Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі шымкент қаласының білім басқармасы



бет8/21
Дата07.02.2022
өлшемі214,01 Kb.
#90749
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жағдайды талдау

2.3.Әлемдік инвестиция көздері
Қазақстан минералды ресурстарға, ауыл шаруашылығына қолайлы жерлерге, білікті кадрларға бай. Елде айтарлықтай өнеркəсіптік əлеуеті бар. Бірақ табиғи жəне еңбек ресурстарын одан əрі тиімді пайдалану үшін ірі капитал қажет. «Стратегия – 2030» бойынша экономикамызға шетел инвестицияларын тарту міндеті қысқа мерзімде жүзеге асырылды. Дүниежүзілік банк республикамызды əлемдегі 20 елдің қатарына қосты.
ҚР-ның инвестициялық саясатын талдау арқылы мемлекеттің басты мақсаты болып, елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды одан əрі қолжеткізу жəне экономикаға тікелей шетелдік инвестицияларды тарту болып табылатынын айта кеткен жөн. Қазақстан бүгінде ТМД елдер арасында жан басына шаққандағы тартылған шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша жетекші орынға ие. Тікелей шетелдік инвестициялардың (бұдан əрі — ТШИ) көлемі жан басына шаққанда 2013 жылы 1350 долл. / адам болды, ол 2006 жылғы көрсеткішті 2,5 есе жоғарлатады. Жан басына шаққандағы инвестиция көлемін салыстырсақ, Беларусь Республикасында — 1090 долл. / адам, Ресей Федерациясында — 130 долл./ адам құрады [2; 24].
Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция көлемі біздің еліміздің қолайлы инвестициялық ахуалы мен имиджін көрсетеді. ҚР-ның Ұлттық банкінің мəліметтеріне сəйкес, 2005 жылдан бастап 2014 жылға дейін ел экономикасына 196 млрд АҚШ долл. астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылды (1-сур.). Өнімнің жалпы көлемі бойынша Ресей, Қазақстан ТМД елдер арасында ЖІӨ үлесі бойынша жан басына шаққандағы тікелей
Есепті кезеңде елдердің тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны құрылымында Нидерланды (жалпы ТШИ түсуі 39,9 %) көш бастап тұр, одан кейін Франция (7,8), Қытай (5,9), АҚШ (5, кейін 2 %), Ұлыбритания (4,6), Ресей (3,9), Виргин (British) аралдары (3,3) жəне Жапония (3,1) (1- кесте). Қазақстан экономикасына инвестицияны 120-дан астам ел құяды.
Атап айтқанда, 2015–2019 жылдары $ 196,633 млрд тікелей шетелдік инвестиция тартылды. $ 56,7792 млрд (38,7 %) — геологиялық барлау жəне зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін, $ 44,8839 млрд (30,6%) шикізат ресурстарын өндіруге бағытталған. Өңдеуші салаға шетелдік корпорациялар $ 15,4118 млрд (10,5%) инвестиция салды. Одан кейін саудаға — $ 7,3227 қызметке — $ 7,155 млрд (4,88%), құрылысқа — $ 3,3355 млрд (2.27%), млрд (5%), қаржылық сондай-ақ көлік жəне байланысқа — $ 2,3912 млрд (1,63%) инвестиция салынды. Экономикалық қызметтің басқа да түрлеріне тікелей шетелдік инвестициялардың тек 1% тиесілі
Капитал салымының əр түрлі бөлінуі аймақтардың экономикалық даму деңгейіндегі үйлеспеушілікті ұлғайтады. ҚР Статистика агенттігінің мəліметтері бойынша, Астана жəне Алматы қалаларына, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау жəне Қызылорда облыстарына 60 %-ға жуық инвестициялық салым салынған. Осы аймақтарда 80 % астам кəсіпорындарында шетелдік инвесторлардың үлесі бар [4; 29].
Сонымен қатар инвестицияның қолайлы жағдайы шикізаттық емес секторда қарастырылған. ҚР- ның заңына сəйкес, жоғары қосылған құн бойынша өнімді шығаруға, салаларға капитал салымын салуға қарқынды түрде өсуіне жағдай жасалмаған. Тиімді жəне жоғары технологиялық жобаларды жүзеге асыру жоғары инвестициялық тəуекелді қажет етеді. Осындай жобаларға инвесторларды тарту мақсатында олар үшін қолайлы жағдай жасау жəне тəуекелді азайту бəсекелестікте тікелей шетелдік инвестициялар тарту бұл оңай шаруа емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет