Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей мемлекеттік педагогикалық институты
Жаратылыстану ғылымдар факультеті
Математика және математиканы оқыту әдістемесі
5М010900 «математика» мамандығының магистрантарына
Математиканы профильдік сыныптарда оқыту әдістемесі
пәні бойынша
оқу-әдістемелік кешені
Семей- 2015
Құрастырған:
Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының доцент
Жолымбаев О.М.. _______ «___»__________ 2014ж
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Математика және математикан оқыту әдістемесі кафедрасының отырысында талқыланды
Хаттама № ______ “____” _____________ 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі _________________ Жолымбаев О.М.
2.2. Физика-математика факультетінің әдістемелік Кеңесінің отырысында талқыланды
Хаттама №____ «____» __________ 2014ж.
Әдістемелік кеңестің төрағасы __________ Батырова К.А.
3. БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқыту-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданып, баспаға ұсынылды
Хаттама №____ «____» __________ 2014 ж.
Оқыту әдістемелік кеңесінің төрайымы__________
БІРІНШІІ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ
Мазмұны
1. Пән бойынша глоссарий Беттер
2. Дәрістердің қысқаша мазмұны
2.1 Дәріс 1-5. Жалпы орта білім берудің жоғары
сатысындағы бейімді – бағдарлы оқытудың мәселелері.--------------
2.2 Дәріс 6-8. Бейімділік оқытуда таңдау курстарының
мазмұны, құрлымы.--------------------------------------------------------------------
2.3 Дәріс 9-11.Математикадан таңдау курстарын құрудың
теориялық –әдістемелік аспектілері---------------------------------------------
2.4 Дәріс 12-15.Математика бойынша таңдау курсты
іріктеу және жобалау ------------------------------------------------------------
3 СООӨЖ бойынша әдістемелік ұсыныстар .
4 СӨЖ бойынша әдістемелік ұсыныстар .
5 Емтихан сұрақтары
1. Пән бойынша глоссарий
Аспект – заттың, құбылыстың, ұғымның белгілі бір жағы; белгілі бір көзқарас тұрғысынан кейбір мәселе мен құбылыстың қарастырылуы.
Білім беру – ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын мәдени мұраны жүзеге асыратын әлеуметтік институт, мектеп – өзіндік ерекшелігі бар соның бір бөлшегі. Білім беру процесі тек қана білім таратумен шектеліп қалмай, қоғамдық-тарихи тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге бағытталған процесс.
Білім беру жүйесі – білім беру мекемелері мен білім беруді басқару ұйымдары арқылы жүзеге асатын, білім беру бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттардың өзара байланысының жиынтығы.
Бейіндендіре оқыту – оқытудың дербестендірлуі мен әр тектенділендіруі , білімін жалғастыруға тілек еткен жас өсірімнің қабілеті мен бейіміне орай оқу үдерісінің мазмұнын , сипатын құрылымын өзгерту арқылы жаңа тұрпаттағы білім беру жолы.
Базистік оқу жоспары – бұл негізгі мемлекеттік нормативтік құжат, білім берудің осы саласындағы мемлекеттік стандарттың құрамдас бөлігі болыптабылады.
Педагогикалық жүйе – ересектер мен өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу, білім беру мақсатына бағытталған құрылымдық, функциялық байланыстардың өзара бірігуі.
Мемлекеттік білім беру стандарты – білім беруде толық қанды мақсатқа жету үшін қажетті білімнің, дағды мен машықтардың тиімді жиынтығының ықшамдалған мазмұны.
Менеджмент – адамдармен қарым-қатынас жасау барысындағы билік жасау мен басқару өнерінің әдісі мен тәсілдері.
Гуманизацияланған білім беру – философиялық, әлеуметтік-саяси үстемдік, онда тұлғаның білім алуын, қоғамдық өмірге дербес араласуын қамтамасыз етудің барысы жан-жақты және еркін болуы шарт. Гумандандыру идеясы оқыту формасы мен әдістеріне сіңіп, өз шарттарын алға тартып отырады.
Даму – қажетті және бағыттық сипаттағы материалдық және идеалды нысандардың заңдылықты сапалық өзгерісі.
Дедукция – жалпыдан жалқыны бөліп алып ой қорыту әдісі.
Демократияландыру – оқыту процесіне демократия принциптерін енгізу.
2. Дәрістердің қысқаша мазмұны
Дәріс 1-4. Жалпы орта білім берудің жоғары сатысындағы
жаратылыстану пәндерінің мәселелері.
Жоспары:
12 жылдық білім беру мерзіміндегі жалпы орта білімнің алғы шарттары.
Бағдарлы оқытудың мақсаттары, міндеттері, ұстанымдары.
Бағдарлы оқытуда таңдау курстарының орны
Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру және түрлері
Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар берудің жолдары
Жаратылыстық – математика бағытындағы химия оқулығының
мазмұны, ерекшеліктері.
Гуманитарлық бағытындағы химия оқулығының мазмұны,
ерекшеліктері
12 жылдық білім беру мерзіміндегі жалпы орта білімнің алғы шарттары.
Ертеңгі келер күннің білім беруді адам қызметінің ең бір көлемді саларының бірі ретінде әлемге танытты, өйткені оғанмиллиардтан астам оқушылар мен елу миллиондай мұғалімдер тартылған. XXI ғасырда білім берудің әлеуметтік рөлін көтеру болашақ қоғамның жаңа парадигмаларын айқындаумен өзара тығыз байланысты.
12 жылдық жалпы білім беретін мектептке көшудің болашағы.
Қазіргі кезде ҚР – ның мектептеріндегі білім беру мазмұнының көлемін дамыған Европа елдерінің деңгейімен салыстыруға болады. Әлемдік тәжірибеге сәйкес 12 жылдық оқытуға есептелген жалпы орта білім берудің бағдарламасын біздің оқушыларымыз 11 жыл ішінде меңгереді. Республиканың 11 жылдық жалпы орта білім беретін мектебінде қай кезде де оқушылардың артық оқу жүктемесі байқалып келеді. Оқушылардың оқу жүктемесі оларды оқуға бөлінген міндетті пәндер мен апталық сағаттардыңсанына, сондай – ақ оқу материалын сыныптар мен білім деңгейлерінің арасында тиімді бөлуге байланысты. Жалпы орта білім берудің мазмұнын экстентивті дамытудың нәтижесінде міндетті оқу пәндерінің саны 11 жылдық мектепте 25 – ке өсті.
Білім реформасы қазір әлемнің көптеген дамыған елдірінде жүріп жатыр. Оларда бейіндік оқыту проблемасына көп көңіл бөлінеді. 12 жылдық мектеп жаңдайында бейіндік оқыту мәселесін дұрыс шешудің мүмкіндігі бар.
Бейіндікоқу бағдарламалары шығармашылық (тереңдетіп оқыту) және қолданбалы деңгейлерде болуы мүмкін.
Жалпы орта білім берудің басты – мақсаты - әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес келетін білім берудің жоғарғы саласын қамтамасыз ету, өзін - өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өзін - өзі тануға, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге дайын, жеке және қоғамдық мүдделерді үйлестіре білетін жан – жақты мәдениетті, шығармашылық тұлғаны қалыптастыру.
Жалпы орта білім берудің міндеттері:
негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруге және білім алуды жалғастыруға қажетті жағдайлар жасау;
даралықты дамытуға жағдай жасау арқылы жеке тұлғаның иетеллектін байыту;
азаматтық пен патриотизмге, өз отанын сүюге, халықтық дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу;
оқыту, білімді ақпараттандыру технологияларын және халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығуды қамтамасыз ету.
12 жылдық мектептің құрылымы.
12 жылдық мектепке көшу жағдайында оның құрылымы туралы, мектепке білім берудің кезеңдері туралы мәселе туындайды.
Қазақстан жағдайында жалпыорта білім берудің ең қолайлы және оңтайлы құрылымы 4+6+2 болып табылады.
Ұсынылып отырған жалпы орта білім берудің 4+6+2 құрылымы көрсетілген жастық даму кезеңдеріне толығымен сәйкес келеді.
12 жылдық орта білім беру үш сатыдан тұрады:
1 саты – жалпы бастауыш білім беру (1-4 сынып)
2 саты – негізгі орта білім беру (5-10 сынып)
3 – саты жалпы орта білім беру (11-12 сынып).
12 жылдық орта білім берудің мазмұны.
Білім беру мазмұны мен құрылымы тұжырымдамасының негізінде 12 жылдық мектепте базистік оқу жоспары, жекелеген білім салаларының тұжымрымдамалары, оқу бағдарламалары және пән оқулықтары жасалды.
Білім беру мазмұнын қылыптастырудың негізгі үш деңгейін бөліп айтуға болады, олар: жалпы теориялық түсінік деңгейі, оқу материалының деңгейі.
Жалпы орта білім беру практикасында оқу жоспарының бірнеше түрі: базистік, типтік және мектептің оқу жоспары орындалады.
Базистік оқу жоспары – бұл негізгі мемлекеттік нормативтік құжат, білім берудің осы саласындағы мемлекеттік стандарттың құрамдас бөлігі болыптабылады. Ол типтік және жұмыстық оқу жоспарларының негізгі және мектепті қаржыландырудың басты құжаты ретінде қызмет етеді.
Типтік оқу жоспарлары ұсынымдық сипатқа ие. Олар мемлекеттік базистік оқу жоспарының негізінде жасалады.
Жалпы білім беретін орта мектептің оқу жоспары базистік оқу жоспарының нормативтерін сақтай отырып жасалады. Мектептің оқу жоспарының екі түрі болады:
мектептің өз оқу жоспары, ол мемлекеттік базистік оқу жоспарының негізінде ұзақ мерзімге жасалады да, нақты бір мектептің ерекшеліктерін көрсетеді.
Жұмыстық оқу жоспары, ағымдағы жайларды ескере отырып жасалады да, жыл сайын мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен белгіленеді.
Жалпы білім беретін орта мектептің базистік оқу жоспары негізгі
сабақтастық принциптерін жүзеге асыру болып табылады.
12 жылдық оқу мерзіміне ауысу қажеттіліктерін айқындайтын факторлар.
1 – фактор. Білім беру парадигмасының өзгеруі.
Қазіргі мектеп білім берудің тұлғалық – бағдарланған стратегиясын іске асыруға бағытталған. Оның негізгі идеясы – оқушыларға техникалық түрде білім беру емес, олардың табиғи қабілеттері мен әлеуметтік мүдделеріне баса назар аудара отырып, өмірлік жоспарларын жүзеге асыруларына кең мүмкіндіктер жасайтын білім кеңістігін құру.
Оқушыларды жоғарғы мектеп жүйесінде білім алуға даярлау арқылы, не белгілі бір кәсіпті анықтау арқылы, жалпы орта білім алу формаларын таңдау мақсатында доғарғы буынды оқытуды бағдарландыру мен бүкіләлемдік беталыстарды ескере отырып, арнайы ұйымдастырушылық, әдістемелік жағынан жағдай туғызылуы қажет.
2 фактор. Оқушылардың денсаулығын сақтау.
Бірінші сыныпта оқушылар аптасына белгіленген 20 сағаттың орнына 22 сағат, жоғарғы сынып оқушылары 38 сағаттың орнына 40-42 сағат оқу жүктемесін орындайды.
ҚР денсаулық сақтау агенттігінің деректері бойынша, республткада 2 миллион астам бала (66%) әртүрлі аурулармен диспансерлік есепте тұрады. Мектепте оқыту кезеңінде балалар арасында тыныс алу мүшелерінің, көз (алыстан жақсы көрмеу), ас қорыту, жүйке – психикалық, тірек – қозғалыс аппаратттарының зақымдануы сияқты т.б. аурулары ондаған есеге дейін артып отыр.
12 жылдық оқу мерзіміне көшу жағдайында белгіленген күнделікті оқу жүктемесінің нормаларын қатаң сақтау және оқу жоспары жүктемесін азайту, оқушылардың әртүрлі үйірмелерге қатысуларыны, бос уақыттарын өз мүдделеріне сай өткізулеріәне мүмкіндік жасайды.
3 фактор. Оқушыларды әлеуметтендіру, әлеуметтік шиеленісті төмендету.
Дәстүрлі 11 жылдық жалпы орта білім беру еңбек рыногының қажеттіліктеріне, оқытудың практикалық бағытына, еңбек етуге бағдыландыруына сәйкес кәсіптік бағдарды қамтамасыз ете алмайды.
Тек, 2000 – 2001 оқу жылының басына дейін ғана жалпы білім беретін мектептердің 58182 түлектері еңбекпен қамтамасыз етілмей отыр.
12 жылдық мектептің негізгі буынында оқушылар арасында кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізіледі. Негізгі мектептен кейін көпшілік оқушылар кәсіптік мектептерінде (лицейлер) немесе кәсіптік колледждерде оқиды. Кәсіптік мектеп (11-12 сыныптар) оқушылардың еңбек рыногына, өз кәпістеріне бейімделулеріне жағдай туғызады. Жоғары сынып оқушыларын пәндерді кәсіби тұрғыда тереңдете оқыту олардың жоғары оқу орындарына түсіп, оқуларына сапалы даярлау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік жасайды.
Сонымен 12 жылдық мектеп оқушылардың әлеуметтік дамуына, болашақ мамандықтары бойынша қажетті дағдыларды жинақтауына, еңбек рыногына бейімделулеріне, өз бетінше өмір сүруге дайындықтарының артуына септеседі.
4 фактор. Оқу сапасын арттыру.
12 жылдық білім беруге көшу ең алдымен оқушылардыңкүнделікті оқу жүктемесін төмендету есебінен жалпы орта білім берудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Білім сапасын арттыру оқу материалдарын мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарыныңталаптары деңгейіне сай меңгеруге, сырттай және іштей кепілдік беретін тиімді тепе – теңдігін құруға кепілдік беретін педагогикалық жаңартпашыл оқыту технологияларын жетілдіру нәтижесінде жүзеге асады. Деңгейлеп, саралап оқытуды жүзеге асыру арқылы оқушылардың қызығушықтарын, қажеттіліктерін, жеке ерекшеліктерін ескеру негізде қалыптасатын дәлелді оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады.
5 фактор.Отандық аттестаттардың шетелдерде танылуы жөніндегі әлемдік іс – тәжірибелер.
Европа кеңесі декларациясында (1992ж) сәйкес 12 жылдық оқу мерзімінде білім беру халықаралық іс –тәжірибе ретінде әлемнің 216 мемлекетінде жүргізілуде. 12 жылдық білім жүйесі ҚР – ның өтуі бәсекелесе алатындай түлектерді дайындауды, шетелдерде біздің аттестаттарымыздың танылуы қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде халықаралық ынтымақтастықтың кеңеюіне, Қазақстандық мектеп түлектерінің мемлекетаралық білім жобаларына белсенді қатысуларына мүмкіндік туғызады.
12 жыддық мектепке көщу жағдайында оның құрылымы туралы, мектепте білім берудің кезеңдері туралы мәселе туындайды.
Қазақстанның жағдайында жалпы орта білім берудің ең қолайлы және оңтайлы құрылымы 4+6+2 болып табылады.
Бізідің елімізде және басқа да көптеген елдердегі дәстүрлі жалпы орта білім беретін мектен үш сатылы негізде құрылған: бастауыш, негізгі және толық. Жалпы білім беретін орта мектептің әрбір сатысының ортақ міндеттерді шешуде оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты өзіндік функциялары бар. Олар ең алдымен базалық оқу курстарының жиынынан және базалық негіз бен оқушылар тңдаған сабақтардың арақатынасынан көрініс табады.
Бейімді – бағдарлы оқытудың ұстанымдары.
Қазақстан Республикасының қабылдап отырған өндірістік – инновациялық дамуыдағы мемлекеттік бағдарламасы 2003 – 2015 жылдар аралығында шикізаттан кластерлік экономикаға өтудің ең маңызды бағыттары : туризм , мұнайгаз машинақұрастыру , тамақ және тоқыма өндірісі , көлік және тұрмыстық қызмет көрсету , металлургия мен құрылыс материалдары. Міне , осылар еліміздің шикізаттық емес экономикасын ұзақ мерезімге мамандандыруды айқындап береді.
Қазақстанның білім беру жүйесін жеделдете модернизациялаудың қажеттілігі болашақтың жоғарғы технологиялық және ғылыми өндіріске қажет мамандарды даярлауға қатысты, жалпы алғанда орта буынның жоғарғы білікті аса қат қызметкерлерін , ең керекті мамандарды даярлауға қатысты. ( 2005 жылғы елбасы жолдауында:« Қазақстан дамудың жеделдетілген экономикалық , әлкуметтік және саяси модернизациясының жолында тұр). Қазақстанның алдына әлемнің дамыған елу елінің қатарына ену мақсаты қойылып отыр ( Н.Назарбаев , 2006)
Осылайша , Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесі Қазақстан дамуы қалап отырған маман дайындаудың сұранысына жауап беруі шарт. Өйткені , нарықтық экономикалық қатынас маман дайындауды мектеп қабырғасынан бастауды талап етеді.
Міне тап осындай Қазақстандағы білім беруді модернизациялаудың бір бағыты – мектепті бейімдендіру болып табылады. Жалпы білім берудің жоғарғы сатысындағы бейімдендіре оқытудың ғылыми – теориялық , ғылыми - әдістемелік жоблауын жасау оқушы тұлғасының қалауы мен бейіміне орай өмір салтымен , кәсіп түрін таңдай алуына жағдай жасайды.
Бейіндендіру – бастауыш , орта және жоғарғы кәсіби білім берудің жалғастылығын қамтамасыз етіп , бітіруші түлектің өзінің кәсібіне орай жоғарғы оқу орнына түсуін қамтамасыз етеді.
Бейіндендіру міндеті – мектептегі әрбір оқушының назардан қалыс қалмай өзінің неге қабілеті , шамасы бар екенін аңдату. Бейінділік жас өсірімнің өзіне лайық дербес қабілетін ашуға көмектеседі.( 23.01.2004 ж. №4 ПИЭР семинарының материалдарынан)
Бейіндендіре оқыту – оқытудың дербестендірлуі мен әр тектенділендіруі , білімін жалғастыруға тілек еткен жас өсірімнің қабілеті мен бейіміне орай оқу үдерісінің мазмұнын , сипатын құрылымын өзгерту арқылы жаңа тұрпаттағы білім беру жолы. Ол жол біреу ғана емес , әр қилы , әр текті болып келеді. Мысалға , жеке мектепте бөліп оқыту. Бұндай бөлініс – тұлғалық – бағдардылы оқу үдерісін жүзеге асырудағы бөлшектеп оқытуға бағыт ұстанған. Оқушы нені оқып , нені тыңдаңдау керек екендігін өзі шеше алады.
Еліміздегі жоғарғы буында негізгі жалпы білім беруден бейінді оқытуға көшу жалпы жүйе бойынша дамыған әлем елдеріндегі білім беру жүйесіне еш қайшылық келтірмейді. Бұндай бағдар ұстану әлем елдерінде индустриялық қоғамнан постиндустриялық қоғамға немесе ақпараттық қоғамға өту барысында орын алады. Индустриялық қоғам еңбекке жарамды жұрты қоғамдық жұмысқа жегуге жегуді қажет еткендіктен , ондағы жоғарғы білімді қауымның үлес салмағы мардымсыз болып келеді. Сол себепті де , ондағы жоғарғы білім элитарлық сипатқа ие болып табылады. Постиндустриалды қоғамда мұншама көп еңбек күші қажет емес. Ең маңызды фактор шаруашылық жүргізудің өндірістік , әлеуметтік , саяси , экономикалық , экологиялық т.т. жағдайына байлаулы болып келеді. Постиндустриалды қоғам – жұмыскердің санына емес , олардың кәсіби біліктілігіне мұқтаж. Постиндустриалды қоғамға бірінші кезекте жұмысшы емес , оның қабілеттілігі керек.
Бұрынғы жалпы білім беру тек жаппай сипатқа ғана ие болса , ендігі жерде оның орнына келген кәсіби білім беру соған қосымша болып келетін аға буын үстемесі болып табылады. бейінділік оқыту – тұлғалық – бағдардылы оқу үдерісін жүзеге асыруға бағыт ұстанған. Сол себепті де , оқушының өзі үшін өте – мөте мәнді дербес білім түрін ала алуын қамтамасыз ете алады. Бейінді білім алуға көшу төмендегідей негізгі мақсатарды ұстанады :
Толық жалпы білім беру бағдарламасындағы жеке пәндердің тереңдетіліп оқылуын қамтамасыз ете алады ;
Терең де , икемді оқушыны оқытудың дербес білім беру бағдарламасын түзуде жоғарғы сынып шәкірттерінің әр текті білім ала білуіне жағдай жасайды ;
Оқушының дербес қабілеті мен бейіміне сай келетін түрлі сипаттағы толыққанды білім беуді жолға қояды ;
Білім алушының мүмкіндігін әлеуметтендіріп , жалпы білім алу мен бейінді білім алу арасындағы жалғастықты орнықтыру , соның негізінде , мектеп қабырғасынан болашақ ЖОО білім ала алуының негізін қалыптастыру ;
Бейінділік алды дайындығы оқушыдан өз білімін жалғастырудың : КТК жалпы білім алудың толық курсынан өтудің немесе 10 – 12 сыныптардағы белгілі бір ЖОО – ына бағдар ұстана оқыту үрдісінің қасысын қалайтынын шешіп алуды ұсынады.
Оқушының өз бетімен емес , не әке – шешесінің , не жора – жорлдастарының кеңесімен , не болмаса , кездейсоқ жағдайларға байланысты бейінділік таңдау жасауы орыны толмас өкінішке бастап алып келеді. Осының кесірінен талантты биолог немесе психолог , орташа деңгейдегі физик пен математикке айналып шыға келеді.
Осы факті көрсетіп тұрғандай , оқушының өз таңдауын жасауы қазақ мектептері үшін мүлде жаңа құбылыс болып табылады. сол себепті таңдау ешқашанда қалай болса , солай жасалмауы керек. әбден ойластырылып барып жасалынғаны ләзім. Сондықтан да , бейінділік алды дайындығы жан – жақты ақпараттық қолдауға ие болып отыруы керек. Бейінділік сыныптарындағы дербестендіру принциптері төмендегідей болып ұсынылады :
Білім беру амал – тәсілдерін ұзақ уақыт қолдана отырып , жоғары сыныпта оқып жүрген оқушыға өз таңдауын жасай алуға мұрсат беру ;
Оқушыларға бейінділік бағытын білім алудың кез келген кезеңінде ауыстыра алуына жағдай жасау ;
Өзінің жанұялық (әлеуметтік ) жағдайын ескере отырып , негізгі , таңдаулық және бейінділік білім алуының мақсаты мен міндетін айқындап , айқындалған қабілеті мен мүмкіндігі негізінде өмірлік кәсіби жоспарын құрып , таңдауын дұрыс жасай білуіне қол ұшын беру .
Бұл ыңғайда мұғалім негізгі концептуальды құжаттарды басшылыққа алады :
Жалпы білім берудің Мемстандарты туралы ереже (1996 ж.)
ҚР жалпы білім беретін мектептердің даму концепциясы (1996 ж.)
ҚР жалпы білім беретін мектептердің базистік оқу жоспары (14 сәуірдегі 1994 ж. №156 бұйрығымен бекітілген).
2.Бейімді - бағдарлы оқытудың мақсаттары, міндеттері.
"Бағдарлы оқыту" және "кәсіптік білім беру" ұғымдарын шатастыруға болмайды. Бағдарлы оқыту - бұл жалпы білім беретін мектептің жоғарғы буынында оқытуды даралауға, оқушыны әлеуметтендіруге, сонымен бірге мектептің жоғарғы сатысы мен орта және жоғарғы кәсіби білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі. Ал кәсіптік білім беру деп жеке тұлғаның , қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін, нәтижесінде азамат сәйкес құжатпен куәландырылған нақты кәсіби мамандық алатын оқыту мен тәрбиелеудің мақсатты процесін түсінеді.
Бағдарлы оқытуды енгізудің мақсаты - жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныптарында оқушыны еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере отырып әлеуметтендіруге бағытталған арнайы дайындау жүйесін жасау болып табылады.
Бағдарлы оқытудың негізгі міндеті бағдарлардың икемді жүйесін жасауға және мектептің жоғары сатысын бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беретін мекемелермен үйлестіруге келіп саяды. Сонымен бірге бағдарлы оқыту жеке тұлғаға бағыттала отырып, мынадай міндеттерді де шешуді қамтамасыз етуі қажет:
- жалпы орта білім бағдарламасының жеке пәндерін тереңдете оқыту;
- білім мазмұнын саралауға және әр оқушының жеке білімдік траекториясын құруға жағдай жасау;
- жалпы орта және кәсіби білім арасындағы сабақтастықты, бағдарлы сынып оқушыларын жоғары оқу орнында білімін жалғастыруға дайындауды қамтамасыз ету.
Бағдарлы сыныптар оқушылардың сұранысы мен олардың нақты мүмкіндіктері, ата-аналар мен таңдалып алынған бағдар пәндерін оқытатын мұғалімдердің пікірлері, әдістемелік бірлестік ұсыныстары, болжау мәліметтері, тестілеу нәтижелері ескеріле отырып құрылады. Ол оқушыларға негізгі назарды болашақ кәсіби білімнің таңдалып алынған бағдарының негізін құрайтын пәндерді оқуға аударуға мүмкіндік береді.
Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үшін білім беретін мекеме, ең әуелі, бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың нақты жағдай үшін неғұрлым тиімді үлгісін таңдап алуы қажет[4].
Қазақстан Реслубликасы мектептерінің жоғары сатысы 2006-07 оқу жылынан бастап бейімді-бағдарлы оқыту жүйесіне көше бастады. 2006-07 оқу жылында 10 сыныпта отырған оқушылар бірінші рет жаратылыстану-математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық сыныптарға бөлінді. Бірақ, осы бөліну немесе бөлу (көбінесе бөлу) сауатты, оқушы мүддесіне сай жүргізілді ме? Бұған нық сеніммен оң жауап бере алмайды.
Жалпы, жаратылыстану-математикалық сынып осы және тек осы бағыттағы, мазмұндағы мамандықтар бойынша окушыларды жоғары оқу орындарына дайындайтын сыныптар болу керек. Сол себепті, мұндай сыныптарда математика, физика, химия, биология, география, информатика пәндері қоғамдық-гуманитарлық сыныптарға қарағанда тереңдетіліп оқытылады. (Осы сияқты қоғамдық-гумамитарлық сыныптардың да өзіндік мақсат-міндеттері және соған байланысты мазмұны бар).
Қазіргі кезде осы жағдайды айқындау мақсатында жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қарағанда қоғамдық-гуманитарлық сыныптарда отырған оқушылардың 60-70 пайызы техникалық (жаратылыстану-математикалық бағыттағы) ЖОО барғысы келсе, жаратылыстану-математикалық сыныптарда отырған оқушылардың 10-15 пайызы гу-манитарлық ЖОО барғысы келетіні белгілі болып отыр. Мұндағы екінші жағдайға қандайда деңгейде төзуге болатын болса, бірінші жағдай жайлы біздің үлкен кемшіліктер жіберіп алғанымызды байқамауға болмайды. Және, мұндағы ең өкінішті жағдай оқушы мүддесі, оның қызығушылық бағыты, оқушы арманы мен оқыту мазмұнының үйлеспеуі дер едік.Осындай жағдайларға байланысты ҚР Білім және Ғылым министрі педагогтардың 2006 жылғы тамыз мәслихатында айтқанындай әр мектепте бағдаралды мәселелермен айналысатын маман болу керек .
Бейімді-бағдарлы оқыту мәселесімен қазіргі кезде негізінен Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы ғалымдары (М.Ж.Жадрина, С.Д.Мұқанова, К.Ө.Құнақова, Д.М.Қазақбаева, Ш.Ш.Қарбаева, У.Қ.Тоқбергенова, Т.Ә.Әлдібаева айналысуда. Осы жолдардың авторлары сияқты өз ынтасы, белсенділігі арқасында азды-көпті зерттеу жүргізіп жүрген ғалым-педагогтар ғана бар және мұндай ауқымды мәселені методологиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік тұрғыдан зерделеуге бұл күштің аздық ететіні сөзсіз.
Сол себепті, бұл бағыттағы зерттеу жұмысына педагогикалық бағыттағы университет, институт ғалымдары ат салысу керек. Және де солардың күшімен бейімді-бағдарлы оқытудың педагогикалық, психологиялық және әдістемелік жақтары жайлы студенттерге арнаулы курс оқылуы керек[5].
Жалпы бейімді-бағдарлы оқыту Қазақстан педагогтары үшін жаңа мәселе. Сондықтан бұл жайлы көптеген білім саласы қызметкерлерінің білім деңгеңлері ойдағыдай емес. Сондықтан, бейімді-бағдарлы оқыту жайлы алдыңғы қателіктерді қайталамас үшін республикалық, облыстық, қалалык, деңгейлердегі білім жетілдіру иниституттары өз жоспарларына тез арада өзгерістер енгізіп, елу пайыз курстарының мазмұнын бейімді-бағдарлы оқытуға лайықтау керек және оларды жаңа оқу жылына дейін өткізу қажет деп есептеді.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі ауқымында Қазақстан Республикасы мектептерінің жоғарғы сатысын -бейімді-бағдарлы оқытуға көшірумен айналысатын құзыретті құрылым құрылуы керек. Бұл құрылым шешетін мәселе ұшан-теңіз. Сондықтан онда сауатты, бейінді мектептің ғылыми-методологиялық негізін түсінетін, өзіндік ойы, пікірі бар мемлекеттік деңгейінде шешім қабылдауға, оған жауап беруге батылы жететін адамдар отыруы керек.
Бейімді-бағдарлы оқытудың мақсаты : бағдаралды дайындықтың мәні сәйкес психалогиялық-педагогикалық диагностиканы іске асырып, ақпарат жұмыстарын жүргізу және бағдаралды таңдау курстар ұйымдастыру арқылы негізгі мектеп оқушысының орнын белгілеуіне ықпал жасайтын білім беру кеңістігін құру .
Достарыңызбен бөлісу: |