Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты


математикадан таңдау курстардың мақсаты мен міндеттері



бет4/5
Дата06.07.2018
өлшемі418,5 Kb.
#47434
1   2   3   4   5

2.математикадан таңдау курстардың мақсаты мен міндеттері.

Дифференцияалды оқытудың бір түрі – таңдау курс. Таңдау курс (латын тілінен electus – таңдамалы деген мағынаны білдіреді) – ол әрбір оқушының міндетті түрде таңдап алатын курсы. Бұл курс 8 – 9 сыныптан бастап 10 – 11 сыныпта профильдік оқытумен жалғасын табады.

Курсты таңдау шет елдерде кеңінен қолданылады. Бұрыңғы заманда бастауыш сыныптан бастап оқушылар бірнеше пәнді таңдап алатын болған. Бастауыш сыныпта оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында алынған, ал жоғарғы сынпқа барғандабұл қызығушылықтарын қанағаттандырады.

Енді таңдау курс пен факультативті курсты салыстырайық. Факультативті курстың мақсаты «сабақты терең қарастыру, қызығушылығын арттыру,сол пәнге деген ниетін ашу».Таңдау курстың мақсаты өзіне бағытталған әрбір курстың нақтылығы және аналогиялық нақты болып табылады.

Таңдау курста дәстүрлі бес балдық жүйені қолданбауды ұсынады.

Факультативті курсты - барлық оқушыларды оқытуға болмайды, ал таңдау курсты – жалпы білім беретін орта мектептің 9 – 11 сыныптары міндетті түрде таңдайды.

Факультативті курс пен таңдау курстың тағы бір айырмашылығы – оқу ұзақтығында. Факультативті курс бүкіл оқу жылына арналады. (минимум – 34 сағат). Таңдау курста программаны кең ауқымда қарастырады (8 – 34 сағат), бір – екі айға есептеледі, бір тоқсан немесе бір жарты жылдыққа арналады. Таңдау курстың ұзақтығы кейде 68 сағатқа арналады.

Факультативті курс ереже бойынша сабақ кестесінде және 7 – 8 мин. Сабақ барысында немесе сабақтан тыс кезде өткізіледі. Таңдау курссабақ кестесінің құрамына кіріп басқа сабақтармен қатар өткізіледі.

Бір сыныпта немесе параллель сыныптағы оқушылар бір пән бойынша бір факультет алынуға болады. Таңдау курсты барлық оқшылар таңдап, және де оқу ұзақтығы да әр түрлі, сағат саны да көп болукерек.Ғылыми – методикалық әдебиетте немесе нормативті құжаттарда әртүрлі таңдау курстың толық саны көрсетіледі. Таңдау курстың толық саны таңдауға байланысты. Сондықтан әрбір пән бойынша 3 – 5 таңдау курсты профильдік оқытуды таңдау керек.Барлық айтқандарды кесте түрінде бейнелеуге болады.

Кесте – 1.



Факультативті курс

Таңдау курс

Ұқсастығы

Мақсаты: терең білім беру, қызығушылығын арттыру, оқушының сол пәнге деген икемділігін арттыру

Айырмашылығы

Оқушылардың жартысы таңдайды

Әрбір оқушы таңдайды

Сабақ кестесінің құрамына кіреді (7-8 сабақтар)

Қалған сабақтар сияқты сабақ кестесіне енгізіледі.

Міндетті түрде қатысу емес.

Міндетті түрде қатысу.

Сабақ оқу жылына арналады. Оқу ұзақтығы – 34 сағат

Бір тоқсанға, жарты жылдыққа, бір – екі айға арналады. Оқу ұзақтығы 8 – 72 сағат.

Бір пәннен бір курс таңдауға мүмкіндік береді.

Әртүрлі пәннен таңдап алынған жалпы курс саны толық сағат санымен беріледі.

Таңдау курстың негізгі үш типін анықтады: пәндік, пәнаралық және ориентациялық.. Пәндік таңдаук курстар бір пәннің оқыту материалымен құралады.Пәнаралық таңдаук курстар оқыту құрамында екі – үш пән болуы керек. Ориентациялық таңдаук курста оқушыны әлем мамандығымен ориентациялау керек.Оларға мына сұрақтарға жауап беруге көмектесу керек: «Мен қандаймын?», «Мен не істегім келеді?», «Мен не істей аламын?».



Пәнаралық таңдау курстар химия материалының құрамында жаратылыстық – ғылымдар факультетімен байланысты болу керек: биология, физика, география, экология. Мысалға келесі курстар: «Химия және қоршаған орта»(Н.В.Ширина), «Адам организмдегі бейорганикалық заттардың ролі» (Г.А.Шипарева), «Космос химиясы»(В.Г.Денисова) және басқалары.

Ориентациялық таңдау курстарды профильді оқыту психолого – педагогтардың көмегімен жүзеге асады. Таңдау курстағы химия пәнінің мұғалімі методикалық әдебиеттерді кеңінен қолданылады.

Пәндік таңдаук курстарды мектепте бірнеше нұсқаларға бөлуге болады. Оқу жылының басында тоғызыншы сыныптар арасында білімді арықарай жалғастырушыларды үш топқа бөліп атауға болады.

Бірінші топқа химия пәнін профильдік пән ретінде 10 сыныпты жалғастырушылар кіреді. Бұндай топқа қатысушыларға таңдау курстар ұсынылады. Профильдік сыныптарда жаратылыстық – ғылымдық бағыт береді: «Химиядан эксперименттік есептер шығару», «Бейорганикалық синтезге кіріспе», «Өнеркәсіпте бейорганикалық заттарды қалай алады» және тағы басқалары.

Екінші топқа химия пәні профильдік пән ретінде емес 10 сыныпты жалғастырушылар оқиды. Оларға келесі курстар ұсынылады: «Химия техникада», «Химия реклама сюжетінде», «Химия және косметика» және тағы басқалары.

Үшінші топты бастауыш және орта білімді жалғастырушылар кіреді. Бұл топқа мынандай курстар ұсынылады: «Химик – лобаратн мамандығымен танысыңыздар», «Агрономның химиялық құпиялары» және т.б. Бұндай курсты пәндік – ориентациялық деп атауға болады. Олар бір пәннің материалымен қолданады.

«Жалпы білім беруде жоғарғы сыныптардағы профильдік оқыту концепциясы» профильдік таңдаук курстағы негізгі функция – ПРОФОРЕНТАЦИЯЛЫҚ. Сондықтан мұғалім 9 сыныптардың таңдаук курстың бағдарламасын құру үшін басты мақсат оқушылардың болашақтағы мамандығымен сәйкес байланыстырады.

Бейіндік курстар көпшілік жағдайда жоғарғы сыныптарда қорытынды аттестацияға дайындық, оқушының таңдап алған пәнінен терең мағмұлымат береді.

Қазіргі таңда көптеген таңдаук курстар методикалық курстарда және библиографиялық тізімдерде кездеседі. Таңдаук курстды өткізу үшін мұғалім өзі методикалық жағынан жақсы білу керек және оқу құралдары толық, қазіргі заманға сай болу керек. Оқу – құралдарында сұрақтар мен тапсырмалар, химиялық тәжірибелер, эксперименттік жұмыстарды қорытындылау, есептер болу қажет.

Таңдау курсты оқыған соғ бағалауды ерекше қою керек. Мысалға «Курс тыңдалды», «Курс сабағына қатысты», «Курсты жақсы аяқтады». Әрбір қойылатын бағаның оқушыларға белгілі болу керек.


3.МАТЕМАТИКАНЫ профильді пән ретінде оқытудың беталысы.

Физика – химиялық және химия – биологиялық профильдерде химия басты пән болып саналады. Физика – химиялық сыныпта физика пәні базалық болып, МАТЕМАТИКАНЫ қоса оқиды., ал химия – биологиялық профильде МАТЕМАТИКАНЫ терең оқытады.

Мына профильдерден химиядан дайындық деңгейлердің жоғарлауы модульдік курсты жалғастыруына мүмкіндік береді, яғни химия бөлімдерін терең қарастыру керек. Кесте – 1.

Физика – химиялық және химия – биологиялық профильдер бойынша пәндерге бөлінген сағат саны.




Пәндер

Физика – биологиялық профиль(химия мамандығына тсуге мына пәндерден емтихандар:химия,физика, математика)

Химия – биологиялық профиль(биологиялық, медициналық мамандығына түсуге мына пәндерден емтихандар: биология, химия, физика)

Математика

12

8

Физика

10

6

Химия

8

10

Биология

2

8

Физика – химиялық профильге келесі модульдік курстарды ұсынуға

болады:


  1. Химиялық сандық есптердің шығарылу методикасы.

  2. Эксперименттік есептердің шығарылу методикасы.

  3. Химиялық термединамика және кинетика

  4. Зат құрылысы.

Химия – биологиялық профильге келесі модульдік курстарды ұсынуға болады:

  1. Химиялық сандық есептердің шығарылу методикасы.

  2. Эксперименттік есептердің шығарылу методикасы.

  3. Өмірдің негізі – химия.

  4. Химиялық анализдің негізі.

  5. Органикалық қосылыстардың электрлік және жазықтықтағы құрылысы.

  6. Жоғарғы молекулалық қосылыстардағы химия.

Сондықтан негізгі бағдарлама бойынша МАТЕМАТИКАНЫ оқыту жоғарғы

сыныптарда бірнеше нұсқаға бөлінеді:

1.Профильді химия профильдік пән болып табылмайтын (социалдық

экономикалық, социалды – гуманитарлық, филалогиялық) МАТЕМАТИКАНЫ

оқытудың екі нұсқасы бар:

а) «Жаратылыстану» курсының құрамына кіретін химия (аптасына 2сағат).

Б) Физика және биология курстарында жеке курс ретінде (аптасына 2 сағат).

2. Кейбір профильдерде (физика – математикалық, биологиялық - географиялық) МАТЕМАТИКАНЫ оқытудың жалғыз нұсқасы – жеке базалық курс (аптасына 4 сағат).

3. Профильдерде химия профиль пән ретінде (физика – математикалық, химия - биологиялық ), жалғыз нұсқа жеке пәнді жоғары деңгейде оқыту. (аптасына 10 сағат)


  1. Таңдау курстарда математика пәнін экологиямен тығыз байланыстыра оқыту

Жаңа ғасырда дүниежүзілік бірлестік алдында тұрған басты мәселелердің бірі – адам тіршілік ететін ортаның ластануы. Бұл мәселе дүние жүзін қамтып отыр. ХХ ғасырдың соңғы жылдарындағы басты экологиялық мәселелер, озон қабатының жұқаруы, қышқылды жаңбыр, жер ғаламшарындағы климаттың жылына бастауы жер биосферасындағы тіршілікке тікелей қауіп төндіруде.

Өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде жылына 100 млрд. тонна тау жыныстары қопарылды. Осы жер қойнауынан алынатын шикізаттың 10% ғана бөлігі дайын заттар жасауға жұмсалды да, қалған 90%-ы жарамсыз қалдықтарға айналды. ХХ ғасырдың соңғы 30 жыл ішінде түрлі қажеттіктер үшін жағылған отын түрлерінен ғаламшардағы атмосфера құрамындағы көмірқышқыл газының мөлшері 25% артқан. Жер шарындағы осындай отындарды жаққан кезде атмосферадағы 20 млрд. тонна көміртегі (IV) оксиді бөлінген. Мұның бәрі де ауаның ластануына әсер етеді. Бұларға қоса көліктерден, өндіріс орындарынан бөлінетін улы заттар мен газдардың мөлшері де жылдан-жылға арта түсуде. Сонамен қатар озон қабатындағы ойықтар ұлғая түсуде. Ойықтардың пайда болуына өнеркәсіптерден бөлтінетін N, Cu, Fe, Mn, Cl, F оксидері әсер етеді. Озон қабатының бұзылуы жер бетіндегі тіршілікке зиянды әсер етеді. Адамдардың зиянды әрекеттерінен, минералды тыңайтқыштарды, пестицидтерді, гербицидтерді қолданудан су қорлары ластанып, тартыла түсуде. Сондықтан оқушылады мектеп табалдырығынан бастап қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу керек. Адамзаттың бұл басты мәселесін – экологиялық жағдайды жақсартуда химия пәнін экологияландыру басты роль атқарады. Мектептегі химия пәнін факультатив сабақтарда экологиямен тығыз байланыстыра оқыту керек. Күнделікті тұрмыста әрбір адам организміне зиянды әсер тигізетін заттарды жиі пайдаланады. Мысалы, дәрі-дәрмектер, бояғыш заттар, әр түрлі отындар, тыңайтқыштар, т.б. Бірақ барлық тұтынушылар олардың зиянды әсерін біле бердейді. Сондықтан ХХI ғасырдың оқушылары әрбір химиялық заттың пайдалы, зиянды жақтарын, әсіресе, қоршаған ортаға тигізетін әсерін білу керек. Бұл материалды химия пәнін оқытқанда игерту керек. Атмосфералық жаңбырдың қышқылдығының артуы немесе осы қышқылды жаңбырдың пайда болу көзі негізінде жатқан химиялық реакциялармен таныстырған жөн.

Қышқылды жаңбырға түсінік беру үшін ерітінді ортасының қышқылдық немесе негіздік болатынын, оны сутек ионының немесе гидроксид ионының мольдік концентрациясы арқылы белгілейтіні түсіндіріледі. Сутектік көрсеткіш рН шкаласын пайдалана отырып, табиғи суқойма мен атмосфералық жаңбырдың қышқылдылығын анықтауға болады, егер жаңбыр суында рН ≥ 5,6 болса, қышқылдығы орташа, ал жер бетіндегі суларда рН 6,5-8,5 болады, яғни су ортасы сілтілі. Ал қышқылды жаңбырларда сутектік көрсеткіші қалыпты жағдайдан жоғары болады.

Оқушылардың назарын әсіресе мынадай негізгі аспектілерге аудару керек:


  1. Фотосинтез үрдісі кезінде продуценттер көміртегі (VI) оксидін органикалық заттарға айналдырады, ал редуценттер көміртегі (VI) оксидін (СО2) атмосфераға қайтадан қайтарады.

  2. Құрлық және биомассасы әлі де болса артық мөлшердегі көміртегі (VI) оксидін (СО2) сіңіре алады.

  3. Табиғатты қазіргідей пайдалана берсек, табиғи байлықтардың мөлшері жылдан-жылға кеми береді.

Барлық органикалық заттар жанғанда көміртегі (VI) оксиді түзілетінін көрсететін экологиялық мазмұнды есептер шығаруға болады. Мысалы, мына берілген газдардың (қ.ж.) 1 литрі жанғанда бөлінетін жылуды анықтаңыз. Қай газды отын ретінде қолдану тиімді?

Метан мен ацетиленнің жануының термохимиялық теңдеулері:

СН4 + О2 → СО2 + 2H2O + 880 кДж

2СН + 5 О2 → 4СО2 + 2H2O + 2610 кДж

Осы типтес есептерді шығару оқушылардың шикізатты экономикалық та, экологиялық жағынан да тиімділігін анықтауға үйретеді. Химиялық өндірістерді қарастырғанда экологиялық мазмұнды есептерді өнім шығымының теориялық мүмкіндігімен салыстыра отырып шығартуға болады. Мысалы, аммиак өндіру зауытында жоспарланған аммиак өндіру – 17% құрайды. Әр түрлі кемшіліктерге байланысты 1% аммиак ысырап болады. Егер 60 кг сутек реакцияға пайдаланылса, ысырап болған аммиактың массасын анықтаңыз. Аммиак ауаға таралып, қандай зиянды әсер туғызады? Су қоймасын, көлді ластаса ше?

Осы типтес есептерді оқушылар күнделікті ақпарат құралдарын пайдаланып, өздері құрастыра алады.

Химиялық эксперимент – МАТЕМАТИКАНЫ оқытудың негізгі тірегі. Химия сабақтарында экологиялық зерттеулер мүмкіндігін де пайдалану керек. Тағам өнімдеріндегі, әсіресе көкөністердің құрамындағы нитраттарды анықтау немесе судың құрамын, атмосфералық ауаның құрамын анықтап, қорытынды шығарту оқушылардың химиялық білік-дағдысын, икемділігін шыңдаумен қатар, МАТЕМАТИКАНЫң тұрмыстағы пайда-зиянын ажырата білуге баулиды.

Химиялық экспериментті екі бағытта жүргізу керек: аналитикалық әдістерді пайдаланып, қоршаған ортаны зерттеу, химиялық реакциялар кезінде түзілетін қалдықтарды өңдеу (заттарды залалсыздандыру). Осы мүмкіндіктерді пайдаланып, тірі және «өлі» табиғаттың арасындағы байланыс, қоршаған ортадағы адамдардың әрекеттері, тіршілік ортасын химиялық ластанудан қорғау әдістері таныстырылады.

Химиялық эксперимент арқылы табиғи құбылыс және үрдістердің тірі организмдерге және экожүйеге әсерін көрсетіп, экологиялық тиімді әдістер үйретілді.

Химиялық экспериментті факультативтік сабақта пайдалану теориялық материалдарды толық меңгеруге мүмкіндік беріп, оқушыларды химияға қызықтырады.

Адам қоғамының қазіргі кездегі жедел дамуы оның алдына көптеген күрделі мәселелер қойып отыр. Олардың негізгілері - дүниежүзілік деңгейде биосферадағы табиғи заңдылықтарға үйлесімді технологиялық өндірісті дамыту, энергия көздерін және табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану. Ауаның, судың және топырақтың тазалығын сақтау қазіргі күннің өзекті мәселесінің бірі деп саналады. Мұның өзі адамның денсаулығын сақтаумен өте тығыз байланысты, әрі өнеркәсіп орындарына қалдықсыз технологиялық әдістерді енгізу, тұйық жүйе бойынша жұмыс істеуге көшуді талап етеді. Жанармайлардың ауаны ластамайтын түрлерін пайдалану, атап айтқанда, күн энергиясын, жел, теңіз толқындарын пайдалану. Экологиялық бақылауды күшейту қоршаған атмосфералық ауаның ластануын азайтып, қоршаған ортаны сауықтыруға мүмкіндік береді.

Сондықтан орта мектепте химия пәнінде, факультатив сабақтарда әрбір тақырыпты экологиямен тығыз байланыстыра оқыту болашақ қоғам иелерінің экологиялық сауатты болуына септігін тигізеді.

Жер бетінде химиялық элементтердің таралуы әр түрлі. Жердің массасының шамамен 50%-ын оттек, 25%-дан астамын кремний құрайды. Он сегіз элемент – оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, калий, натрий, магний, сутек, титан, көміртек, хлор, фосфор, күкірт, азот, марганец, фтор, барий – жер массасының 99,8%-ын құрайды. Ал қалған 0,2%-ы барлық басқа элементтердің үлесіне тиесілі.

Биомолекулалардың органикалық бөлімімен ковалентті байланысқан элементтердің ядро заряды өскен сайын төмендеп отырады. Мысалы, (О)> (S)>(Se)>(Te). Ағзада ион түрінде болатын элементтердің (ІА-ІІА топтарының s-элементтері, VII тобының р-элменттері) мөлшері – топтағы элементтің атом ядросының заряды өскен оптималды ионды радиусы бар элементке дейін жоғарылайды, одан кейін төмендейді. Мысалы, ІІА тобында берилийден кальцийге дейін элементтің ағзадағы мөлшері жоғарылайды, ал әрі қарай барийден радийге қарай төмендейді. Дәл осылайша, VIIA тобында фтордың хлорға дейін ағзадағы элементтің мөлшері жоғарылайды да одан кейін төмендейді.

Бейорганикалық заттардан биоорганикалық заттарға эволюция үрдісінде химиялық элементтердің биожүйелер жасалуына қолданылу негізі - табиғи таңдау.

Элементтердің ағза мен қоршаған ортада әркелкі таралуы олардың сіңірілуіне, табиғи қосылыстардың судағы ерігіштігіне байланысты. Кремнийдің SiO₂, алюминийдің Al₂O3 табиғи қосылыстары суда ерімейді, сондықтан олар тірі ағзаларға сіңірілмейді. Бұған қарама-қарсы көміртек, ол жер бетінде аз мөлшерде кездеседі. (0,35%), ал тірі ағзадағы мөлшері бойынша 2-орынға ие (21%).

Элементтің қоршаған ортамен салыстырғанда ағзадағы мөлшерінің жоғарылауын элементтің биологиялық концентрленуі деп атайды.

Табиғи таңдау нәтижесінде тірі жүйелер негізін тек алты элемент құрайды. Олар – көміртек, сутек, оттек, азот, фосфор, күкірт. Бұларды органогендер деп атайды. Бұл элементтер ағзаның 97,4%-ын құрайды.

Негізгі органоген – көміртек. Ол мықты ковалентті байланыс түзе алады.

Оттек пен сутегі көміртектің органикалық қосылыстарының тотығу және тотықсыздану қасиеттерін алып жүруші ретінде қарастыруға болады.

Қалған үш органоген – азот, фосфор, күкірт және де ферменттердің белсенді ортасын құрайтын кейбір басқа элементтер – темір, магний. Өте құбылмалы органогендерге суда еритін қосылыстардың түзілуі тән, ол осы элементтердің тірі ағзаларда концентрленуіне жағдай туғызады.

Элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі:

1. Макроэлементтер. Олардың ағзадағы мөлшері 10-²%-дан жоғары. Олар – оттек, көмітек, сутек, азот, фосфор, күкірт, кальций, магний, натрий және хлор.

2. Микроэлементтер. Олардың ағзадағы мөлшері 10-³% бен 10-5% аралығында. Оларға йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт жатады.

3. Ультрамикроэлемент. Олардың ағзадағы мөлшері 10­5 %-дан төмен. Оларға сынап, алтын, уран, торий, радий және т. б. жатады.

Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш түрге бөлуге болады:

1. Тіршілікке қажетті (ауыстырылмайтын) элементтер. Олар адам ағзасында үнемі болады, ферменттер, гормондар, және витаминдер құрамына кіреді: H, O, Ca, N, K, P, Na, S, Mg, Cl, C, I, Mn, Cu, Co, Fe, Zn, Mo, V. Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін бұзады.

2. Қосымша элементтер. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында үнемі болады. Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Gl, As, Rb, Pb, Ra, Bi, Cd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, V, Se. Олардың биологиялық маңызы толық зерттелмеген немесе белгісіз.

3. Өте аз элементтер. (Se, Tl, In, La, Pr, Sm, W, Re, Tb және т.б.). Адам және жануар ағзаларында табылған, мөлшері және биологиялық маңызы белгісіз.

Әр түрлі жасушалар мен ағзалардың түзілуі мен өмір сүруі үшін қажетті элементтерді биогенді элементтер деп атайды.

Адамның ағзалары химиялық элементтерді әр түрлі концентрлейді, яғни микро және макроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады. Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшықет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар-көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән болып табылады және онда концентрациясы жоғары болады. Мысалы, мырыш – қарын асты безінде, йод – қалқанша безінде, фтор – тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий – шашта, кадмий, сынап, молибден – бүйректе, қалайы – ішек ұлпаларында, стронций – қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий – көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром – гипофизде және т.б. жиналады.

Ағзада микроэлементтер байланысқан және бос ионды түрінде де кездеседі. Кремний, алюминий, мыс және титан бас миы ұлпаларында нәруыздармен комплекс түрінде, ал марганец ион түрінде кездеседі. Сутек және оттек – макроэлементтер, осы екі элемент судың құрамына кіреді. Су ересек адам ағзасының шамамен 65%-ын құрайды. Су – адамның мүшелерінде, ұлпаларында және биологиялық сұйықтарда әркелкі таралған, ол асқазан сұйығының, сілекейдің, қан плазмасының, лимфаның 99,5%-ға дейінгі аралығын құрайды. Су несептің, бас миының ақ затының, бауырдың, терінің, жұлынның, бұлшықеттердің, өкпенің, жүректің – 70-80%-ын, сүйектің 40%-ын құрайды.

Макроэлементтер – көміртек, сутек, оттек, азот, күкірт, фосфор – нәруыздың, нуклеин қышқылдарының және ағзаның басқа да биологиялық белсенді қосылыстарының құрамына кіреді. Нәруыздардың құрамында көміртек 51-55%, оттек 22-24%, азот 15-20%, сутек 6,5-7%, күкірт 0,3-2,5%, фосфор шамамен 0,5%-ды құрайды.

Көміртек, сутек және оттек көмірсуларының және липидтердің (майлар) де құрамына кіреді. Және де фосфор, фосфолипидтердің құрамына фосфатты топтар түріне кіреді. Көп мөлшерде липидтербас миында (12%), бауырда (5%), сүтте (2-3%) және қан сұйықтығында (0,6%) концентрленеді. Фосфордың негізгі бөлімі сүйек ұлпасында -600 г. Ол адам ағзасындағы барлық фосфордың 85%-ын құрайды. Фосфор тістің қатты ұлпаларында концентрленеді және кальциймен, хлормен, фтормен, гидроксил, хлор, фторопатиттер (жалпы формуласы Ca5(PO4)3X, мұндағы Х = OH, Cl, F) түрінде кездеседі.

Кальций негізінен сүйек және тіс ұлпаларында концентрленеді. Натрий және хлор жасушааралық, ал калий және магний жасушаішілік сұйықтықтарда кездеседі. Натрий және калий фторид түрінде сүйек және тіс ұлпаларында болады. Магний фосфат түрінде Mg3(PO4)3 тістің қатты ұлпаларында кездеседі.

Тірі ағзаға қажетті он металл тіршілік металдары деп аталады. Шамамен салмағы 70 кг адам ағзасында тіршілік металдарының мөлшері төмендегідей болады: кальций – 1700 г, калий – 250 г, натрий – 250 г, магний – 42 г, темір – 5 г, мырыш – 3 г, мыс – 0,2 г, марганец, молибден, кобальт – барлығы шамамен 0,1 г. Ересек адамның денесінде 3 кг-ға дейін минералды тұздар бар, бұл мөлшердің 5/6 бөлігі (2,5 кг) сүйек ұлпаларына тиесілі.

Кейбір макроэлементтер (магний, кальций) және көптеген микроэлементтер ағзада биолиганд-аминқышқылдармен, нәруаздармен, нуклеин қышқылдарымен гормондармен, витаминдермен және т.б. – мен комплекс түрінде кездеседі. Мысалы, Fe²+ ионы комплекс түзуші ретінде гемоглобин, Co²+ - В12 витаминінің, Mg²+ - хлорфилл құрамына кіреді. Ағзада үлкен биологиялық маңызға ие басқа да элементтердің (Cu, Zn, Mo және т.б.) көптеген биокомплекстері белгілі.

Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар әсер етеді. Мысалы, рахитпен ауырған фосфорлы-кальцийлі алмасу бұзылады да ағзадағы кальцийдің мөлшері төмендейді. Нефритпен ауырғанда электролитті алмасудың бұзылуының әсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азаяды да магний мен калий көбейеді.

Ағзадағы макро және микроэлементтердің мөлшерін гормондар реттеп отырады.

Химиялық элементтердің адам ағзасындағы биологиялық рөлі әр түрлі болып келеді.

Макроэлементтертің басты функциясы – ұлпаның құрылысын, осмос қысымының тұрақтылығын, иондық және қышқыл-негіздік құрамын реттеп отыру.

Микроэлементтер ферменттер, гормондар, витаминдер, биологиялық белсенді заттар құрамына комплекс түзушілер немесе активаторлар түрінде кіреді де зат алмасу, көбею, ұлпаның тыныс алуы, улы затарды залалсыздандыру үрдістеріне қатысады. Микроэлементтер қан жасалу, тотығу-тотықсыздану, тамырлар мен ұлпалардың өткізгіштігіне белсенді әсер етеді. Макро және микроэлементтер – кальций, фосфор, фтор, йод, алюминий, кремний, сүйек және тіс ұлпаларының түзілуін реттейді.

Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріпотырады. Мысалы, кадмийдің бүйректегі және молибденнің бауырдағы мөлшері қартайғанда жоғарылайды. Мырыш жыныстық жетілу кезінде жоғары мөлшерге жетеді де жас ұлғайған сайын төмендейді. Жас ұлғайған сайын басқа да микроэлементтердің мөлшері кемиді, мысалы ванадий және хром. Әр түрлі микроэлементтердің жетіспеушілігіне немесе артуына байланысты көптеген аураулар белгілі. Фтордың жетіспеушілігінен тіс жегісі, йодтың жетіпеушіліінен эндемиялық зоб, молибденнің артық мөлшерінен эндемиялық подагра пайда болады. Бұл заңдылық – адам ағзасындағы биогенді элементтердің оптимальды концентрацияларының балансын химиялық-гомеостаз реттеп тұрады. Бұл баланс элементтің жетіспеушілігіне немесе артық болуына байланысты бұзылады және ә түрлі аурулар тудыруы мүмкін.

Алты негізгі макроэлементтер – органогендер – көміртек, сутек, азот, оттек, күкірт және фосфор – көмірсулар, майлар, нәруыздар және нуклеин қышқылдарының құрамында болады. Бірақ адамның және жануарлардың дұрыс тамақтануы үшін бейорганикалық макроэлементтер – кальций, хлор, магний, калий, натрий және микроэлементтер – мыс, фтор, йод, темір, молибден, мырыш қажет.

Микроэлементтердің адам ағзасындағы мөлшері және қатынасы сот-медициналық сараптама қолданылады. Мысалы, этил спиртінің қатынасында алкоголді улану жағдайында бауырда кальцийдің мөлшері көбейіп, натрий мен калий азаяды.

Тағам құрамында темір, мыс, мырыш, йод, кальций, фосфор, магний және т.б элементтер жетіспесе, адам денсаулығына үлкен зардап келуі мүмкін.

Бірақ ағзаға органогенді элементтердің тек қана жетіспеушілігі емес артық мөлшері де зиян, өйткені бұл кезде химиялық гомеостаз бұзылады. Мысалы, (Mn мен Cu синергизмі), ал бүйректе азаяды (антогонизм). Тағам құрамында молибденнің мөлшері көбейсе, бауырда мыстың мөлшері көбейеді. Тағамда мырыш көбейсе, темірі бар ферменттердің белсенділігі төмендейді. (Zn және Fe антагонизмі). Өте аз мөлшерде тіршілікке маңызды болып табылатын минералды компоненттердің концентрациясы сәл ғана көбейсе, улы болып табылады.

Көптеген элементтер (күміс, сынап, қорғасын, кадмий, және т.б.) улы болып табылады, олар ағзаға аз мөлшерде түскенің өзінде ауыр патологиялық әсер қалдырады.

Биогенді элементтер ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады. Бор, мыс, марганец, мырыш, кобальт, молибден сияқты микроэлементтерді топыраққа аз мөлшерде енгізгеннің өзінде көптеген өсімдіктердің өнімділігін арттырады. Микроэлементтер өсімдіктердегі ферменттердің белсенділігін арттырып, нәруыздар, витаминдер, нуклеин қышқылдары, қант және крахмалдың синтезделуіне жағдай жасайды. Кейбір химиялық элементтер фотосинтезге оң әсер етіп, өсімдіктердің өсуі және дамуын, тұқымның жетілуін жылдамдатады. Жануарлардың өнімділігін арттыру үшін тағамның құрамына микроэлементтерді қосады.

Көптеген элементтер және олардың қосылыстары дәрілік заттар ретінде кеңінен қолданылады.

Дәріс 12-15. МАТЕМАТИКА бойынша таңдау курсты таңдау және жобалау
1.маткматикадан таңдау курстарының түрлері

2. Таңдау курстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар

3. Таңдау курстарын өткізудің тиімді әдістері

4.Таңдау курстың бағдарламасының құрылымдық бөліктері


1. МАТЕМАТИКА дан таңдау курстарының түрлері.

математикадан жүргізілетін таңдау курстарыың формалары көпшілік, топтық және жеке жұмыстар деп үшке жіктеледі.

Көпшілік жұмыстарға жататындар: жас химиктер қоғамы, химиялық олимпиадалар, химия апталығы онкүндігі және айлығы, конференциялар т.б.

Топтық жұмыстар: химиялық үйірмелер, жас химиктер клубының және қоғамның секциялары, математикалық бюллетень шығару, көрме ұйымдастыру,

зерттеу жұмыстары.

Жеке жұмыстар: кітаппен жұмыс, хабарлама, реферат және баяндама әзірлеу, құрал және көрнекі құралдар жасау, шағын зерттеулер жүргізу және т.б.

Таңдау курстарының түрлері көп, олар біртіндеп қалыптасуда. Соңғы уақытта жастарды қоғамның жан-жақты жетілген белсенді азаматы етіп тәрбиелеу үшін химия бойынша сыныпта өтілетін бағдарлама материалдарын қазіргі өмір талабына сай оқытумен қатар, оқытудың білім беру, тәрбиелік және одан әрі дамыту міндеттерін жүзеге асыруда таңдау курсының сапасын

арттыру жолға қойылуда[16].

Оқушыларыдың әуестену бағыты алуан түрлі болып келетін ірі мектептерде таңдау курстары ұйьмдастырылады. Таңдау курсы арнайы жарғы бойынша жұмыс істейді, оның мазмұны әдістемелік әдебиеттерде баяндалған. Жарғыда таңдау курсының мақсаты, құрамы, мүшесінің хұқы мен міндеттері, басқару органдары және ұйымдық құрылысы, кітапхана және баспа істері нақтылы көрсетіледі. Таңдау курсының жұмысын жалпы жиналысында сайланған Кенес басқарады (5-15 адам). Таңдау курсы, әдетте, химиялық үйірмелердің негізінде құралады, жеке секцияларға бөлініп, жұмыс істейді. Секциялары химия ғылымының салалары және жұмыстың түрлері бойынша ұйымдастырылады:бейорганикалық химия, органикалық немесе модельдер жасау, құралдар құрастыру, дәрісшілер тобы, шыны үрлеу т.б. секциялар. Секциялардың және қатысатын оқушылардың санына шектеу қойылмайды. Таңдау курстарының мүшелігіне қабылдау және шығару жарғыға сәйкес жалпы жиналысында шешіледі. Мұнда еріктілік пен міндеттілік, белсенділік пен дәйектілік, жеке мен ұжым бірлігінің негіздері мүлтіксіз жүзеге асырылады [17].

Таңдау курстары мынандай түрлерге бөлінеді: жекелеген оқушылармен жүргізілетін жеке-дара, топтық, көпшілік жұмыстар. Бұл курстардың түрлері мен бағыттары оларға қатысатын оқушылар санымен, мазмұнымен, әдістерімен де бір-бірінен ерекшеленеді. Таңдау курстарының бір түрі – химия пәнінен химия ғылымына көбірек қызығатын оқушылармен жүргізілетін жеке дара жұмыстар. Бұларға теориялық немесе сарамандық жұмыстарды орындауға байланысты тапсырмалар, ғылыми баяндамалар, рефераттар даярлау, кабинетті жабдықтауға қажетті құралдар мен көрнекіліктер әзірлеу, талдауға синтездеуге байланысты зерттеулер олимпиадалық есептерді шығаруға дайындық, жарыс кештеріне даярлану т.б. жатады. Оқушылар ұжымы бір тақырып не бір жоспар бойынша екі – үш адамнан құралған шағын топқа біріктіріліп жұмыс жасайды. Мұнда да оқушылар оқушылар сарамандық жұмыстарды бірлесіп орындап, есептерді бірлесіп шешеді, стенттер әзірлейді, көрме ұйымдастырады, конкурстық немесе олимпиадалық есептерді шешеді. Топтық жұмыстардың негізгі

түрі - химиялық үйірме. Үйірме оқушылардың өз еріктері бойынша арнаулы бағдарламаға сәйкес құрылады. Үйірме жұмысын ұйымдастыру міндеттерінің бірі – оқушыларға еріктілік беріп, олардың ынтасын көтермелеп отыру, жоспар құруда олардың талап тілектерін ескеру. Үйірме – ол оқушылардың жеке тілектерін қанағаттандырып, қоғамдық пайдалы жұмыстарға кеңірек тарту мақсатын көздейді. Үйірме мүшелерінің саны

10 – 15 оқушыдан артық болмау керек [18].



2. Таңдау курсын құрастыруға қойылатын талаптар.

Бейімді-бағдарлы оқыту дегеніміз - оқушылардың қызығушылық бағытының, қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және олардың келешекте ие болуға тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ететін оқыту. Ол тек қана мектептің жоғарғы сатысында жүзеге асады. Бұл жерде туындайтын бірінші маселе "Неге мектептің жоғарғы сатысы бейімді-бағдарлы болуға тиісті?" деген сұрақ болып отыр. Адамның барлық кезде жаманнан, нашардан, дұрыс еместен, пайдасыздан жақсыға, нашар емеске, дұрысқа, пайдалыға ұмтылатыны немесе аз пайда беретін нәрседен көп пайда беретін нәрсеге қарай ұмтылатыны табиғи жағдай.

Қазіргі кезде жалпы орта білім беретін мектептің жоғарғы сатысында жиырмаға жуық пән оқытылады. Және олардың барлығының мәртебесі бірдей. Демек, бұлардың бәрінен де бағдарлама межесі деңгейінде білім берілуі тиісті. Ол деген сөз оқушыға көп сала бойынша аз-аздан білім беріледі және соның салдарынан оқушылар еш бір саланы терең меңгеруге мүмкіндігі болмайды. Қазіргі казде әлемде білім беру мәселесі дамуынын үрдісінің негізгі ерекшеліктерінің бірі-ол білімнің тез өзгеруі, өмір сүру үшін қажетті мәліметтер ағыны жоғарғы қарқынмен көбеюі.

Сондықтан да бұрынғыдай жеткіншек ұрпақты энцеклопедиялық білімнен қаруландыратын уақыт кетті, оған мүмкіндік жоқ, оны заман ағымы көтермейді. Жеткіншек ұрпаққа аз-аздан барлық сала жайлы білім емес, терең бір ғана сала бойынша білім беретін мезгіл келді.

Демек, біз негізгі мектепті тәмәмдаған барлық оқушыны 10-шы сыныпқа отырғызбауымыз керек. 10 сыныпқа тек қана кейін ЖОО түсемін деген ниеттегі, білім деңгейі жақсы оқушы ғана отыруы керек. Ал басқалары құр салпақтап екі жыл бос жүрмей ерте бастан өмірдегі орнын табуға яғни сан-салалы жұмысшы мамандықтарының бірін иеленуге ұмтылғаны жөн.

Бұл жерде ескеретін бір мәселе Қазақстан Конституциясы бойынша әрбір азамат орта біліммен қарулануға міндетті.

Мектептің жоғарғы сатысында барлық балаға бірдей білім берілуге тиісті болғандықтан, білім беру деңгейі сөз жоқ орташа балаға лайықталады. Мұның жақсы оқитын балаларға зияны ұшан-теңіз. Атап айтқанда, олардың білімге деген талпынысы, құштарлығы ЖОО түсем деген ниеті тежеледі, не олар бұл жағдайларды қанағаттандыру үшін мектептен тыс мекемелердің, жекелеген мамандардың құзыретілігіне жүгінуге мәжбүр болады. Осыдан келіп барып әрбір ЖОО жанындағы ақылы дайындық курстары, оқушыларды ЖОО дайындайтын жекелеген курстар, репетитор арқылы оқыту сияқты мәселелер қазір қалаларда дүрілдеп тұр. Жарайды, интелектуалдық деңгейі жоғары қалаларда мұндай болғанымен ауыл жайлы бұлай дей алмасымыз хақ. Ол дегеніміз барлык, мектеп оқушыларына бірдей жағдай жасап отырғанымыз жоқ дегенді білдіреді. Яғни, қазіргі оқыту жүйесіндегі кемшілікті оқушылардың жартысы қандайда деңгейде жөндей алғанымен, қалғанына мұндай мүмкіндік мүлдем жоқ.

Осындай жағдайларды ескере отырып 2006-2007 оқу жылында Қазақстан мектептерінің жоғары сатысы бейімді - бағдарлы оқытуға кешуі керек деген.10-шы сыныптың 2006-2007 оқу жылына арналған оқу жоспарлары да, баспадан шыққан немесе шығып жатқан оқулықтары да тек қана бейімді -бағдарлы оқытуға лайықталған . Негізін Батыс Европа, Солтүстік Америка мемлекеттері қалаған бейімді-бағдарлы оқыту Ресей империясында да XIX ғасырдың екінші жартысында іс жүзіне аса бастады. Атап айтқанда, 1864 жылғы мектеп реформасы жеті жылдық гимназиялардың екі бағытын анықтады. Олар оқушыларын университетке түсуге дайындайтын классикалық гимназия және оқушыларын практикалық қызметке немесе арнаулы оқу орнына түсуге дайындайтын реальды гимназиялар.

Қазан революципсынан кейінгі алғашқы он-он бес жылда бейімді-бағдарлы оқыту мәселесі КСРО-да жаңа мазмұнға ие болды. 1918 жылы білім саласы қызметкерлерінің I бүкіл ресейлік съезінде қабылданған еңбек мектебінің ережесі бойынша орта мектептің жоғарғы сатысыңда үш бағытта бейімді-бағдарлы оқыту ұйғарылды және олар гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық және техникалық деп айқындалды.

Алайда, қоғам дамуының обьективті заңдылығынан туындап отырғалы осы мәселе КСРО басшылығының керағар саясатынан өз жалғасын таба алмай қалды. 1934жылы жарық көрген КСРО-дағы бастауыш және орта мектеп құрлымы жайлы партия және үкімет қаулысына сәйкес Кеңес Одағы мектептерінде бір ғана бағдарламамен, бір ғана оқулықпен , бір ғана оқу жоспарымен жеткіншек ұрпақты оқыту көзделінді. Соның салдарынан мектептерден саралап оқыту, бейімді-бағдарлы оқыту мәселелері аластатылды.

Дейтұрғанмен, заман ағыны, қоғам талабы қатаң ұсынымдарға негізделген комунистік қоғамның өзін бірте-бірте өз дегеніне көндіре бастады. 1950 жылдардың аяғында ақ КСРО ғылым-педагогтары жалпы орта біліммен жоғарғы білімнің әсіресе техникалық жоғарғы білімінің арасындағы сабақтастықтың нашарлығынан туындаған мәселелерді ескеру барысында бейімді-бағдарлы оқытуға байланысты ғылыми-зерттеу және экспериментік жұмыстар жүргізе бастады.

Кеңес Одағы кезінде осындай жағдайлардан екінші рет өз өмірін қайта бастаған бейімді-бағдарлы оқытудың әр түрлі формалары бүгінгі ұрпақтың бүгінгі ие болып отырған білім деңгейлеріне өз үлестерін қосқаны анық [4].

Химиядан таңдау курстарын өткізуге қойылатын әдіснамалық талаптардың критерийлері мынадай болуы тиіс:

1. Концептуалдық (тұжырымдамалығы) — белгілі бір ғылыми концепцияға сүйену.

2. Жүйелілігі — үрдістің логикасы (ой ізділігі) барлық бөлімінің өзара байланыстылығы, біртұтастылық.

3. Басқаруға икемділігі — диагностика, жобалау, сатылы диагностика, коррекциялау мақсатымен құралдар мен әдістерді жинақтап қорыту.

4. Тиімділік - конкуренция жайданында жұмсалған күш, әрекеттердің тиімділігі, белгілі бір оқыту стандартына жету кепілділігі.

5. Қайта жаңғыру — басқа бір білім беру мекемелерінде басқа бір адамдардың қолдану мүмкіндігі [19].


3. Таңдау курсын өткізудің тиімді әдістері.

Қазақстан Республикасы өзінің ғылыми техникалык, экономикалық, ресурстық және рухани дамуының жаңа деңгейіне бағытталуда. Республика өміріндегі бұл өзгерістер, сөз жоқ, білім беру саласына, соның ішінде мектепте оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Сондықтан мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды отандық, ұлттық және әлемдік мәдениет арналарынан сусындату - басты міндет болып қала береді. Өйткені егеменді елдің ертеңі оқу-білімінің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді. Осыған байланысты мектептегі оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мақсаты мынадай болуы тиіс:

1. Окушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге бағьттау.

2. Білімі мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу.

3. Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын калыптастыру, дамыту.

4. Аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

XX ғасырды артқа қалдырып, XXI ғасырды бетке алып келе жатқан Қазақстанның орта мектептері өздерінің тарихи миссиясын орындап болды, сондықтан орта мектепте реформалау қажеттігі туды. Өйткені белгілі бір мөлшердегі «білім жиынтығын» алу жүйесі ескірді, ертедегі ойшылдардың сөзімен айтсақ, «шәкірт — нығарлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды қажет ететін шырақ». Ал мектеп - конвейер емес, керісінше кең түрде ойлай алатын жеке адамды калыптастыратын сфера. Олай болса, мектепте білім беру ісіндегі басты приоритет — оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп әзірлеу.

Ол үшін не істеу керек?

Ең біріншіден, өз таңдаулары бойынша оқытудың ұстанымын жүзеге асыру, яғни денсаулығын, дамуын, қызығуын ескеріп, мүмкіндіктерін ашу.

Екіншіден, оқыту үрдісінің сапасын арттырудың басты кұрам бөлігі - жақсы түсінікті тілмен жазылған оқулық. Ол жоғары сапалы, ғылыми, түсінікті, қысқа, дәл, тілге жеңіл, мазмұнды, қазіргі технология мен педагогика талаптарына сай келетін болуы керек.

Қазіргі барлық типтегі мектептердің ұраны көптүрлілік, көпнұсқалық, тандау екенін өмір көрсетіп отыр. Өйткені барлык елдердің тәжірибесіндегідей негізгі концептуалды идея — мектеп бітірушілерге аяқталған орта және кәсіптік білім беру. Ол үшін қазіргідей 11-сыныпта 17 әртүрлі пән, 9- сыныпта 16 әртүрлі пән оқыту мақсат емес. Мемлекеттік базистік жоспарды басшылыққа ала отырып, министрлік көппәнділікті койып, кайта көпнұсқалықка, яғни оқушының өз үғымы, талғамы бойынша салалап окытуға ден коюда.

Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді дамытудың жаңа жолдарын, яғни педагогика ғылымының парадигмасы мен әдістемесін өзгертуді талап етеді.. Қоғамды гуманизациялау, оқытуды дифференциациялау арқылы оқушылардың өз тандауына жол ашады (пәнді оқыту формасын, т.б.). Сол арқылы оқушы өз қажетгілігін қамтамасыз етіп, тандау алған жолында жетістікке жетуге мүмкіндік алады. Ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жайы әрбір оқушының жеке қызығуы мен мүмкіндіктерін ашу болмақ. Окушының іс-әрекеті көптеген мінез-құлық параметрлерімен (іс-әрекет сипаты, жеке интеллектуалды дамуы, сөйлеу мәдениеті, өз бетінше жұмыс істеуі, жауапкершілігі, өз еркімен ұсыныс жасауы, т.б.) бағаланады. Әрбір оқушы басқа оқушымен салыстырылмайды, керісінше дамуына қарай өзімен-өзі салыстырылады. Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды. Сонда баға оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, қайта жеткен жетістігіне берілген мадақтау, қызығуы мен қажетін көтермелеу құралына айналады.

Таңдау курсының мақсаты өз бетінше дами алатын жеке адамды қалыптастыру болғандықтан, оқушылар өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын меңгеруі керек. Ізгілендіру жағдайында оқытудың негізгі формалары-топтық және жеке түрлері көп колданылады. Ал фронтальды түрі тек бағыт беруде, талдағанда және түзету жасауда (коррекция) қолданылады. Топтық оқытудың ерекшелігі — жастары шамалас шағын топтағы оқушылардың бірігіп жұмыс істеуінде. Мұндай шағын топта оқушы өзін жоғалтпайды. Қажет болса, мұғалімнің ұйғаруымен де олар бір-біріне көмектесіп, ортақ тапсырмалар орындайды немесе ортақ есептер шығарады. Мұндай жағдайда әр оқушы жетістігі мен кемшілігін бағалап қана қоймай, олардың ортақ нәтижеге қандай үлес қосқаны да ескеріледі. Ал жеке жұмыс істеу әр оқушыға жеке тапсырмаларға жете үңіліп, оларды орындауға, өзі үшін де тырысуға жол ашады.

Таңдау жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, жеткіншектерге оның әсері мен ықпалы ерекше болады. Олардың эмоциялық сезім-түйсіктеріне әсер ете білген ізденістерден көп пайда болатыны айтпаса да түсінікті. Ақыл-парасаттан гөрі сезім-түйсігі ұшқыр балаларға көп жағдайда бағдарламалық тақырыптарды тосын тәсілдер аркылы түсіндіру пайдалы. Бұл үшін мұғалім сабақ өткізуде дәстүрлі шеңберде қалып қоймайтын ізденістер жасауы тиіс.

Сондыктан жаңа педагогикалық технологияларды енгізу — оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып қана қоймайды, басқа да көптеген мәселелерді шешеді. Оқушы мемлекеттік стандартты ғана алып қоймайды, өз кабілетіне қарай таңдау, әрі қарай білімін дамытуға мүмкіндігі болады. Деңгейлеп дифференциялау ішкі дифференциациясының функциясын атқара отырып, тиімді түрде мектепте қосымша білім беруді кіріктіре жүргізуге мүмкіндік береді.Нәтижесінде көптеген пәндерді терендетіп оқытатын курстар деңгейлеп дифференциациялау ішіне кіреді.

Қазіргі кезде оқыту үрдісін жоспарлаудың , қолданудың және бағалаудың жүйелі әдісі адамдардың техникалық ресурстарды білімді игеру жолында өзара тиімді әрекет етуінің негізі ретінде жаңа педагогикалық технологиялар түрлері көбейе түсуде. Сондықтан осындай жаңартылған педагогикалық технологиялар ішінен өз қажеттісін тандап алу- әр мұғалім үшін жауапты да іскерлікті қажет ететін іс [20].




  1. Таңдау курстың бағдарламасының құрылымдық бөліктері :

  • титулдық бет ;

  • түсіндірме жазба ;

  • тақырыптық жоспар ;

  • оқылатын курс мазмұны ;

  • әдістемелік нұсқаулық ;

  • әдебеттер.

Титулдық бетке кіретіні :

-жобаны жасаған білім беру мекемесінің атауы ;

- қайда , қашан және бағдарламаны кімнің бекіткені турасындағы мәлімет ;

- таңдау курстың атауы ;

- қай сыныпқа арналғандығы ;

- бағдарлама авторының дә\лауазымы мен аты – жөні ;

-қаланың , тұрғылықты жердің атауы ;

- бағдарлама жасылған жыл.


Түсіндірме жазба. Оның мазмұны төмендегідей болып келеді :

  • аталған курсты енгізудің қажеттілігі ;

  • курстың бейімді оқытудағы орны мен рөлін көрсету. Ең атап көрсетуге тиісті нәрсе бейінділікпен оқытудағы пәннің жалпы білім беруге қатысы , оқытылу барысындағы пәнаралық қатынастың қамтылуы , оның қандай жалпы білім беру мен бейімділік машықтарын дамытатындығы , оқушының танымын белсендіруі мен мамандық таңдаудағы әсерінің қаншалықты екендігі ;

  • курстың мақсаты мен міндеті ;

  • бағдарламаның жүзеге асырылу кезеңі ;

  • материалды таңдау мен құрылымдық екшеудің негізгі принциптері ;

  • сабақ кестесі , оқытудың әдіс мен формасы ;

  • күтілетін нәтиже ;

  • нәтижені бағалаудың жолдары.

Оқу - әдістемелік жоспар. Ол төмендегідей болып келеді :

  • бөлімдер мен тақырыптар тізімі ;

  • оны оқытуға бөлінген сағат санының көрсетілуі ;

  • сабақ түрлері тізімі.

Курс мазмұны. Барлық тақырыптың қызқаша сипаттамасы :
Әдістемелік нұсқаулық. Ол төмендегідей болып келеді :

  • әрбір бөлім мен тақырыпты оқытудың ақыл – кеңесі ;

  • жұмыстың амал – тәсілдері мен қоланылатын оқыту ;

  • дидактикалық материалдар.


Ұсынылатын әдебиеттер мен басқа нұсқаулықтардың тізілімі. Оған мақалалар мен кітаптардан , сонымен бірге курсты оқытуға қажетті оқу - әдістемелік материалдардың әр қилы түрлерінен тұрады. Оны міндетті түрде 2 бөліктен : оқытушыларға арналған , оқушыларға арналған.

Оқу бағдарламасын бағалау критерииі :

  • оқушылар үшін жаңашылдық деңгейі ;

  • уәжділік әлеуеті (мотивирующий потенциал // курс мазмұны оқытушылардың қызығушылығын тудыруы) ;

  • дамытушы әлеует ( бағдарлама оқушының интеллектуалдық , тәжірибелік , шығармашылық , сезімдік дамуын қамтамасыз ете ала ма ) ;

  • айтылған желілердің толықтығы мен түйінділігі ;

  • ұсынылатын материалдың байланыстылығы мен жүйелестігі.

Жасалынған бағдарламаны төмендегі аспектілер богйынша бағалау керек :

-оқытудың белсенді әдіс – тәсілдерін қолдану ;

- оқыту нәтижесін бақылаудың дәрежесі ;

- бағдарламаның өмірде жүзеге асуының шынайылығы.



Практикалық сабақтардың мазмұны

( 7семестр, прак.сабақ сағаты- 15, кредит саны-2 )



Практикалық сабақтардың тақырыбы

Практикалық жұмыс тақырыбының тапсырмасы

Сағат саны

Бақылау формасы

1

Жалпы орта білім берудің жоғары сатысындағы бейімді – бағдарлы оқытудың мәселелері.


  1. «Бейімді – бағдарлы оқытудың өзектілігі, оны жүзеге асыру жолдары» тақырыбында қысқаша ой-тұжырым жаса

  2. 12 жылдық білім беру мерзіміндегі жалпы орта білімнің қазіргі жалпы білім беруден өзгешіліктеріне салыстырмалы кесте құрастыр.

  3. Жаратылыстық – математика және гуманитарлық бағытындағы химия оқулықтарының бейімді – бағдарлы оқытудағы ортақ ерекшеліктеріне сипаттама бер




3

Дәптерде орындалғанын тексеру,ауызша сұрау

2

Бейімділік оқытуда таңдау курстарының мазмұны, құрлымы.


1.математика пәні бойынша 9 – сыныптағы бейімділік алды дайындығының деңгейінің таңдау курсының өздік ерекшелігіне ой-тұжырымдама жаса

2. 9-сынып оқушыларының математикадан бейімділік алды бағдарын анықтауға байланысты саулнама әзірле

3. Оқушының шығармашылық тұлғасын қалыптастырудағы мұғалімнің ролі жайында дәйектеме-ұсыныс құрастыр.

4.математика мамандығын таңдауда бейімді – бағдарлы оқытудағы таңдау курстарының іріктеу ерекшеліктерін сарала.




4

Дәптерде орындалғанын тексеру,ауызша сұрау

3

математикадан таңдау курстарын құрудың теориялық –әдістемелік аспектілері

1.Таңдап алынған тақырып бойынша таңдау курсын жүргізудің қажеттілігіне сипаттама бер

2. Таңдау курсында экологиялық мәселелерге қатысты тақырыптарын ойластырып,

жекелеген оқушылармен жүргізілетін жеке-дара, топтық, көпшілік жұмыстар.



3

Дәптерде орындалғанын тексеру,ауызша сұрау

4

математика бойынша таңдау курсты іріктеу және жобалау


1.Таңдап алынған тақырып бойынша таңдау курсын өткізудің оқыту құралдарын,оқыту тәсілдерін анықтау, бақылау түрін белгілеу

2. Бейімді - бағдарлы оқытудың міндетті бағдарламасына енгізілген тарауларды оқып-үйренуге негізделген жекелеген оқушылармен жүргізілетін жеке-дара арнайы курстарды іріктеу және жобалау

3. «математика» пәнін оқытуды тереңдетуге бағытталған және тақырыптық жоспар бойынша оқу бағдарламаларымен келісілген топтық арнайы курстарды іріктеу және жобалау

4. Қоғам және табиғат туралы оқушылардың білімін интеграциялау мақсатында көпшілік жұмыстар негізінде таңдау курсын іріктеу және жобалау

5.Табиғатты танудың химиялық әдістерімен таныстыру мақсатындағы таңдау курстарының бірінің мазмұнын нақтыла


5

Дәптерде орындалғанын тексеру,ауызша сұрау


СООӨЖ бойынша тапсырмалардың берілуі және орындалу графигі



Аудиториялық сабақтың тақырыптары

Тапсырманың мазмұны

Бақылау формасы

Сағат мөлшері

1

2

3

4

5

1

Жалпы орта білім берудің жоғары сатысындағы бейімді – бағдарлы оқытудың мәселелері.


№1-5 дәрістің бақылау сұрақтарына жауап беру;

№1-5 практикалық жұмыстардың бақылау сұрақтарына жауап беру



Конспект

Ауызша сұрау практикалық сабақты өңдеуді тапсыру

Әңгімелесу


5

2

Бейімділік оқытуда таңдау курстарының мазмұны, құрлымы.


№6-8 дәрістің бақылау сұрақтарына жауап беру;

№6-8 практикалық жұмыстардың бақылау сұрақтарына жауап беру



Конспект, Ауызша сұрау практикалық сабақты өңдеуді тапсыру

Әңгімелесу



3

3

математикадан таңдау курстарын құрудың теориялық –әдістемелік аспектілері

№9-11дәрістің бақылау сұрақтарына жауап беру;

№6-8 практикалық жұмыстардың бақылау сұрақтарына жауап беру



Конспект Ауызша сұрау практикалық сабақты өңдеуді тапсыру

Әңгімелесу



3

4

математика бойынша таңдау курсты іріктеу және жобалау


№12-15 бақылау сұрақтарына жауап беру;

№6-8 практикалық жұмыстардың бақылау сұрақтарына жауап беру



Конспект Ауызша сұрау практикалық сабақты өңдеуді тапсыру

Әңгімелесу



4






























































Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет