Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «БӚбек» Ҧлттық Ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығЫ



Pdf көрінісі
бет6/14
Дата01.11.2019
өлшемі1,47 Mb.
#50972
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Озін-озі тану 9 кл адістемелік курал


 
 

57
 
II ТАРАУ 
АДАМ БОЛАМ ДЕСЕҢІЗ... 
 
9-10 сабақтар 
АДАМНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІ 
 
Бұл сабақ оқушылардың адамның адамгершілік қасиеттері 
туралы  түсініктерін  кеңейту,  жеке  тұлғаның  мәдениеті, 
қарапайымдылығы  –  адамның  рухани  мәдениетінің  кӛрінісі 
екендігін  ұғынып,  бойындағы  құндылықтар  мен  қасиеттерді 
жарыққа  шығару  арқылы  ӛзге  адамдармен  сыйластық  орната 
білуіне кӛмектесуге арналған.  
Сабақтың  мақсаты:  адамның  адамгершілік  қасиеттері 
жӛніндегі  оқушылардың  түсініктерін  кеңейту;  ӛзгелермен 
үндесудің  маңыздылығын  түсіндіре  отырып,  дұрыс  әрекет 
құндылығының мәнін ашу.  
Сабақтың міндеттері:  
–  оқушылардың  ӛзгелермен  адамгершілік  қарым-қатынаста 
болуының маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту; 
– оқушыларға ӛзгелермен қарым-қатынас мәдениетін үйрету; 
–  оқушыларды  қарапайымдылыққа,  сыйластыққа,  адалдыққа, 
достыққа тәрбиелеу. 
 
Дәйексӛз 
Ұлы Абайдың оқулықта берілген «Адамның адамшылығы 
ақыл,  ғылым,  жақсы  ата,  жақсы  ана,  жақсы  құрбы,  жақсы 
ұстаздан болады» деген ұлағатты сӛзі екі сабаққа ортақ дәйексӛз 
болып  табылады. Дәйексӛзді  мұғалім  ӛзі  оқып бергеннен кейін 
балалар  дауыстап  оқып,  қайталайды.  Дәйексӛздің  мағынасын 
ашу  үшін  мұғалім  бірнеше  жетекші  сұрақтар  қоюына  болады. 
Білім 
алушылар 
«адамшылық» 
деген 
ұғымды 
қалай 
түсінетіндері  жӛнінде  ӛз  ойларын  ортаға  салып,  талқылайды. 
Оқушылардың жауабын тыңдап, бір-бірімен пікір алмасқан соң, 
мұғалім ӛзі қорытынды жасайды.  
 
Оқып ҥйренейік 
Оқулықтың 
осы 
айдарында 
ұсынылған 
Бейбіт 
Қойшыбаевтың  «Менің  досым»  әңгімесі  алдын  ала  үйде  оқып 

58
 
келуге берілген. Мәтінде Қайыржан деген баланың әжесі мен ол 
кісінің аңыз, әңгімелерін тыңдаудан жалықпайтын Кӛбей деген 
бала,  сонымен  қатар  сыныптас  досы,  техникаға  жаны  құмар 
Руслан деген баланың іс-әрекеті баяндалады. Қайыржанның «... 
робот адамгершілік сабағына мұқтаж емес... Қажет нәрсенің бәрі 
бағдарламаланған...»  деген  ойы  әңгіменің  басты  арқауы  болып 
тұрғанына  оқушылардың  назарын  аудару  қажет.  Әңгімені 
талқылау  барысында  мұғалім  ӛзгелермен  сыйластық  және 
үйлесімділікпен  ӛмір  сүрудегі  адмгершілік  қасиеттердің,  жеке 
тұлғаның  мәдениетінің  қаншалықты  қымбат  екендігіне  ерекше 
атап ӛтуі тиіс. Мәтін оқулықта берілген. 
Ескерту:  мұғалім  сабаққа  басқа  дереккӛздерден  сабақтың 
құндылығы  мен  қасиеттеріне  сәйкес  әңгімелеу  немесе  оқиға 
айту  материалын  әзірлеп  келеді.  Ӛсиет  әңгіме,  аңыз,  ертегі, 
оқиға, мысал әңгіме ретіндегі оқу материалдарын таңдау кезінде 
мұғалім  оның  мазмұнының  сабақ  тақырыбына,  мақсат-
міндеттеріне  сәйкес  рухани  тереңдігін  ашатын  ерекшелігіне 
назар аударуы тиіс. 
  
Ойланайық, пікірлесейік 
Мұғалім  мәтіннің  мазмұнын  оқушылардың  қаншалықты 
түсінгендіктерін  білу  үшін  жетекші  сұрақтар  қойып,  бірге 
талқылайды. Сонымен қатар, тӛменде берілген оқулықтағы мәтіннің 
рухани-адамгершілік  тереңдігін  ашуға  арналған  сұрақтарды  қою 
арқылы  оқушыларды  сабақтың  мақсат-міндеттерінде  қойылған 
құндылық пен қасиеттерді ұғынуға жетелейді.  
1.  Әженің  әңгімелері  адамды  қандай  әрекеттерге 
жетелейді  деп  ойлайсыздар?  Олардан  жалпыадамзаттық 
қандай құндылықтарды байқауға болады? 
2.  «Ол  Русланды  аяйтын  кӛрінеді.  Естимісіз,  аяйды!  Ал, 
ендеше! Руслан мұны шыбын құрлы кӛрмейді, ал ол... Күлемісіз, 
күлмеймісіз?!»  деген  жолдардан  Кӛбей  мен  Русланның  қандай 
қасиеттерін кӛресіздер? 
3.  Әңгіме  кейіпкерінің  «...  робот  адамгершілік  сабағына 
мұқтаж  емес...  Қажет  нәрсенің  бәрі  бағдарламаланған...» 
деген ойын тарқатып түсіндіріп беріңіздер. 
4.  Әженің  аңыздарын  қайта  оқып  шығуға  Кӛбейде 
қандай қажеттілік болды деп санайсыздар? 

59
 
5.  Адам  бойындағы  қандай  қасиеттер  оның  жеке  басын 
сыйлы етеді? Неліктен? 
6.  Адамның  ӛзін  және  ӛзгелерді  сыйлауының  мәні  неде 
деп ойлайсыз? 
7.  Ӛзіңіз  кӛпшілік  алдында  қандай  қасиеттеріңізбен 
сыйлы  болып  жүрсіз?  Қандай  қасиеттеріңізден  арылғыңыз 
келеді? Әңгімелеп беріңіз. 
 
Тақырыптың екінші сабағына арналып оқулықта берілген 
ғалым,  жазушы  Ӛтеген  Күмісбаевтың  «Ұлы  ұстаздың  соңғы 
лекциясы» әңгімесі оқушыларға үйде оқып келуге ұсынылады.  
 
Шығармашылық жҧмыс 
Оқулықтағы  ұсынылған  шығармашылық  тапсырмалар 
оқушылардың сабақтан алған білім-біліктерін іс жүзіне асыруға 
арналған. 
Тапсырмаларды 
орындау 
оқушыларды 
шығармашылық  істерге,  ізденістерге  баулиды.  Оқушылар 
берілген  тапсырмаларды  орындай  отырып,  тақырып  бойынша 
түсініктерін  кеңейтеді.  Осылайша,  ӛз  бойындағы  құндылықтар 
мен  адами  қасиеттерді  іс  жүзінде  кӛрсете  алуға  мүмкіндік 
алады. 
1-тапсырма  бойынша  берілген  қанатты  сӛздерді  мұқият 
оқып  шығып,  ой-пікірлерін  ортаға  салу  қажет.  Ӛзіңіз  үшін 
қандай қасиеттерді иемденгіңіз келеді? Неліктен? 
• Конфуций:  «Адамгершіл  кісіде  мына  бес  қасиет  болуы 
керек: кісіге шын құрмет, кеңпейілділік, шыншылдық, зеректік, 
мейірбандық. 
Біріншісі – жарамсақтануға жол бермейді
Екіншісі – барлығын бағындырады; 
Үшіншісі – адамдардың кӛңіліне сенім ұялатады
Тӛртіншісі – жеңіске жетуге мүмкіндік береді; 
Бесіншісі – адамдарды басқаруға мүмкіндік туғызады».      
• Ахмет Иасауи: «Адамға ащы татпай тәтті қайда? 
Тер тӛгіп тапқан абзал адал пайда. 
Әркімді жаратпаған тәңір жайға 
Ӛлшемі адамшылық, туралықта!»                  
 М.  Пришвин:  «Асқан  ұлы  бақыт  –  ӛзін ерекше санамай, 
барлық адамдар сияқты болу».                       

60
 
 Т.  Фонтане:  «Қарапайымдылық  –  ең  тәуір  нәрсе  ғана 
емес, сонымен бірге ең ізгі нәрсе де».                       
 
2-тапсырмада оқушыларға кестеде берілген ұғымдар мен 
олардың  анықтамаларын  салыстырып,  әрбір  ұғымның  ӛзіне 
сәйкес келетін анықтамасын табу тапсырылады. 
Дұрыс  жауаптар:  1.  Адалдық  –  адамның  таза  ниеті, 
имандылық  қасиеті.  2.  Парасаттылық  –  адамға  тән 
байыптылық, байсалдылық. 3. Тәлімді – үлгілі, ӛнегелі, тәрбиелі. 
4.  Қайырымдылық  –  мейірімділік,  қайырымы  молдық.  5. 
Кеңпейіл – барын аямайтын, молшылықты ұнатушы. 
Бұл  тапсырманы  орындатудағы  мақсат  –  балалардың 
анықтамалық  әдебиетпен  жұмыс  істеп,  ізденгіштік  қабілетін 
одан әрі дамыту. 
 
3-тапсырманың  шарты  бойынша  «Қарапайымдылық 
дегеніміз  –  ӛзінің  адамдық  қадір-қасиетін  түсіну»  (П.  Буаст) 
деген  қанатты  сӛзді  «кӛзқарас  –  себеп  –  мысал  – 
қорытындылау» әдісімен талқылап, мәнін түсіндіру ұсынылады. 
Тапсырма  жазбаша  әрі  жеке  орындалады.  Соңында  сыныппен 
талқыланып,  түйінделеді.  Тапсырма  тӛмендегі  бірізділікпен 
орындалады. 
Кӛзқарас. Оқушы ӛз кӛзқарасын айтады. 
Себеп.  Оқушы  ӛзінің  бұлай  ойлауының  себебін 
түсіндіреді. 
Мысал. Оқушы ӛмірден мысал келтіреді. 
Қорытындылау. Оқушы ӛз дәлелін айғақтап, қорытады. 
Мұғалім  оқушылардың  пікірлерінің  алуандығын  ескере 
отырып,  барлық  жауаптарды  талдап,  ӛзі  қорытынды  жасауы 
тиіс. 
4-тапсырма  бойынша  оқушыларға  берілген  жағдаятпен 
танысып  шығып,  сұрақтарға  жауап  беру  ұсынылады.  Сонымен 
бірге  оқушыларға  ӛз  ой-тұжырымдарын  «Менің  құрдастарым» 
жобасының күнделігіне толтырып жазу тапсырылады. 
Бұл  тапсырманы  орындау  арқылы  оқушылар  күнделікті 
ӛмірде  кездесетін  ұқсас  жағдаяттарды  адамгершілік  таңдау 
арқылы шеше білуге үйренеді. 
 

61
 
Елдос  жаңа  физика-математика  мектебінің  10  сынып 
оқушысы  болып  осы  жаңа  оқу  жылын  бастады.  Жаңа 
сыныптастарымен  жақсы  тіл  табысты,  қарым-қатынас  құрды. 
Бірақ,  бұл  кӛпке  ұзамады,  бір-екі  айдан  соң,  Елдостың  қасына 
барып сырласатын достары жоққа жуық болғаны кӛзге түсті. Бір 
күні  физика  сабағында  бір  теорияның  мән-мағынасы  жайлы 
Елдостың  мінсіз  жауабынан  соң,  мұғалім  оған  бұл  тақырып 
бойынша  ғылыми  жоба  дайындауға  ұсыныс жасады.  Елдос  бас 
тартты.  Бұл  жауап  мұғалімді  таңғалдырған  жоқ,  себебі 
қорытынды  бақылауға  кӛп  уақыт  қалмаған  еді,  мүмкін  оның 
ұсынысы  баланың  жоспарларын  бұзатын  шығар.  Бірақ  ӛз 
шешімін жұмсарту үшін, Елдос ұсыныс жасады:  
«Бұл  жобаның  қажеті,  пайдасы  қандай?  Сіз  менің 
қабілеттерімді  кӛрдіңіз  –  сол  жеткілікті,  ал  мыналар  үшін,  (ол 
сыныпқа  қарай  қолын  сермеп),  қажеті  шамалы,  олар  ондай 
ақылды теорияны түсінбейді» – деп, менсінбеушілік танытты.  
 
1.  Бұл  жағдаяттан  сіз  Елдостың  қандай  қасиеттері 
жайлы  мәлімет  алдыңыз?  Оның  сыныптастарымен  қарым-
қатынасы қандай деп ойлайсыз? 
2.  Елдостың  ӛзіне-ӛзіне  баға  беруі  жайлы  не  айтасыз? 
Оның 
бойындағы 
бұл 
қандай 
қасиет? 
Ӛз 
сыныптастарыңыздың арасында осындай балалар бар ма? 
3. Сіз ӛз ӛміріңізде осындай оқиғаның куәсі болдыңыз ба? 
Тұлғаның  адамгершілік  қасиеттерін  дамыту  үшін  осы  мінез-
құлық моделі неліктен қауіпті? 
4.  Сіз  ӛз  сыныптастарыңыздың  болашағын  қалай 
елестетесіз? 
 
Жаңа ақпарат 
Оқулықта  берілген  жаңа  ақпарат  оқушылардың  тақырып 
бойынша  білімдерін  бекітеді.  Оқушылар  жаңа  ақпаратпен 
таныса  отырып,  ӛзгелермен  үндесудің  маңыздылығы  туралы 
білімдерін тереңдете түседі. 
Адамдар  арасындағы  қарым-қатынас  сыйластыққа 
негізделсе,  жан-жағына  жылуын  шашады.  Адам  –  ең  әуелі 
адамгершілігімен,  әдебімен  кӛрікті.  Қазақ  халқының  салтында 
сыйластық  ұғымы  әдептіліктің  бір  үлгісі  болып  табылады. 

62
 
Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет кӛрсету – адамның ең 
қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де 
ӛз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен 
мен  кіші  арасында  жарасымды  қарым-қатынас  орнаған.  Ол 
әдетке айналып, әдептілік ережелерін тудырған.  
Адам 
мәдениеті 
жоғары 
болған 
сайын 
оның 
айналасындағы  адамдармен  қарым-қатынасы  сыпайы  бола 
түседі.  Адамның  ізгі  бейнесі  ұлы  ғұламалар  еңбектерінде 
ертеден-ақ  орын  алып,  ӛзіндік  ұлттық  сипатын  айқындайды. 
Нақтылап айтар болсақ, ізгі әрекеттердің психологиялық негізі 
ұлы  ғұлама  әл-Фарабидің  «Мемлекеттік  қайраткерлердің 
нақыл  сӛздері»  деген  еңбегінде  былай  беріледі:  «Дене  сияқты 
жанда да ӛзіне тән денсаулығы және науқасы болады. Жанның 
саулығы сол, оның ӛзінің және оның бӛлшектерінің жәйі жақсы 
болуының әсерінен әрдайым ізгі қылықтар кӛрсетіледі, игілікті 
істер  кӛрсетіледі  және  тамаша  әрекеттер  жасалады.  Ал 
жанның  науқастығы  сол,  оның  ӛзінің  және  бӛлшектерінің 
жайы  нашар  халде  болуының  әсерінен  әрдайым  жаман 
қылықтар  кӛрсетіледі,  азғындық  істер  істеледі  және  сорақы 
әрекеттер  жасалады»,  –  деп  сипатталады.  Мұнда  әл-
Фарабидің  адамның  ізгі  әрекеттері  де,  қатыгездік  әрекеті  де 
сыртқы  әсерлер  жиынтығынан  пайда  болған  тәрбиенің 
нәтижесі  екендігін  психологиялық  тұрғыда  түсіндіретінін 
аңғару қиын емес. 
Сондай-ақ, XI ғасырда жазылған педагогикалық мәні бар 
«Кабуснама» кітабында да адамның адамдығын білдіретін үш 
сипат  былай  беріледі:  «Адамның  адамдық  сипатын  білдіретін 
үш  нәрсе  бар.  Бұл  үшеуінің  бірі  -  ақыл,  екіншісі  –  туралық, 
үшіншісі 
– 
жомарттық, 
адамгершілік 
қасиеттер». 
Жомарттық жолына түспек болсаң: «Кӛзіңді жаман қараудан, 
қолыңды жаман істен, тіліңді жаман сӛзден сақта», - дейді. 
 
Оқып ҥйренейік 
Оқулықта  берілген  ғалым,  жазушы  Ӛтеген  Күмісбаевтың 
«Ұлы  ұстаздың  соңғы  лекциясы»  әңгімесі  оқушыларға  үйде 
оқуға  ұсынылған  болатын.  Әңгіме  желісінде  оқуға  жаңа  ғана 
түскен  студенттердің  ӛмірінде  олардың  ұстазы  Мұхтар 
Әуезовтің  қандай  орын  алғандығы  туралы  баяндалады. 

63
 
Автордың  «Алатаудың  ақ  шыңындай  алдымыздан  қозғалған 
алыпқа  аңырап  қараймыз  да,  кӛлден  кӛтеріле  ұшқан  құстардай 
дүр  ете  қаламыз.  Әлдеқандай  бір  қанат  бітіп,  сұлулық  сырына 
шомылып шыққандай шабыттанып кетеміз» деген жолдарынан-
ақ  ұстаздың  қарапайымдылығы  мен  жеке  басының  мәдениетін, 
ол  кісінің  бекзаттылығын  кӛз  алдымызға  елестетеміз.  Автор 
жӛнінде  қысқаша  мағлұмат  беріп  кеткен  де  орынды:  Ӛтеген 
Күмісбаев  (1939-2016)    белгілі  шығыстанушы  ғалым, 
профессор,  ақын,  10-нан  астам  ӛлең,  әңгіме,  повесть,  ғылыми 
кітаптары жарық кӛрді. 
Мұғалім  оқушылармен  мәтін  мазмұнын  талқылау  кезінде 
олардың  назарын  әңгіме  кейіпкерінің  әрекеттерінен  қандай 
ӛмірлік сабақ алуға болатындығына аударуы тиіс.  
 
Ойланайық, пікірлесейік 
Мұғалім 
оқушылардың 
мәтін 
мазмұнын 
қалай 
түсінгендігін білу мақсатында мазмұн бойынша сұрақтар қойып, 
әңгімелесу жүргізеді. Содан кейін, оқулықта берілген сабақтың 
рухани-адамгершілік  тереңдігін  ашатын  сұрақтарды  қою 
арқылы оқушылармен пікірлесіп, бірге талдайды. 
1.Мұхтар  Әуезовтің  рухани  ӛзін-ӛзі  жетілдіруінің  мәнін 
қалай түсіндіресіздер? 
2.Ұлы  ұстаздың  ӛмірінде  риясыз  сүйіспеншілік  қалай 
кӛрініс табады?  
3.Кемелденген,  толық  адам,  ақылды,  парасатты  деп 
қандай адамдарды атайды? Мұндай тұлғаның бойынан қандай 
қасиеттерді атап ӛтесіздер?  
4.Қарым-қатынастағы  ӛзара  сыйластық,  түсінушілік 
адам бойындағы қандай құндылықтардың кӛрінісі? 
5.Ӛмірде  адамның  шынайы  адамдық  табиғаты  қалай 
кӛрінеді? 
6.Автордың ӛзін және ӛзгені тануы мен бағалауы арқылы 
қандай құндылықтарды байқадыңыздар? 
7.Автордың  «...  бірегей,  бітімді  бәйтерек  қашанда 
халықпен  бірге  жасайды»  деген  тұжырымына  қатысты  ӛз 
ойыңызды ортаға салыңыз. 
8.Ӛзіне  сенімнің,  риясыз  сүйіспеншіліктің  күнделікті 
ӛмірдегі кӛріністерінен нақты мысалдар келтіре аласыз ба? 

64
 
Келесі  сабақтағы  оқулықта  берілген  Әли  Ысқабайдың 
«Шанханайдың  шынары»  әңгімесі  оқушыларға  үйде  оқып 
келуге ұсынылады. 
 
Шығармашылық жҧмыс 
Оқулықтағы  ұсынылған  шығармашылық  тапсырмалар 
оқушылардың  сабақтан  алған  білім-біліктерін  іс  жүзіне  асыруға 
арналған.  Тапсырмаларды  орындау  оқушыларды  шығармашылық 
істерге,  ізденістерге  баулиды.  Оқушылар  берілген  тапсырмаларды 
орындай  отырып,  тақырып  бойынша  түсініктерін  кеңейтеді. 
Осылайша,  ӛз  бойындағы  құндылықтар  мен  адами  қасиеттерді  іс 
жүзінде кӛрсете алуға мүмкіндік алады. 
 
5-тапсырманың  шарты  мынадай:  Сӛздер  шоғырын 
мұқият  қарап  шығыңыздар.  Оларды  мағынасына  қарай  орнын 
тауып  қойсаңыздар,  заманымыздың  заңғар  жазушысы  Мұхтар 
Әуезов туралы екі сӛйлем оқуға болады. Бұл қандай сӛйлемдер? 
Айтылған 
ойды 
одан 
әрі 
ӛрбітіп, 
бүгінгі 
ӛмірмен 
байланыстырыңыздар.  
Жауабы:  Мұқаң  бүкіл  адамзатқа  ортақ  орасан  зор  тұлға, 
жапырағын  жайып  тұрған  ӛркенді  бәйтерек  қой.  Ал  бірегей, 
бітімді бәйтерек қашанда халықпен бірге жасайды. 
Тапсырманың  мақсаты  –  оқушылардың  байқағыштық, 
есте  сақтау  қасиеттерін  одан  әрі  дамыту.  Берілген  сӛздер 
арқылы оқушылар ӛздерінің басқа да сӛйлемдерін құрай алады. 
6-тапсырмада  мақалдарды  аяқтап,  оларды  біріктіретін 
идеяны табу қажет. 
 Адамның ұяты бетіндеадамгершілігі ниетінде.  
• Қайырымдылық жасасаң, қайырын ӛзің кӛресің. 
• Адамгершілік болмай, әділдік болмас. 
• Айырылмастай досыңа, қайырылмастай сӛз айтпа. 
• Ӛзіңді ӛзің сыйламасаң, ӛзгеден сый дәметпе. 
• «Сіз» деген – әдеп, «біз» деген– кӛмек
• Ұлық болсаң, кішік бол.  
• Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік.  
 
7-тапсырмада 
оқушыларға 
атақты 
педагог 
В. 
Сухомлинскийдің  ұлағатты  сӛзін  мұқият  оқып,  мағынасын 

65
 
түсіндіру  ұсынылады:  «Адам  бойында  кішіпейілділікті  басқа 
қасиеттерден оқшау қалыптастыру мүмкін емес: кішіпейілділік, 
сыр  мінезділік  –  еңбекті  кісілік  сипатына,  рухани  ӛмірінің  бір 
саласына айналдырған адамның ғана қолынан келеді». 
 
8-тапсырма  бойынша  «Кішілік  пен  кісілік–  ұлылықтың 
белгісі»  (Махмұд  Қашқари)  тақырыбында  пікірталас  ӛткізу 
тапсырылады. 
Жеке 
тұлғаның 
мәдениеті 
адамның 
адамгершілігінің  кӛрінісі  екендігін,  адамдардың  үйде,  ұжымда, 
қоғамда  бірін-бірі  түсінуіне  не  кедергі  жасайтынын  талқылап, 
қорытынды шығару қажет. 
 
9-тапсырманың 
шарты  бойынша  берілген  әңгіме 
үзіндісін  оқып  шығу  керек.  Сыныптастардың  күнделікті  ӛмір 
тынысы, демалысы, қызығушылықтары туралы ӛздері байқаған 
деректерді  «Менің  құрдастарым»  жобасына  сәйкестендіріп, 
Жоба күнделігіне толтыру керек. 
 
Жаңа ақпарат 
Оқулықта  берілген  жаңа  ақпарат  оқушылардың  тақырып 
бойынша 
білімдерін 
бекітеді. 
Бұл 
сабақта 
Нұрхат 
Шакузадаұлының  тӛмендегі  тұжырымы  жаңа  ақпарат  ретінде 
берілген:  
Мәдениетті  адам  –  рухани  тұлға.  Мәдениетті  адамның 
тұлғалық қасиеттерінде адамның табиғи ерекшеліктері, оның 
әлеуметтік  қасиеттері  және  мәдениетті  адамға  тән 
қасиеттер  кӛрініс  тапқан.  Ӛз  ұрпағын  ақылды,  ержүрек, 
қайырымды, еңбексүйгіш етіп тәрбиелеу міндеттерін ӛмір тек 
біздің  алдымызға  ғана  қойған  жоқ.  Бұл  біздің  әкелерімізді, 
аталарымызды да толғандырған, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-
ұрпаққа  жеткен,  жалғасып  келе  жатқан  асыл  парыз,  үлкен 
міндет.  
Кішіпейілділік  пен  қарапайымдылық  –  адам  бойындағы 
асыл  қасиеттердің  бірі,  оның  рухани  мәдениетінің  кӛрінісі 
болып  табылады.  Бұл  екі  қасиет  адамның  барлық  іс-
әрекетінен,  қимыл-қозғалысынан,  ӛзін  ұстауынан,  мінез-
құлқынан,  тәртібінен,  сӛзінен,  киген  киімінен  де  аңғарылып 
тұрады. Кішіпейілділік дегеніміз – ӛзімшілдік пен менмендіктің 

66
 
болмауы.  Қарапайымдылық  –  менмендікке  мүлдем  қарама-
қарсы  қасиет.  Қарапайым  адам  ӛзінің  қабілеттері  мен 
қасиеттерін 
дұрыс 
бағалайды, 
әрі 
мұндай 
адам 
атаққұмарлықтан  аулақ.  Адам  баласының  бәрі  бұл  ӛмірде 
бақытты  болсам  дейді.  Сол  бақытқа  жету  үшін  қолынан 
келген  бар  мүмкіндігін  істеп  бағады.  Бірақ,  кӛбісі  бақытқа 
апарар ең оңай жолды ұмытып жатады. Бұл жол – әдептілік 
жолы.  Ал,  әдептілік  адамның  ішкі  жан  дүниесі,  оның 
интеллектісі,  парасаты  мен  сезімі  сыртқы  келбетінен, 
кӛздерінен,  бет-әлпетінен,  сондай-ақ  тұлға-мүсіні  мен  мінез-
құлқынан кӛрініс табады.  
Әдеп  арқылы  жеке  адамның  адамдар  арасындағы  қадір-
қасиеті арта түседі. Ол елге осылайша сыйлы болады. Мұндай 
әдепті  адам  істейтін  ісіне,  сӛйлейтін  сӛзіне,  қабылдайтын 
шешіміне баса назар аударады. 
Адам  әдеп  нормаларын  аттап  кетпей,  ӛзінің  барлық  іс-
әрекеттерін осы қағидалармен бағамдай алғанда, мінез-құлқын 
әдеп  ережелеріне  сай  ұстай  алғанда,  ӛзін-ӛзі  әдептілік 
тұрғысынан қадағалай алғанда ғана бұл ӛмірдегі, тіршіліктегі 
діттеген арманына жете алмақ. 
 
Жҥректен жҥрекке 
Бұл  сабақта  оқушыларға  Айсәуле  Бейсенханның  ӛлеңіне 
жазылған Данияр Сағынтаевтың «Құштармын» әнін топпен айту 
ұсынылады. Ӛлең мазмұнында жанарынан жан сәулесі тӛгілген, 
жүзі  нұрлы  адамдарға,  бір  сӛзбен  айтқанда  ұжданды,  текті, 
қарапайым  адамдарға  сүйіспеншілік  жайлы  баяндалады.  Бұл 
әнді  орындау  арқылы  оқушылар  сабақта  меңгерген  білімдерін 
бойына  сіңіріп,  саналы  ұғынып,  күнделікті  ӛмірде  жүзеге 
асыруға шабыт алады. Әннің мәтіні оқулықта берілген. 
 
 
11-12 сабақтар 
ӘЙЕЛДІҢ ОРНЫ, РӚЛІ 
 
Сабақтың 
тақырыбына 
сәйкес 
оқушыларға 
әйелдің 
отбасындағы және қоғамдағы орны мен рӛлін, атап айтқанда әйел-
ана  ақылшы, тәрбиеші, үйдің береке – ырысы ғана емес, ол ел мен 

67
 
елді  елдестіруші,  араздықты  бітістіруші,  дәнекерлеуші,  іскер, 
қаһарман  екендігін  түсіндіру  кӛзделген.  Сонымен  қатар  қазақ 
қызының  тәрбиесі,  оның  адамгершілік  бейнесі,  отбасында  қыз 
баланың  бойына  әдептілік,  инабаттылықпен  бірге  дала  әдебіне 
сәйкес ӛткірлік, қайсарлық, шынайы намыс тәрізді қасиеттерді қоса 
дамытып, тәрбиелегені түсіндіріледі.  
Сабақтың  мақсаты:  оқушыларға  әйел  адамның 
отбасындағы және қоғамдағы орны мен рӛлінің маңыздылығын, 
сондай-ақ  әйел  –  риясыз  сүйіспеншілік  бастауы  екендігін 
түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.  
Сабақтың міндеттері: 
–  оқушылардың риясыз сүйіспеншілік туралы 
түсініктерін кеңейту; 
–  оқушыларды жақсылық жасауға үйрету; 
      – 
оқушыларды  ақжарқындылыққа,  қайырымдылыққа, 
бауырмалдыққа тәрбиелеу. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет