Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. А. Жалмаханбетова, Ж. Н. Менлибекова «Биология негіздері»



бет1/13
Дата20.12.2023
өлшемі320,87 Kb.
#197877
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Биология негіздері
жаратылыстану, зонтики, Қысқамерзімді жоспар11, Тұқымқулаушылық пен өзгергіштікбжб28, ашық сабақ, 6 сынып Жаратылыстану 2 сағат ТҮЗЕТІЛГЕН

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Ж.А. Жалмаханбетова, Ж.Н. Менлибекова
«Биология негіздері» тақырыбында 10-сыныптың қолданбалы курсына арнап жазылған


АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА



УДК 574.577
ББК 2.28.0
Рецензент:
Экономика ғылымдарының магистрі, ҚР «Инновация» Оқу-әдістемелік Орталығының қызметкері, оқытушы А.Д. Шагирбаева.
Биология негіздері // құрастырушы авторлар: Ж.А.Жалмаханбетова, Ж.Н.Менлибекова. – Түркістан облысы, биология пәнінің мұғалімдері, 2021. – 72 б.


ISBN 978-601-0854-01-3
Құрастырушы автор 34 сағаттық күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып жасаған. Курс мақсаты биология пәнінен оқушылардың білімдерін өткен тақырыптарды қайталай отырып толықтыруға бағытталған және бағдарлама білім берудің негізгі талаптарына сәйкес келеді.


УДК 574.577
ББК 2.28.0

«Инновация» Оқу-әдістемелік Орталығының 2021 жылғы «2» сәуірдегі №2 хаттамасына сәйкес сараптау комиссиясының шешімімен баспаға ұсынылды.



978-601-0854-01-3
ISBN
© «Инновация» баспа үйі, 2021


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
«ИННОВАЦИЯ» ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСПАСЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

Рецензент:
Экономика ғылымдарының магистрі, ҚР «Инновация» Оқу-әдістемелік Орталығының ғылыми қызметкері, оқытушы А.Д. Шагирбаева.


Құрастырушы авторлар:
Жалмаханбетова Жупар Абдимуратовна
Түркістан облысы Жетісай ауданы
№49 Сырдария жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің биология пәнінің мұғалімі
Менлибекова Жанар Нурбековна
Түркістан облысы Жетісай ауданы
№19 Аманкелді атындағы жалпы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі
© «Инновация» баспа үйі, 2021 жыл
Түсінік хат

Бағдарламада биология пәні бойынша орта білімнің мемлекеттік стандартына сай тақырыптар қарастырылды. Оқулықтағы базалық оқу жоспарында аз қамтылған материалдар мен сағат санына сәйкес көлемі ауқымды тақырыптарды тереңірек қамту мақсатында жүзеге асырылады. Оқушылардың төменгі сыныптарда алған биологиялық білімдерін жинақтап, қорыта отырып, бұл бағдарлама биологиялық заңдылықтарды, заманауи теорияларды, концепциялар мен ілімдерді терең мағынада түсініп қабылдауды қамтамасыз етеді. Бағдарламада оқушылардың жаратылыстану-ғылыми көзқарасы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыруға көңіл бөлінген.


Оқулықтағы негізгі тақырыптар базалық білім ретінде сабақта толығымен оқытылса, курстың материалдары оқушылардың тереңірек білім алуына және таным көкжиегін кеңейтуге, қызығушылықтарын арттыруға, биологиядан алған білімдерін бекітіп, қорытуға себепші болады. Негізгі бөлімдерден кейінгі орындалатын тапсырмалар арқылы оқушылардың білім деңгейін, сапасын бағалап, болжап, қателіктерді түзету бағытында жұмыстануға болады.
«Биология негіздері» курсы жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сынып оқушыларына арналып 1 жыл оқытуға және аптасына 1 сағаттан 34 сағатқа жоспарланған. Курс бағдарламасы мемлекеттік емтиханға және ҰБТ мен олимпиадаларға дайындық барысында қолдануға көмекші құрал бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет