Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Кейбір жоғарғы оқу орындарында (Ленинград, Мәскеу, Қазақ Мемлекеттік Университеті мен басқада жоғарғы оқу орындары да) студенттердің дене тәрбиесі жөніндегі зертханалары мен әдістемелік кабинеттері ашыла бастады. Мұның өзі оқытушылар құрамынның ғылыми-зерттеу жұмыстарына септігін тигізді.
Осы оқулықтың авторлары, дене тәрбие қозғалысының мамандары ретінде, Қазақстан Республикасының және бұрынғы Қазақ КСР-нің жоғарғы оқу орындарында дене тәрбиесі бойынша проблемалық зертханалардың бірде-бірінің құрылмағандығын, нашар жарақтандырылған әдістемелік кабинеттердің өз жұмысын тоқтатқандығына амалсыз өкініш білдіреді. Шамасы,бұл ретте басты себеп осы бір ерекше педагогикалық процестің ғылыми негізделуінің әлсіздігі болар. Республиканың ЖОО-да бірнеше кандидаттық диссертация дайындалады, дене тәрбиесі кафедраларының ғылыми мүмкіндігі өте төмен. Мұның басты себебі дене тәрбиесі оқу бағдарламаларының теориялық тарауының жеткіліксізділігі, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жоқтың қасы, оқу құралдары мен әдістемелік ұсыныстардың саны өте аз.
Достарыңызбен бөлісу: |