  мен  ақын-
жазушылардың ой түйіндерінің бүгінгі күні қаншалықты ӛзекті 
екендігіне  оқушылардың  кӛзін  жеткізу.  Мұғалім адамның  ӛзін-
ӛзі  танып,  ӛмірде  рухани  жетілген  тұлға  болып  қалыптасуы 
үшін  алдына  мақсат  қойып,  ӛмірге  жол  сілтеп  бағдарлайтын 
біліммен  қарулануы  қажет,  сондай-ақ  білім,  ғылым  үйренем 
деген  адамның  ақыл-ойы  айқын,  ерік-жігері,  тілек-мақсаты 
ақиқат  пен  әділдік  үшін  талап  жолында  болуы  қажет  екендігін 
ұғындыру мақсатын кӛздейді.    
 
2-тапсырмаға  сәйкес  түсіндірме  сӛздіктен  кестедегі 
«ғалам»,  «мұрат»,  «мүдде»,  «рақым»,  «сенім»  және  «талап» 
ұғымдарына  сәйкес  келетін  мағыналарын  табу  қажет. 
Тапсырманың  мақсаты  –  ӛтілген  сабақтағы  ұғымдар  мен 
түсініктер  туралы  ақпарат  бере  отырып,  оқушыларды  ӛз 
беттерімен  оқып,  салыстырып,  іздене  отырып  түсініп  алуға 
жағдай  жасау.  Тапсырманы  сыныпта  оқушылар  жұптасып 
орындап,  әрбір  сӛздің  ӛзіне  сәйкес  келетін  анықтамасын 
кӛрсетілгендей етіп белгілеуі тиіс. Мысалы: «Рақым – қайырым, 
мейірім, шапағат».  

27
 
Оқулық  материалдары  тек  оқуға  арналғандықтан, 
тапсырма  оқулықта  емес,  жұмыс  дәптерінде  орындалады. 
Оқушылар сӛз  мағынасымен  анықтаманы  дұрыс  сәйкестендіруі 
тиіс.  Балалар  тапсырманы  талқылап  болғаннан  кейін,  тӛменде 
келтірілген кілт бойынша оқушылардың жауабын тексеру керек. 
Тапсырманың жауаптары: 1-в, 2-ғ, 3-а, 4-г, 5-ә, 6-б. 
3-тапсырма 
бойынша 
ӛмір 
жолын 
таңдаудың 
қаншалықты  күрделі  әрі  жауапты  екендігін  түсіну  үшін  белгілі 
медиатренер  Бақытгүл  Салыхованың  «Таңдау  қиындығы»  атты 
мақаласымен  танысып,  «Ӛмір  жолын  таңдау»  тақырыбы 
бойынша  пікірталас  ұйымдастыру  ұсынылады.  Пікірталас  үшін 
сұрақтар  дайындап,  тӛмендегі  нұсқауларды  басшылыққа  алу 
қажет:  
1.  Сӛз  сӛйлер  алдында,  ӛз  ұстанымыңызды  нақты 
белгілеп алыңыз. 
2.  Мәселенің мәнін дұрыс түсініп тұрғаныңызды тексеріп 
алыңыз. 
3.  Қарсыласыңызды  мұқият  тыңдағаннан  кейін  ғана  ӛз 
кӛзқарасыңызды білдіріңіз. 
4.  Дау туғызбайтын деректер ғана күшті дәйек болатынын 
ұмытпаңыз. 
5.  Қарсыласыңызды  сендірудің  ең  жақсы  тиесілі  нақты 
дәйектеме мен мінсіз логика екенін ұмытпаңыз. 
6.  Әділ  әрі  шын  жүректен  бәстесіңіз,  қарсыласыңыздың 
ойлары мен сӛздерін бұрмаламаңыз. 
7.  Анық,  нақты,  қарапайым,  түсінікті  етіп,  басқалардың 
емес, ӛз сӛзіңізбен сӛйлеңіз. 
8.  Сіздікі  дұрыс  болмаған  жағдайда,  қарсыласыңыздың 
дұрыс екендігін мойындауға батыл болыңыз. 
9.  Ешқашан  дӛрекі  сӛйлеп,  қарсыласыңыздың  намысына 
тиетін, оны қорлайтын сӛздер айтпаңыз. 
10. Сӛзіңізді аяқтай келе, қорытынды шығарыңыз. 
 
Оқулықтағы  4-тапсырма  былай  берілген:  Ӛзіңіздің  ӛмір 
жолыңызды  таңдау  жоспарын  жасап,  сыныптастарыңызбен 
ортаға салыңыз. 
Тапсырманы  орындатуда  оқушыларға  ӛз  ойларын 
логикалық  байланыста,  бірізділікті  сақтай  отырып,  айту 

28
 
ұсынылады.  Мұғалім  балалардың  пікірінің  әртүрлі  болатынын 
есінен шығармауы тиіс.  
Тапсырманың  мақсаты  -  оқушыларға  болашақ  ӛмір  жолын 
дұрыс  таңдау,  ӛз  мүмкіндіктерін  ашудың  маңызы  мен  мәнін 
ұғындыру.  Білімнің  салтанат  құратын  кезеңінде  ӛмір  сүріп 
жатқандықтан,  алға  қойған  мақсатқа  жету  үшін  әрқайсысымыз 
ақиқат біліммен қарулануымыз тиіс екендігіне балалардың кӛздерін 
жеткізуге  жағдай  жасап,  осы  бағытта  жауап  беруге  жӛн  сілтеп 
отырғанда тапсырманың мақсаты орындалды деуге болады. 
 
Жаңа ақпарат 
Сабақтың  келесі  кезеңінде  жаңа  ақпаратпен  жұмыс 
жүргізіледі. Жаңа ақпаратты берудегі мақсат – оқушылардың сабақ 
бойы үйренгендерін түйіндеп, алған білім, біліктерін қорытындылау. 
Бұл  сабақта  Жүсіпбек  Аймауытовтың  «Неге  арналсаң,  соны  істе» 
мақаласынан алынған үзінді жаңа ақпарат ретінде берілген. 
Мұғалім  оқушылардың  назарын  автордың  «Кімде-кім  ӛзіне 
біткен  ыңғайына  қарай  ӛз  жолымен  жүріп,  қызметте  де,  ӛз 
басына,  әлеуметке  де  үлкен  пайда  келтірмек.  «Ӛз  орнындағы» 
адамның  жұмысы  да  ӛнімді,  берекелі  болмақ.  Әр  адамның  еңбегі 
қашан  жемісті  болмақ?  Әркім  «ӛз  орнында»  қызмет  істегенде. 
Олай болса, бұл – негізгі мәселе. Әр адам бір жағынан әлеуметтің 
мүшесі болып, әлеуметке пайда тигізуі қажет. 
 ...  ең  күшті  мақсат  –  бас  мақсат.  Қайткенде  әрі  жеке 
адамның, әрі әлеуметтің пайдасы бірден табылады? Қай уақытта 
әлеумет тілегі мен жеке адам тілегі тоғысады? 
Әр  адам  табиғатына  біткен  қабілетіне,  ыңғайына, 
зеректігіне  қарай  ӛз  орнында  қызмет  етсе,  сонда  табылады...» 
деген тұжырымына аудара отырып, адамның кез келген қадамында, 
жасайтын  ісінде  сол  нәрсеге  талап,  ыңғай,  қабілет  яки  зеректік 
танытып,  ӛзінің  бейімі  бар  нәрсемен  шұғылданып,  ӛзіне  де, 
әлеуметке де пайдасын келтіруі тиіс екендігін айқындай түседі. 
 
Оқып ҥйренейік 
Оқулықтағы  «Оқып  үйренейік»  айдарында  ұсынылған 
Нұртӛре  Жүсіптің  «Қыран  қазақ»  шығармасы  алдын-ала  үйде 
оқып келуге тапсырылған.  

29
 
Мұғалім  оқушылардың  мәтінді  қалай  түсінгендерін 
байқау  үшін  мәтіннің  мазмұны  бойынша  сұрақтар  қойып, 
балалармен 
әңгімелесу 
ұйымдастырады. 
Тапсырманы 
орындаудың  алдында  мұғалім  оқушыларға  автор  туралы 
қысқаша  мәлімет  беріп  ӛтеді:  Нұртӛре  Жүсіп  -  журналист, 
Қазақстан 
Республикасы 
Журналистер 
академиясының 
академигі,  «Біз  кімнен  кембіз?»,  «Қазақтың  қызы»,  «Елес  пен 
белес»  атты  публицистикалық  жинақтың;  500-ге  жуық 
мақалалардың авторы.  
Мәтін оқулықта берілген. 
 
Ойланайық, пікірлесейік  
Мұғалім  ең  алдымен  мәтін  мазмұны  бойынша 
сұрақтармен 
жұмыс 
жасайды, 
содан 
кейін 
мәтіндегі 
құндылықтар  мен  қасиеттердің  мәнін  ашатын  сұрақтар  қойып, 
талдау  жұмысын  жүргізеді.  Сұрақтар  тӛменде  берілген  үлгі 
бойынша құрастырылуы мүмкін: 
1.Мәтіндегі  «Ер  адамның  ең  басты  серігі  -  сол  тәуекел. 
Тәуекелге  екінің  бірінің  жүрегі  дауалай  бермейтіні  анық»  деген 
тұжырымды  қалай  түсінесіздер?  Саналы  тәуекелдің  адамның 
абыройымен, мақсатының орындалуымен қандай байланысы бар? 
2.Адамның  бойындағы  қандай  қасиеттері  оны  абырой 
биігіне кӛтеріп, дұрыс әрекетке жетелейді? Неліктен? 
3.Автордың  «Тоқтар  Әубәкіров  –  Жаратушы  мен 
Азаттық  аңсаған  халқының  арасын  жалғап  жібергендей 
кӛрінеді де тұрады!» деген ойын қалай жалғастырар едіңіздер? 
4.Мәтінде  Тоқтар  Әубәкіровтің  бойынан  қандай  асыл 
құндылықтарды, кісілік пен адамгершілікті байқадыңыздар? 
5.Ӛз  ӛміріңізде  мақсатқа  жету  үшін  саналылықпен 
тәуекелге  бел  буған  сәттеріңіз  болды  ма?  Мысал  келтіріп, 
әңгімелеп беріңіз. 
Жоғарыда  берілген  сұрақтар  бойынша  жұмыс  барысында 
мұғалім  берілген  мәтіннің  «Кім  кӛрінген  кесімді  сӛз  айта 
алмайды.  Адамның  ӛз  беті  болады.  Ӛз  бетінше  ӛмір  сүру,  ӛз 
бетінше  шешім  қабылдау  ер  мінез  адамның  ғана  қолынан 
келетін  шаруа.  Тоқтарға  ғарышқа  ұшу  туралы  екі  мәрте 
ұсыныс  жасалынды.  Мұның  алғашқысында  сүйікті  ісін 
тастағысы  келмегендігі  себептен  бас  тартса,  екінші  ретінде 

30
 
Президентпен  кездесуге  шақырылады.  Барған  бетте  ғарышқа 
ұшудан  бас  тартатынын  мәлімдейді.  Сонда  Нұрсұлтан 
Әбішұлы: 
–  Тоқтар,  бауырым!  –  деп  майда  қоңыр  даусымен 
бауырына тартып сӛз бастайды. – Мені дұрыс түсін, бұл ұшу 
сен  үшін,  я  болмаса  мен  үшін  қажет  емес,  біздің  қазақ  халқы 
үшін  керек.  Білесің  бе,  Байқоңырдан  осынау  отыз  жылдың 
ішінде ғарышқа кімдер ұшпады? Ал сол жердің иесі – қазақтар 
«Біздің  жерден  біздің  ғарышкер  қашан  шығады?»  деп 
армандаумен  келеді.  Ӛзіңді  туған  сол  халықтың  арманын 
орындаудан неге  бас  тартпақсың,  а?  Оның үстіне  сен  барлық 
жағынан  дайын  тұрсың...  Керек  десе,  Кеңес  Одағының 
Батырысың! – дейді. 
Аталы  сӛзге  тоқтаған  қазақ  емеспіз  бе,  Тоқтар  осы 
сӛзге  тоқтайды.  Байқоңырдағы  «Энергия»  ғылыми-ӛндірістік 
бірлестігінде  «Халқым  үшін,  қазағым  үшін  ӛліп  кетуте 
дайынмын!»  -  деген  таспаға  жазылған  сӛздер  бар»  деген 
үзіндісін оқушыларға қайталап оқытып, адамның бойындағы ізгі 
қасиеттері оның алдына қойылған мақсатына жету үшін саналы 
тәуекелге  барып,  ӛзінің  мүмкіндіктерін  ашу  жолындағы 
жанқиярлық  еңбек  етіп,  оны  абырой  биігіне  кӛтеретіндігі 
жӛнінде,  нәтижесінде  әлеумет  тілегі  мен  жеке  адамның  тілегі 
тоғысатындығы жӛнінде ӛз ойларын ортаға салуды ұсынады.  
Келесі 
сабақтағы 
«Оқып 
үйренейік» 
айдарында 
ұсынылған  Сламбек  Тәуекелдің  «Нағыз  адам  туралы»  атты 
шығармасы алдын-ала үйге тапсырма ретінде беріледі. 
 
