Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі курстық ЖҰмыс


Курстық жұмысымның құрылымы мен көлемі



бет7/20
Дата03.06.2020
өлшемі66,03 Kb.
#72150
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
Қойшыбай Құдірет

Курстық жұмысымның құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыс кіріспеден, 4 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Курстық жұмысымның тақырыбын толық ашып, түсіндіріп беремін деген сенімдемін.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.Дене тәрбиесі педагогикалық оқу пәні және ғылыми бағыт ретінде қалыптасуы

Студенттер дене тәрбиесінің маңызды бөлімі кәсіби-қолданбалы дене дайындығы екендігі белгілі. Оның ғылыми-теориялық негізін салушы Мәскеудің жерге орналастыру институтының кафедра менгерушісі В.И.Ильинич. 1967 жылдың өзінде В.И.Ильинич бұрынғы КСРО-ның Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесіндегі ЖОО дене тәрбиесі кафедраларының менгерушісілерімен бірігіп, «Студенттердің кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы» атты алғашқы әдістемелік құралды дайындап, баспадан шығарды, кейін 1970 жылдың өзінде В.И.Ильинич және А.Е.Козлов « Кырғызстанның ауыл шаруашылық оқу орындары студенттері мен оқушылардың кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы» жұмысын жариялады.Екі жұмыста кейіннен жоғары және орта арнаулы оқу орындары студенттердің кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы (КҚДД) жүйесін дамытуда маңызды рөл атқарды. ЖОО студенттері КҚДД-ның негізін салушы дене тәрбиесінің қаралып отырған бағыттардың теориялық бағдарламалық-әдістемелік және ғылыми негіздері бойынша көптеген проблемалық мақалаларды жариялап,оны қазіргі уақытта жоғарғы білім беру мен дене тәрбиесі мамандарының үлкен сұранысына ие болып отырған «ЖОО Студенттердің кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы» оқу құралы (1978ж.) ретінде ұсынды.

Одақта ЖОО Студенттердің дене тәрбиесі бойынша алғашқы докторлық диссертация дәл КҚДД-ға арналып, «Жоғары оқу орындарында халық шаруашылығы мамандарын даярлаудың (елдің ауылшарушылық ЖОО үлгісінде) кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы» тақырыбында В.И.Ильинич қорғады.

«Техникалық ЖОО студенттердің кәсіби-қолданбалы ЖОО дайындығы» оқу құралын жазған Р.Т.Раевский техникалық ЖОО Студенттердің КҚДД-ны негіздеуге үлкен үлес қосты. Аталған авторлар елдің әртүрлі ЖОО-ның дене тәрбиесі оқытушылардың осы мәселе бойынша ғылыми ізденуіне көмектесті.Олардың бірі өз істерін оқушылардың күн режіміндегі дене шынықтыру – сауықтыру шараларын ұйымдастырылып, өткізуге бейім болашақ пен мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық дайындығын іздестіруге арнаса, екіншілері әртүрлі мамандықтар үшін қажетті дене қасиеттерін, қозғалыс дағдылларын, арнайы білім мен дағдыларды дамытуға себепші болатын дене жаттығуларын іздестіруді жалғастырды.

Студенттердің кәсіби-қолданбалы дене дайындығын алғашқы диссертациялық зерттеулер дене тәрбиесінің көлемді және көп қырлы функцияларын ашып көрсетті. Мысалы, Ю.П.Бобылев және Д.А.Валеев өз зерттеулерін болашақ сызушылар мен мұнай-газ саласы мамандарының КҚДД-ын эксперименталды негіздеуге арнаған, В.Д.Воронин жаратылыстану-жағрафия факультеті студенттерінің кәсіби дайындық жүйесінде спорттық бағдарлауды пайдалану жөніндегі негіздерді ұсынады. Гидрометеоролог студенттердің дене тәрбиесінің қолданбалы бағытын эксперименталды негіздеуге И.Л.Гончар өз жүйесін арнады, А.И.Гаралис рдиоэлектроника және автоматика факультетіндегі оқу процесінің кәсіби-қолданбалы бағытына назар аударған, Е.П.Гук болашақ оташы –дәрігерлердің арнайы дане дайындығын ғылыми тұрғыдан негіздеді.

Соңғы 15-20 жыл ішінде болашақ кәсіби қызметке дайындауда дене тәрбиесі мен спорт құралдарын пайдалану жөніндегі ғылыми ізденістер бұрынғыдан гөрі белсенді бола бастады. Мұны Г.Д.Ивановтың зерттеулері дәлелдеп отыр,ол дене тәрбиесінің анықталып отырған сегіз ғылыми бағытының КҚДД-ның 1990жылы бірінші орынға шыққандығын көрсетті. Сондықтан дисертант дене тәбиесінің проблемаларын осы ғылыми бағытта қарауды бастады. Қазақ КСР-інде 1977-1978 жылдары аталған автор дайындаған алғашқы «Студенттердің кәсіби-қолданбалы дене дайындығы жөніндегі әдістемелік ұсыныстар» мен ЖОО-ы үшін «Студенттердің кәсіби-қолданбалы дене дайындығы» оқу әдістемелік құралы жұмыстың мазмұны ҚазМУ студенттерінің контингентімен мамандықтарымен топтары үшін негізделген: далалық (биологтар, жағрафия мамандары); физиктер, химиктер математиктер; заң мамандықтары, гуманитарлық (тарихшылар журналистер, филологтар). Кейінгі жылдары Қазақстанда В.И.Ильинич пен З.И.Локтионованың авторлығымен дайындалған «Қазақстан малшыларының кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы», Өскемен жол құрылысы инстутында «Жол құрылысы» мамандығы бойынша тағы да әдістемелік ұсыныстар жарияланды. Аталған оқу орындарының В.И.Ильинич пен З.И.Локтионованың кафедрасының меңгерушісі М.Ф.Жақсылықовтың ұсынысы бойынша Өскеменде 1990жылы «Студенттер мен оқушы жастардың үздіксіз кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы» тақырыбында бірінші рет аймақтық ғылыми - әдістемелік конференция өткізілді. Оның материалдарында Қазақстанның, Мәскеудің, Ленинградтың, Орскінің Фрунзе мен Ташкенттің ЖОО дене тәрбиесі кафедралары оқытушыларының 56 хабар – жаңалықтары жарияланды. Конференция ЖОО студенттерінің болашақ кәсіби қызметінде дене тәрбиесінің рөлін тағыда атап көрсетті және оны енгізудің төмендегідей көкейкесті және тиімді бағыттарын анықтап берді:



  1. Мектепке дейінгі тәрбиемен болашақ пән мұғалімдерінің факультеттері студенттерінің кәсіби – педагогикалық.

  2. Болашақ кәсіби қызметті қоса алғанда, студенттердің дене – психикалық жағынан (дене-психикалық қасиеттерді, қозғалыс дағдылары мен іскерліктерді дамыту).

  3. Жоғарғы курс студенттерінің дене туралы білімінің жүйесін дайындап, оны өмірге енгізу (дене тәрбиесі және ЕҒНҰ, еңбекті қорғау қауіпсіздік техникасы ережелері).

  4. Педагогикалық және өндірістік практиканың құрлымына ҒЗЖ-ы мен СҒЗЖ-на, таңдаған мамандығы бойынша курстың және дипломдық жұмыстардың мазмұнына дене тәрбиесінің пән аралық байланысын енгізіп, жетілдіру.

  5. Гуманитарлық факультеттердің студенттеріне спорттық терминологиялық білімдердің кейбір көлемі мен дене тәрбиесін насихаттау формаларын баспасөз, теледидар, радио арқылы қалыптастыру.

  6. ЖОО-ны бітірушілердің өндірістік қызмет орындарында қолданбалы бағыттағы сауықтыру шараларын ұйымдастырудың практикалық дағдыларын қалыптастыру.

  7. Келісім-шарт негізінде өндіріске дене шынықтырудағы енгізу (дене жаттығулардың мақсатты-бағыты кешендерін, сауықтыру шараларын дайындап, енгізу, тренажерлерді пайдалану, дене тәрбиесі құралдарының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін анықтау жөніндегі ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыру).

Қарап отырған мәселе бойынша Қазақстар Республикасындағы көкейкесті мәселе «мұнайшы-студенттердің кәсіби-қолданбалы дене дайындығы» тақырыбында алғашқы кандидаттық диссертация дайындалып, Қазақ спорт және туризм академиясында ашылған дессертациялық кеңесте қорғалады. Оның авторлары Н.О.Ордабаев көп жылдық зерттеулердің нәтижесінде, көтеген педагогикалық экспериметтердің негізінде «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау, мұнай және газ кен орындарын дайындау мен пайдалану» мамандықтары бойынша мұнай факультеті студенттерінің КҚДД-ның құрлымы мен мазмұнын дайындап, ғылыми түрде негіздеді. Зерттеулерде мұнайша мамандығындағы студенттердің оқу және болашақ еңбек қызметіне сипаттама берілген және алғаш рет бұрынғы КСРО, қазіргі ТМД елдерінің ЖОО-да алғаш рет дене тәрбиесінің сынақ талаптары жалғасып, аталған мамандықтардың біліктілік сипаттамасына енгізілгендігін қуанышпен атап өткен жөн.

Жоғарғы оқу орындарындағы дене тәрбиесінің қалыптасуымен дамуын талдай отырып, елдің әртүрлі аймақтарында педагогикалық осы саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстары жетпісінші жылдардан кейін айтарлықтай жанданғанын, пәнді зерттеудің және оның жеке адамды тәрбиелеудегі ролі мен жоғары білімді мамандар дайындаудағы орны кеңейгендігін атап өту керек.

Студенттердің дене тәрбиесінің ғылыми зерттеу пәні ретінде қарастыру, 1954 жылы мен 1988 жылдың арасындағы кезеңде «Дене тәрбиесімен спорт» құрылымда бұл соңғы орында болып, КСРО-да орындалған диссертациялардың жалпы санының 4,04%-ін құрағандығын көрсетті. Жоғарыда айтылып өткендей, студенттер дене тәрбиесінің анықталған сегіз ғылыми бағдарының ішінде КҚДД-бірінші орында, екінші орында – жүйені дәрігерлікбиологиялық тұрғыдан негіздеу (18,1%), үшінші орында- студенттердің жұмыс қабілеттілігі мен оқу-еңбек белсенділігін артыру үшін дене тәрбиесі мен спорт құралдарын пайдалану (14%), студентердің спорттық шеберлігін арттыру мәселесі бойынша зерттеулердің 9,4 %-і орындалған, дене тәрбиесі коммунистік тәрбиеннің құрамдас бөлігі ретінде 9,2% құраған, зерттеулердің небәра 0,6% ғылыми ақпараттарды, оқу-спорт құрал –жабдықтарын дайындап, жетілдіруге бағытталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет