64
Пaйдaлaнылғaн жeлім aшық oттaн жeткілікті қaшықтықтa caқтaлyы
кepeк, өйткeні oл oңaй жaнaды. Сoнымeн қaтap, жұмыc кeзіндe тepіні
зaттapдың түcyінeн қopғay кepeк.
Сапаны бақылау.
Пластмасса құбырларын
жалғаған кезде жіктердің
жоғары сапасы, олардың беріктігі мен тығыздығы қамтамасыз етілуі тиіс.
Сапалы дәнекерленген жік бөлшектердің қызып кетуінен туындаған
сызаттарсыз және қатпарларсыз тегіс беті болуы тиіс. Балқытылған
материалдың білігі тұтас және бүкіл периметрі бойынша ені бойынша
біркелкі болуы және құбырдың сыртқы бетінен
немесе қоныштың сыртқы
бетінен сәл шығып тұруы тиіс. Пластмасса құбырлардың дәнекерленген
қосылыстарының сапасы технологиялық процестің барлық сатыларында:
дәнекерлеу жұмыстары басталғанға дейін, дәнекерлеу процесінде
(операциялық бақылау) және ол аяқталғаннан кейін бақыланады. Дәнекерлеу
жұмыстары басталғанға дейін қосылатын
бөлшектер мен дәнекерлеу
аспабының өлшемдерін тексереді.
Дәнекерлеу аяқталғаннан кейін барлық дәнекерленген жіктер сыртынан
тексерілу керек. Бұл ретте қанықпаған (қуыс), материалдың қызып кету
аймақтарын, білікшенің көлемі мен біркелкілігін, қосылыстағы қиғаштарды
анықтайды. Желім қосылыстарын өндіру кезінде желім пленкасының барлық
периметрі бойынша біркелкілігі мен үздіксіздігін бақылайды және ақауларды
анықтайды:
тесік емес, жұмсақ желім қабатының болуы, желім тігісінің
кеуектілігі, қосылыстың қисаюы және т.б. ақаулары жаңасымен
ауыстырылады немесе жөнделеді.
Достарыңызбен бөлісу: