Гуманитарлық бағытындағы химия оқулығының мазмұны, ерекшеліктері.
Гуманитарлық сыныптарда химия курсы қысқаша түрде өткізіледі. Гуманитарлық бағыттағы оқушылар МАТЕМАТИКАНЫң қоршаған ортамен, адамзатпен байланысын қарастырады.
Мектепте гуманитарлық сыныптарда химия курсы гуманитарлық материалдармен байланысты болу керек.(тарих, әдебиет, тіл білімі, музыка, өнер) яғни, гуманитария бағытындағы оқушылардың эмоциялық ортасына әсер етіп химия ғылымына деген қызығушылығы арта түседі.
Дәріс 5-7. Бейімділік оқытуда таңдау курстардың мазмұны, құрлымы.
9 – сыныптағы бейімділік алды дайындығының деңгейінің таңдау курсының өздік ерекшелігі
10 – 11 сыныптардағы таңдау курстарды жүзеге асыру мен жобалау
Оқушының шығармашылық тұлғасын қалыптастырудағы бейімділік оқыту әдістерінің маңызы.
Мамандық таңдауда бейімді – бағдарлы оқытудағы таңдау курстарының іріктеу ерекшеліктері.
9 – сыныптағы бейінділік алды дайындығының деңгейінің таңдау курсының өздік ерекшелігі
Тоғызыншы сыныптарға арналған оқу бағдарламасы бойынша таңдау курысына мынандай орын беріледі : егер оқу аптасына бес күндік болатын болса , қолданылатын «оқу» компененті мен білім берудің «Технология» саласы бойынша 115 сағат бөлінген , яғни 5 (+ 3) аптадағы топқа бөлудегі (68 сағаттық оқу компенентін жинақтау арқылы берілген мәлімет) , әрі білім берудің «Технология» саласы бойынша 102 сағат болуы , осылайша , жины 170 сағат шығады. Осының шамамен үштен бірі кәсіби екшеу мен кеңес беруге , қалған екіден бірі , қалғаны 115 сағаты шығады ) ; ал , алты күндік білім беруде бұл есептеудегі сағат саны 180 жетеді.
Жасалынған жұмыстың бүкіл жүйесі бойынша тоғызыншы сынып оқушысы мынандай екі сауалға жауап беруге тиіс : « Таяудағы білім беру перспективасынан мен нені қалаймын ?» және « Мен өзім таңдаған бейінділік бойынша білім алуымды жалғастыра аламын ба ?» таңдау бойынша оқылатын курстар осы екі сауалға оқушылардың жауап бере біліуіне бағытталған.
Осы курстың оқытылу барысында тоғызыншы сыныптық мынандай мүмкіндікке ие болуға тиіс : білім беру материалын игеру үшін , мектептен кейінгі білім алу мен бейінді оқу кезіндегі керекті білімді игере білуге бар күш жігерін жұмсай алу ; жыл бойы оқушылар міндетті түрде бірнеше таңдау курстарын оқып үйіренуге тиісті , олар өздерінің ұзақтығы жағынан қысқа мерзімді болып келгені оңтайлы (ұзақтығы 8 – 16 сағат көлемінде).
Мектептегі таңдау курсы мына түрде ұшырасады :
мектеп бейінділігі ;
факультетивтер ;
үйірмелер ;
оқу – ізеніс жұмыстары ;
мектеп пәні ;
оқу бағдрламасының зертханалық – тәжірибелік бөлігі ;
қоғамдық сұраныстан ;
оқушы мен оқытушының әуестігі мен қызығушылығынан.
Таңдау бойынша курстарды жасаудың , құрастырудың бірнеше жолдарын бөліп көрсетуге болады.
Іргелі қадамның ұсынатыны : курс мазмұнын жобалаудың ойластырылуы іргелі заңдылықтар мен теориялардан жекелеген заңдылықтар негізінде пәнді тереңдетіп оқытуда ең бірінші аталған сала бойынша дарынды балалар мен жоғарғы мектептегі пәндермен байлыныстылқ бағыты ұстанылуға тиіс.
Әдістемелік қадам өзінің бастау көзіне ғылыми әдістік танымды жинақтай қамтып , тарихи – ғылыми материалды өз ерекшелігене сай ұсынады. Бұл қадамға негізделген курсты оқытудың басты мақсаты – кейбір зерттеушілік машықты меңгертуге үйрететін ғылыми танымның әдістерімен таныс ету. Бұл әдіс жобалық технологиямен оқытуды , тәжірибе сабақтарды , зерттханалық – тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыруды т. б. қолдану жолын ұсынады.
Әмбебап (универсиалды) әдіс ғылым үшін жан – жақты болып келетін ең маңызды деген түсініктер маңына мазмұндық топтпастыру жасаумен сипатталады. Аталған әдіс бір проблеманы , құбылысты және түсінікті әлемнің әр елінде қалай қарастыратыны ескеріліп , пәнаралық тұрғыда қарастырады. Ол үшін рефлексті технологиямен оқыту , бағамдық ойлау (критического мышление) , кейс- тәсілі т.т. қолданылады.
Прагматикалық әдіс өз кезегінде кейінгі тірілігінде аса қажет белгілі бір білім мен машық қалыптастыруға қызмет етеді. Бұл үшін нақты кәсіби саладағы тәжірибелік сабақтар мен практикумдар топтамасына басымдық береді.
Әрекеттік – құндылық әдісі (деятельностно – ценностный подход) не ана , не мына кәсіпті игеруге септігі тиетін қимыл - әрекеттермен таныстырады. Бір жағынан таңдаудың рационалды амалдары және оқу үдерісін ұйымдастыру формалары , екінші жағынан оқушылардың наақты кәсіпке деген қабілеттері арасында белгілі бір байланыс бар. Осылайша , аталған әдіс түріне сүйеніп , таңдау курсын құрастыру сайып келгенде оқушыларға өздерінің іс -әрекеттеріне лайықты темірқазық етіп алады. Сонымен , жаратылыстану пәндеріне бейім оқушылар көптеген іс - әрекеттерге қабілетті болып келіп , химия мен биологиядан білім алуға бейіндік танытады. Гуманитарлық бейінге төмендегідей іс - әрекеттер сипаты тән болып келеді : конспекті , жоспар , тезис , рефераттар құрастыру ; экскурсия ,дискуссия , көрнекілік , рөлдік ойындар формасы. Математика пәні үшін кесте және таблицалар құру , заңдылықтарды табу тән болып келеді. Белгілі бір бейінділікке қатысты бағдар ұстануға байланысты курстарды ұйымдастырудың амал – тәсілдері мен формаларында не ана , не мына іс - әрекетті әдісін жетілдіру не ана , не мына бейінділіктің басым бағыты болып табылады.
Компетенттік(құзіреттілік) әдіс бүгінде көп жақты болып келеді. Сол себепті де , көптеген жобалаушылар таңдау курстарын жобалауда оған басымдық береді. Ондағы кезектестік төмендегідей болып келеді : аталған жас ерекшелігі бойынша ең қажетті проблеманы анықтау – қажетті дағдыны бөліп алып , оның шешімін табу – аталған міндеттер топтамасының шешімін табу үшін қажетті қабілеттілікті анықтау , – қажетті мазмұнды таңдап алу – оқыту әдістерін жобалау – бағалау жүйесін жобалау. Есте ұстайтыны , қазіргі заман талабына орай , оқушының мектеп қабырғасында алған дағды – машығын өмірде қолдана білуі. Қабілеттіліктің басты негізі мектеп бітірер шақта қалыптасып , адамды өз ыңғайына орай тәрбиелеудің оқытушылар тарапынан жүзеге асқан нәтижелі қорытындысы болып табылады.
Таңдау курсының мақсатын айқындауда басты бағдар нышаны ретінде : әлеуметтік бейімділік – социуымдағы басқа жандармен есептесе әрекет етуге қабілеттілік , коммуникативтік бейімділік – социуымдағы басқа жандармен есептесе әрекет етушілік пен пәндік бейінділік – жекеленген адамдамзат мәдениеті саласы ұстанымы тұрғысынан іс - әрекет жасау және пайымдай білу қабілеті алынады.
Білім беруді қазіргі заман таклабына орай төмендегіше : проблема – оның шешімін табу міндеті – ақпарат пен әдіс – тәсілдерді таңдау – іс -әрекет таңдамасы – жұмыс тәжірибесімен алмасу – шешімдер мен ұсынымдардың тұсау кесері – бағалау – зертханалық шешім – анализ – іс – әрекеттің рефлекстік тәжірибе қызметі – бейінділікті дамытуды бағалау – табыстылықтың өрістеуіне өзіндік бағам – оқытуды жоспарлауды құру ұсынылады.
Бейінділік алды дайындығының курстық таңдауы : пәндік бағдарлық (байқама) ; пәнаралық (бағдаршы) болып келеді.
Пәндік бағдарлық курстар төмендегідей міндеттерді шешеді :
Оқушының оқу пәніне деген ынтасын жүзеге асыру.
Жоғарғы деңгейдегі пәнді игеруге қабілеттілігі мен дайындығын егжей – тегжей нақтылау.
Таңдау бойынша емтихан тапсыруға жағдай жасау.
Пәндік бағдарлық курстар үшін оған сай келетін оқу құралы , факультатив бағдарламалары , арнайы курстар ; ЖОО дайындықтың оқу құралының бөліктері , тереңдетіп оқитын сыныптардың пәндері қолданылуы мүмкін.
Пәнаралық (бағдаршы) курстар дәстүрлі оқыту аясынан шығуды ұсынады. Сонымен , оның курстары төмендегідей :
Қазіргі заман кәсібіне оқушыны бағдар ұстататын жүйе құру.
Ең кең тараған кәсіптерге сай келетін кәсіптік ерекшеліктермен таныстыру.
Не ана , не мына бейінділікке уәждану.
Бейінділік алды дайындығы үшін пәнаралық курс материалдарына ғылыми – көпшілік әдебиет , БАҚ ақпараттары , ғаламтор т.т. қолданылады.
9 сыныптықтарға арналған таңдау курстарының ерекшелігі стандартық еместігімен , вариативтілігімен және қысқа мерезімдігімен танылады. Сондықтан осындай курстардың саны көп болған сайын оның тиімділігі соғұрлым мол болады. Таңдау курстарының уақыттық аясы әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан мұғалімнің есте ұстайтыны , 9 сынып оқушысы өзінің түрлі курстарды оқып , игере алатындығына деген сенімі.
10 мен 11 сынып турасында сөз басқа. Онда таңдау курстары әрбір бейінділік бойынша оқу жоспарымен айқындалған.
Негізгі оқу жоспары негізінде таңдау курстар санын белгілеуді мектептің өзі таңдайды. Таңдау курстар басты үш қызмет түрін атқарады:
бейінділік курсын өмірлік жағдайға жуықтату.
ҰБТ жауап беретін деңгейде білім бере алу.
адамның түрлі саладағы іс -әрекеттеріне жауап бере алушылықтың болуы.
Таңдау курстың ең дұрыстығы оқушы өзіне ұсынылған тақырыптық оқу түрлерінен өзіне керегін таңдай алады. Нені оқып , нені қалайтынын өзі шешеді.
Бейінділік алды таңдау курстарын жобалау технологиясы және бейінділік мектебі үшін таңдау курстар. (9 –сынып бойынша таңдау жасау) :
Курстардың саны көп болып оқушы шынайы таңдама жасай алатын болуы керек.
Білім алу жосығы бойынша бала өзінің неге шамасы жететінін айқындай білуі шарт.
Курстар оқушының «осыны оқып біле аламын ба?» деген сауалына жауап бере алуы керек.
Сонымен бірге үнемі есте ұстайтынымыз , курстың мазмұнының шектен тыс көп болуы оқушының оны игеріп кетуіне кедергі келтіреді , әрі төмендегідей ең мәнді сауалдарға жауап бере білуіне мүмкіншілік бере алмайды :
Мазмұнды екшеп алу үстінден мұғалім мынандай сауалдарға жауап бере білуі шарт : «жоғарғы сыныпта бейінділікпен оқытуды саналы түрде таңдаған оқушыға аталған курс несімен пайдалы бола алады?»
Орта мектептің үшінші сатысында бейінділікпен оқыту кезінде қазіргі заман талабына сай келетін оқыту технологиясын қолданудың рөлі перспективалы бола ала ма?
Бейінділік алды дайындығының таңдау пәнін оқытуды сол тақырыпқа сай келетін мамандық бойынша сабақ беретін педагогқа немесе мамандығы жуықтап келетін мұғалімнің мүмкіндігін пайдалана білу қажет.
Аталған курс оқушыны кәсіпке тартуда жетекші пәннің бірі ( мәтінмен жұмыс істеу , құқықтық құжаттармен таныса алу т.т.) бола білуі қажет.
Курстар белгілі бір нақты оқу құралының негізіне сүйенуі қажет. Осы шарт мұғалімнің ақпаратқа деген үстемдігін шектеп , ақпаратпен оқушы да өз бетімен таныса алатын болады.
Бейінділік алды курсы мектептің оқу бағдарламасын қайталамауы қажет. Ол оқушыны емтиханға емес , болашақ өмірге дайындауға бағыт ұстануы шарт.
Таңдау бойынша авторлық курсты жобалаудың бағдарламалық кестесі
(8 – 9 сыныптардағы бейінділік алды дайындығы үшін)
Жалпы ереже
8 – 9 сыныптардағы бейінділік алды дайындығы үшін ұйымдастырылатын таңдау курсының мақсатын екі типке бөлуге болады :
- қолда бар әдістемеліктерге негізделген (мысалға , әдеттегі факультативтік курстар , әдеттегі оқу пәндері бойынша қосымша сабақтың бөліктері т.т. болып келетін)дәстүрлі пәндік курстар ;
- мектептің өз ішіндегі жекелеген педагогтардың дәстүрлі емес оқыту технологиясын қолдану негізінде құрастырған авторлық курстар , сондай – ақ , жобаланып , жүзеге асырылатын міндетті оқу бөлігіне кіретін құрылымдар.
Мүмкіндігінше ұйғарылатын , бірінші курстар типінде прагматикалық функция (9 сыныптың бітіру емтихандарын жақсы тапсыруларына дайындық мүддесі) басымдыққа ие болса , екінші курстар типіне оқушылар таным – түсінігін дамытушылқ функциясы тән болып келеді.
Таңдау бойынша авторлық курстардың мазмұны мен құрылымында төмендегідей нақты жағдайларға бағынышты болып келуі мүмкін вариативтік сипат тән болып келеді :
Оқу департаментінің үшінші білім алу деңгейіндегі оқушыларға ұсынатынбейінділік тізімінің ерекшелігі.
Аталған білім беру мекемесіндегі кадр ситуациясы мен оқу департаментінің білім беру аясының (ЖОО мамандарын бейінділік сыныптарына тартуды немесе ресурстық орталықтардың мүмкіндігін пайдалануды т.т.) қалауы.
Осының бәрін түйіндесек , таңдау курстарын ұйымдастыру шартты түрде төмендегідей жағдайларда инвариантты болып қалады :
Курстар алуан түрлі болып оқушының нені қалайтыны нақты анықтата алуы қажет ( бір ғана курсты ұсыну таңдау болып табылмайды).
Білім алудың болашағы болуы тұрғысынан курстар оқушының өз әлеуетін тани алуына септесуге тиісті ( «математикадан үштік бағам болғандықтан , әлеуметтік – гуманитарлық бейінділікті таңдаймын» емес , «юрист немесе журалист болу үшін университетке түсуім үшін қажет» деген ұғым болуы шарт).
Курстар жоспарланған бейінділікке сай жағымды қалыптағы жағдай туғызуы керек. Ол оқушының мына сауалға : « Осы пән маған несімен қажет болады?» дегеніне жауап беруіне қол ұшын беруі қажет.курсты жаңа мазмұнмен шектен тыс толықтыру осы сауалға оқушының жауап беруін тосылтады.
Авторлық бағдарламаны жасаушы мұғалім мазмұн таңдаған шақта мына сауалға : «Жоғарғы сыныптағы бейінділік оқытуын таңдаған оқушыға аталған курс несімен пайдалы бола алады?» жауап бере алуы керек.
Орта мектептің үшінші сатысындағы бейінді оқытудың рөлі қазіргі заманғы білім беру технологияларын (ақпараттық , жобалық , дистанттық т.т.) қолдана білгенде ғана перспективалы бола алады.
Бейінділік алды дайындығы үшін ұйымдастырылатын таңдау курсын оқытуға басқа білім беру мекемелерінен ұстаздарды тартқан ләзім.
Курстар егер ол жетекші болып табылатын болса оқушыны өзінің болашақ мамандығының( тарихшы , филолог , физик) өзіндік ерекшелігімен таныстыруға тиіс.
Егер мүмкіндік болып жатса , курс белгілі бір оқулыққа арқа сүйеуі керек. Осы шарт мұғалімнің ақпаратқа деген үстемдігін шектеп , ақпаратпен оқушы да өз бетімен таныса алатын болады.
Бейінділік алды курсы мектептің оқу бағдарламасын қайталамауы қажет. Ол оқушыны емтиханға емес , болашақ өмірге дайындауға бағыт ұстануы шарт.
Бейінділік алды дайындығы үшін ұйымдастырылатын таңдау курсы34 – 35 оқу сағатына негізделіп , аптасына екі рет оқылатын болып , оқушы оқу жылы аясында осындай екі курсты тамамдап шығуы шарт. Кейде жағдайға орай , 17 сағат түрінде 4 сағаттық модуль түрінде де өткізуге бола береді.
Таңдау бойынша курстың мазмұны.
Мазмұн бір жағынан тоғызыншы сынып оқушысының танымдық мүмкіндігіне сай келуі керек , екінші жағынан , жоғарғы талап деңгейіндегі жұмыс ыңғайын игеруіне септесуге тиіс.
Курс мазмұны төмендегідей болып келеді :
негізгі оқу пәнінің саласының тереңдетілген ( «Механика» , «Халықаралық қатынас» , « Мұхиттар» т. б.) нұсқасы ;
оқу пәніне сай келетін ғылым саласын ( археология , журналистика , астрономия) енгізу ;
курс ұстанған бағдар бойынша бір немесе бірнеше саланың ( «жаратылыстану»)бөліктерін белгілі бір деңгейде қамту , не болмаса , белгілі бір ( мысалға , « Физика , химия , биологиядан эксперменттерді» , «Ақпараттық дерек көздерімен жұмыс жасау» іс - әрекет түрінде игеру.
Таңдау курстары жүйесінде қолданылатын оқыту технологиясы оқушының болашақтағы мамандығына қажет дағдыны игеруіне ( мысалға , экспермент жасап қойылған мәселені тәжірибе негізінде анықтай білуіне)септесу. Оқыту технологиясының мүмкін түрлері : ақпараттық , жобалық , ізденгіштік , ойындық т.т. болып келіп , жоғары сынып оқушыларына бағдарламаны жете меңгеруге мүмкіндік жасайды.
Бағдарламаны құрастырушылар үшін тірек сауалдар.
Бейінділік алды дайындығы үшін н таңдау курсы құрастырмастан бұрын мұғалім төмендегідей сауалдарға жауап бере біліуі керек :
Бейінділік алды дайындығы және бейінді оқыту үшін таңдау курсының міндеттін ең толымды түрде жүзеге асыруда қандай мазмұндық материал мен жұмыс формасы керек? ( Оқушыға өз бағдарын жасай білуге көмектесу мақсатында , алдыңғы ақтаңдақтардың орнын толтырып , оқушының ЖОО түсуіне жәрдесіп , болашақ мамандығы бойынша оқуының жеңіл болуын қамтамасыз ете алу)
Курс мазмұны несімен негізгі оқу курсынан еректенеді?( ол негізгі оқу курсында қарастырылмаған ; ол онда тек акталып қана өтеді ; ол онда бір жақты , басқа ой – пікірлерді танытпай енген т.т.).
Аталған курс қандай көмекші материалдармен (кітапхана қоры , хрестоматия , жинақ , дидактикалық материалдар т.т.) қамтылған?
Аталған мазмұнмен жұмыс істеуде қандай әрекет түрі ( бейінді және кәсіби бағдар)мүмкін болады?
Аталған курс бойынша жұмыс істеуде оқушы таңдап алған кәсібі бойынша немесе болашақ бейінділікпен оқуы бойынша өз біліктілігін көрсете ала ма?
Ол аталған курс бойынша жұмыс істеуде өз дербестігі мен қандай белсенділік үлгісін көрсете алады ?
Аталған курс бойынша алынған білімді бағалаудың мұғалім мен оқушы үшін қай түрі қолайлы?
Курсты оқытудың қай бөлігінде болашақ кәсіп үшін ықыластық құштарлық аңғарылады?
Курсты оқу оқушыға не береді және есеп беру түрі қандай болып келеді?
2.10 – 11 сыныптардағы таңдау курстарды жүзеге асыру мен жобалау
10 – 11 сыныптардағы таңдау курстарды жүзеге асыру мен жобалау кезінде таңдаудың басты уәждарын ескеру :
Бейінділік пәндері бойынша ҰБТ дайындау ;
Мектептің дәстүрлі «академизмінен» бас тартып , өмірлік және тәжірибелік міндеттерді шешу үшін іс - әрекетті меңгерудің дағды машығын игере білу ;
Табысыт қызметтік жоғарлау мен еңбек нарығында өз орнын таба білу ,
Қызығушылық ;
Негізгі курстарды оқып үйренуге қосымша ;
Кәсіби бағдар ;
Жекден тұсатыққа бастар жол.
Міне , осының бәрі жиылып келгенде таңдау курставрды таңдауды оқушылардың өз еркіне салады.
Оқыту принципі :
дербес ,
қол жеткізілімдік ,
жалғастық ,
нәтижелік.
Таңдау курстарының мақсаты :
танымдық белсенділіктің негізі ретіндегі қызығушылықты дамыту ;
баланың қызығушылығын , бейімін және қабілетін дамыту ,
шығармашылық ойлай білуді қалыптастыру ,
негізгі қабілетті дамыта білу.
3.Бейінділік мектебіндегі таңдау курстар мазмұны, формасы мен әдіс- тәсілдері
Шартты түрде төмендегідей таңдау курс типтерін бөліп көрсетуге болады.
І. Пәндік курстар , оның мақсаты – мектептің негізгі оқу жоспарына кіретін пән бойынша берілетін білімді тереңдету мен кеңейту.
Өз кезегінде , пәндік таңдау курстарды бірнеше топқа бөлшектеуге болады.
Не ана , не мына оқу пәнін тереңдетуге бағытталған жоғарғы деңгейдегі таңдау курстар , химия бойынша оқу пәнімен үндесуге тиісті. Осындай таңдау курсты таңдау , бейінділік негізінде емес , тереңдету деңгейі мақсатында екшеледі. Бұндай жағдайда , алынған курстың барлық бөлігі теңдес болып келеді.
Негізгі курстың жеке тараулары тереңдетіліп оқылатын таңдау курстар , аталған пәннің міндетті түрде оқытылуына енеді.
Негізгі курстың жеке тараулары тереңдетіліп оқылатын таңдау курстар , аталған пәннің міндетті түрде оқытылуына енбеген.
Қолданбалы таңдау курстар , қазіргі заман технологиясы мен өндірісіне оқушы қызығушылығын дамытуды көздеп , тәжірибеде алған машығы мен дағдысын іс жүзінде қолдана білуін мақсат етеді.
Табиғатты танып – білу әдіс – тәсілдерін үйретуге негізделген , таңдау курстар.
Пән тарихына арналған не мектеп оқу бағдарламасына (физика , биология , химия , географиялық ташылулар тарихы) енген , немесе оған (дін , техника , астрономия тарихы) енбегендердің таңдаук курсы.
Есептің шешу жолдарына , тапсырманы орындау тәсілдеріне арналған ( математикалық , физикалық , химиялық т.т.) таңдау курстарға , осы пәндер бойынша есеп құрастыру мен шешу негіз болады.
ІІ. Пәнаралық таңдау курстар , оның мақсаты адам мен қоғам арасындағы үндестік туралы оқушы білімін молайту.
ІІІ. Негізгі оқу бағдарламасына кірмейтін пәндер бойынша таңдау курстар.
Осылайша қилы тұрпат пен түрлі сипатағы таңдау курстар өздерінің мақсаты мен мазмұнының әр келкілігіне қарамай оқушы сұранысына жауап бере білуі шарт.
Оқытудың формасы мен әдіс- тәсілдері
(әр текті оқыту , тәжірибе сабақтары , байқаулар , бәсеке , экскурсия , жорық, алыстан оқытудың белсенді әдістері т.т. болып келеді).
Оқыту құрал - жабдықтары ( оқушылардың қосылып оқуын ескере отырып , қаперге алынатын қажетті құрал - жабдықтар тізбесі).
Оқыту технологиясы оқушының болашақтағы мамандығына қажет дағдыны игеруіне ( мысалға , экспермент жасап қойылған мәселені тәжірибе негізінде анықтай білуіне)септесу. Оқыту технологиясының мүмкін түрлері : ақпараттық , жобалық , ізденгіштік , ойындық т.т.
Таңдау курстарын бағалау жүйесі.Таңдаук және таңдау курстары бойынша стандарт жоқ. Сондықтан , нәтижелік аттесиацияда болмайды. Әкімшіліктегілерге , мұғалімдерге қаперлеріне ұстайтын жайт : оның мазмұны мен ережесін ( бұның ішіне белгілі бір есеп беру формасы да енеді) мекиептің өзі жасап , орнықтырады.
Бакғалау жүйесі бағасыз болуы да, ағымдағы рейтнг түрінде келуі е мүмкін.
Бағаның мүмкін нұсқалары :
Тыңдау курсы.
Реферат қорғау.
Жобаны жасау.
Шығармашылық тапсырманы орындау.
Егер таңдаук курсты «оқушылар игеруге тиісті» делінетін позиция тұрғысынан емес , оқушы ықыласы негізінде құратын болсақ , онда бағалау критерии мен аттестациялау формасы шәкірттермен келісе отырылып шешіледі.
4.Бейімділік оқытудың оқушының шығармашылық тұлғасын қалыптастырудағы маңызы.
Дәріс 8-11. математикадандан таңдау курстарды құрудың теориялық –әдістемелік аспектілері
Орта мектептегі МАТЕМАТИКАНЫ бейімді оқытудың нормативті базасы.
Химиядан таңдау курстардың мақсаты мен міндеттері.
МАТЕМАТИКАНЫ профильді пән ретінде оқытудың беталысы.
Таңдау курстарда химия пәнін экологиямен тығыз байланыстыра оқыту
Орта мектептегі МАТЕМАТИКАНЫ бейімді оқытудың нормативті базасы.
10 - 11 сыныптарда МАТЕМАТИКАНЫ мүмкіндігінше оқыту нұсқалары.
Орта мектепте химия пәнін екі деңгейде - базалық және бейіндік деңгейде қарастырады. Базалық деңгейде химия пәнінен 70 сағат берілген (аптасына 10 – 11 сыныптарға 1 сағат), бейіндік деңгейде химия пәніне 210 сағат (10 – 11 сыныптарға аптасына 3 сағат берілген).
Мектепте жоғарғы сыныптарда химия пәнін оқытудың мүмкін болатын нұсқалары бар.
1 нұсқа – химия курсы бейіндік деңгейде (2 жылға 4 сағаттан) өтіледі. Бұл нұсқа физико – математикалық, биолого – географиялық, агротехникалық профильдерге арналған.
Бейіндік пәндерден физика – математикалық бағытпен тығыз байланысты. Бір жағынан физика, термодинамика, молекулярлық физика, ал басқа жағынан осы кәсіп бойынша практиканы оқыту болып табылады.
Ал биолого – географиялық профильді химиясыз оқу мүмкін емес. Әсіресе тау жыныстары,минералдар, геоэкологиялық мәселелерде шешуде кеңінен қолданылады.
Негізінен химия пәні агротехникалық профильде қазіргі заманға сай технологиялар, МАТЕМАТИКАНЫң жетістіктеріне байланысты дамып отыр. Олар залалсыздандыруда, әр түрлі зиянды өсімдіктер мен жануарлардан қорғану үшін, топырақтануда және тағы басқада маңызы зор.
Химия мақсаты әрбір профильде әртүрлі болып келеді.
Болашақ профильдік пәнде МАТЕМАТИКАНЫң оқытылуы.
Физика – математикалық профильде МАТЕМАТИКАНЫң құрылымы физика және химия ғылымдарымен өте тығыз байланысты. Бұл жағдайда «Жаратылыстану» курсынан химия жеке пән ретінде бөлініп аптасына 1 сағат бөлінді. Сол себептен физика – математикалық сыныптарда химияға аптасына 2 сағат бөлінді.(2 жылға 140 сағат) Содан кейін химия базалық пән ретінде қалып отыр.
Биология - географиялық профильде химия курсы биология және географияны оқығанда қосымша факт және теориялық бөліміне бағытталады. 2 жылда 210 сағат, аптасына 3 сағат бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |