Бағдарламаның мақсаты:
биология пәні бойынша білім сапасын арттыру;
оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту, алған білімін өмірде, тұрмыста қолдануға тәрбиелеу;
бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.
Бағдарламаның міндеттері:
Төменгі сыныптарда биология пәнінен негізгі бөлімдер бойынша білімдерін қайталау, бекіту және тереңдету;
Биологиялық білімдерін орнымен қажет уақытында пайдалана білу және биологиялық обьектілер туралы ақпаратты табу және талдай білу;
Танымдық, зияткерлік және шығармашылық қызығушылықтары мен қабілеттерін әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасауда пайдалану;
Әртүрлі білім тексеру әдістері арқылы оқушылардың өзін-өзі бақылауы мен өзін-өзі бағалауын дамыту.
Күтілетін нәтижесі:
Бұл жеке және топтық жұмыстар бағдарламасында биология пәні бойынша орта білімнің мемлекеттік стандартына сай барлық негізгі тақырыптар қарастырылды. Курс бағдарламасы мемлекеттік емтиханға және Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындық және олимпиадаларға дайындық ретінде қолдануға ұсынылады. Курс бағдарламасын меңгеру нәтижесінде оқушылардың биология пәнінен сауаттылығы артады, оқушылар биология пәнінен дайындықтың жоғарғы деңгейіне жетеді. Биология ғылымы туралы түсініктері кеңейе түседі.
Оқушылар білуге тиіс:
1) биологиялық негізгі ұғымдар мен терминдер;
2) міндетті, стандартты деңгейдегі білуге тиісті негізгі ұғымдар;
3) тірі табиғаттың негізгі құрылым деңгейлері;
4) жасушалық теорияның негізгі қағидалары;
5) жасуша құрамы мен қасиеті;
6) генетикалық код, геннің құрылысы мен қызметі;
7) прокариоттар және эукариоттар, автотрофтар мен гетеротрофтар жасушаларының құрылысы мен қызметі;
8) пластикалық және энергетикалық алмасу мен олардың маңызын, өсімдіктердегі пластикалық алмасу ерекшеліктерін және ғарыштық рөлі;
9) хромосомалардың тұқым қуалау ақпаратын сақтау және тасымалдаудағы рөлі;
10) митоз, мейоз, ұрықтану, олардың маңызы;
11) негізгі генетикалық түсініктер, Г.Мендель және Т.Морган заңдары;
12) адам генетикасын зерттеу әдістері;
13) тұқым қуалаушылық заңдылықтары, өзгергіштік түрлері, маңызы;
14) бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар патшалығының ерекшеліктері мен олардың жіктелуі;
15) адам организмінің құрылысы, тіршілік әрекеті, мүшелер мен мүшелер жүйелерінің қызметі;
16) эволюциялық ілімнің пайда болуы, негізгі көзқарастар, қазіргі эволюциялық теориялар, микроэволюция, макроэволюция;
17) адамның шығу тегі, эволюциясы;
18) биосфераның құрам бөліктері, дамуы, тұрақтылығы; экожүйе мен оған тән заңдылықтар.
Достарыңызбен бөлісу: |