Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы абиева г. С., Молдаш ы.Ә., Мауленова б. Т


Ыстық және өрт су құбырларын монтаждау



Pdf көрінісі
бет94/131
Дата19.05.2022
өлшемі12,6 Mb.
#143902
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   131
Байланысты:
143. kz 1403000 слесарь сантехник

3.2.4. Ыстық және өрт су құбырларын монтаждау 
 
Ыстық су құбырлары суық су жүйелерінің құбырлары сияқты 
мырышпен қапталған болат құбырлардан орнатылады және жылу 
оқшаулағышпен (келтірулерден басқа) жабылады. Ыстық су құбырлары 
ашық түрде орнатылады, бұл құбырлар коррозияға ұшыраған кезде оларды 
жөндеуге және ауыстыруға мүмкіндік береді. 
Құбырлардың температуралық ұзаруының өтемі үшін жылыту 
жүйелерінде секілді арнайы құрылғылар қарастырылады. Егер қажетті өтем 
бұрылыстармен (бұрулар) қамтамасыз етілмесе, онда П-тәрізді компенсатор 
қондырылады. Бұл ретте, құбырлардағы қозғалмайтын тіректер мықты 
бекітіледі, себебі бұл талаптарды сақтамау компенсаторлық құрылғылардың 
дұрыс жұмыс істемеуінен апатқа әкелуі мүмкін. Ыстық су құбырының тік 
құбырлары, әдетте, егер оларға бөлме жақтан қарасақ, суық су құбырының 
тік құбырларының оң жағына орналастырылады. Көлденең орналастыру 
кезінде ыстық су құбырларын суық су құбырларынан жоғары етіп жүргізеді, 
бұл суық судың қызуын болдырмайды. 
Циркуляциялық құбырды циркуляциялық сорғы қондырғысына немесе 
су жылытқышына жалғамас бұрын, ондағы топтық араластырғыштарға 
келтірулерлерде кері клапандар қойылады. Су шығынын өлшеу қажет болған 
жағдайда, ыстық суға арналған су есептегіштері орнатылады. Қысымды 
таратушы құбырда циркуляциялық сорғыларға дейін және кейін 
орнатылатын манометрлермен, ал температураны циркуляциялық құбырда 
және су жылытқыштарға дейін және кейін орнатылатын термометрлермен 
бақыланады. 
Ағынды су жылытқыштары, әдетте, табанына орнатылып, фланец 
немесе балқытып біріктірумен келтіру және бұру құбырларын жалғайтын 
дайын монтаждау-кешендік блоктардан монтаждалады. Көлемді су 
жылытқыштар кірпіштен немесе бетоннан жасалған тіректерге жоғарғы 
штуцерге қарай 10-15мм көтеріп орнатылады. Шағын су жылытқыштар 
құрылыс құрылымдарына бекітіледі. 
Су жылытқыш пен бекіткіш арасына асбест төсемі салынады. Арынсыз 
бак-аккумуляторлар суық су құбырына қарағанда жылу оқшаулағышпен 
қапталады және оларды ағаш құрылымдарға орнату кезінде жанасу 
орындарына 4-5 мм асбест картоны салынады. 
Өртке
 
қарсы
 
су
 
құбыры
негізінен дәнекерлеу арқылы қосылатын болат 
құбырлардан жасалады. Пластикалық құбырларды пайдалануға тыйым 
салынады. Бұрандалы қосылысты құрастыру өртке қарсы шаруашылық су 
құбырында қолданылады. Өндірістік ғимараттарда өртке қарсы су 
құбырлары ашық, қоғамдық ғимараттарда магистральдық құбырлар 
жертөлелерде, еден астында, техникалық қабатта, ал тік құбырларды ғимарат 
қабырғалары бойымен ашық етіп немесе өрт сөндіру крандарын сәнді 
безендірілген шкафтарға шығарып жасырын орнатады. Өрт сөндіру вентилі 
қарапайым вентильден айырмашылығы – біріктіргіш бастиек бекітілетін 
оның бір ұшында сыртқы бұранданың болуы. Өрт сөндіру вентилі 1350 + 


220
20мм биіктікте орнатылады. Қосарланған өрт сөндіру крандарын бір шкафта 
монтаждау кезінде екінші вентильді 1000 + 20мм биіктікте орнатады. 
Өрт сөндіру сорғылары іргетастарға діріл оқшаулағыш құрылғыларсыз 
монтаждалады. Діріл оқшаулағыш қондырғыларды арынды және сору 
келтеқұбырларда орнату рұқсат етілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет