3
6
–
9
10
14
17
18
19
20
23
–
24
25
26
28
29
|
КІРІСПЕ
Дене тәрбиесі ақыл-ой, адамгершілік эстетикалық және еңбек тәрбиесімен біріге отырып, адамның жан-жақты дамуына жағдай жасайды.
Дене тәрбиесі міндеттері педагогикалық процесстерді ұйымдастырудың негізгі екі түрі - дене мәдениеті сабақтары мен спорт сабақтарының бірігуімен шешіледі.
Дене мәдениеті сабақтары («дене мәдениеті») - бұл дене тәрбиесі міндеттерін спорттық және гимнастикалық жаттығуларды, ойындар мен туристік іс-шараларды үйлестіру жолымен шешуге бағытталған іс-әрекет.
Спорт сабақтары («спорт») - бүл дене тәрбиесі міндеттерін бір ғана спорт жаттығуларын қолдану жолымен шешуге бағытталған іс-әрекет.
«Дене мәдениеті» мен «спорт» түсініктері, мән-мағыналары жағынан бірдей педагогикалық қүбылыс ретінде қарастырылады. Дене мәдениеті сабақтарының негізгі мақсаты жалпы дене дайындығы болса, ал спорт сабақтарының мақсаты - іс-әрекет қабілетін дамытуда жоғары деңгейге жету үшін бір немесе бірнеше спорт жаттығуларын орындауды жетілдіру болып табылады. Бағыттарындағы айырмашылық осы. Сондай-ақ дене мәдениеті сабақтарында бір ғана немесе топтама сабақтарға сәйкестендірілген көптеген спорттық жэне гимнастикалық жаттығулар, ойындар мен туристік іс-шаралар пайдаланылса, ал спорт сабақтарында - нақты спорт жаттығулары қолданылады. Бұл пайдаланылатын құралдар айырмашылығы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |