Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұо ақ филиалы оқо бойынша педагогикалық Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты диктант мәтіндерінің жинағЫ



бет35/49
Дата26.01.2023
өлшемі303,15 Kb.
#166532
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49
Байланысты:
ДИКТАНТ МӘТІНДЕРІ

Қазақ халқының салт дәстүрлері

Салт- дәстүр дегеніміз – халықтың ұстанымдардың жиынтығы. Салт-дәстүрлер халыктың өмір-тұрмысынан, дүниетанымынан туындайтын мәдени құбылыс. Әдет-ғұрып ұзақ тарихи мерзімде қалыптасып, халықтың ұлттық болмысын құрайды және оны басқа этностардан ерекшелендіреді. Қазақ әдет-ғұрыптары отбасылық және қауымдық-қоғамдық ғұрыптар деп үлкен екі топқа бөлуге болады. Отбасылық ғұрыптарға баланың дүниеге келуі, ержетуі, келін түсіруі, қыз ұзатуы жатады. Қауымдық ғұрыптарға наурыз тойы,құрбан айт, ораза айт, ас беру, т.б.


Шашу– бұл қуанышқа арнап жиналған жұрттың алдында жасалатын ырым. Шашуды жақсылықтарға шашады. Шашудың мәні – жақсылық, молшылық, кұт-береке тілеу.Сүйінші – қуанышты хабарды, бірінші болып жеткізген адамның алатын сый-қәдесі.Көрімдік  – қандай да болсын бір жаңа дүниені алғаш көрсеткенде алатын сый-кәдесі.Отбасылық салт-дәстүрлерге: шілдехана, бесікке салу, қырқынан шығару, үйлену жатады. Шілдехана – сәби туғанша жасалатын той.Бала дүниеге келгеніне 40 күн толғанда қырқынан шығарады. Тұсау кесуге негізінен үлкендер жиналады.Беташар – домбырамен айтылатын ән. Ол келіннің бетін ашарда айтылады.Наурызды қарсы алу. Наурыз тойы көктемгі күн мен түннің теңелу мерзімі 22 наурызда өтеді. Бұл мейрам күнтізбелік ғұрыпқа жатады.Құрбан айт. Ораза бітісімен 70 күннеи кейін құрбан айт келеді. Құрбан айтта жағдайы келген адамдар кұрбандыққа мал шалады. Құрбан айтта адамдар құран оқып, дәм татысады.
(181 сөз)


Өн бойы тола өлең-жыр

Біз оның бала кезінен қанша бейхабар болсақ, балаң ақын кезінен де сонша керқұлақпыз. Ол бізге алғашқы беттерін алыс жылдардың құтырынған құйындары жыртып, ортасынан ауа кеткен көне кітаптай көрінуші еді. Дәлдеңкірей түссек, ол әлі парақтары сарғыш тартқан жалба-жұлба кітаптың өзінен гөрі, соған жазылған ескі қиссаның тоқпақтай тұлдыр, тобадай жалғыз кейіпкері ежелгі ерлерге көбірек келіңкірейтін еді. Тау тұйғында оқта-текте бір есетін кезбе желдей үзік-үзік, келте мәліметтердің айтуынша, бабаларының арасында батыр көп болыпты. Ал өзі әке батасын аттап,жағын сатып күн көрген жалба тонды ақындықты қалады. Аталары ақбас Алатаудың көк майса сай –салаларынан өрбісе, өзі тұлдыр даладағы Жамбыл тауының етегінде жерге түсіпті. Анасы оған Қоқан ханы Құдиярдың құрығынан қашып жүрген ұлы сүргін тұсында тосыннан толғатыпты. Сөз реті қаза кетпесін, Құдияр оның бабаларына көрсеткен қоқан-лоққысын менің бабаларыма да жасапты. (Кер тағдырлы ата-баба сүрлеуі талай-талай ойқастап, көнтерілі уақыттың қай-қай белеңінен тоғысады десеңізші!) Қайталап айтайық, кейуана қарияның сақал-мұрт басқан салғырт жүзіне қарай отырып, тал бесікте уілдеп жатқан жас иіс сәбидің бейнесін көзге елестету қандай қиын болса, дүлдүл ақынның кезі, балауса шағы шамамен мынадай болған шығар деп бал ашу да сондай қиын. Бар білетініміз: ел Екей ақындық жағынан ерекше салымды бопты.


(183 сөз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет