ҚОРЫТЫНДЫ
Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен бастауыш мектеп сатысында мынадай жағдайлар туындайды: Бастауыш мектеп мектепалды дайындық тобында берілетін тәрбиелену, білім беру және дамыту моделінен оқытудың мектептік моделіне үздіксіз байланыста өтуін қамтамасыз ету керек. Бұл жерде білім, білік, дағдылардың сабақтастығынан да балалармен жұмыс істеудегі әдіс- тәсілдердің сабақтастығы жоғары рөл атқарады. Басты мақсат мектепалды дайындық тобынан бастауыш мектепке көшудегі балалармен жұмыс түрлерінің тығыз сабақтастығы. Сонымен қатар сабақтастық мәселесін шешуде ата-аналармен жұмыс жүргізу бала дамуының бірыңғай кеңістігін жасаудың белсенді бағыты ретінде де қаралуы тиіс. Өйткені, ата-аналардың көпшілігі бала тәрбиесіндегі педагогикалық талаптардан бейхабар болуы мүмкін. Сондай-ақ баланың физиологиялық-психологиялық даму ерекшелігінен де назардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады. Сондықтан педагог қауымның алдына қойған қосымша — ата-аналармен жұмысты одан әрі жетілдірудің тың жолдарын қарастыра отырып, ортақ мақсатқа жетудің ұтымды сәттерін жіберіп алмау.
Мектепке дейінгі мекеме, бастауыш буын мен ата-ана арасындағы сабақтастық сақталғанда баланың мектепке жалпы, арнай және психологиялық жағынан қамтамасыз етіледі. Сондай — ақ, бастауыш сыныптағы оқыту мен тәрбие беру жұмыстарының негізі қаланып, мектепке дейінгі балалық шақтан жүйелі оқытуға кедергісіз көшу үшін жағдай жасалады. Қорыта айтқанда, жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша елімізде ауқымды іс-шараларды жүзеге асыру қолға алынуда. Тәрбие-білім беру әрбір баланың мектепке келуге және жетістіктерге қол жеткізуге деген қызығушылығын арттыру үшін жағдай туғызуға, білім алуға үнемі алға басуына кепілдік беріп отыруы қажет.
Білім беру әр бала, әр оқушы үшін тұлғалық мазмұндығын қамтамасыз етуге және ол үшін өз ісіне де, өз өмірінде жеке тұлғалық ойын, құруға, өзіндік қорғану, өзіндік тәрбиелеу механизмін қалыптастыруға және адамдардың адаммен, табиғат, өркениет, мәдениет пен қауіпсіз қарым- қатынас жасауын қамтамасыз етеді. Білім беру баланың жеке тұлғасында адамдық экологияны сақтап, тәрбиелеуге, өмір маңыздылығына, жеке бас бостандықтарына адамгершілікке тәрбиелеуде адамның қалыптасу функциясын қалыптастыру керек. Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі мақсатымыз ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемен өріліп жатса, еліміздің әрбір азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады.
«Мектеп педагогикасының дене тәрбиесімен байланысы» атты курстық жұмысымды осылай аяқтаймын, түсіндіре алдым деген сенімдемін.
Достарыңызбен бөлісу: |