14.Есептер шығару.
Моногибридті будандастыру бойынша есептер шығару, толымсыз доминаттылық, талдаушы будандастыру.
15. Дигибридті будандастыру, цитологиялық негіздері.
Г.Мендель ұсынған тұқым қуалаушылық заңдылықтары және оның цитологиялық негіздері (дигибридті будандастыру).
16. Есептер шығару.
Дигибридті будандастыру бойынша есептер шығару.
17. Тұқым қуалаушыдықтың хромосомалық теориясы. Т.Морган заңдары. Тіркесіп тұқым қуалау. Кроссинговер.
Т.Морган заңдары: белгілердің тіркесіп тұқым қуалауы, гендер тіркесінің бұзылуы. Кроссинговер.
18. Есептер шығару.
Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы және кроссинговер бойынша есептер шығару.
19. Жыныспен тіркес белгілердің тұқым қуалауы.
Жыныс генетикасы. Жыныспен тіркес белгілердің тұқым қуалауы. Адам генетикасы. Адам генетикасын зерттеу әдістері.
20. Есептер шығару.
Жыныспен тіркес белгілердің тұқым қуалауы бойынша есептер шығару.
21. Генотип . Гендердің өзара әсерлесуі.
Генотип біртұтас жүйе ретінде. Гендердің өзара әсерлесуі. Эпистаз, комплементарлық, полимерия.
22. Өзгергіштік заңдылықтары. Модификациялық өзгергіштік.
Өзгергіштік заңдылықтары. Тұқым қуаламайтын (модификациялық өзгергіштік) Реакция нормасы.
23. Тұқым қуалайтын өзгергіштік түрлері. Адамның тұқым қуалайтын аурулары, оның себептері, алдын алу шаралары.
Тұқым қуалайтын өзгергіштік: мутациялық, комбинативтік. Мутация түрлері және оның себептері. Өзгергіштіктің органимздер тіршілігіндегі және эволюциялық маңызы. Адамның тұқым қуалайтын аурулары, оның себептері, алдын алу шаралары. Мутагендер, алкоголь, есірткілік заттар және никотиннің жасушаның генетикалық аппаратына зиянды әсері. Қоршаған ортаны мутагендермен ластанудан қорғау. Қоршаған ортадан мутагендерді анықтау (жанама жолмен) және олардың организмдерге әсер ету мүмкіндігін бағалау.
24. Селекция, оның дамуы және негізгі әдістері. Биотехнология.
Селекция, оның міндеттері және шаруашылықтағы маңызы. Н.И.Вавиловтың селекцияның дамуы үшін қосқан үлесі. Селекция әдістері және оның генетикалық негіздері. Өсімдіктердің жаңа іріктемелері, жануарлардың жаңа қолтұқымдары, микроорганизмдердің жаңа штаммдарын алу әдістері. Генетиканың селекция үшін маңызы.
Биотехнология және оның бағыттары. Жасушалық және гендік инженерия, клондау. Биотехнологияның қалыптасуы және дамуындағы жасушалық теорияның рөлі. Биотехнологияның селекция, ауыл шаруашылығы, микробиологияда, ғаламшар генофонды сақталуындағы маңызы.
Достарыңызбен бөлісу: |