Шығармашылық жҧмыс 
Оқушылардың  алған  білімдерін  бекіту  мақсатында 
шығармашылық  іс-әрекет  арқылы  бірнеше  тапсырма  орындау 
кӛзделген.  Тақырып  бойынша  екінші  сабақтағы  5-тапсырмаға 
сәйкес  білім  алушылар  берілген  сұхбатты
 
оқып,  сұрақтарға 
жауап беру арқылы ӛз шешімдері мен ой-тұжырымдарын айтуы 
қажет.  
Топ болып орындауға арналған бұл тапсырманың мақсаты 
–  сабақта  оқып  үйренген  адамдық  борыш,  бейімділік,  адамның 
ойы,  сӛзі  мен  ісінің  бірлігінің  маңызы  туралы  білімдерін  одан 
әрі  тереңдету.  Дұрыс  әрекеттің  адами  құндылық  ретіндегі  мәні 

31
 
мен  маңызын  ұғындыру.  Дұрыс  әрекет  –  Ақиқатты  ұстанудан 
шығатын әрекет. Ол жүректе туады, содан кейін сӛз түріне еніп, 
істе  қолданылады.  Егер  дұрыс  әрекет  адам  ӛмірінде  орын 
алмаса,  әлем  түсінбеушілікке  кез  болады  да,  ӛзара  қарым-
қатынастарда үйлеспеушілік туындайды.  
 
6-тапсырмада 
былай  делінген:  Ғарышкер  Тоқтар 
Әубәкіровтің  студенттермен  болған  кездесуде  айтқан  сӛздерін 
оқып  шығып,  ӛзіңіздің  мүмкіндіктеріңіз  бен  шынайы 
борышыңызды қалай түсінетініңізді ортаға салыңыз. 
 
Оқулықтағы  келесі  7-тапсырманың  шарты  бойынша 
ӛтілген  материалды  бекіту  мақсатында  оқушыларға  ӛтілген 
тақырыпқа  байланысты  сӛздерді  еске  түсіріп,  «Ӛмір  жолын 
таңдау» атты сӛзжұмбақты шешу тапсырылады. 
Сӛзжұмбақтың жауабы:  
 Кӛлденеңінен: 4 – сынақшы; 6 – бағдарлама; 8 – тәуекел; 
10 –батыр; 11-тәуелсіздік; 12 – кеңістік. Тігінен: 1 – мақсат; 2 
– арман; 3- мүдде; 5 –жүректілік; 7–мәртебе; 9– ғарыш.     
 
8-тапсырмаға сәйкес оқушылар Тоқтар Әубәкіров туралы 
түсірілген «Биіктерді бағындырған» атты деректі фильмді кӛріп, 
«Адамның  еркі,  тек  қана  берік  адамның  еркі  –  ғаламат  күш» 
тақырыбында  эссе  жазады  («Ozin-ozi-tanu.kz»  интернет-
порталы).  
 
Жаңа ақпарат 
Білім  алушылардың  «Ӛмір  жолын  таңдау»  тақырыбы 
бойынша  ӛткен  сабақ  бойы  үйренгендерін  қорытындылау 
мақсатында оқулықта тӛмендегідей ақпарат берілген.  
Әрбiр  адам  ӛзiнiң  ӛмiр  жолын  табуға  талпынады, 
кӛпшiлiгi  зор  жетiстiкке  жетудi  армандайды.  Бiрақ  барлығы 
бiрдей  ойлағанына  жете  алмайды.  Бұл  нелiктен?  Себеп 
түрлiше. 
Кӛптеген 
адамдар 
қиындыққа 
кездескенде 
үмiтсiздiкке салынады, ӛмiрлiк жоспарынан оңай бас тартып, 
мүмкiндiктерiм  сарқылды  деп  ойлайды.  Ондай  адамдар 
ӛздерiнiң дене және рухани күштерiн жете бағаламайды. 

32
 
Адам  ӛз  мүмкiндiктерiн  жетiлдiрiп  қана  қоймай,  оны 
байыта түсу керек екендiгiн де әрдайым есте ұстағаны абзал. 
Әр  адам  ӛзiмен  жұмыс  iстеудi  неғұрлым  ерте  бастаса, 
соғұрлым  iрi жетiстiкке  жетедi,  себебi  адамның  жас  кезiнде 
икемдiлiгi,  яғни  ӛзгерiске  және  дамуға  қабiлеттiлiгi  жоғары 
болып келедi.  
Кейбiр  адамдардың  белгiлi  бiр  қызметтегi,  ғылым  мен 
ӛнер  саласындағы  таланттары  мен  қабiлеттерi  кемел  шақта 
да  ашылып,  дамуы  мүмкiн.  Сол  себептi  де  ӛз  бетiнше  әрекет 
етiп, жетiстiкке жете бiлу еш уақытта да кеш болмайды.  
Дегенмен  толық  жеңiс  үшiн  бiлiм  мен  тiлек 
жеткiлiксiздеу, ӛйткенi бiлiм алуда, қайсар мiнез бен барынша 
дамыған ерiк жоқ болса, тiлек орындалмаған арман, қалықтап 
жүрген  қиял  боп  қала  бередi.  Ештеңе  де  ӛзінен-ӛзі,  ерік-
жігерсіз, құрбандық пен еңбексіз келмейді. Адам еркі, тек қана 
берік  адамның  еркі  –  ғаламат  күш.  Ақыл  еріктің  жолын 
жарықтандырады,  ал  ерік  дұрыс  әрекетке  әмірін  жүргізеді. 
Осы айтылғандардың бәрі адамның болмысын, мүмкіндіктерін 
барынша  пайдалану  оның  ӛмірде  жеке  тұлға  болып 
қалыптасуына,  ӛз  болашағына  дұрыс  таңдау  жасап,  ӛмірдегі 
дұрыс әрекеттеріне ықпал ететіндігін кӛрсетеді. 
Жаңа  ақпаратпен  жұмыс  барысында  сабақ  бойы  ӛткен 
материалдарды 
жинақтап, 
жүйелеп, 
тиянақтау 
жүзеге 
асырылады.  
 
Жҥректен жҥрекке 
Бұл бӛлім топта ән айтуға арналған. Мұғалім оқушыларға 
ақын 
Арман 
Дүйсенбінің 
сӛзіне 
жазылған 
Ұлықпан 
Жолдасовтың  «Арман  жолдар»  әнін  топта  айтуды  ұсынады. 
Адамның арманы мен мұраттарына жетелейтін жолда, ӛзінің сан 
алуан сұрақтарына жауап алатын жолда, ӛмір сырын алғаш рет 
үйреткен  жолында  адаспай,  ӛмірге  сүйіспеншілікпен  қарап, 
дұрыс  әрекет  жасау  –  әрбір  адамның,  жас  ұланның  мақсаты 
болуы  керек.  Әннің  мәтіні  тақтада  жазылып,  әуені  үнтаспадан 
қойылады.  Оқушылар  мұғаліммен  бірге  үнтаспаға  ілесіп,  әнді 
бірге айтады. Ән мәтіні оқулықта берілген.  
 
 

33
 
3-4 сабақтар 
МАҒЫНАЛЫ ӚМІР 
 
Бұл  сабақта  балалардың  жалпыадамзаттық  құндылықтар 
арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерінің ӛмірде кӛрініс алуы, 
осы  қасиеттерінің  жақсылыққа,  бақытқа  жол  ашатын  ӛз 
бойындағы  мүмкіндіктерін  ӛмір  бойы  дамыта  алатындығы, 
сондай-ақ ӛмірдің мәні жӛніндегі түсініктері қалыптасады.  
Сабақтың  мақсаты:  адам  ӛмірінің  мәні  жӛніндегі 
оқушылардың түсініктерін кеңейту.  
Сабақтың міндеттері:  
–  адам ӛмірінің мәні – айналасын қуанышқа бӛлеп, риясыз 
жақсылық жасауда екендігін түсіндіру; 
–  оқушылардың 
ӛз 
мүмкіндіктерін 
ашуға 
деген 
қажеттіліктерін  дамытып,  рухани-адамгершілік  қасиеттерінің 
кӛрінуіне жағдай жасау; 
– еңбекқорлық,  адалдық,  мақсаттылық,  жауапкершілік 
қасиеттерін дамыту;  
–  балалардың  ӛз  күшіне  деген  сенімін  және  адамдарға 
қалтқысыз қызмет ету қажеттілігін тәрбиелеу. 
 
Дәйексӛз 
Орыс  әдебиетінің  әлемге  аты  шыққан  жазушысы, 
ағартушы, публицист Лев Толстойдың «Неге біз алға, үнемі алға 
ұмтыламыз? Ӛйткені ӛмірдің мәні – тек жаңалық ашу ғой» деген 
қанатты  сӛздері  екі  сабаққа  ортақ  дәйексӛз  болып  табылады. 
Дәйексӛзді  кезекпен  оқып  шыққан  балалар  оның  мағынасын 
қалай  түсініп,  қабылдағаны  жӛнінде  ойларын  айтады.  Мұғалім 
шәкірттердің  ой-пікірін  тыңдап  болған  соң,  адам  ӛмірінің  мәні 
ӛзгелерге қуаныш сыйлау, жриясыз жақсылық жасау екендігіне, 
бұл  мақсатқа  қол  жеткізу  үшін  оның  білімі,  ынта-жігері  мен 
мінезінің алатын орнына тоқталып, ӛзінің мүмкіндіктерін ашуда 
ӛзін-ӛзі  танудың  қаншалықты  маңызды  екендігі  жӛнінде 
қорытынды жасайды. 
 
Оқып ҥйренейік 
Оқулықтағы  «Оқып  үйренейік»  айдарында  Сламбек 
Тәуекелдің  «Нағыз  адам  туралы»  атты  шығармасы  алдын-ала 

34
 
үйге  тапсырма  ретінде  оқуға  берілген.  Мәтінмен  жұмыс 
барысында  мұғалім  балалардың  назарын  ӛмірге  келген  әрбір 
адамның  белгілі  бір  ӛнерге,  қызметке  икемдігі,  қабілеті 
болатындығына,  оның  бойдағы  бар  мүмкіндігін  ашу  арқылы 
ӛмірдегі  ӛз  орнын  тауып,  мәнді  ӛмір  сүре  алатындығына 
аударуы тиіс. Мәтін оқулықта берілген. 
 
Ойланайық, пікірлесейік 
Әңгіменің  мақсаты  –  адамның  мүмкіндіктері,  қабілеті 
жӛніндегі  оқушылардың  білімін  іс  жүзінде  белсенді  қолданып, 
жаңа  оқу  материалын  игеруге  даярлау.  Мұғалім  оқушылардан 
мәтін  мазмұны  бойынша  сұрақтарға  жауап  алған  соң,  ондағы 
құндылықтар  мен  қасиеттердің  мәнін  ашатын  сұрақтарды 
қойып, әңгіме ӛрбітеді.  
1.  «Мақсаттар, 
армандар,  жоспарлар,  ӛзін  ӛнер 
тіршіліктері  мен  ағымдарынан  басқа  жерде  елестету  мүмкін 
емес… Не істеу керек? Тек ішіп жеу мен тыныстану үшін ӛмір 
сүрем  бе?  Жоқ!  Бұл  мен  үшін  емес!  Мені  ат  үстінен  аударып 
түсіру  мүмкін  емес!..»  деген  сӛздер  актердің  қандай  асыл 
қасиеттеріне дәлел болады деп ойлайсыздар? 
2.  Қиын  тағдырлы  актерді  қызмет  істеп,  әлеуметке 
пайда  келтіруіне  оның  бойындағы  қандай  құндылықтары  мен 
қасиеттері  жетеледі?  Оның  ӛмірінің  мәні  неде  болды  деп 
санайсыздар? 
3.  Актердің  ұлы  Ілиястың  әкесіне  деген  сүйіспеншілігі 
оның  қандай  әрекетінен  кӛрініс  табады?  Нақты  мысал 
келтіріп айтыңыз. 
4.  Айналаңызда 
ӛз  мүмкіндіктері  мен  қабілетінің 
арқасында  биік  нәтижелерге  қол  жеткізіп,  мағыналы  ӛмір 
сүрген адамдарды білесіз бе? Мысал келтіріп, әңгімелеп беріңіз. 
5.  Ӛзіңіз 
ӛмірдің  мәнін  ұғыну  жолыңда  қандай 
адамгершілік ұстанымдарды басшылыққа аласыз? Неліктен? 
 
Мәтінмен  жұмыс  барысында  мұғалім  балаларды  жан-жақты 
ӛнер  иесі,  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері,  кинорежиссер 
Сламбек  Тәуекел  туралы  қысқаша  ақпаратпен  таныстырады. 
Сламбек  Тәуекел    «Шұғыла»  мультипликациялық  фильмі 
сценарийінің; 200-ге жуық мақала мен жарияланымның авторы. Ол 

35
 
сонымен  қатар 
«Батыр  Баян», 
«Махамбет», 
«Атажұрт» 
кинофильмдерінің  қоюшы-режиссері;  «Армысың,  Наурыз!», 
«Жоғалған ӛлке», «Киіз үй гимні», «Наурыз», «Асанәлі», «Бір бала» 
және тағы басқа деректі фильмдердің режиссері. 
Сұрақтар  бойынша  оқушылардың  жауабын  қорытындылай 
келе,  мұғалім  адамның  бойындағы  ерік  күшін,  қабілеті  мен 
мүмкіндіктерін ӛмір бойы дамыту арқылы мағыналы да мәнді ӛмір 
сүріп, ӛзін жетілдіріп, кемелдене алады деген тұжырым жасайды. 
Мұғалім  үй  тапсырмасы  ретінде  2-сабақтағы  Жұлдыз 
Әбділданың 
атақты 
математик, 
академик 
Асқар 
Жұмаділдаевпен  болған  «Артыма  қараған  уақытта  екі  нәрсеге 
қуанам» атты сұхбатын алдын-ала үйде оқып келуге тапсырады.  
 
Шығармашылық жҧмыс 
Бұл айдарда берілген тапсырмаларды орындау барысында 
әр оқушы сабақта түсінгендерін кеңейтіп, бекітеді. Олар игерген 
білім-біліктерін жинақтап, талдауға дағдыланады. Осылайша, әр 
оқушы  ӛз  бойларындағы  рухани-адамгершілік  қасиеттерді  іс 
жүзінде кӛрсетуіне мүмкіндік алады. 
Оқулықта  1-тапсырма  былай  берілген:  Елбасының 
Әлемдік және дәстүрлі дін кӛшбасшыларының съезі қарсаңында 
қойылған  «Ӛмірдің  мәні  неде?»  деген  сұраққа  берген  жауабын 
оқып  шығыңыздар.  Бұл  сұраққа  ӛздеріңіз  қалай  жауап  берер 
едіңіздер? 
Оқушылар  Елбасының  «...  Ӛмірдің  мәні  -  жақсы  ӛмір 
сүру,  жақындарыңды,  достарыңды,  Отаныңды  жақсы  кӛру! 
Балалардың  болашағы  үшін  жағдай  жасау!»    деген  сӛздерінің 
дәлелі  ретінде  ӛздерінің  күнделікті  тұрмысы,  оқуы  мен 
демалысы жӛнінде нақты мысалдар келтіріп, әңгімелейді. 
 
2-тапсырма  бойынша  оқушыларға  мәтінді  оқып  шығып, 
адамның ӛзін-ӛзі тануы, ӛмірдің мәні туралы ӛз тұжырымдарын 
жасау  қажет.  Ӛмірмен  байланысты  мысалдар  келтіріп,  кестені 
дәптерге толтыру тапсырылады. 
3-тапсырмада  білім  алушыларға  «Ӛмірдің  мәні  неде?  Не 
үшін  ӛмір  сүремін?»  тақырыбына  эссе  жазып,  мазмұнына 
байланысты сурет салу ұсынылады. 
 

36
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет