Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі экономика және педагогика факультеті Тілдер кафедрасы


Оқу практикасының мақсаты, міндеттері және ұйымдастырылуы



бет4/13
Дата04.01.2022
өлшемі113 Kb.
#108939
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ОБ прак КЗ 1курс
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Оқу практикасының мақсаты, міндеттері және ұйымдастырылуы

Оқу (таныстыру) практикасының мақсаты студенттердің жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілігін жетілдіру болып табылады.

Оқу (танысу) практикасынан өту қорытындысы бойынша оқу нәтижелері:

- мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың, оқу пәнінің типтік бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын білу және түсіну;

-нормативтік-құқықтық базаны, оның ішінде кәсіптік қызметте орта білім берудің жаңартылған мазмұнын қолдану;

- студенттердің пәнаралық білімін (педагогика, психология, әдістеме және т. б.) кәсіби тәрбие қызметінде қолдану;

- сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жобалау, ұйымдастыру, талдау туралы түсініктерін дамыту;

- білім беру ұйымының мультимәдени ортасында тәрбие жұмысын ұйымдастыру;

- есеп беру құжаттамасында тәрбие қызметін жобалау және талдау нәтижелерін көрсету, нақты сабаққа дидактикалық материалдарды іріктеуді жүзеге асыру.
Оқу практикасы біліктілігі жоғары мамандарды даярлаудың негізгі кезеңдерінің бірі болып табылады.

Оқу практикасының негізгі мақсаттары: арнайы пәндерді оқыған кезде алынған білімдерді орта білім беру ұйымның, яғни жалпы орта мектептің қызметін зерттеу негізінде бекіту, кеңейту және бір жүйеге келтіру; таңдап алынған мамандық бойынша бастапқы практикалық тәжірибені алу болып табылады.

Оқу практикасы – студенттің бітіретін кафедраның оқытушысының және практика базасының (ұйымының) тиісті бөлімінің маманының немесе басшысының жетекшілігімен жасалған өзіндік жұмысы т.б.

Оқу практикасының нәтижесінде қалыптастырылатын құзіреттіліктер:



  1. зерттеп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу;

  2. осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу (әр мамандықтың ерекшелігі бойынша).

Оқу практикасының бағдарламасын толық көлемде орындамаған студенттер келесі курсқа көшірілмейді.

Оқу практикасының міндеттері:



  • ұйымның жұмыс тәжірибесін зерттеу негізінде теориялық білімдерді жалпылау, бір жүйеге келтіру, нақтылау және бекіту;

  • олардың алдында тұрған міндеттерді шешу бойынша өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алу мақсатында әр түрлі ұйымдардың қаржылық қызметтерінің лауазымдарындағы ұйымдық және құқықтық жұмыстың тәжірибесін алу;

  • болашақ кәсіптік қызметтің міндеттерін табысты шешудің аса маңызды шарты ретінде құқықтық мәдениетті дамыту;

  • таңдаған мамандық бойынша алдыңғы қатарлы тәжірибені зерттеу;

  • алынған теориялық білімдердің негізінде шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру, сонымен қатар олардың орындалуына бақылау жасау әдістерін меңгеру;

  • мемлекеттік және өзге де меншік түрлерінің негізінде қызмет атқарып отырған ұйымдардың қызмет жасау және экономикалық міндет атқару принциптерін зерттеу жөніндегі талдамалық және өз бетінше ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістерін меңгеру.

Студенттер университет ұйымдармен оқу практикасынан өту туралы алдын-ала жасаған шарттардың негізінде таңдап алынған нысандарға практикаға жіберіледі. практика базалары болып, әдетте, әр түрлі меншік түріндегі ұйымдар табылады.

Практиканың ұзақтығы күндізгі бөлімінің студенттері үшін оқу процесінің кестесіне сәйкес құрайды (мысалы, 2 кредит -1 апта). Практиканың басталу және аяқталу күні оқу кестесіне сәйкес белгіленеді.

Практика басталғанға дейін әр студентке:


  • оқу практиканың бағдарламасы;

  • оқу практиканың әдістемелік нұсқауы;

  • практиканың күнделігі;

  • практикаға жолдама беріледі.

Практика өтетін жерге келген соң студенттер ұйымның кадрлар бөліміне барып, практикаға берілген жолдаманы көрсетуге тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет