Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі шымкент қаласының білім басқармасы


Қазақстан стратегиясы, инвестициялық жоспар, кері әсерлі факторлар, Конституциялық заң



бет9/21
Дата07.02.2022
өлшемі214,01 Kb.
#90749
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жағдайды талдау

3. Қазақстан стратегиясы, инвестициялық жоспар, кері әсерлі факторлар, Конституциялық заң

3.1.«Қазақстан–2050» Стратегиясында инвестициялар
Қазақстан Президенті Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан–2050» Стратегиясында инвестициялар мен бəсекеге қабілеттіліктен қайтарым, табыстылық қағидаттарына негізделген жалпы экономикалық прагматизмді экономикалық саясаттың жаңа курсы деп анықтады [1]. Жаңа курсқа сəйкес экономикалық əлеуетті арттыру мақсатында Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуал жасалуы керек. Тиімді мемлекеттік инвестициялық саясат мемлекет экономикасының даму прогресіне əсер етеді. Бұл прогресс, ең алдымен, макроэкономикалық көрсеткіштердің оң динамикасына, яғни, ЖІӨ өсімі, мемлекет азаматтарының өмір сүру деңгейін көтеру болып табылады. ҚР-ның статистикалық мəліметтеріне сəйкес, халықтың өмір сүру деңгейі жақсарғаны байқалады. Осылайша, Қазақстанда соңғы 8 жылда ЖІӨ-нің деңгейі 62,6 %-ға өсті, айтарлықтай күнкөріс деңгейінен кем тұратын халықтың үлесі қысқарды, шамамен 1 % кедейлік деңгейі төмендеді. Яғни бүгінде осы проблемаларға ҚР-ның Президенті ерекше көңіл бөледі жəне осы проблемалардың оң тенденциясы инвестициялық қызметпен анықталады.
Қазіргі кезде мемлекеттің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі экологиялық, əлеуметтік, саяси, экономикалық жаһандану жəне дағдарыс жағдайындағы елдің экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты озық экономиканы, жаңа экономикалық тұтқаны жəне елдің даму тұрақтылығын қалыптастыру үшін инвестициялық даму жобаларын пайдалану қажеттіліктерін анықтау керек [1]. Ел экономикасының стратегиялық мақсаттары мемлекеттімізге шетелдік инвестицияларды тартуға, интеграциялану қажеттілігі жаһандық экономикада модельдерді əзірлеуге қажеттілікті өсірді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет