Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы



бет4/4
Дата01.02.2022
өлшемі59,5 Kb.
#130328
1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-21066
МФил. СИЛЛАБУС. Тід білімініңжаңа бағыттары, stud.kz-87009, thesis30692
Сәулемен үзіліссіз емдеу әдісі. Бұл әдіс дененің сыртқы қабатындағы қатерлі ісіктері: тері,ет, сүт безі, жатыр мойының емдеуге кең түрде қолданылады.

Бөлшекті – созылмалы сәулемен емдеу жалған ісік тіндерін сақтау қажеттілігіне негізделген. емдеу ұзақтығы 4-8 апта.

Күнделікті тәжірибеде қатерлі ісікті сәулемен емдеу үшін бірнеше түрлі фракциялар әдісі қолданылады. Олардың ішінде ерте кезде кең тараған Кутардың классикалық әдісі. Ол әдіс бойынша сәуленің бір дүркіндік фракциялық мөлшері 1,8-2 Гр де, ал фракциялардың аралығы 24 сағат, емдеудің ұзақтығы 4-5апта, энергия мөлшері 50-70 Гр болған. Соңғы кездері фракцияларды өзгертіп қолданылып жатыр. Өзінің бір қатар әдістері бар, олар;

  • Орташа фракциялық әдіс. Мұнда бір дүркінді фракциядағы сәуленің мөлшері 3,5-4 Гр, фракцияның аралығы 48 сағат,жұмасына 3рет.

  • Іріленген және ұзақ фракциялық әдістеррі бар, яғни мөлшерлері жоғарлай береді.

Қатерлі ісіктің сәулеге сезімталдығын әртүрлі жолдармен жоғарлатуға болады. Ол үшін сәулелік ем кезінде төмендегідей әдістер пайдаланылады;

  • Гипербариялық оксигенация ( ісікті жоғарғы барометрлік қысыммен оттектіндіру) әдісі.

  • Гипергликемия әдісі. Мұнда ісік жасушаларындағы зат алмасу, оның ішіндегі анаэробты гликолиз процесін жеделдету мақсатында қандағы глюкозаның мөлшері белгілі бір дәрежеге көбейтіліп,кейін инсулин арқылы бастапқы қалпына келтіріледі.

  • Гипертермия әдісі. Ісік орналасқан мүшенің қызуын белгілі бір мөлшерде, бір сағатқа көтергенде, ісік жасушаларында өткізгіштік қасиеті жоғарлайды, ол да сәуленің тікелей әсерлерін күшейтеді.

Операция алдындағы сәулемен емдеу негізінен екі түрлі әдіспен жүргізіледі:

  1. Кутардың классикалық фракциялық әдісі. Мұнда тәуліктік ырғақ сақталады, әрбір фракция 2 Грейге жеткізіліп, аптасына 5-6 ретберіледі.

  2. Сәуленің энергиясын молынан шоғырландыру әдісі. Мұнда тәуліктік ырғақ 4-5 Грейден болады.



Қорытынды

Қорыта келе, сәулелік терапия арқылы жер шарында миллиондаған онкологиялық науқастар емделуде. Бұл аппаратураның жетілдіруіне, жаңа сәулелену түрлерін қолдануға, радиологтардың клиникалық тәжірибесіне байланысты. Осы бағытта әлі мүмкіндіктер жеткілікті. Қазіргі уақытта гипертермия әдісін 20000 астам адамдар қолданады. Ең көп клиникалық тәжірибе ТМД, АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа және Қытай елдерінде қолданылып отыр. Көбінесе электромагнитті сәулелену генератор арқылы «СВЧ», «УВЧ», «ВЧ» диапозонында жергілікті қыздыру жүргізіледі,кейде аймақтық және жалпы гипертермияны қолданады. Қазір осы аппараттардың 4 және 5 түрлері шығарыла бастады. Осыған байланысты гипертермия Ресейдің, Украйынаның, Белоруссияның, Өзбекстанның, Қазақстанның онкорадиологиялық мекемелерінде қолданылып келеді. Терморадиотерапия арқылы меланоманы, тік ішек, сүт безі және бас қатерлі ісіктерін, остеогенді және жұмсақ тін саркомаларын емдеуге қолданылады. Оның сәулеләк терапиядан айырмашылығы ісік регрессиясын 1,5-2 есе жиілетіп, өмір сүруді 3-5 жылға созуға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік онкологиялық орталықтардың мәліметтері бойынша гипертермияны қолдану арқылы ісік емдеуде үлкен жетістіктерге жетуге қол жетіп отыр.

Пайдаланылған әдебиеттер

1) «Радиация және өмір» З.Ж.Асқарова, Алматы, 2000.



2) Интернет желісі.

3) Садыков С.С. Клиникалық радиология. Алматы 2009жыл.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет