Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «БӚбек» Ҧлттық Ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығЫ



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата01.11.2019
өлшемі1,47 Mb.
#50972
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Озін-озі тану 9 кл адістемелік курал


Дәйексӛз 
Оқулықта  берілген  Колумбияның  даңқы  әлемге  танымал 
жазушысы  Габриэль  Гарсиа  Маркестің  «Не  іске  де  әйел 
араласса,  бәрі  жақсы  аяқталатынына  сенімдімін.  Әйел  әлемді 
басқаратынын  түсіндім»  деген  қанатты  сӛзі  екі  сабаққа  ортақ 
дәйексӛз  болып  табылады.  Дәйексӛзді  мұғалім  ӛзі  оқып 
бергеннен  кейін  балалар  дауыстап  оқып,  қайталайды. 
Дәйексӛздің  мағынасын  ашу  үшін  мұғалім  бірнеше  жетекші 
сұрақтар қоюына болады.  Оқушылардың жауабын  тыңдап,  бір-
бірімен пікір алмасқан соң, мұғалім ӛзі қорытынды жасайды.  
 
Оқып ҥйренейік 
Оқулықта  берілген  Әли  Ысқабайдың  «Шанханайдың 
шынары»  әңгімесінде  екі  қолының  күшіне  сенген  шаруа 
адамының отбасында ӛсіп бойжеткен, халқына адал қызмет етіп
тектілік  тұтқасын  мықты  ұстаған,  бақытын  еңбектен  тапқан, 
мәртебесін  еңбекпен  биіктеткен  туған  елінің  сүйікті  анасындай 
болған  шуақты  да  аяулы  жан  Зылиха  Жанболатқызы 
Тамшыбаеваның  ел  игілігі  үшін  жасаған  ерен  еңбегі  туралы 
айтылады. 

68
 
Мәтіннің  мазмұнын  талқылау  барысында  мұғалім 
оқушылардың  назарын  кейіпкерлердің  бойындағы  адами 
қасиеттерге  аудартуы  тиіс.  Мәтінмен  жұмыс  алдында  мұғалім 
автор  жӛнінде  мәліметпен  таныстырып  ӛтеді:  Ысқабаев  Әли 
Әпекұлы  –  жазушы,  Қазақстан  жазушылар  одағының  мүшесі, 
Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Жазушының 
балаларға арналған «Менің інім», «Солдат ағаға хат», «Еңбекқор 
құмырсқа», «777 жұмбақ», «Бесік жыры» атты ӛлеңдер жинағы, 
«Тайқасқа»  атты  повестері  мен  әңгімелер  кітабы  және  бірнеше 
очерктер жинағы жарық кӛрген.  
Мәтін оқулықта берілген. 
 
Ойланайық, пікірлесейік 
Мұғалім 
оқушылардың 
мәтін 
мазмұнын 
қалай 
түсінгендігін білу мақсатында мазмұн бойынша сұрақтар қойып, 
әңгімелесу жүргізеді. Содан кейін, оқулықта берілген сабақтың 
рухани-адамгершілік  тереңдігін  ашатын  сұрақтарды  қою 
арқылы оқушылармен пікірлесіп, бірге талдайды. 
1.Халқына адал қызмет етіп, бақытын еңбектен тапқан, 
мәртебесін  еңбекпен  биіктеткен  Зылиха  Тамшыбаева  туралы 
не білдіңіздер?  
2.Зылиханың  әкесінің  «Жақсыны  күшінен  таныма,  ісінен 
таны.  Күш  ақымақта  да  бар.  Ұрыны  кӛзінен  таны,  кісіні 
сӛзінен  таны.  Сӛзі  түзудің  ӛзі  түзу  болады» деген  сӛзін  қалай 
түсінесіздер? 
3.Әңгіме  кейіпкерінің  бойынан  кӛшбасшыға  тән  қандай 
қасиеттер  кӛрінді?  Басшылар  оған  неліктен  сенім  білдіріп 
отырды? 
4.Автордың  «Шанханайдың  биік  шынары  Зылиханың 
шырағының  биікте  жұлдыздай  жарқырай  беретіндігі 
күмәнсіз»  деген  ойын  одан  әрі  ӛрбітіп,  ӛз  ой-пікіріңізді 
дәлелдеңіз. 
5.«Сіз  ӛмірді  лайықты  сүру  дегенді  қалай  түсінесіз?» 
деген сауалға ӛзіңіз қалай жауап берер едіңіз? 
6.Әңгіме  кейіпкері  қандай  құндылықты  бойына  сіңіріп 
ӛсті деп ойлайсыздар? 

69
 
7.Сізді  Зылиха  Тамшыбаеваның  қандай  ізгі  қасиеттері 
ерекше  сүйсіндірді?  Ӛзіңіз  үшін  оның  қандай  қасиеттерін 
аламын деп ойлайсыз? Неліктен? 
8.Жүрегі  сүйіспеншілікке  толы  адам  болу  үшін  қандай 
қасиеттерді  ӛз  бойыңызда  дамытқыңыз  келеді?  Әңгімелеп 
беріңіз. 
Мұғалім  жаңа  сабақта  пайдаланып,  талдауға  ӛз  сыйын 
әкелуі  тиіс.  Ӛсиет  әңгіме,  аңыз,  ертегі,  оқиға,  мысал  әңгіме 
ретіндегі мұғалімнің сыйы сабақтың мақсат-міндеттерінің мәнін 
ашуға  бағытталуы  тиіс.  Мұғалім  академик  жазушы  Ғабит 
Мүсіреповтің  «Ӛлімді  жеңген  ана»  әңгімесін  үй  тапсырмасы 
ретінде оқуға береді. 
 
Шығармашылық жҧмыс 
Оқулықтағы  ұсынылған  шығармашылық  тапсырмалар 
оқушылардың  сабақтан  алған  білім-біліктерін  іс  жүзіне  асыруға 
арналған.  Тапсырмаларды  орындау  оқушыларды  шығармашылық 
істерге,  ізденістерге  баулиды.  Оқушылар  берілген  тапсырмаларды 
орындай  отырып,  тақырып  бойынша  түсініктерін  кеңейтеді. 
Осылайша,  ӛз  бойындағы  құндылықтар  мен  адами  қасиеттерді  іс 
жүзінде кӛрсете алуға мүмкіндік алады. 
1-тапсырма бойынша оқушыларға тӛменде берілген  
мақал-мәтелдер  мен  қанатты  сӛздерді  оқып,  айтылған  басты 
идеяны табу ұсынылады. 
• Халық  даналығы:  «Гүл  ӛссе    жердің  кӛркі,  Қыз  ӛссе   
елдің кӛркі».  
• Халық  даналығы:  «Жақсы  қыз    жағадағы  құндыз, 
Жақсы жігіт – тӛбедегі жұлдыз».  
• Халық  даналығы:  «Ақылды  қыз  білімге  жүгірер, 
Ақылсыз қыз сӛзге ілігер».  
• Мұхтар  Әуезов:  «Әйел-ана  бір  қолымен  бала  тербетсе, 
бір қолымен әлемді тербетеді».  
• Пьер  де  Бомарше:  «Табиғат  әйелге  былай  дейді: 
қолыңнан келсе сұлу бол, қаласаң дана бол, ал саналы, ақылды 
болуға міндеттісің».  
 
2-тапсырмада  оқулықта  берілген  мәтін  үзіндісін  оқып, 
қазақ  қызының  тәрбиесі,  оның  адамгершілік  бейнесі  туралы  ӛз 

70
 
ойларыңызды  ортаға  салу  тапсырылады.  Мәтінде  айтылған 
ойдың  бүгінгі  ӛмірімізбен  байланысы  туралы  әңгімелеп  беру 
керек. 
Тапсырманың мақсаты  бойжеткен қыздың адамгершілік 
бейнесін сипаттау, осыған байланысты мәтіндегі мына жолдарға 
айрықша  назар  аударған  жӛн:  «Ӛзiнiң  отбасында  керектi 
тәрбиенiң  бәрiн  кӛрiп  ӛскен  қыз  бала,  соған  қоса  мiнездi  де 
қылықты болса, парасатты да пайымды болса екен дейдi». 
Мұғалім  оқушылардың  пікірлерінің  алуандығын  ескере 
отырып,  барлық  жауаптарды  талдап,  ӛзі  қорытынды  жасауы 
тиіс. 
3-тапсырмаға  сәйкес  оқушылар  ӛздері  оқыған  кітаптар, 
кӛрген  фильмдер  бойынша  «Әйелдің  жүрегі  –  әлемнің  тірегі» 
тақырыбында эссе жазады. 
Шығармашылық  жұмыстың  4-тапсырмасы  «Менің 
құрдастарым»  жобасымен  байланысты.  «Біздің  сыныптың 
қыздары»  тақырыбына  таныстырылым  даярлап,  сыныптас 
қыздардың 
қызығушылықтары, 
жетістіктері, 
ұмтылыс, 
мақсаттары  туралы  айту  қажет.  Сонымен  қатар  олардың 
болашағын 
қалай 
елестететінін 
айтып, 
жинақтаған 
материалдарын «Менің құрдастарым» жобасымен сәйкестендіру 
тапсырылады. 
 
Жаңа ақпарат 
Тӛменде  берілген  жаңа  ақпарат  оқушылардың  тақырып 
бойынша  білімдерін  бекітеді.  Жаңа  ақпарат    үшін  тарих 
ғылымдарының  докторы,    профессор  Оразгүл  Мұхатованың 
мақаласынан үзінді берілген. 
Әйелдің қоғамда, отбасында алатын орны, атқарар рӛлі 
ұшан-теңіз. Әйел-ана – ақылшы, тәрбиеші, үйдің береке-ырысы 
ғана емес, ол ел мен елді елдестіруші, араздықты бітістіруші, 
дәнекерлеуші,  ол  іскер,  қаһарман.  Әсіресе  қазақ  қоғамында 
аналардың алар орны ерекше болған. Қазақ халқының болмысы 
мен дүниетанымындағы бар игі қасиеттерді тілін, ділін, дінін, 
әдет-ғұрпын,  салт  -  санасын,  ұлттық  дәстүрін  баласынан 
немересіне,  немересінен  шӛбересіне  жеткізуші,  дарытушы, 
дамытушы  әйел  ана  деп  санаған.  Халқымыздың  татулығын, 
береке-бірлігін келтіруші ана екендігіне тарих куә.  

71
 
Қазақ  хандығында  аналар  мен  қыздардың  ӛзіндік  орны, 
атқарар рӛлі болғандығына жазба деректер мен ауызша тарих 
айтудың  жәдігерлері  дәлел  бола  ала  алады.  Аналарымыздың 
қоғамдағы  орнын  қалыптасқан  ру  -  тайпалық  қатынастар, 
дәстүрлі  шаруашылық,  тамыры  тереңнен  бастау  алатын  діл, 
салт-дәстүр,  әдет-ғұрып  анықтаған.  Қыздарын  болашақ  ана 
ретінде  санаған  дана  халық  оларды  сыйлап,  қастерлеген. 
Перзентінің  тұңғышы  қыз  болғанда  «ырыс  алды  қыз»  деп, 
жақсы  ырымға  жорып  қуанған..  Қазақ  қызын  «қыздың  жолы 
жіңішке» дей отырып, жан - жақты тәрбиелеген, еш уақытта 
оны  кемсітіп,  тӛмендетпеген.  Қайта  қыз  баланың  бойына 
әдептілік, инабаттылықпен бірге дала әдебіне сәйкес ӛткірлік, 
қайсарлық, шынайы намыс тәрізді қасиеттерді қоса дамытып 
отырған. Сондай - ақ тәлім - тәрбие, күш - жігер зая кетпеген. 
Қазақ халқының осындай ерекше тәлімді тәрбиесін, қыздар мен 
аналардың  ұлылығын  ӛз  кезегінде  ел  арасында  болған  орыс 
ғалым-  зерттеушілері  жоғары  бағалап,  пікірлерін  жазып 
кеткен. 
 
Оқып ҥйренейік 
Бұл  айдармен  оқулықта  ұсынылған  академик  жазушы 
Ғабит  Мүсіреповтің  «Ӛлімді  жеңген  ана»  атты  әңгімесінде 
алдында  Азияның  айбарлы  арыстаны  Темір  де,  Темірді  жеңген 
ӛлім  де  басын  иген  Әйел  –  ана,  оның  баласына  деген  риясыз 
сүйіспеншілігі  туралы  кеңінен  баяндалады.  Кейіпкерлердің 
ойлары  мен  әрекеттерінен  оқушылар  ӛздеріне  ӛмірлік  сабақ 
алары сӛзсіз. Мәтіннің мазмұнын талқылау барысында  мұғалім 
оқушылардың назарын Әйел-ананың риясыз сүйіспеншілік иесі, 
дүниедегі  жалғыз  күш,  дүниеге  ӛмір  себуші,  ӛмірдің  бастауы 
екендігіне аударуы тиіс. Мәтін оқулықта берілген. 
 
Ойланайық, пікірлесейік 
Мұғалім 
оқулықтағы 
«Ойланайық, 
пікірлесейік» 
айдарында  берілген  мәтіннің  рухани-адамгершілік  тереңдігін 
ашатын  сұрақтарды  талдату  арқылы  адамдар  арасындағы 
бауырмалдықтың маңыздылығына кӛңіл бӛлгізеді: 

72
 
1.Ананың  баласына,  ӛмірге  деген  сүйіспеншілігінің  мәні 
неде?  Оған  қуат  беріп,  қайраттандырған  қандай  күш  деп 
ойлайсыздар? 
2.Ананың 
әрекеттерінен 
жалпыадамзаттық 
құндылықтар қалайша кӛрініс береді деп санайсыздар? 
3.Ананың «Сен ӛлім сепсең, мен дүниеге  ӛмір себем. Сені 
жеңем! Сондықтан сен маған әділ бола аласың!» деген сӛздері 
оның бойындағы қандай қасиеттердің айғағы?  
4.Айбатынан  ай  жасырынған  қаһарлы  Ақсақ  Темірді 
орнынан тұрғызып, әйелге басын идірген қандай күш? 
5.Сіздің  пікіріңізше,  ананың  сӛздері  ұлы  әміршінің 
бойындағы  қандай  қасиеттерінің  жарыққа  шығуына  себеп 
болды? Жауабыңызды мысал келтіріп, дәйектеңіз.  
6.Ата-ананың  үмітін  ақтау  үшін  қандай  қасиеттерді 
бойымызға сіңіруіміз керек? Әңгімелеп беріңіздер. 
 
Келесі сабақтағы оқулықта берілген Немат Келімбетовтің 
«Үміт үзгім келмейді» кітабынан үзінді оқушыларға үйде оқып 
келуге ұсынылады. 
 
Шығармашылық жҧмыс 
Оқулықтағы  ұсынылған  шығармашылық  тапсырмалар 
оқушылардың сабақтан алған білім-біліктерін іс жүзіне асыруға 
арналған. 
Тапсырмаларды 
орындау 
оқушыларды 
шығармашылық  істерге,  ізденістерге  баулиды.  Оқушылар 
берілген  тапсырмаларды  орындай  отырып,  тақырып  бойынша 
түсініктерін  кеңейтеді.  Осылайша,  ӛз  бойындағы  құндылықтар 
мен  адами  қасиеттерді  іс  жүзінде  кӛрсете  алуға  мүмкіндік 
алады. 
5-тапсырмада  оқушыларға  оқулықта  берілген  ӛлең 
шумақтарын  оқып,  ондағы  айтылған  ой  мен  сӛздің,  отбасы 
мүшелерінің, атап айтқанда әйел мен қыздың орны, рӛлі туралы 
айтып беру ұсынылады. 
Атың жақсы болса,  
Ер жігіттің пырағы, 
Балаң жақсы болса, 
Жан мен тәннің шырағы. 
Қызың жақсы болса

73
 
Жайқалып ӛскен құрағы. 
Әйелің жақсы болса, 
Бірінші  иманың, 
Екінші  жиғаның, 
Үшінші  ырысыңның тұрағы. Тӛле би 
 
Жақсы жігіт ел – жұртының қаласындай, 
Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай. 
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ
Кӛреді бәрін де ӛз баласындай.  Сүйінбай Аронұлы 
 
6-тапсырма  бойынша  Ғабиден  Мұстафиннің  нақыл 
сӛздерін  оқып,  отбасы  мүшелерінің  қандай  дұрыс  әрекет 
жасайтынын 
талдап, 
отбасындағы 
жалпыадамзаттық 
құндылықтарды тауып, әңгімелеп беру қажет. 
1Анаң – асыл қазынаң, әкең – асқар тау.  
2. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.  
3. Бала – ӛмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.  
4.  Балаға  сіңірген  ата-ана  еңбегін  бала  ӛмір  бойы  ақтап 
бола  алмайды.  Балаға  деген  махаббатқа  ешбір  махаббат 
теңдесе алмайды, ол ӛле-ӛлгенше сусындайтын махаббат. 
 
7-тапсырманың  шартына  сәйкес  сӛзтізбектегі  әріптерді 
тауып, орнына қойып, мақалды оқу керек. 
Сӛзтізбектің  жауабы:  Ақылды  қыз  білімге  жүгірер, 
Ақылсыз қыз сӛзге ілігер. 
 
«Әйелдің  орны,  рӛлі»  тақырыбы  бойынша  берілген  8-
тапсырмада Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан 
жалғыз 
әйел-ұшқышы, 
жауынгер, 
батыр, 
Қазақстан 
Республикасының  Халық  Қаһарманы  Хиуаз  Қайырқызы 
Доспанова  туралы  түсірілген  деректі  фильмдерді  («оzin-ozi-
tanu.kz»  интернет-порталы)  тамашалап,  «Қазақтың  қанатты 
қызы» тақырыбында үйде эссе жазу тапсырылады. 
 
Жаңа ақпарат 
Оқулықта  берілген  жаңа  ақпарат  оқушылардың  тақырып 
бойынша  білімдерін  бекітеді.  Оқушылар  жаңа  ақпаратпен 

74
 
таныса  отырып,  қоршаған  әлемге  жақсылық  жасаудың  мәнін 
түсінеді.  Жаңа ақпарат  мұғалімге  оқушылармен  бірге  сабақтың 
логикалық  нәтижесіне  қол  жеткізуіне  мүмкіндік  береді.  Жаңа 
ақпарат    үшін  Нұргүл  Хасанованың  «О,  әйелдер,  осындайсың 
бәрің де!..» деп аталатын толғанысы берілген. Жаңа ақпаратпен 
таныстыру  алдында  мұғалімнің  ӛзі  мәтінді  мәнерлеп  оқып 
шығады,  содан  кейін  балалар  топ  болып  талқылайды,  соңында 
мұғалім айтылған ой-пікірді қорытындылайды. 
 
Әйел!..  Әйел-Ана!!!  Әйел-Жар!!!  Әйел-Ӛмір!!!  Жер  бітіп, 
су  аққалы,  Адам  Ата-Хауа  Анадан  тараған  адамзат  баласы 
жұмыр  Жердің  бетінде  жұмбақ  тіршілігін  бастағалы  бері 
қасиетті есіммен қадірленіп, ардақты атпен айшықталып келе 
жатқан  осынау  тылсым  тірлік  иесінің  алдында  баршамыз  да 
баспалдақта  тұрғандай  бір  саты  кіші,  иығымыз  тӛмен, 
именшек жүзділеу екеніміз рас. Әйел деген – үлкен ұғым. Күллі 
тіршіліктің құлақ күйі Әйел жүрегінің дүрсіліне қарап түзеледі. 
Барлық  жасампаз  ӛмірдің  жақсылық  нұры  Әйел-Аналардың 
кӛңілінен кӛк бұлақтай мӛлдір бастауын алады. 
Жалпақ  жаһанның  жаратушысы  да,  жасаушысы  да  – 
Әйел-Ана.  Бұл  –  барлығымыз  да  үнсіз  ғана  мойындап  үйренген 
шындық.  Осынау  шындықты  мойындау  –  мол  кісілік  пен  зор 
кішіліктің,  үлкен  ізет  пен  үлгілі  ілтипаттың,  асқақ  ар  мен 
асқан адамгершіліктің белгісі.  
Әйел  деген  қастерлі  ұғымнан  қашанда  қылықты  Қыз, 
аяулы Ана, жауқазын Жар деген толғанысқа толы түсініктер 
туындайтыны  қайбір  санасызға  болмаса,  қаны  бар  қазақ 
азаматына  айдай  аян.  Қалай  дегенмен  де,  қадым  замандардан 
бері  қаншама  қиямет-қайым  сәттер  мен  қиын  кезеңдерді 
басынан  ӛткерсе  де,  Жер  деген  жетім  орбитаны  талақ  етіп, 
тастап  кетпеген  Әйел  атты  ұлылық  есте  жоқ  ескі 
замандардан  бері  ӛзінің  Ӛмірмен  ғана  ӛлшенетін,  толықтай 
Ізгілікке ие ғұмырбаянын тоқтатқан жоқ. Және маһшар күніне 
дейін маңызын жоймай, жасай бермек, жалғаса бермек!  
Ардақтасақ,  алдымен  Алла  Тағаланы,  сонан  соң  Алланың 
ақ  ниетті  елшісіндей  ақ  жүректі,  адал  ниетті  Аналарды 
ардақтайық!  Жер  бетіндегі  ел  тұтқасы  –  ер-азаматтар 
осылай  деп  бар  дауыспен  байтақ  дүниеге  жар  сала  отырып, 

75
 
әлемге  ӛмір  себуші  Әйел  атаулыға  «Сіздер  де  осынау  аялы 
алақанға  лайық,  құрметтей  білетін  қолға  ғана  қонақтайтын 
қуаныш құсындай сыйлы да сымбатты, иманды да инабатты, 
арлы  да  абыройлы  бола  біліңіздер!»  дейтіндей.  Сонда  ғана 
барша  еркек  басын  иіп,  аспан  астын  жаңғырықтырған  алып 
дауыстар оркестрі «О, әйелдер, осындайсың бәрің де!!!» деген 
әсем әуенді шығандата шырқап, асқақтата айтатын болады...  
 
Жҥректен жҥрекке 
Бұл  сабақта  оқушыларға  Исраил  Сапарбайдың  ӛлеңіне 
жазылған  Рамазан Таймановтың  «Мен  қазақ  қыздарына  қайран 
қалам»  әнін  топпен  айту  ұсынылады.  Әнді  сезініп  орындау 
арқылы  оқушылар  барша  қазақ  қыздарына,  әйел  қауымына, 
аналарға  деген  ыстық  ілтипатын,  құрметін,  сүйіспеншілігі  мен 
мейірімділіктерін  білдіруге  шабыттанады.  Әннің  мәтіні 
оқулықта берілген. 
 
 
13-14 сабақтар 
ЕР АДАМ – ПАРЫЗДЫ, ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН  
ТӘРТІПТІ ІСКЕ АСЫРУШЫ 
 
Сабақтың  тақырыбына  сәйкес  оқушыларға  ер  адамның 
отбасындағы 
және 
қоғамдағы 
орны, 
оның 
парызды, 
жауапкершілікті  және  тәртіпті  іске  асырушы  тұлға  ретіндегі 
рӛлі  кеңінен  түсіндіріледі.  Оқушылар  ер  адамның,  жігіттің, 
жасӛспірімнің  қадір-қасиеті,  отбасы  мен  қоғам  қауіпсіздігін 
қамтамасыз  етудегі  жауапкершілігі,  сонымен  қатар  әйелге, 
анаға,  қызға  деген  сыйластық,  түсіністік  қарым-қатынасы  мен 
құрмет  сезімі  қандай  болу  керектігі  жӛнінде  нақты  мысалдар 
арқылы біледі. 
Мұғалім 
жаңа 
сабақты 
түсіндіру 
барысында, 
шығармашылық тапсырмаларды орындату кезінде оқушыларды 
күнделікті  ӛмірді  ар-ұжданды  басшылыққа  алуды,  адамдық 
абырой  мен  адамгершілік  таңдау  арқылы  шешім  қабылдауға 
үйретеді. 
Сабақтың  мақсаты:  ер  адамның  қоғамдағы  және 
отбасындағы  орны  және  оның  тұлғалық  қасиеттері  жӛніндегі 

76
 
оқушылардың түсініктерін кеңейту. 
Сабақтың міндеттері: 
–  «ер жігіт», «нағыз жігіт» ұғымдарының мәнін ашу; 
–  оқушылардың  саналы  түрде  тұлғалық  белсенділік 
танытуға ұмтылыстарын дамыту;  
–  оқушыларды  ар-ұжданын  басшылыққа  алып,  абыройлы 
болуға баулу. 
–  оқушыларды  жауапкершілікке,  арлылыққа,  адалдыққа, 
әділдікке тәрбиелеу. 
 
Дәйексӛз 
Оқулықта  берілген  Бұқар  жырау  Қалқаманұлының  «Ер 
жігітке  жарасар,  Қолына  алған  найзасы.  Би  жігітке  жарасар, 
Халқына тиген пайдасы» деген ӛлең жолдары екі сабаққа ортақ 
дәйексӛз  болып  табылады.  Дәйексӛзді  мұғалім  ӛзі  оқып 
бергеннен  кейін  балалар  дауыстап  оқып,  қайталайды.  Сынып 
болып  «ер  жігіт»,  «би  жігіт»,  «парыз»,  «жауапкершілік» 
ұғымдарының  мәнін  талдап,  нақты  мысалдар  келтіреді. 
Дәйексӛздің  мағынасын  ашу  үшін  мұғалім  бірнеше  жетекші 
сұрақтар қоюына болады.  Оқушылардың жауабын  тыңдап,  бір-
бірімен пікір алмасқан соң, мұғалім ӛзі қорытынды жасайды. 
 
Оқып ҥйренейік 
Бұл  сабақта  Немат  Келімбетовтің  «Үміт  үзгім  келмейді» 
кітабынан  алынған  үзінді  оқушыларға  алдын  ала  үйде  оқып 
келуге  берілген  болатын.  Мәтінде  мүгедек  адамның  сүйген 
жарының  туған  күніне  бір  минуттық  қуаныш  сыйлау  үшін 
қаншама  тер  тӛккені,  ӛмір  сүруге  құштарлығы,  ер  адамға  тән 
қасиеттердің жарыққа шығып, айналасына үлгі болғаны туралы 
баяндалады. 
Мәтінді талдау барасында мұғалім оқушылардың назарын 
ар-ұждан, 
жауапкершілік, 
адалдықпен 
ӛмір 
сүрудің 
маңыздылығы мен қажеттілігіне аударуы тиіс. Мәтінмен жұмыс 
барысында мұғалімнің автор туралы мәлімет беріп ӛткені дұрыс. 
Мысалы:  Немат  Келімбетов  (1937-2010)    түрколог-ғалым, 
филология 
ғылымдарының 
докторы, 
профессор. 
ҚР 
Гуманитарлық  ғылымдар  академиясының  академигі.  Он  жыл 
бойы  тӛсекке  таңылып,  он  екі  мүшесі  құрсалған  автор  тӛсекте 

77
 
жатып  білікті  аудармашы,  креслода  отырып  ғылыми  еңбектер 
жазып,  академик  атағын  алған,  ӛмірінің  ӛзін  ерлік  деп  атауға 
тұратын тұлға. Басына түскен қиыншылыққа қарамастан, ӛмірге 
деген  құштарлығын,  сұлулықты  сезінуін  сақтап  қалған  адам. 
Немат  Келімбетовтің  ӛмірге  құштарлықтың  ӛнегесіндей,  тағ-
дырмен  тартыстың  тағылымындай  «Үміт  үзгім  келмейді»  атты 
монолог-хикаяты  оның  қаламгерлік  қуатын  да,  күрескерлік 
күшін де келісті кӛрсетеді. 
Мәтін оқулықта берілген. 
 
Ойланайық, пікірлесейік 
Мұғалім  оқулықта  осы  айдармен  берілген  мәтін 
мазмұнының 
рухани-адамгершілік 
тереңдігін 
ашатын 
сұрақтарды талдату арқылы ер адамның қадір-қасиеті, абыройы 
мен  парыз  сезімінің  адам  ӛміріндегі  маңыздылығына  кӛңіл 
бӛлгізеді: 
1.Қаратай  ағаның  жұбайына  бір  минуттық  қуаныш 
сыйлау үшін соншама тер тӛккен әрекетін жалпыадамзаттық 
құндылықтар 
тұрғысынан 
түсіндіріңіздер. 
Бұл 
оның 
бойындағы қандай қасиеттерінің кӛрінісі?  
2.Әңгіме  кейіпкерінің  қадір-қасиеті  мен  абыройын 
асқақтатып,  дұрыс  әрекетке  жетелеген  қандай  күш  деп 
ойлайсыздар? Неліктен? 
3.Әйел  адамды  сыйлау  дегенді  қалай  түсінесіздер?  Ол 
үшін адамның қандай қасиеттері жарыққа шығуы тиіс? 
4.Кейіпкердің «Тер сіңбеген бұйымның кӛк тиындық құны 
бола  ма?!»  деген  сӛздерімен  келісесіз  бе?  Ӛмірден  мысал 
келтіріңіз. 
5.Қазіргі уақытта бұл қаншалықты ӛзекті деп санайсыз? 
Нақты мысал келтіріп, әңгімелеп беріңіз. 
6.Осы  әңгімеден  ӛзіңіз  қандай  ой  түйдіңіз?  Пікіріңізді 
ортаға салыңыз. 
 
Мұғалім  журналист  Риза  Исаеваның  Халық  Қаһарманы 
Бақытжан  Ертаевпен  болған  сұхбатын  үй  тапсырмасы  ретінде 
оқуға береді. 
 
 

78
 
Шығармашылық жҧмыс 
Оқулықтағы  ұсынылған  шығармашылық  тапсырмалар 
оқушылардың сабақтан алған білім-біліктерін іс жүзіне асыруға 
арналған. 
Тапсырмаларды 
орындау 
оқушыларды 
шығармашылық  істерге,  ізденістерге  баулиды.  Оқушылар 
берілген  тапсырмаларды  орындай  отырып,  тақырып  бойынша 
түсініктерін  кеңейтеді.  Осылайша,  ӛз  бойындағы  құндылықтар 
мен  адами  қасиеттерді  іс  жүзінде  кӛрсете  алуға  мүмкіндік 
алады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет