Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шымкент қаласының Білім басқармасы



бет1/10
Дата27.06.2023
өлшемі164,8 Kb.
#179202
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау 2021-2022 оку жылы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шымкент қаласының Білім басқармасы
Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі

«БЕКІТЕМІН»
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары

____________Қалыбай Ұ.Н.


«___»___________2021ж.
06130100 – «Бағдарламалық қамтамасыз ету», 10410300 – «Автомобиль көлігінде тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»мамандығының студенттеріне арналған


«Математика»пәнінен күрделі есептерді шығарудың тиімді әдістері бойынша


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


Шымкент-2021
Құрастырған: Әміртаева Жанар Нұрлыбекқызы

06130100 – «Бағдарламалық қамтамасыз ету», 10410300 – «Автомобиль көлігінде тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығының студенттері үшін «Математика»пәніненкүрделі есептерді шығарудың тиімді әдістері бойыншаәдістемелік нұсқаулық.


Шымкент қ.,Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі, 2021ж., 20 бет.

Әдістемелік нұсқаулық «Математика» пәнінің оқу жоспары мен бағдарламасына сәйкес құрылып, курстың тәжірибелік сабақтарының тақырыптарын орындауға арналған қажетті мағлұматтарды қамтиды.


Әдістемелік нұсқаулық – 06130100 – «Бағдарламалық қамтамасыз ету», 10410300 – «Автомобиль көлігінде тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығының студенттері үшінқұрастырылған.

Рецензент: Абдуалиева М.А., магистр, PhD докторы, Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі


Жалпы пәндер бөлім отырысында қаралып, талқыланды.

№__________хаттама «________»_____________2021ж.


Пәндік комиссия төрағасы: Иманова М.Н.
Әдістемелік кеңестің отырысында бекітілді.

№__________хаттама «________»_____________2021ж


Әдістемелік кеңестің төрағасы: Елтаев Д.Қ.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: ____________________ Қалыбай Ұ.Н.

«________»_____________2021ж.


Осы әдістемелік нұсқау Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің меншігі болып табылады және білім беру қызметінде ішкі пайдалануға арналған.


ОҚ ГЭК
Мазмұны



Кіріспе...........................................................................................................

4

Функция мәндерінің жиынын анықтау әдістемесі....................................

4

Тригонометриялық және кері тригонометриялық.................................
функциялары бар өрнектердің мәндерін табу әдістемесі

7

Күрделі радикалдары бар өрнектерді ықшамдау әдістемесі....................

10

Жай теңсіздіктер жүйесін шешу әдістемесі...............................................

13

Аралас теңсіздіктер жүйесін шешу әдістемесі..........................................

14

Функцияның ең кіші оң периодын табу әдістемесі...................................

15

Функцияның жұптылығы мен тақтылығын анықтау..............................
әдістемесі

16

Квадрат теңсіздіктерді шешудің бір тәсілі
Сандардың ЕКОЕ пен ЕҮОБ-ін Евклид алгоритмін...............................
пайдаланып анықтау әдістемесі

17
18

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................

20



Кіріспе

«Математикадан күрделі есептерді шығарудың тиімді әдістері» әдістемелік құралында оқушыларға математика тапсырмаларында кездесетін көптеген шығару жолы қиын саналатын тапсырмаларды орындаудың тиімді әдістері ұсынылған.


Әдістемелік құралда ұсынылған функция мәндерінің жиынын анықтау әдістемесі, тригонометриялық және кері тригонометриялық функциялары бар өрнектердің мәндерін табу әдістемесі, күрделі радикалдары бар өрнектерді ықшамдау әдістемесі, жай теңсіздіктер жүйесін шешу әдістемесі, аралас теңсіздіктер жүйесін шешу әдістемесі, анықталмаған сызықтық теңдеулерді шешу алгоритмі (авторлық тәсіл), қозғалысқа арналған есептерді графиктік тәсілмен шешу әдістемесі, функцияның ең кіші оң периодын табу әдістемесі, функцияның жұптылығы мен тақтылығын анықтау әдістемесі, сандардың ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ) пен ең үлкен ортақ бөлгішін (ЕҮОБ) Евклид алгоритімін пайдаланып анықтау әдістемесі берілген. Есептерді шығарудың мұндай әдістері мектеп оқулықтарында кездеспейтіндіктен, көрсетілген әдістеме оқушыларға үлкен көмек болатыны сөзсіз. Әдістемелік құралда кездесетін жай бөлшектерді Евклид алгоритмін пайдаланып қысқарту да кесте арқылы өте ұтымды орындалады. Сондықтан, осы тәсіл арқылы ЕКОЕ пен ЕҮОБ табу тапсырмаларын орындау, сандарды жай көбейткіштерге жіктеу тәсіліне қарағанда, оқушыларға еш қиындық келтірмейді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет