2.1.Білім беру мекемелеріндегі дене тәрбиесі жұмыстарына әдістемелік басшылық жасау.
Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі барлық ұжым қызметкерлерімен бірлесіп жүргізіледі. Меңгерушіден техникалық қызметкерлерге дейінгі барлық қызметкер әрбір баланың денсаулығын сақтауға және дене тәрбиесінің басқа да міндеттерін шешуге жәрдемдесуге міндетті. Меңгеруші дене тәрбиесі бойынша барлық ұйымдастыру жұмысына жауапты. Ол жұмыстық жалпы жоспарын жасап, қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді және балабақша қызметкерлерінің қызметін басқаруды жүзеге асырады.
Меңгеруші ойын алаңын, физкультура залын, топ бөлмелерін құрал-жабдыңтармен қамтамасыз етуге міндетті: олар физкультуралық құрал-саймандар, ойыншықтар, атрибуттар; бөлмелердің ішіндегі, алаңдағы тазалық жағдайы, методикалық кабинет үшін әдебиеттерді, материалдарды таңдау.
Тәрбиешілердің жұмысын тексеріп, көмек көрсету мақсатында меқгеруші физкультура сабақтарына, ертеңгілік гимнастикаға, серуендеп жүргенде және дене тәрбиесінің басқа да ұйымдастыру түрлеріне бақылау жасайды. Бақылау жазбаларын қорытындылап отырып, ол жетістіктерін, кемшіліктерін көрсетіп, жұмысты жақсарту жөнінде практикалық кеңестер береді. Меңгеруші сонымен бірге методикалық документтерді тексереді және тәрбиешілерге жоспар құруга, берілген есептерді талдап белгілеуге және т.б. көмектеседі.
Педагогикалық коллективтің білімдерін көтеру үшін кеқес, ашық сабақтар үйымдастырып, дене тәрбиесінің кейбір мәселелерін педсоветтің талқылауына қояды. Ол тәрбиешілер жұмысын талдауға және Педагогикалық оқуларда баяндамалар жасауына көмектесіп, мектепке дейінгі мекемедегі барлық топтардың дене тәрбиесі тәжірибесін жинақтап қорытады.
Сонымен бірге, тәрбиешілерді аудан, қалаларда методикалық кабинеттер арасында болатын (лекция, үйірме, семинар және т.б.) шараларга қатысуға жібереді.
Меңгеруші өз мекемесіндегі барлық қызметкерлердің денсаулыгына, дамуына, дайындыңтарына үнемі көңіл бөліп отырады. Ол балабақшаның қызметкерлерімен әқгіме, діқ діқ кеңестер үйымдастырады (дене жаттығуларын және оларды жүргізу методикасын тақдап алады), денсаулық топтарындагы спорт секцияларындагы сабақтар туралы, ГТО нормасын тапсыру туралы ұсыныстар беріп, өзі үлгі көрсетеді.
Дене тәрбиесі бойынша теориялық және практикалық дайындыңтық тиісті шамада болуы мектепке дейінгі мекемелердегі қызметкерлерге өз міндеттерін негұрлым жетік атқаруларына және балаларга үлгі көрсетулеріне көмегін тигізеді.
Тәрбиеші-методист — ірі балабақшада (8—10 топқа дейінгі) балалардың дене тәрбиесі бойынша тәрбиешілердің жүмысына тікелей басшылық жасайды. Тәрбиешілердің білімдерін жетілдіру, олардың жұмыстарын бақылау сияқты көрсетілген шаралардан басқа ол методикалық кабинетті керекті әдебиеттермен, документтермен жабдыңтауга көп көңіл бөледі: дене жаттығуларының бір жылға бөлінген жоспар-графигі, апталық жоспар, физкультура сабақтарының, ертеңгілік гиманстиканың қимыл-қозгалыс ойындарының жоспар-конспектілері, физкультминуткалар, серуен, кешкі бос уақыттар, мерекелер және т.б.; денсаулық жағдайын есепке алу журналы, денесінің дамуы, дайындығы; дене жаттығуларының техникасы мен жүргізу методикасын бейнелейтін суреттері, фотографиялары бар альбомдар: физкультура алаңдарының макеттері, ата-аналар үшін материалдар (әдебиеттер тізімі, балалар киімінің чертежі т.б.).
Методист тәрбиешілердің жүмысымен зерттеп, есеп пен жоспарлау бойынша документтерді талдайды, сонымен қатар физкультура сабақтарына, ертеқгілік гимнастикага және дене тәрбиесінің басқа түрлерін жүргізуге бақылау жасайды. Бақылау барысында ол тәрбиешінің түсініктемесінің бәрін жазып алады, дене жаттығуларының сапалық көрсеткішін, мөлшерін белгілейді және хронометраждау жүргізеді. Балалардың қозғалыстарды орындау сапасын, олардың мінез-құлқын анықтайды. Бүлар сабақты талқылау мен бага қою үшін сонымен қатар тәрбиешілерге нақты нүсқаулар құрастыруға мүмкіндік береді.
Методист жұмыстық жақсы тәжірибелерін жинақтап, оны таратуга көп көңіл бөледі. Ашық сабақтар жүргізіп, оны бақылауды үйымдастырады, тәрбиешілерге өз тәжірибесін корытып, Педагогикалық оқуларда баяндама жасауга немесе шығып сөйлесулеріне көмектеседі.
Методист әдебиеттердің жақа түрлерін іріктеп, аудан, қалалардагы методикалық кабинеттерде гылыми мекемелерде болатын жиналыстарга қатысып, балабақшадағы дене тәрбиесі жұмысын жақсартуға көмектеседі.
Өзінің де дене жаттығуларымен шұғылданып, балабақшаның қызметкерлеріне өнеге көрсетуінің және оларға қажет мезгілінде көмектесуінің маңызы да өте зор.
Балалармен дене тәрбиесі жүмысын тікелей тәрбиеші жүргізеді. Ол қажетті теориялық және практикалық дайындықта болуы керек. Балабақшадағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, тәрбиеші «Балабақшадағы тәрбие программасын» оқып, оның мазмұны мен талаптарын білуге, дене тәрбиесінің барлық түрлерін жүргізе алатын болуы (физкультура сабақтары, ертеңгілік гимнастика, қимыл-қозғалыс ойындары және т.б.), сонымен қатар жоспарлау мен есеп бойынша документтерді дұрыс құра білуі керек.
Дене жаттығуларын жүргізгенде тәрбиешілерге мыналарды істей білу керек:
қозғалысты дұрыс және нақты түсіндіріп және көрсетіп беру, бұйрық беру;
белгілі оқу жүйесін іріктеп алу;
қателерін ескертіп және түзеп тұру;
балалардың дем алысын қалыптастыру;
балаларға көмек көрсетіп және сақтандарып тұру;
жұмсақ үнмен талап етіп, көңіл бөле отырып, педагогикалық әдептілікті сақтау;
балалардың дене жаттығуларының орындалу сапасына, олардың жағдайы мен мінез-құлқына бақылау жасау.
Тәрбиеші баланың жағдайын бет өзгерістеріне (қызаруы, ағаруы, көгеруі), терлеуіне, тыныс алысына (аузынан тыныс алу, демігу), жүрек жұмысына (жүректің қатты соғуы), ынтасының өзгеруіне (ынталы, ынтасыз), қызығуына (қызықсыз, отырғысы келмеу, керексіз қимылдар жасау), белсенділігіне (белсенділігінің төмендеуі, ықылассыз болу, дене жаттығуларын орындамау), тәртіптілігіне (ойын ережесін бұзу), сонымен қатар дене жаттығуларын орындау сапасына (қозғалыс үйлесімділігінің бүзылуы, ырғақтылығының жоғалуы, жылдамдығы мен нақтылығының төмендеуі, тұлғаның дүрыс болмауы және т. б.) қарап анықтауға үйренуі керек.
Тәрбиеші балалардың өсуі мен денсаулығы жайындағы анықтамаларды талдап, қозғалыс дағдысы мен дене қасиеттерінің даму деңгейінің себебін жүргізе білуі, сонымен қатар баланың семья жағдайын біліп, дене тәрбиесінің практикалық жұмысында осыларды қорытындылап, қолдануы керек.
Тәрбиеші бөлмеде және учаскеде гигиеналық жағдайлардың сақталуын, физкультура жабдықтарының, құрал-саймандарының сақталуы мен тазалығын қадағалап отыруға міндетті. Ол қардан қорған, үйме, қалашық құрылыстар салуға (кеме, аю және т.б.) мұз жолдарын (сырғанау мен жүгіретін жолдарды және т. б.) дайындап ұйымдастыруға міндетті.
Тәрбиеші методикалық жұмысқа қатысып отыруы: ашық сабақтар өткізуге, өз тәжірибесі мен өзге тәрбиешілердің жұмысын талдап қорытуы, педагогикалық жиналыстарда шығып сөйлеуі, педагогикалық оқуларға баяндама дайындауы, методикалық кабинетке материалдар жинауы, фотоальбомдар құрастыруы, қабырға газетіне мақалалар жазуы өте қажет.
Ата-аналармен де жүйелі түрде жұмыстар өткізіп тұруының маңызы зор. Тәрбиеші кеңестер, әңгімелер, жиналыстар, ашық күндер, сабақтар, ата-аналар үшін бұрыш-көрме ұйымдастырып, балабақшадағы кезекшілерді дайындайды және балалардың үйлеріне барады.
Балаларға үлгі көрсетіп, дене жаттығуларын көрсету үшін, тәрбиеші өзінің дайындық деңгейін жүйелі түрде көтеріп отыруы керек.
Дене жаттығулары сабағын өз бетінше жүргізу дәрігердің бақылауымен болады және барлық жұмыстарды дұрыс жоспарлағанда сонымен бірге қозғалыс дағдысы дамуының және дене қасиеттерінің есебін дұрыс жоспарлаганда ғана нәтиже береді.
Тәрбиешіге спорт секцияларында немесе жалпы дене дайындығы топтарында айналысудың, жарыстарға және ГТО нормасын тапсыруга қатысудың пайдасы зор.
Бала бағушы дене тәрбиесінің міндеттерін жүзеге асыруға көмектеседі. Ол бөлмелердің, физкультура залының тазалығы мен ауасының тазаруын қадағалап отырады. Сәбилерге серуенге, дене шынықтыру сабағына барарда киінулеріне көмектеседі. Сонымен бірге балаларды мезгілінде тамақтандырып, ұйықтатып, оларды қогамдың гигиеналық әдетке қалыптастырады, дене шынықтыру құрал-саймандарын күтіп ұстайды (доптарды жуу және т. б.). Бала бағушы балаларға өз жұмысымен үлгі көрсете білсе, олардың дене тәрбиесі міндеттерін дұрыс шешулерінде атқаратын ролі зор.
Достарыңызбен бөлісу: |