Байланысты: Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жағдайды талдау
3.2.Қазақстан инвестициясына кері әсерлі факторлар Шетел инвесторларымен жүргізілген сауалнамаға сəйкес, олардың Қазақстандағы шикізаттық емес жобаларға қатысуын тежейтін факторлар келесідей:
мемлекеттік инвестициялық саясатты жүргізу жүйесінің болмауы;
заңнама мен механизмнің болмауы, заңдар мен шарттық қатынастардың сақталуының тұрақсыздығы;
инвестицияны тартуда елдің бəсекеге қабілетсіздігі (валюта жəне қосқанда);
инвестицияны тартуда инфрақұрылым мен қызмет көрсетудің дамымағаны (қаржы, банк, ақпараттық-талдау, консалтинг, көліктік т.б.);
инвестицияларды тарту саласындағы мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақсыздығы;
визалық режим болуы [5; 31].
Осыған байланысты 2010–2025 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2010 жылы Қазақстан үкіметі шетелдік инвесторлармен өзара қарым-қатынас жүйесін орнатты. Мəселен, 2010 жылдың қазан айында арнайы экономикалық аймақтарды жəне 2010–2014 жылдарға арналған экспортты ынталандыруды дамыту үшін инвестицияны тарту бағдарламасы қабылданды7 Егер 2010 жылы Қазақстанда 5 мың шетел инвесторлары болса, онда 2018 жылы олардың саны 19 мыңнан астам болды.
Сонымен қатар 2010 жылы 12 тілде бизнесті жүргізудің шарттары туралы барлық қажетті ақпаратты алуға болатын ұлттық инвестициялық веб-сайты www.invest.gov.kz іске қосылды [6].
Қазақстанның инвестициялық əлеуеті жеткілікті өсуде. Тек экономиканың бəсекеге қабілеттілігінің өсуі мен тікелей шетелдік инвестициялардың жылдық ағыны неғұрлым тиімді пайдалануы $10 млрд долл. ұлғаюы мүмкін. Бұл мүмкіндікті іске асыру мақсатында арнайы экономикалық аймақтар мен экспортты дамытуға, инвестицияны тартуға министрлікпен ұлттық инвестициялық жоспар қарастырылған жəне ол 2011 жылдың 23 желтоқсанда ҚР-ның Үкімет Қаулысымен бекітілген болатын.
Ең алдымен жоспар шетелдік инвесторлармен жүйелі жұмыс жасауды қарастырады. Осы мақсатта 6 салалық өндірістік секторлар жəне көлемі бойынша берілген салаларға инвестиция салған 20 инвестор елдер анықталды. Осылайша, 2014 жылға дейін жалпы 78 халықаралық корпорациялармен жұмыс жүргізілді, жəне 2015–2020 жылдары олардың саны 81 трансұлттық корпорацияларға өседі.
Сонымен қатар əрбір ірі инвестормен жеке келіссөздер жүргізіледі. Бұл тəсіл басым елдерде road-show, сондай-ақ «Жол картасын» əзірлеу жəне іске асыру инвесторлармен өзара қарым-қатынас үшін жүзеге асады. Мұнда Қазақстанда бизнестің ашылуы мен жүргізілуі, саяси көшбасшылар мен жетекші отандық компаниялардың топ-менеджерлерімен кездесулер ұйымдастыру қамтылады; инвестициялық жобаны əзірлеу оны іске асыру сатысында жəне инвестициядан кейінгі қолдауда кеңестік қызметтер аясында көрініс табады.