Пәнаралық байланыс: медицина, география, математика, экология, тарих, физика.
«Биология негіздері» бағдарламасының мазмұны
1-бөлім. Биология – тірі табиғат туралы ғылым (1 сағат)
1. Биология ғылым ретінде. Биологияның адам өміріндегі маңызы. Тірі ағзаның қасиеті мен белгілері. Тіршіліктің құрылым деңгейлері.
Биология ғылым ретінде, оның жетістіктері, тірі табиғатты зерттеу әдістері. Биологияның қазіргі ғылым әлеміндегі рөлі.
Тіршіліктің құрылым деңгейлері: жасушалық, ағзалық, популяциялық-түрлік, биоценоздық, биосфералық. Биологиялық жүйелер. Биологиялық жүйенің жалпы қасиеттері: жасушалық құрылым, химиялық құрамының ерекшелігі, зат айналымы және энергия айналымы, гомеостаз, тітіркенгіштік, қозғалыс, өсу және даму, көбею, эволюция.
2-бөлім. Жасуша тірі жүйе ретінде (7 сағат)
2. Жасушалық теория. Жасуша – тіршіліктің құрылым бірлігі ретінде.
Қазіргі заманғы жасушалық теория. Жасуша туралы ілімнің дамуы. Тірі ағзалар туыстығының дәлелдері.
Прокариоттар мен эукариоттар. Өсімдік, жануар, бактерия, саңырауқұлақ жасушаларының салыстырмалы сипаттамасы.
3. Жасушалардың көптүрлілігі. Өсімдік, жануар, бактерия, саңырауқұлақ жасушаларының құрылысы.
Жасуша – тірі организмдердің құрылымдық, қызметтік, өсу және дамуының бірлігі. Жасушалардың көптүрлілігі. Прокариот және эукариот жасушалардың құрылысы, салыстырмалы сипаттамасы, органоидтар қызметі.
Жасушаның химиялық құрамы. Макро және микроэлементтер. Жасуша құрамына кіретін бейорганикалық және органикалық заттардың өзара байланысы. Химиялық заттардың жасушадағы және адам организміндегі маңызы.
4. Метаболизм. Жасушадағы энергия айналымы.
Зат айналымы мен энергия айналымы-тірі организмдерге тән қасиет. Энергетикалық және пластикалық алмасу, олардың өзара байланысы.Энергия айналымының сатылары.
5. Фотосинтез және хемосинтез.
Фотосинтез процесі және оның маңызы. Фотосинтез фазалары. Хемосинтез. Ғаламшардағы хемосинтездеуші бактериялардың рөлі.
Достарыңызбен бөлісу: |